Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет252/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   472

 

533 


 

қалыптастыру  бойынша  ерекше  зейін  қойылады,  өйткені  бұл  сезімдерде  патриотизм 

негіздері  қалыптасқан.  Мектепке  дейінгі  жастағы  бала  өзін  қоршаған  ортаның 

әсемдігіне,  өзінің  отбасына  деген  сыйластық  сезімі    туындаған  жағдайда,  оның  өз 

Отанына  деген    сүйіспеншілік  сезімі,  яғни  патриоттық  тәрбие  қалыптаса 

бастайды.    Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  патриотизм  сезімін  тәрбиелеу  – 

күрделі  және  ұзақ  үрдіс.  Баланың  тұлға  ретінде  дамуына  жақындарына,балабақшаға, 

туған қаласына және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі 

мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі, қазақ халқының 

салт- дәстүрі арқылы білім беру болып табылады. Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи 

мәдениетімен,табиғатымен  таныстырғанда,  олардың  өз  Отанының,  патриоты  және 

азаматы  болатындай  мінездері  қалыптаса  бастайды.  Балабақшада  көптеген  ұлттың 

балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді.Осының 

өзі-ақ  балалардың  бір-біріне  жолдастық,  достық  сезімін  тәрбиелеудің  ең  қолайлы 

жағдайы.  Адамның    балалық  шағында    алған    әдемі  табиғаты,  елінің  тарихы  туралы 

әсері, көбіне өмір бойы есінде қалады екен. Шындығында, біздің еліміз қандай болса 

да,  адам  өзінің  туған,өсіп  –  өнген    жеріне,  көшесіне,  алғаш  рет  ағаш  еккен 

ауласына   деген сүйіспеншілігін  өз Отанына деген сезімімен байланыстырады. 

Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес,  көрші-

қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, 

қуанышты  хабардың  жаршысы  ретінде  «Сүйінші»  айтылады.  Сүйіншіні  жеткізуші 

адамның  көңіл-күйі  көтеріңкі,  ерекше  қуанышты  жағдайда  болады.  «Сүйінші  – 

қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) 

тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға 

айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар 

әкелетін  дәнекер.  Оның  қалағанын,  сұрағанын  беруге  той  иесі  міндетті.  Сүйінші 

дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне 

жасалатын  той.  Дастархан  жайылып,  жастар  ән  салып,  домбыра  тартып,  ұлттық 

ойындар  ойналады.»    Жаңа  туған  нәрестеге  азан  шақырылып  ат  қойылып  жөн-

жоралғысы  жасалады.  Бір  ескертетін  жайт,  салт-дәстүрлерді  үлгі-өнеге  етудің  басы-

қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке 

салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу – халқымызда бесік – 

қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер 

– алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – 

халқымыздың  елеулі  үлкен  дәстүрі.  Бесікке  салу  жолы,  жасы  үлкен  немесе  елдің 

құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол 

заттардың  әрқайсының,  мысалы,  ел  қорғайтын  батыр  болсын  деген  сияқты  тілек-

жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.» 

Ретімен,  сәнімен  келетін  салт-дәстүрлердің  өзіндік  ерекшелігін,  рухани 

құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе 

жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын 

бойына  сіңіреді,  қоғамның  жеке  тұлғасы,  отбасының  бір  мүшесі  ретінде 

жауапкершілігін сезінеді. 

«Тұсау кесу  – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл  – 

біреудің  ала  жібін  аттамасын  дегені),  екі  аяғын  тұсап,  сүрінбей  ширақ  жүретін 



 

534 


 

адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу 

шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.» 

Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ 

жол тілейді: 

                                            Қаз-қаз балам, қаз балам 

                                            Қадам бассаң, мәз болам. 

                                            Тағы-тағы баса ғой 

                                            Тақымыңды жаз балам 

                                            Қаз баса ғой қарағым, 

                                            Құтты болсын қадамың.  

Үлкендер  мен  балалардың  қатысуымен  болатын  салт-дәстүрлердің  мағынасы 

терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді 

адам  болуы  тиіс.  Бала  аяғынан  тұрып,  есін  білгеннен  кейін  әке-шешесі,  туған-

туыстары    «сенің  тұсауыңды  сол  адам  кескен,  сен  соған  тартып  ширақ  болдың,  ол 

білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көретеді. Өркениетті 

елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба 

дәстүрін  жалғастырып  келеді.  Баланы  бағып-қағып,  тәрбиелеу,  өсіру  –  ата-ананың 

қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.                                   

Біздің  балалабақшада    тәрбиешілер  балалармен  тақырыптық  оқу  іс-әрекеттерін 

өткізеді,  Отан  туралы,  туған  жер  туралы  тақпақ-өлеңдер,  мақал-мәтелдер  жаттатып, 

әңгімелеу  арқылы  бала  бойына  елге,  жерге,  Отанға  деген  сүйіспеншіліктерін 

арттырады.  Еліміздің  төл мерекелеріне   балабақшада  ертеңгіліктер  өткізіп  тойлайды. 

Әсіресе,  Наурыз  мерекесі  кезінде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  балалардың 

қатысуымен көрсетіліп, дәріптеліп отырылады. Ертеңгіліктерді  өткізуге тәрбиешілер, 

ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды адамгершілік-патриоттық 

сезімге  тәрбиелеуде    балабақша    мен    мектептің,  кітапханалар  мен  мұражайлардың 

сабақтастығыда әсерін тигізеді.                                                                                         

Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі.Тәлім-тәрбиені 

бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін 

ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс. Қазақ халқының 

этнопедагогикасы  «Халқым  қандай  десең,  салтымнан  біл  дегендей,  адам  баласы 

дүниеге  келгеннен  бастап,  дүниеден  өткенге  дейінгі  өмірі,  сенімі,  түсінігі,  тұрмыс-

тіршілік  әрекеті  мен  әдет-ғұрыптарының  туатындығы».  Осыған  орай,  қандай  пән 

болмасын оны оқу барысында тәрбиелік мәні бар, халық тәрбиесі үлгісімен патриоттық 

тәрбиеге  баулитын  жақтарын  көп  қарастырған  жөн.  Балабақшадағы  тәрбие  бала 

табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына 

лайық  тәрбие  білім  беру  жұмысын  кешенді  ұйымдастыру,  жаңа  технологияларды, 

идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық  жаңашылдықты  пайдалана  отырып 

халқымыздың  салт-дәстүрі  арқылы  балалардың  бойына  патриоттық  сезімді 

қалыптастыру әрбір педагогтың міндеті деп білемін. 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер: 



 1. Сәрсенбаев Н. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы, 

2010ж. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау