3. Костылев Ф.В. Учить по-новому: нужны ли оценки – баллы: книга для учителя. –М.: ВЛАДОС, 2000.- 104стр.
4. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе учебное пособие. – Премь: Перм.гос.пед.ун-т, 2010. – 84с.
5. Матвеева Е.И., Панькова О.Б., Патрикеева И.Е. Критеральное оценивание в начальной школе. – М.: Вита – Пресс.
2012.-168стр.
6. Брагин В.Я. Оценка знаний и умений учащихся по технологии с применением компьютерных программ: уч.-мет.
Пособие. Пермь: ПГПУ, 2010.- 88стр.
2.6. Дәріс тақырыбы: Кәсіптік колледж оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
Аннотация: Кәсіптік колледж оқушыларының жетістіктерін критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар.
Кәсіптік колледж оқушыларының жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдері. Кәсіптік колледж оқушыларының
жетістіктерінің сапасын бағалау және өлшеу жүйесі. Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру мақсаты. Индикаторлар
қызметтері мен құрылымы. Индикатор жүйесін жүзегеасыру шарттары. Білім беру салалары мен индикаторлар мазмұны.
Индикаторлар жүйесімен жұмыс логикасы. Білім беру саласы бойынша колледж оқушыларының жетістіктерінің
өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері.
Кілт сөздер: Индикаторлар, бағалау процедурасы өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері.
Жоспары:
1. Кәсіптік колледж оқушылардың жетістігін критериальді бағалау процедурасына қойылатын талаптар.
2. Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру мақсаты.
3. Индикаторлар қызметі және құрылымы.
4. Білім беру салалары бойынша оқушылар жетістіктерінің критерийлері, көрсеткіштері, деңгейлері.
Дәріс тезистері:
Индикаторлар (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын) – дегенді білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу
жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Халықаралық тәжірбиеде қалыптастырушы
бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды
бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям,1998; Эшкрофт және Форман-Пэк,
1994;). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің
сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те
түсіндіріледі (1-кесте).
1-кесте.Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы
ЭЫДҰ/ Білім беру және инновация
аясындағы зерттеулерге қатысты
Орталықтың халықаралық конференциясы
(2008)
∙ Сыныпта мәдени орта құру
∙ Оқу мақсаттарын тұжырымдау
∙ Білім алушылардың түрлі қаеттіліктерін қанағаттандыру
үшін оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану
∙ Білім алушылардың материалды түсінгенін бағалайтын
түрлі тәсілдерді қолдану
∙ Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу
және білім алушыларға кері байланыс беру
∙ Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді
қатыстыру
Блэк және Уильям (2009)
∙ Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланатын
тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді
талқылау жұмысын жүргізу
∙ Білім алушыны дамытуға бағтталған кері байланысты
ұсыну
∙ Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді
түсіндіру
∙ Білім алушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы
ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру
∙ Білім алушыларды өзара оқыту ресурстары мен дерек
көздері ретінде қолдану
Кларк (2013)
∙ Оқу мәдениетін дамыту
∙ Білім алушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру
∙ Белгіллі оқу мақсаттарына қарай білім алушылармен
бірге бағалау критерийлерін түрлендіру
∙ Сабақта талқылау және пікірсайыстарды
қолдану
∙ Білім алушылардан, сыныптастарынан және мұғалімнен
тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру
Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады:
білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу,
сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру.
Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге
мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірбиесі.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы
бағалаудың тәжірбиелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни
әр мұғалім өзбетінше қалыптасырушы бағалауды өз тәжірбиесі арқылы анықтай алады,оның нәтижесіне қатысты
жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге
асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• кері байланыс беру;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге
оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өзбетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі
қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар
тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалады.
Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде
қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру
үшін мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен,оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде ьағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-
қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады
немесе құрастырады (2-кесте).
2-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 5-сынып
5.1.А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»
Оқу мақсаты
5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын
жақшамен
және
жақшасыз
берілген
саны
өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау
және мәндерін табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жақшамен және жақшасыз берілген санды
өрнектердегі
амалдардың
орындалу
ретін
анықтайды
• Санды өрнектердің мәнін табады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Амалдарды орындау тәртібін анықтаңыз:
А) 37596 – 8064 ÷ 16 ∙ 74 + 32 ∙ 291