Бағдарламасының негізгі бөлімі және



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата27.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#24993
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

құрастыра  білу  икемділігін,  ақпараттық  кеңістікте  жөн  таба  білу  іскерлігін  дамыту,  сын  тұрғыдан  ойлауын  дамыту. 

Жобалау  әдісі  біріншіден  –  қандай  да  бір  мәселені  шешуді,  екіншіден  –  нәтижеге  қол  жеткізуді  болжайды.  Төменде 

көрсетілетіндей  Е.С  Полат  жобалау  әдісі  жаңа  педагогикалық  технологиялар  дидактикасының  дамуына  осылайша  әсер 

етеді деп көрсетеді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай 

еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді. Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім 

беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді. Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін 

ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді 

дұрыс  көзқарас,  тілдік  қарым-қатынасқа  бейімділік,  бір-біріне  көмекке  келу  сиякты  қасиеттерін  бекітеді.  Қазіргі  таңда 

жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: И.Л Бим, И.А Зимняя ,Т.Е Сахорова, 

О.М  Моисеева,  Е.С  Полат      және  т.б.  Көптеген  зерттеулерде  жобалау  әдісі  нәтижелі  білім  беру  жүйесінің  ең  маңызды 

компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі 

стандартты  емес  білім  беру  үрдісін  көрсетеді.  Жобалау әдістемесі жаңа  педагогикалық  жеке  тұлғаға  бағытталған 

технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды: 

 Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі; 



 Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау. 

Педагогикалық  жобалау  –кез  келген  мұғалімнің  кәсіби  қызметі(оқушылармен  өзара  қарым  қатынас  жасау  мазмұнын, 

әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады. 

Педагогикалық  жобалау  алдыңғы  іс-әрекетке  қолайлы  жағдайлар  туғызу  және  оның  нәтижелерін  алдына  ала  болжау. 

Педагогикалық  жобалаудың  обьектісі:  педагогикалық  жүйелер,  педагогикалық  процесс,  педагогикалық  жағдаяттар 

Педагогикалық процесс мұғалім үшін жобалаудың басты обьектісі. 

Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары 

Педагогикалық жүйелерді, процесстерді, жағдаяттарды жобалау – күрделі көпсатылы іс-әрекет. Жобалаудың үш кезеңін 

қарастырады: 

I кезең - модельдеу; 

II кезең – жобалау; 

III кезең - құрастыру. 

Педагогикалық  модельдеу  (модельді  құру)  –  мақсат  қою,  педагогикалық  жүйелерді,  процесстерді,  жағдаяттарды,  оған 

жетудің негізгі жолдарын құрастыру.  

Педагогикалық жобалау (жобаны құру) құрылған модельді ары қарай жүзеге асыру және практикалық қолдану деігейіне 

жеткізу. 

Педагогикалық  құрастыру   -  құрылған  жобаны  ары  қарай  жетілдіру,  нақты  жағдайда  тәрбиелік  қатынастың  шынайы 

қатысушыларымен қолдануға жақындығымен сиаптталады. 

Педагогикалық  жобалаудың  формалары  –  педагогикалық  жүйелерді,  процестерді,  жағдаяттардың  әрекеті  сипатталатын 

құжаттар болып табылады. 

Тұжырымдама – педагогикалық жүйелер мен процесстерді құрудығ теориялық принциптері, жетекші ой, басты көзқарас 

баяндалатын жобалаудың негізгі формасы. Ереже бойынша тұжырымдама ғылыми зерттеулер нәтижесінде құрылады. Ол 

жалпыланған,  абстрактылы  болғанымен,  практикалық  мәнге  де  ие.  Тұжырымдаманың  бағыттылығы  –  теорияны 

қолданбалы, конструктивті формасында баяндау. 



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

1.  Орта  білім  мазмұнын  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  тәжірибесі  негізінде  жаңарту.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.- 43 бет.  

2.  Бастауыш  мектепке  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  әдіснамалық  және  оқу-

әдістемелік негіздері. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.- 48 бет.  

3.  Камалова  С.Т.  сыныптв  оқушылардың  оқу  нәтижелерін  бағалау:  оқу  –әдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.- 44бет. 

4.  Система  критериального  оценивания  учебных  достижений  учасщихся.  Методическое  пособие.  –  Астана.: 

Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2013.- 80стр. 

5.  Айтпукешев  А.Т.,  Кусаинов  Г.М.,  Сагинов  К.М.  оценивание  результатов  обучения:  Метод.  пособие.  –Астана:  Центр 

педагогического мастерства, 2014.-108 стр. 

6. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов образования: учебное пособие для студентов вузов.  –

М: Академия, 2009.-224стр. 

 

2.4. Дәріс тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальді бағалау жүйесі 



Аннотация:  Критериалды  бағалау  процедурасына  қойылатын  талаптар.    Оқушыларының  оқу  пәндері  бойынша  оқу 

әрекетінін  нәтижесін  және  оқытудың  күтілетін  нәтижесін  бағалау  (деңгейлік  мақсаттық).  Оқушыларының  оқу 

жетістіктерін  бағалау  процедурасының  кезеңдері:  бағалау  әрекетінің  мақсатын  анықтау;  бағалау  объектісін  сипаттау 

(күтілетін  нәтиже,  нақты  көрсеткіш  және  индикатор  түрінде);  бағалау  шкаласын  анықтау  (жетістіктердің  әртүрлі 

деңгейлері);  бағалау  құралдарын  дайындау;  бағалау  нәтижелерін  ұсыну  формасы  (педагогикалық  құжаттар);  бағалау 

жүйесін қолдану шарттарын анықтау. 



 

Кілт сөздер: Критериалды бағалау, бағалау жүйесі 

Жоспары:  

1. Критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар  

2. Оқу үрдісінің нәтижесін бақылау және бағалау.  



3. Бақылаудың түрлері және формалары  

4. Сипаттап бағалау және оның қызметтері. 



Дәріс тезистері: 

Бағалау -  оқу  дәлелдері  жоспарлы  және  жүйелі  жинақталатын  және  де  оқу  сапасы  туралы  қорытынды  қабылдау  үшін 

қолданылатын  кез  келген  қызметті  сипаттайтын  ұғым.  Бұл  ұғым  екі  аспектіні  көздейді: оқуды  бағалау  және  оқу  үшін 



бағалау.  Бағалаудың  түрлі  нысандары  олардың  оқуды  жақсарту  әлеуеті  тұрғысынан  сипатталған  және  бағытталған. 

Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.

 

«Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам 



басқа  адамның  не  айтып,  не  істегенін  немесе  өзін  өзі  бақылау  жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін,  тәртібін 

мұқият  бақылауы  болып  табылады.  Бағалаудың  барлық  түрлеріне  жалпы  сипаттамалар  тән  және  олар  төмендегілерді 

қамтиды:  

қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.  



Мұғалімнің бағалаудағы ролі:  

Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;  

Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;  

Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;  

Мұғалім  баяндамашы  ретінде  -  оқушылардың  өсуіне  қатысты  ата-аналарына,  оқушыларға  және  мектеп  әкімшілігіне 

баяндау.  



Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:  

1. Оқыту мақсатымен бөлісу.  

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.  

3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.  

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.  

5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.  

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.  

Қадағалауды  өткізу  үшін  оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей  алатындығын,  сонымен  қатар  олардың  қандай 

қиындықпен  кездесуі  мүмкін  екендігін  анықтау  қажет.  Сыныптағы  әдеттегі  іс-әрекетті,  балалардың  өзара  әңгімесін 

тыңдап,  тапсырманы  орындап  отырған  оқушыларды  қадағалау.  Оқушының  сұрақтарға  берген  жауаптары  бақылануы 

керек.

 

Интерпретация  қызығушылық  тудыратын  мәселелерге,  ерекше  дағдылар,  көзқарастар  немесе  оқыту  түрлеріне 



қатысты жүргізіледі. 

Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау 

болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы 

оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар 

стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.  

Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын 

өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.  

Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және 

қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді 

іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]  

Критериалды  бағалау  -  белгіленген  критерийлер  негізінде  білім  алушылардың  нақты  қол  жеткізген  нәтижелерін 

оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. 



Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты  әрі  қарай  оқу  үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін  бағалау  критерийлері 

негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу 

болып табылады. 

Критерийлер -  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар  жұмыс  барысында 

орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.  

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:  

Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;  

Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;  

Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;  

Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;  

Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;  

Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл  және  жедел түрде сапалы  білім алғаны  жөнінде кері байланыс ақпаратын 

алуы;  


Оқушының  барлық  жұмыс  түрлерін  бағалауы.  (өзіндік  жұмыс,  ағымдағы  бағалау,  қорытынды  бақылау,  тренинг,үй 

жұмысы, шығармашылық т.б)  

Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;  

Баға сапасын арттыру.  

Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу  үдерісінде  жарыса,  бәсекелесе  білім  алуға  қол 

жеткізеді.  



Тәжірибелік маңыздылығы:  

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;  

- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;  



жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау