Бағдарламасының бірінші бөлігі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» туралы. Онда мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін



жүктеу 7,36 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата14.11.2018
өлшемі7,36 Mb.
#19999
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

6 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

24 маусым 2016 жыл

Бұл көктем жаныңды жадыратып, тіршілік 

атаулыны 

жандандырып 

айналаңды 

құлпыртып күмбірлетіп күйге ендірген ерек-

ше  көктем  болып,  Ана  мейірімі  сияқты 

мол  шуағын  ала  келді.  Сыңғырлаған 

соңғы  қоңыраудың  үніне  жиналған  кешегі 

тұлымдары  желбіреп,  ақ  бантик  таққан 

қыздардың,  жалаң  аяқ  жүгіріп,  шаңды 

аспанға  шығарып,  бозбала  болғандардың 

бүгінгі жан тебіреністері ерекше еді. 

«Өмір – жанған шырақ, аққан бұлақ десек» 



Жүз, мың жыл өтседаға о, дариғай,

Бетіне жерден қайтіп өнер болсақ.

ДОСТАР, ДОСТАР – ӘЛІ БІРГЕ 

ЖАНЫМЫЗ

(немесе 1966 жылы ең соңғы 11 класты бітіргендердің 

50 жылдық кездесуінен лирикалық ой – толғау)

ірі  құрылыс  саласында    мастер,  прораб, 

құрылыс  алаңының  бастығы,  РСУ  –  сияқты 

құрылыс  бөлімдерін  басқарып,  аудандағы 

барлық  жаңа  типті  балалар  бақшасы  мен 

орта мектептерді, аудан орталығындағы бес 

қабатты тұрғын үйлерді салып, пайдалануға 

берді. Сол сияқты еңбек жолын ауылдағы ком-

сомол ұйымын басқарып, кейінде Алтынарық 

ауылындағы  Республика  көлемінде  ер-

лер  ішінде  тұңғыш  балалар  бақшасының 

жалғыз  меңгерушісі  болып  «айды  аспанға» 

шығарған Әсет Садуақасов кейінде селолық 

кеңестің,  одан  кейін  ауыл  әкімі  болып  зей-

нетке  шықты.  Ал,  Айдар  Үкібаев  сауда  са-

ласында  ұзақ  жыл  еңбек  етіп,  жылжымалы 

автомагазиндердің директорлық қызметтерін 

атқарды. Ал, Елубай Қанапиянов училищеде 

мастер болып, темірден түйін түйген шебер 

атанса,  Нұртас  Бейсенбаев  Ақсу  автобаза-

сында жүргізушілер бригадасына жетекшілік 

етіп,  кейінде  Алматы  қаласына  қоныстанып 

Аэрапортта жауапты қызметтер атқарды. Ал, 

қыздарымыз Әсембала Халықбаева Алматы 

қаласында  білікті  микробиолог,  Әйімжамал 

Мәдімова аудан орталығындағы ауруханада 

ұзақ  жыл  мейірімді  мейірбике  атанды.  Сол 

сияқты сауда саласында жемісті еңбек еткен 

Сламхан, Нина мен Райхандар ардақты ана-

лар  атанса,  Алтынжамал  аудандық  тұрмыс 

қажетін  өтеу  комбинатының  цех  бастығы 

болды. 


Сөз  кезегін  алған  Білім  беру  ісінің  үздігі, 

аудандық  білім  бөлімінде  ұзақ  жыл  жауап-

ты  қызмет  атқарған  Дариға  Әбдіқалықова 

–  Қаладан  келе  жатып,  ауылдың  кіре 

берісіндегі Жансүгіров ауылы деген жазуды 

көргенде  жүрегім  толқып,  «Шықшы  тауға, 

қарашы  кең  далаға,  мәз  боласың  ұқсайсың 

жас балаға. О шетімен бұл шетіне жүгірсең, 

шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?» деп 

туған жерім туралы өлең айтып жібердім. Жа-

нымда  отырған  жолаушылар  мен  жүргізуші 

маған  қарап,  «Ауылды  қатты  сағынғансыз 

ба?» - деді. Мен, «Иә, ауылыма 50 жылдық 

кездесуге  келе  жатырмын,  достарыммен 

кездесемін»  дедім,  деп  бастады  әңгімесін. 

Сөз  арасында  өздерінің  осыдан  отыз  жыл 

бұрын 20 жылдық кездесулерін сағынышпен 

еске түсірді. 

Бүгінгі  мектеп  бітірушілерге  ақ  жол 

тілеген кешегі шәкірттер Сыдықов атындағы 

орта  мектептің  директоры  болған  Бақыт 

Сәтімбекованың,  қаракөз  Қайшаның,  мың 

бұралған  биші  болған  ұлағатты  ұстаз 

Мәстураның және басқа да түрлі себептер-

мен жарты ғасырлық жүздесуге келе алмаған 

кластастардың 

ыстық 

ықыластарын, 



сағынышты сәлемдерін жеткізді.

Жылы  жүздесуде  11  кластың  тұңғыш 

«келіні» кезінде аудандық музыка мектебінің 

директоры кейін өмірінің соңына дейін ЖГУ-

да  кафедра  меңгерушісі  болған  марқұм 

музыкант  досымыз  Алыбаев  Талғаттың 

жары  қазір  белгілі  композитор  Серікжамал 

Әжібекова өзінің шығарған «Достар, достар» 

деген әнін шашу етіп шашты.  

Мұнан  соң  кездесуді  11  кластың  тұңғыш 

«күйеу  баласы»  атанған,  ұзақ  жыл  Есебо-

латов атындағы орта мектепте қадірлі ұстаз 

болған, ақындығы бар Қадыр Шанкетов мы-

надай өлең жолдарымен жалғастырды:

Қош келдіңдер сыныптас ұл, қыздарым.

Еске алайық жастықтың сол жылдарын.

Жарты ғасыр өтіпті-ау қайран уақыт,

Есейдік әжім түсіп ақ самайың.

Арада өтті өмірден қаншама жан,

Өмірден өз үлесін ала алмаған,

Уа достар өмір заңы өлшеулі ғой,

Аз, көп жасау – қолында бір Алланың.

Сағынсақ та жастық шақ қайта оралмас, 

Өкінбейміз ұрпақ бар олар да жас,

Жалғастыра өмірді балаларың,

Өзгерер қоғам, адам мәңгі тұрмас.

Жүрейік аман – есен сыныптастар,

Бүгінгідей қосылмас алтын бастар.

Жастықты еске алып бір жасардық,

Жақсылықпен жолығайық замандастар 

Мектептегі  кездесу  соңында  кешегі 

шәкірттер бүгінде аталар мен апалар атынан 

аудандық газеттің бұрынғы директор – бас ре-

дакторы, Ұ.Бағаев атындағы сыйлықтың лау-

реаты, кешегі шәкірт Дүйсен Мұхаметшарұлы 

өздеріне арнап тақпақ, ән айтып, би билеп, 

слайд  арқылы  50  жыл  бұрынғы  суреттерін 

көрсетуі,  көңілдерін  көкке  аспандатып  көз 

алдарына  балдәурен  балалық  шақтарын 

елестетті.  Жиында  өздерінің  ұстаздары 

бүгінде ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы 

Сайлаубек  Алдабергеновтың  иығына  зерлі 

шапан,  мектеп  директоры  Ибраимова  Ра-

хатпен мектепте ұзақ жыл қызмет етіп келе 

жатқан Айдабаева Анияның иықтарына ком-

зол жауып, ал қызыл мойын орағыш тартып 



Шіркінай бір саяға келер болсақ,

Қызығын бұл өмірдің көрер болсақ.

кешегі 1966 жылы ең соңғы 11 класты бітірген 

Чапаев  атындағы  (қазіргі  Сиқымов)  орта 

мектептің қырдың қызыл қырмызы гүліндей 

құлпырған  қыздары  мен  балауса  балғын 

ұлдары  50  жылдан  соң  ақ  жаулықты  ана-

лар,  ақ  сақалды  аталар  кейпінде  Сиқымов 

атындағы  орта  мектепте  бас  қостық.  Түр  – 

тұлғамыз,  бет  –  бейнеміз  өзгерген  біздер 

таң – тамаша уақиғаға тап болдық. Өйткені, 

бірімізді  –  біріміз  20  –  30  тіпті  50  жыл 

көрмеппіз. Солай бола тұрса да, бәріміздің 

жүрегіміз  кешегі  мөлдіреген  қыздар  мен 

балауса  жігіттерді  қимастықпен  іздейтін 

сияқтымыз.  Өйтпегенде  ше,  әр  жүректе 

дәл  осыдан  50  жыл  бұрын  майшамның 

жарығымен  –  ақ  білім  теңізіне  сусындауға 

ұмтылып, жақсылық атаулыны ата – ана мен 

ұстаздарының  мейіріне  шомылып,  жанар-

ларынан  ұғынып,  маңдайларынан  сипаған 

ыстық  алақандарынан  сезініп,  бақыт 

бесігінде  тербелген  балауса  кезеңдері  өтіп 

жатты.

Жарты ғасырлық жүздесуге жиналғандар 



үшін  жаста  болса  замана  ағымында  аяқты 

тең  алып  жүретін,  сезімі  сергек,  парасат 

пайымы кемел шақта осы мектепті басқарып 

отырған    облыстық  мәслихат  депутаты 

Ибраимова 

Рахат 


Нығметбекқызының 

биылғы мектеп бітіруші түлектерімен кешегі 

шәкірт, бүгінгі аяулы ата – апайларын құшақ 

жая  қарсы  алуы  үлкен  мәртебе  болды. 

Мектептің  акт  залына  жиналған  ұстаздар 

мен  шәкірттердің  жылы  жүздері,  қол  соғып 

қошемет  көрсетуі  әр  жүректі  тебірентіп, 

толғандырып тұрды.

Жарты  ғасырдан  кейінгі  жылы  жүздесуді 

мектеп  директоры  Рахат  Нығметбекқызы 

құттықтау  сөз  сөйлеп  ашып,  мектептегі  игі 

шараларға да қысқаша тоқталып өтті. Мек-

теп  басшысының  сөзінен  кешегі  50  жыл 

бұрынғы «шәкірттер» мектеп директорының 

бұл қызметке өткен жылдың қараша айын-

да келсе де жастыққа тән қыруар жұмысты 

қолға алғанын білді. Аталған білім орны жай 

мектеп емес, келешекте жанынан интернат 

ашылып талай шәкірттер білім алатын орын 

екендігімен танысты.

Халық қалаулысы ретінде өзін сайлаған ел 

сенімін ақтау, өзі басқарып отырған мектептің 

айналасын 

көгалдандыру, 

гүлдендіру 

мақсатында  өз  қаржысымен  45  дана  шыр-

шаны, 

гүлзарларды 



отырғызғандарын 

көздерімен көріп, көңіл қуантты.

Сөз кезегінде 50 жыл бұрын мектепті Ал-

тын  медалмен  бітірген  Еңлік  Ахметқожина 

мен  Нұрлан  Сүлейменов  еңбек  пен  оқу 

егіз  екенін  шәкірттерге  айта  келе,  өздері 

қыркүйек  айынан  желтоқсанға  дейін  ал, 

көктем  шыға  сәуір,  мамыр,  маусым  ай-

ларында  да  қызылша  алқабында  еңбек 

ететіндерін,  соған  қарамастан    оқуға  да, 

ойнауға  да,  спорт  пен  көркемөнерпаздар 

үйірмесіне  де  үлгеретіндіктерін  қызықты 

мысалдарды  келтіре  айтып  беріп,  мек-

теп  бітірушілерге  жоғары  оқу  орындарына 

түсулеріне ізгі тілектестіктерін білдірді. Бұл 

қос үздік оқушының бірі Еңлік жоғары білімді 

дәрігер  мамандығын  алып,  өмір  ағысымен 

Атырау  облысында  ұзақ  жыл  болып,  ақ 

халатты  абзал  жан  атанды.  Бүгінде  Алма-

ты  қаласында  тұрады.  Ал,  Нұрлан  болса 

жоғары  білімді  құрылысшы  ретінде  Алма-

ты  қаласында  Республикалық  деңгейдегі 

құрылыс  салаларында  жауапты  қызметтер 

атқаруда.

Жүздесуге  келген  спортқа  да,  өнерге  де 

бесаспап  болған  Жаненов  Мұқанғали  мен 

Нұрахметов  Бейсен  екеуі  жоғары  білімді 

маман ретінде, аудандағы ПМК – 7 сияқты 

қазақы сый – сияпат дәстүрлерін көрсетті.

Сонымен  қатар,  мектептің  күрделі 

жөндеуден  өтіп,  айналасы  енді  ғана 

көгалдандырылып  жатқанын  көрген  кезде-

суге  келген  ата  –  әжелер  өзара  ақылдаса 

келіп  1000  (мың)  түп  көп  жылдық  гүл 

отырғызуды  ұйғарып  мектепке  қаржылай 

көмек  көрсетті.  Алдағы  уақыттарда  да 

саялы,  жеміс  ағаштарын  жеткізетіндерін 

білдірді.

Жүздесу  соңында  мектеп  басшысы 

мен  ұжымы  жиналғандарға  ақ  дастар-

хан  жайып  үлкендердің  ақ  батасын  алды. 

Мектептің музейіне арнап ескерткіш сурет-

ке, бейнетаспаға түсті.

Қайта  оралған  жастық  шақ  кеші 

«Әмина»  мейрамханасында  өз  жалғасын 

тапты.  Жиналғандар  бір  –  біріне  деген 

сағыныштарын  баса  алмай  мерекелі  да-

старханды  ән  –  жырға  бөледі.  Сламхан 

мен  Райханның  сызылта  салған  әндері, 

Елубай  мен  Әйімжамалдың  (Айко)  әндері, 

Дариғаның бұлбұл үні, Нұрланның нақышты 

мақамы  мен  Бейсеннің  шырқаған  даусы  – 

ай десеңші.

Иә,  жұптары  әлі  жазылмай  келе  жатқан 

жүрек  түпкірінен  шыққан  олардың  әсем 

әуендері  мейрамхананы  ән  –  жыр  бесігіне 

бөледі – ай келіп.

Өнерлі  аталар  мен  апайларына  тамса-

на  таңдай  қаққан  аудандық  «Ақсу  өңірі» 

газетінің тілшісі, кездесу қонағы ақын Ербол 

Сымхановтың  да  арқасы  қозып,  мына  бір 

өлең жолдарын арнап, толғады:

Жақсылыққа жетелеп көңіл жүйрік,

Ербол ақын сөйлейді сөзін сый ғып.

Сіздер түлек болғалы Чапаевтан,

Жарты ғасыр өтіпті өмір жылжып.

Енді міне ата мен әжесіздер,

Немереге қарайтын көзін нұр ғып.

Бүгінгі мерекеге шашу етіп,

Көкейден жыр маржанын төгілдірдік.

Құтты болсын бас қосу дәл бүгінгі,

Құтты болсын мереке 50 жылдық.       

Жүздесу 

соңында 


адамгершіліктің 

мөлдір  бастауынан  ғана  нәр  алуды,  ақыл 

мен парасатқа тұма бұлақтай таза сезімде 

болуды,  замана  уақытының  қаһарынан 

қаймықпауды  қорғасындай  құйып  кет-

кен  орталарына  енді  қайтып  оралмайтын 

ұстаздары  мен  кластас  достарына  арнап 

құран  бағышталды.  Кешегі  ұстаздары, 

ауылдың  ақсақалдар  алқасының  төрағасы 

Сайлаубек  Алдабергенов  өкшесін  басып 

келе  жатқан  кешегі  шәкірттерінің  қошемет, 

құрметтеріне  алғысын  жаудырып,  ақ  бата-

сын арнады.

Енді  міне  қас  пен  көздің  арасында  50 

жылға  жасарған  «

шәкірттер»  «Айналдық 

алтын ұя – мектебінен»,-деп бірі тәкаппар 

да,  басына  мәңгі  мұздан  сәукеле  ки-

ген  аппақ  бұйра  бұлт  жасырған  ғажайып 

шыңдардың  арғы  жағындағы  үйлеріне 

сағыныштарын арқалап аттанып бара жат-

са, бірі бер жағында қимастықпен қоштасып 

қалып жатты.

Бұдан  кейін  кездесеміз  бе,  жоқ  па  де-

ген  мөлтек  ой  жылт  ете  қалғанда,  «Жаз 

өмірін,  наз  өмірін  қысқартып,  Бара  жа-

тыр, бара жатыр құс қайтып»,-деген өлең 

жолдары еріксіз ойға оралады екен.

Деседағы,  «Достар,  достар  әлі  бірге 

жанымыз,  алда  талай  жадыраған 

жазымыз»,-деген  ақжарқын  көңілімізді 

ақтардық – ай келіп.

Дүйсен МҰХАМЕТШАРҰЛЫ,

Ақсу ауданының Құрметті азаматы

Қазақстан Журналистер одағының 

мүшесі.   

Суретте: КЕШЕ 1966 ЖЫЛ.

Чапаев атындағы (қазіргі Сиқымов) орта мектепті 1966 жылы бітірген түлектер.

Суретте: БҮГІН 2016 ЖЫЛ.

50 жылдан соң бас қосқан кешегі түлектер, бүгінгі ата - әжелер мектеп 

директоры Р.Ибраимова және мектеп ұжымымен бірге.



жүктеу 7,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау