Бағдарламасының бірінші бөлігі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» туралы. Онда мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін



жүктеу 7,36 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата14.11.2018
өлшемі7,36 Mb.
#19999
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

24 маусым 2016 жыл

Аудандық ішкі істер 

бөлімінің бастығы, поли-

ция  подполковнигі Арнай 

Қанатұлы АБДРАХМАНОВТЫҢ  

«2016 жылғы  5 - ай ішінде  

атқарылған жұмыстары» тура-

лы аудандық ЖШС «Ақсу өңірі» 

газетінің жауапты хатшысы

тілші Ләззат Қалмұхамбетқызы 

ҚАСЫМБЕКОВАМЕН 23 маусым 

– Полиция қызметкерлері күні 

қарсаңында жүргізген сұхбатын 

ұсынып отырмыз.

СҰРАҚ:  -  23  маусым  –  Полиция 

қызметкерлері  күні  құтты  болсын,  Арнай 

Қанатұлы!  Қылмыстың  алдын  алу  мен 

қоғамдық  қауіпсіздікті  сақтау  мақсатында 

қандай жұмыстар атқардыңыз?

ЖАУАП: 

Рахмет! 



Қазақстан 

Республикасының  заңдарын,  Елбасының 

жарлықтары  мен  Қазақстан  Республи-

касы  Үкіметінің  Қаулыларын,  Ішкі  Істер 

Министірінің  және  Алматы  облысының 

Ішкі  істер  департаментінің  бастығының 

бұйрықтары  мен  нұсқаулары  және  ау-

дан  әкімшілігінің  шешімдерін  мүлтіксіз 

орындай  отыра,  аудандағы  шұғыл 

жағдайды  бақылауда  ұстап,  қылмыстың 

алдын  алу  мен  қоғамдық  қауіпсіздікті 

сақтау  мақсатында  біршама  жұмыстар 

атқарылды.  

СҰРАҚ: - Криминагендік ахуалдың жал-

пы сипаттамасы жайында тоқталсаңыз?



ЖАУАП:  -  Криминагендік  ахуалдың 

жалпы  сипаттамасына  тоқталсам,  ау-

дан  көлеміндегі    жағдай  2016  жылдың 

5  ай    қорытындысы    бойынша    жалпы  

қылмыстың  төмендеуімен  сипатталады, 

яғни  2015  жылы  осы  уақыт  аралығында 

203  қылмыс  тіркелген  болса,  ал    2016 

жылы  174  қылмыс  тіркеліп,  29  қылмысқа 

төмендегені  байқалып  отыр.  Жал-

пы  ашылу  көрсеткіші  2015  жылы  79.4 

%,    2016  жылы  83.3  %  пайызды  құрап 

отыр.  Олардың  ішінде  ауыр  қылмыс: 

2015  жылы  11-қылмыс  тіркелсе,  ал  2016 

жылы  5  қылмыс  тіркелген.  6-қылмысқа  –

төмендеген. 

Ал,  аса  ауыр  қылмыс:  2015  жылыда, 

биылғы жылыда бұл қылмыс түрі тіркелген 

жоқ.  Адам  өлтіру  қылмысы:  2015  жылы 

да,  биылғы  жылы  да  бұл  қылмыс  түрі 

тіркелген  жоқ.  Денсаулыққа  қасақана 

ауыр зиян келтіру қылмысы: 2015 жылы 2 

қылмыс тіркелсе, биылғы жылы 1 қылмыс 

дерегі  орын  алған.  Зорлау  қылмысы: 

2015  жылы  осы  уақыт  аралығында  1 

қылмыс тіркелген, биылғы жылы 2 қылмыс 

тіркелді.  Тонау  қылмысы:  2015  жылы  бұл 

қылмыс  түрі  тіркелген  жоқ,  биылғы  жылы 

1 қылмыс дерегі орын алған. Қарақшылық 

қылмыстары:  былтырғы  жылыда,  биылғы 

жылыда  бұл  қылмыс  түрі  тіркелген  жоқ. 

Қорқытып алушылық қылмысы:  былтырғы 

жылы  1  қылмыс  тіркелді,  биылғы  жылы 

бұл  қылмыс  түрі  тіркелген  жоқ.  Алаяқтық 

қылмысы: 2015 жылы 13 қылмыс тіркелген, 

биылғы  жылы  5  қылмыс  тіркеліп,  8 

қылмысқа төмендеген.



СҰРАҚ:  -  Аудан  көлемінде  бөтен  мүлік 

пен мал ұрлығы азайды ма?



ЖАУАП: - Аудан көлемінде 2015 жылы 

84 бөтен мүлкін ұрлау қылмысы  тіркелген, 

Ал  биылғы  жылы  82  бөтеннің  мүлкін 

ұрлау  қылмысы  тіркеліп,  бүгінгі  күнге  2–

қылмысқа төмендеп отыр. 

Бөтеннің  мүлкін  ұрлау  қылмыстары 

ішінде, пәтерлерден жасалған ұрлық саны 

2015  жылы  осы  уақыт  аралығында  18 

қылмыс тіркелген, биылғы жылы 5-қылмыс 

тіркелді.  Бүгінгі  күні  аудан  жұртшылығын 

аса  алаңдататын  қылмыс  түрі,  бұл  мал 

ұрлығына қатысты қылмыстар.

Аудан  көлемінде  соңғы  жылдары жал-

пы малдың саны жылдан жылға көбеюде. 

Бүгінгі  күнге  аудан көлемінде барлық мал 

саны  - 77.800 бас. Оның ішінде: түйе  - 77 

бас;  жылқы  - 22.900 бас; қой-ешкі саны – 

365.834 бас.

Мал  ұрлығы  қылмысы:  2015  жылы  37 

қылмыс  тіркелсе,  2016  жылы  42  қылмыс 

тіркеліп,  5-қылмысқа  өскені  байқалып 

отыр.  Қазіргі  кезде  осы  қылмыстың  бетін 

ашу мақсатында АІІБ-нің қызметкерлерінің 

арасынан  топ  құрылып,  Ақсу  ауданы 

бойынша  жедел  іздестіру  жұмыстары 

жүргізілуде.  

Бұрын  жасалған  қылмыстарды  ашуда 

жасаған  жұмыстарға  тоқталатын  болсақ,  

2015 жылдың  5 ай   ішінде  бұрын жасалған 

25  қылмыс  ашылған,    ал  2016  жылы  26 

бұрын жасалған қылмыс ашылған.     

Іздеу  жұмысын  көтеру  мақсатында 

іздеудегі  қылмыскерлерге  ашылған  іздеу 

істерін  қайта  зерделеп,  қосымша  жоспар 

құрып,  анықталған  мекен-жайларға  фото 

суреттерімен 

бағыттамалар 

жолдап,  

шұғыл жұмысты  талапқа сай жүргізуде.  

СҰРАҚ: - Тергеу және анықтау тобының 

Қоғам қауіпсіздігі - 

қырағы күзетіледі

32-қадам.  «Қылмыстық  құқық  бұзу  кар-

тасы»  ұлттық  ақпараттық  жүйесі  негізінде 

«ҚЫЛМЫСТЫҚ  ҚҰҚЫҚ  БҰЗУ  КАРТАСЫ» 

интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 

1  аптадан  әрі  кетпейтін  мерзімде  жасалған 

барлық  қылмыстық  құқық  бұзушылық 

тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР 

ОРГАНДАРЫ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ТИІМДІЛІГІН 

БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

жұмысына тоқталсаңыз?



ЖАУАП:  -  2016  жылдың    5  ай 

аралығында    Ақсу  АІІБ-нің    тергеу  және 

анықтау бөлімшесінің өндірісінде барлығы 

335 қылмыстық іс болған, 2015 жылы осы 

ай аралықта 322 қылмыстық іс болған, яғни 

13  қылмыстық  іске  көбейген.  Көрсетілген  

істердің ішінен 216 қылмыстық  іс өндірістен  

аяқталған.  Бүгінгі  күнге  54  қылмыстық  іс 

сотқа жолданды. Осы қылмыстық істердің 

44-қылмыстық  ісі  тергеу  бөлімшесімен 

аяқталып  сотқа  жолданған.  Есепті  мерзім  

ішінде  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  өндірісі 

бойынша 36 қылмыстық іс сотқа жолданды. 

2016  жылдың  5  айында  тергеу 

бөлімшесінің  тергеушілермен  қайта  тер-

геуге  қайтарылған  қылмыстық  істер  

болған жоқ. Осы өткен 2016 жылдың  5 ай 

мерзімінде    қылмысты    есептен    жасыру 

фактілері орын алған жоқ. 

Бүгінгі  күні  күнделікті есеп тіркеу тәртібі 

қатаң  бақылануда,    қылмыстар  мен  арыз-

дар  тіркелмей  қалу  тәжірибесі    түбегейлі  

жойылды. Осы орайда Қазақстан Республи-

касы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 та-

мыз №99 бұйрығы мен Бас Прокурорының 

2014 жылғы 19 қыркүйектегі №159 бұйрығы 

оқытылып,  арнайы  сынақ  қабылданып, 

қызметкерлердің    атқарып  жатқан    іс-

әрекеттеріне, нақты баға берілуде.  

Әр  ай  сайын  ауылды  мекендерде 

тіркелмей  қалған    арыз-шағымдарды  

анықтау  мақсатында  арнайы  іс  шаралар  

өткізу  міндеттеліп  қадағалануды  талап 

етеді.           



СҰРАҚ: 

Жергілікті 



полиция 

қызметкерлерімен 

жұмыстар 

қалай 


атқарылуда?

ЖАУАП:  -  ІІМ-нің  бұйрықтар  мен 

нұсқауларын  іске  асыру  үшін  көшелермен 

басқа  қоғамдық  орындарында  жалпы 

тәртіпті сақтауды күшейту жөнінде бірқатар 

шаралар кешені іске асырылуда.

2016 жылдың 5 ай аралығында Жергілікті 

полиция  қызметінің  қызметкерлерімен 

қанағаттанарлықтай  жұмыстар  атқарылды 

деп есептеуімізге болады. 

Тұрғындардың    полицияға  сенімдерін 

артуы  –  біздің  қызметіміздің  негізгі 

салаларының  бірі  болып  саналады.  Ақсу 

аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  бастама-

сы  бойынша  аудан  көлемінде  аудан 

әкімшілігінің  қызметкерлері,  аумақтық 

әкімдердің,  аудан  ақсақалдарының  және 

қоғамдық ұйымдардың қатысуымен “біргелкі 

жиындар”  өткізілді.  Қатысушылардың  на-

зарына  әр  учаскелік  полиция  уәкілдерінің 

есеп  беру  мерзіміндегі  жұмыстарымен 

бекітілген  округтеріндегі  криминалдық 

ахуал  және  мал  ұрлығына  байланысты 

бірлесіп “қандай шаралар қолдануымыз ке-

рек”  деген  сұрақтар  қойылып,  талқылауға 

салынды. 

Қазіргі кезде қоғамдық кеңес мәжілістері 

ай  сайын  өткізіліп  тұруда.  Учаскелік  по-

лиция  инспекторларының  жұмысы  бүгінгі 

күні    белсене  жүргізілуде,  жыл  басынан 

Жергілікті  полиция  қызметінің  учаскелік 

полиция  инспекторларында  жалпы  саны 

460  адам  әр  санат  бойынша  алдын  алу 

есебінде тұрады. Ағымдағы жылы 86  адам 

әр түрлі санат бойынша алдын алу есебіне 

қойылды.

Есепті  мерзім  ішінде  Жергілікті  по-

лиция 

қызметінің 



қызметкерлерімен 

2325  әкімшілік  хаттамалар  толтыры-

лып,  қаулылар  шығарылып  жалпы  со-

масы  4.762.706  теңге  айыппұл  салынған. 

Бүгінгі күнге айыппұлдың 4.247.704 теңгесі 

өндірілді,  өндірілу  үлесі  89.2  пайызды 

құрап отыр. Осы салынған айыппұлдарды 

өндіруге аса көңіл бөлінуде.  



СҰРАҚ:  -  Қоғамдық  орындардағы 

бұзақылық қылмысқа не дейсіз?



ЖАУАП:  -  Қоғамдық  орындардағы 

бұзақылық  қылмысқа,  келетін  болсақ 

есеп  беру  мерзім  ішінде  -  4  қылмыс  бол-

са, өткен жылы осы уақыт аралығында 43 

қылмыс  болған.  Көшелерде  2016  жылы 

3  қылмыстық  оқиғалар  орын  алса,  2015 

жылы    30    қылмыс    тіркелген.  Жалпы  

есепті    мерзімі  ішінде  қылмыстың  алдын 

алуға  бағытталған  «Надзор», «мигрант», 

«быт»,  «розыск»,  «қару»,  «жасөспірім», 

«наркоман»  және  өз  бастамамыз    бой-

ынша    аудан    көлемінде    «Профилактика 

және  есеп»  атты    операциялар    өткізіліп 

тұрады. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі 

мал  шаруашылығы  болғандықтан  мал 

ұрлығының  алдын-алуда  менің  арнайы 

нұсқамаларыммен  бөлімнің  жеке  құрамын 

соның  ішінде  учаскелік  полиция  инспек-

торлары  өздері  бекітілген  округтеріндегі 

елді мекендерінде  ай сайын  арнайы кес-

теге  сәйкес  10  күннен  «Түнгі  ауыл»  атты 

алдын-алу  іс  шараларын  жүргізіп,  поли-

ция  қызметкерлері  түнгі  жұмыс  кестесіне 

көшіріліп  тұрады.  Онда  ауылдың  түнгі 

тіршілігі қадағаланып бос қараусыз жүрген 

малдар  иелеріне  қайтарылып,  малдарын 

бос  жібермей  қадағалаулары  қажеттігі  

ескертіліп тұрады. Түнгі жұмыстар жүргізу 

кезінде  аудан  көлемінде  әр  ауылдарда 

азаматтар өз еркілерімен қоғамдық тәртіпті 

қамтамсыз етуде үлестерін қосты.

Осы  тарапта  айтып  кеткім  келеді  Ақсу 

ауданы  көлемінде  2015  жылдың  ма-

мыр  айының  1  күнінен  бастап  көршілер 

бақылауы атты іс шара өткізілуде. Іс шараға 

күнделікті  екі  полиция  қызметкерлері 

қызметке  түсіп,  жұмыстар  жүргізілуде. 

Осы  іс  шара  барысында  аудандық  ІІБ-нің 

кезекші  бөлімінде  орналасқан  көршілер 

бақылауы  телефонына,  яғни  2-10-10 

нөміріне  172  хабарлама  түсіп,  167  хабар-

ламасы  бойынша  әкімшілік  хаттама  тол-

тырылды,  4-хабарлама  расталмады,  1 

хабарлама  бойынша  ҚР  ҚК-нің  379  бабы 

бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

СҰРАҚ:  -  Жасөспірімдер  бөлімшесінің 

жұмысына тоқталсаңыз?



ЖАУАП:  -  Жасөспірімдер  бөлімшесінің 

жұмысына  тоқтала  кетсек,  есеп  беру 

мерзімі ішінде кәмелетке толмағандармен 

өткен  жылыда,  биылғы  жылыда  қылмыс 

деректері  орын  алған  жоқ.  Есепті 

мерзім  ішінде  жасөспірімдердің  құқығын 

қорғайтын комиссияның қарауына барлығы 

6  ата-аналарға  құжаттар  жолданды  және 

кәмелетке  толмаған  10  оқушы    есепке 

алынып,  сәтсіз  жанұя  есебіне  9  жанұя 

қойылды.  

Жасөспірімдер  арасында  қылмысты 

болдырмау  құқық  бұзушылықты  алдын 

алу  мақсатында  аудан    орталығындағы  

мектеп  оқушыларына    АІІБ-де  ашық 

есік  күні  ұйымдастырылып  өтті.  Осы 

ашық  күнге  қатысқан  жасөспірімдерге 

ІІБ-нің  мәжіліс  залында  дөңгелек  стол 

өткізіліп,  жасөспірімдер  арасында  құқық 

бұзушылықты  болдырмау,  қылмыстың  ал-

дын  алу  мақсатында  профилактикалық 

мәні бар әңгімелер жүргізілді.         



СҰРАҚ:  -  Лицензиялық  рұқсат  беру 

жүйесі қалай атқарылуда?



ЖАУАП:  -  2016  жылдың    5  ай  уақыт 

аралығында 5 жеке тұлғаларға қару сақтау 

алып жүру рұқсат қағаздары беріліп, бүгінгі  

күнге  474  қару  иелері  тіркеуде  тұрады. 

Оның ішінде газды тапанша 7 және 21 иір 

ұнғылды  отты  атыс  қарулары  тіркелген. 

Есеп  беру  мерізімінде    заңсыз    сақталған 

45 қару тәркіленді. Сондай-ақ, қару сақтау 

алып  жүру  ережелерін  бұзғаны  үшін  48 

қару иелеріне және қару сақтау ережесінің 

мерзімін  бұзғаны  үшін  7  қару  иелеріне 

әкімшілік 

хаттамалар 

толтырылып, 

айыппұл салынды. 

  2016  жылдың  5  ай  уақыт  аралығында 

заңсыз  қарумен  жасалған  қылмыс    орын 

алған жоқ. Табиғатты қорғау, балық аулау, 

заңсыз  аң  аулау  жұмысын  ұйымдастыру 

барысында  есепті  мерзім  ішінде  барлығы 

53 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырыл-

ды.    Өсімдік    әлемін  қорғау    саласы  бой-

ынша ағаштармен бұталарды заңсыз кесу  

және  зақымдау  ережесін  бұзғаны  үшін  20 

адам  қылмыстық  жауапкершілікке  тарты-

лып жиналған құжаттары бойынша тергеу 

амалдары жүргізіліп сотқа жолданды.

СҰРАҚ:  -  Көші-қон  полициясының  

қызметкерлерімен 

қандай 

жұмыстар 



атқарды?

ЖАУАП:  -  «Алыс  және  жақын  шетел 

азаматтарының ҚР-ның азаматтығын алуы 

туралы»  үкімін  орындау  мақсатында  көші 

-  қон  полиция  тобының  қызметкерлері 

ауылдық аймақтардың әкімдерімен бірлесе 

отырып, біршама ауқымды жұмыс атқарды.

Ағымды  жылда  Қазақстан  Республика-

сында  қоныстанып  тұру  ықтиярхатын  алу 

үшін 154 азамат өтініш білдіріп, қоныстану 

ыхтияр  хатымен  құжаттанды.  Жалпы  Ақсу 

ауданы  бойынша  ықтиярхатпен  тұрып 

жатқан азаматтар саны 245 олардың ішінде 

217-і  ҚХР-нан  келген  /оралман/  азаматтар 

жақын шет елдерден келген  28 адам.       

Ақсу АІІБ көші-қон полиция тобы уақытша 

келген  шетел  азаматтарын  дер  кезінде 

тіркеуге алып, және аймақтық уәкілдерімен 

бірлесіп,  олардың  уақытысында    ҚР-ның 

аумағынан  шығуы қатаң  қадағалануда.

ТМД елдеріндегі жағдайдың күрделенуіне 

байланысты,  Қазақстан  Республикасы  

және Алматы облысы көлемінде өткізілетін 

«Құқық  тәртіп»,  «Іздеу»,  «Мигрант»,  «Не-

легал»  сияқты  профилактикалық  шаралар 

өткізіліп,  атқарылған  жұмыс  нәтижелері 

қаралды.  Ағымды  жылдың  5  айында  көші 

қон  полиция  тобымен  уақытша  мерзімге 

келіп  тіркелген шетел азаматтардың саны 

70, олардың ішінде 65-і  Өзбек азаматтары, 

3-і Қырғызстан азаматтары, Ресей азамат-

тары 2-і.  

СҰРАҚ:  -  Жол  полиция  тобының 

жұмысына тоқталсаңыз?



ЖАУАП:  -  Жол  полиция  тобының  

жұмысына  тоқталатын  болсам,  2016 

жылдың  5  ай  аралығында  349  жол  

ережелерін  бұзу  анықталды,    оның  ішінде 

автокөлікті  мас  күйінде  жүргізгені  үшін  15 

адам ұсталып жауапкершілікке  тартылды. 

Жалпы барлығы 349 әкімшілік ісі қаралды.

2016  жылдың  5  ай  ішінде,  Ақсу  ауданы 

көлемінде    9  жол  көлік  оқиғасы  тіркеліп, 

оның  ішінде  2  адам  қаза  болып,  15  адам 

әртүрлі  дене  жарақаттарын  алды.  2015 

жылы  5 жол –көлік оқиғасы тіркеліп, оның 

ішінде  9  адам  дене  жарақатын  алған,  1 

адам қайтыс болды. Аудан көлемінде   жол  

апаттың  алдын-алу    жұмыстарын  дұрыс 

жолға қою мақсатында ОІІД-нің ЖППБ-ның 

қызметкерлерімен  бірлесіп  тығыз  байла-

ныста жұмыстар жүргізілуде.  



СҰРАҚ:  -  Уақытша    ұстау  изоляторы 

қызметінде төтенше жағдайлар тіркелді ме, 

толығырақ айтсаңыз?

ЖАУАП: - УҰИ-ында  төтенше жағдайлар 

тіркелген  жоқ,  қызметкерлердің    үстінен  

арыз-шағымдар  түскен жоқ.  2016 жылдың  

5  ай  ішінде  23    адам    қамауда  болды, 

оның  ішінде    айыпталушылар  мен  сотта-

лушылар -10, ҚР  ҚІЖК-нің  128 бабы бой-

ынша    5  адам,    ҚР  ӘҚБтК-мен    13  тұлға  

әкімшілік қамауда  болды. Бүгінгі күні АІІБ-

нің  УҰИ-ның ғимараты  күрделі жөндеуден 

өткізілді,    іші  сырты  заң  талаптарына  сай 

жабдықталды.  Жалпы  6  қапас,  22  орынға 

сай жасалынып   әр  қапасқа, дәлізге, се-

руен  алаңына,  айдауыл  автокөлігі  кіретін 

шлюзге 12 бейне бақылау орнатылды. Айта 

кету  керек,  Ақсу  АІІБ-нің  жедел  кезекші 

бөлімі ҚР ІІМ-нің нұсқауына сай жұмыстары 

ұйымдастырылып  атқарылуда.  Бүгінгі 

таңда  жедел  кезекшілер  жұмысына  аса 

көңіл  бөлініп,  үлкен  талаптар  қойылған. 

Жедел  кезекші  бөлімінің  негізгі  міндеттері 

уақытылы  кез  келген  болған  оқиғаны, 

хабарламаларды, 

арыз 

шағымдарды 



тіркеп,  оқиға  орнына  ЖТТ  шұғыл  шығуын 

қамтамасыз ету. ҚР ІІМ-нен, ІІД-нен басқада 

түсіп  жатқан  нұсқаулар  мен  бұйрықтарды 

күнделікті оқып, танысып  оларды  күнделікті  

дұрыс қолдану  талабы  қойылған. 

Ақсу АІІБ-нің басшылығы жеке құрамның 

арасында  кадрмен  қамтамасыз  ету, 

оның  жұмысын  жақсарту,  оқып  үйретуде 

қызметтік  тәртіпті  нығайту,  заңдылықты 

сақтауда  біршама  жұмыстар  атқарылды. 

Осы  бағыттағы  атқарылған  жұмыстың 

нәтижесі  бөлімде  өтетін  аппараттық  және 

шұғыл  мәжілісітерде  қаралып,  орын  алған 

кемшіліктерге  тиісті  баға  беріліп,  одан 

әрі  атқарылатын  жұмыстар  жоспарланып 

жүргізілуде.

Ақсу  АІІБ-де  бекітілген  штаттық  кес-

те  бойынша  жеке  құрамы  90  қызметкер.   

Оның  жоғарғы  және  орта  басшы    құрам   

66,    қатардағы    және  кіші    басшы  құрам 

24,    бүгінгі  күнге  12  қызметкердің  орны  

вакант,  ерікті  жұмысшылар  -8.  Ақсу 

АІІБ-і  қызметкерлерінің  білім  деңгейі:  68 

қызметкер  жоғарғы  заңгер    білімді,    22- 

қызметкер  орта  заңгер    білімді.  Есепті 

мерзім  ішінде  жеке  құрам  арасында  

әскери-қызметтік    тәртібін    бұзғаны      үшін  

16  қызметкер  жазаланды.  Ақсу  АІІБ-нің 

әкімшілік  ғимаратын  безендіру  жақсарту 

жұмыстарыда  жүргізілуде.  АІІБ-нің    Қапал 

кенттік  полиция  бөлімшесінің  әкімшілік 

ғимаратының  астыңғы  бірінші    қабаты  заң 

талтарына сай жасалған, ал  екінші  қабаты  

полиция  қызметкерлеріне  арнап  2- пәтер  1  

бөлмелі  және  1 пәтер   3  бөлмелі  қызметтік  

пәтер  салынды. Аудандық ІІБ-нің астыңғы 

қабаты күрделі жөндеуден өтіп, ІІБ-не атыс 

жаттығуын өткізуге арналған тир салынып, 

безендіру жұмыстары жүргізілуде. 

СҰРАҚ:  -  Бүгінгі  таңдағы  алдыңызға 

қойылған мақсатыңыз?



ЖАУАП:  -  Бүгінгі  таңдағы    алдымызға 

қойылып  отырған  мақсатымыз  -  қоғамдық 

қауіпсіздік  пен  заңдылықты  сақтаудағы 

жоспарларымызды  орындай  отыра,  ІІБ-нің 

жеке  құрамы  өздеріне  жүктелген  қызмет 

міндеттерін  бүгінгі  күн  талабына  сай 

атқарады деп сенім білдіремін.

СҰРАҚ: - Полиция мерекесі күніне орай 

әріптестеріңізге тілегіңіз?



ЖАУАП:  -  Туған  елінің  тыныштығы 

үшін  табанды  еңбек  етіп  жүрген  ішкі  істер 

органдарының 

барлық 


қызметкерлері 

мен  ардагерлерін  кәсіби  мерекесімен 

құттықтаймын!  Әрдайым  анттарыңызға 

адал болып, ел қорғаны деген атаққа абы-

ройлы қызмет ете беріңіздер!  

- Сұхбатыңызға рахмет! Ауданымыздың 

тыныштығын сақтай беріңіз демекпін.




жүктеу 7,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау