Бағдарламасының негізгі бөлімі және



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет12/23
Дата27.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#24993
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

 

 

 



 

B)  56 + (111 – 505 ÷ 5) ∙ 3  – 10 

 

 

 



 

C)  (18 ∙ 93 – (1927 –1873) ∙ 31) + 56 



 

Дескриптор  Білім алушы 

- жақшасыз санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетеді; 

- жақшамен санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетеді. 

2- тапсырма 

Өрнектің мәнін табыңыз: 

625 : (1053 : 9 – 29 ∙ 4) + 3750 : 30 

Дескриптор    Білім алушы 

- амалдардың орындалу ретін анықтайды; 

- санды өрнектің мәнін есептейді. 

       Мұғалімнің  шешімі  объективті  болу  үшін  тапсырмаларда  қолданылатын  дескрипторлар  анық,  нақты  болуы  қажет. 

Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік 

береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады. 

     Қалыптастырушы  бағалау  теориясына  сәйкес  (Уильям,  2007)  үдеріске  қатысушыларды  есепке  ала  отырып,  үш 

позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. 

 Мұғалімнің бағалауы  

 Аталған  нұсқаулықта  берілгендердің  көбісі  мұғалімнің  бағалау  үдерісінің  сипатын  көрсетеді.  Сондықтан  берілген 

ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты  түсінетіні,  бейімдеуі,  қолдануы,  жетілдіруі  олардың қалыптастырушы  бағалауды 

өз тәжірбиесінде тиімді қолдана алуына байланысты. 

 Өзін-өзі бағалау 

Мектепте  білім  алушылардың  дағдыларды  бойға  сіңіруі  және  өзін-өзі  бағалау  тәжірбиесі  жинақталуы  қажет.  Білім 

алушылардың  өзін-өзі  реттеуіне,  өз  бетінше  білім  алуына  ынталандыруға  аудару  керек.  Білім  алушылардың  өзін-өзі 

бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай  алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды 

не білетіне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі 

келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын 

жағдайлар  да  кездеседі.  Бұл  сабақта  өзін-өзі  бағалауды  өткізудің  жалпы  оңтайлы  әсерін  төмендетеді.  Мұндай  білім 

алушыларға мұғалім барынша обьективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына 

болады  (3-кесте). 

 

3-кесте. Өзін-өзі бағалауға қатысты сұрақтардың мысалы 



 

Өзін-өзі бағалауды өткізу мақсаты 

Сұрақтар 

Өз оқуына болжам жасау 

 

 

Сіздің оқуыңызды күшті / әлсіз жақтары қандай? 



Өз жетістігіңізді / нәтижеңізді/ ілгерілеуіңізді сіз қалай 

бағалайсыз? 

Өз оқуына жауапты болу 

Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не істедіңіз? 

Қалай ойлайсыз, сіздің бағыңыз әділ ме? 

Білім 


мен 

дағдысындағы 

кемшіліктерді анықтау 

Берілген тапсырманың барлығын орындадыңыз ба? Егер жоқ 

болса, неге орындамадыңыз? 

Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы қайсы? 

Келешектегі 

оқуы 


үшін 

нақты 


мақсатты анықтау 

Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз? 

Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз қажет? 

Өз оқуындағы өзгерістерді қадағалау 

Бұрын білмегендеріңіздің ішінен қазір нелерді білесіз? 

 

     Бұдан  басқа,  өзін-өзі  бағалау  кезінде  мұғалім  білім  алушыларға  дәлелдер  келтіру,  өзін-өзі  бағалау  нәтижелерін 

талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б арқылы да көмек беруіне болады. 

Өзара бағалау  

      Өзара  бағалау  тиімді  қалыптастырушы  бағалау  өткізуге  қатысты  көптеген  мүмкіндіктерді  ұсынады.  Ол  білім 

алушылардың  бір-біріне  көмектесуіне,  өз  жұмысын  жетілдіруіне  бағытталған.  Бұдан  басқа  өзара  бағалау  тек  кері 

байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.  

      Д.Уильям  (2015)  кері  байланыс  беруші  және  сыныптасының  жұмысын  зерделеуші  білім  алушылар  өз  нәтижелерін 

келешекте айтарлықтай жақсартатынын атап  көрсетеді. Бұл арқылы  олар  бағалау  критерийлерін  терең  түсініп, қолдана 




бастайды,  сондай-ақ,  «жақсы»  жұмыстың  қандай  болатыны  туралы  ұғымы  пайда  болады.  Сондықтан  ұйымдарда 

критерийлер  мен  бағалау  тапсырмаларын  құрастыруда,  білім  алушылардың  жұмыстарының  үлгісін  таныстыруда  өзара 

бағалауға көбірек назар аударады. 

        Өзара бағалау салыстыру, аргумент  келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды 

меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Білім  алушылардың  жауапкершілігін,  ынтасын,  қызығушылығын  арттыруда  өзара 

бағалаудың мүмкіндігі ерекше. 

Білім  алушылар  кеңесші  және  сарапшы  рөлінде  сөйлеуге  мүмкіндік  ала  отырып,  өз  түсініктерін  сыныптастарының 

түсінігімен салыстыра  алады. Мұның  барлығы өзара  бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін 

көрсетеді. 

Білім  алушылардың  өзара  бағалау  үдерісінде  мұғалімнің  рөлін  атап  өту  қажет.  Мұғалім  білім  алушылардың    өзара 

бағалау  мақсатын  түсінетініне,  сыныптағы  мәдениетті  сақтап,  дамытатынына,  өзара  бағалауда  нақты  болжалды 

ұсынатынына көз жеткізуі керек. Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес,мүмкін 

болатын  салдарларды  қадағалауы  да  маңызды.  Мұнда  өзара  бағалау  білім  алушылардың  нәтижелерін  жетілдіруге 

мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет. 



 Қалыптастырушы бағалаудың әдістері 

     Күнделікті  тәжірбиеде  білім  алушылардың  ілгерілеуін,  меңгеру  деңгейін  өлшеу  үшін  қалыптастырушы  бағалаудың 

түрлі әдістерін қолдануға болады «Екі жұлдыз,бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының 

индексі»,  «Бір  минуттық  эссе»,    «Сөйлеу  үлгілері»,  «Үш  минуттық  үзіліс»,  «Ауызша  бағалау»,  викториналар,  сұрақтар 

және т.б. (4-қосымша). 

     Қалыптастырушы  бағалаудың  әдістерін,  оқу  әрекеттерін  ұйымдастырудың  әр  кезеңінде,  тақырыпты  түсіндіру, 

тапсырманы  орындау,  білім  алушыларға  кері  байланыс  беру  кезінде  қолдануға  болады.  Қалыптастырушы  бағалаудың 

әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. 

     Қалыптастырушы  бағалаудың  ажырамас  элементі  мұғалім  тарапынан  және  білім  алушылар  арасында  қойылатын 

сұрақтар  (сауал,диалог,әңгімелесу  және  т.б.)  болып  табылады.Сондықтан  сұрақтарды  тиімді  құрастыру  техникасын 

меңгеруі,сыныпта  диалогті  қолдану  мәдениетін  дамытуы  маңызды.  Сұрақтардың  түрлеріне  қарай  көптеген  

топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар.   Ашық сұрақтар талдауды және 

бағалау  ақпараттарын  талап  етеді,  қиялдауға,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  ынталандырады. 

     Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін  анықтау және т.б. 

     Сұрақты  дұрыс  қойғанда  өз  ойын  айтуға,  ақпарат  алмасуға,  диалогтік    оқуды  дамытуға,  маңызды  кезеңдерге  назар 

аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін.                                       

     Осылайша,  сұрақ  білім  алушы  қалайтындай,жауап  бере  алатындай  немесе  оқуда,  жауап  іздеуге  қызықтыратындай 

берілуі  қажет.  Алайда  сұрақты  қолдану  кезінде  кейбір  пікір  білдірілмейтін,  толықтырылмайтын,  жауап  алу  ұзаққа 

созылатын    сұрақтар  механикалық  түрде  қайталана  берген    жағдайда  қиындықтар  туындауы  мүмкін  (Геффрой  Э.К., 

1997). 


     Осындай қателіктердің алдын алу үшін: 

• негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген,жетекші және басқа да сұрақтарды қою;  

• егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;  

• сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;  

•  әлсіз  тұстарын  анықтауға  бағытталған,  білім  алушыларға  өздерінің  қателескен  тұстарын  анықтай  алуға  мүмкіндік 

беретін сұрақтар құрастыру;  

•  оқытудың  тиімділігін  арттыратындай  сұрақтарды  алдын  ала  жоспарлау  ұсынылады.  Сондай-ақ,    қашан,  қандай 

сұрақтарды  қоюды,  мүмкін  жауаптарды,  қате  жауаптарды  қалай  жөндеуге  болатынын  күтпеген  сұрақтарды  қалай 

қабылдайтынын,  жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады. 

      Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады. 



Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау  

      Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл 

олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін 

арттырады. 

      Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі  

қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті 

жағына да, әлсіз тұстарына да, назар аударып отырған дұрыс. 

     Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді  есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім 

алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім 

алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. 



Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

       Жұптық  жұмыс  кезіндегі  қалыптастырушы  бағалаудың    тиімді  формаларының  бірі  болып  табылады.  Жұптық 

жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін- бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас 

кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала 

бастайды. 

     Жұптық  жұмыста  қалыптастырушы  бағалауды  ұйымдастыру,  жоспарлау  кезінде  білім  алушылар  тапсырманы 

орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды  өз әрекетімен 

келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. 



Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау  


жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау