4 бет
АЌСУ ӨЊІРІ
24 маусым 2016 жыл
(Эссе)
«Ауылға фототілші келіпті» десе ел
елең ете қалады. Себебі ол кезде суретші
сирек. Бүкіл ауданда газетте және
тұрмыс қажетін өтеу комбинатында ғана
суретке түсіретін адам бар. Қарапайым
жандар сол күні үйінде шілдехана,
бесіктой жасап жатса Жеңісті қолқалап
шақырып, құрметпен қонақ етеді. Ал бас-
шылар болса тіпті құрақ ұшады. Жұмысы
ақсап жатқан жаман жерлерді суретке
түсіріп, аудандық «Өмір нұры» газетіне
шығарса біткені. Ол жай міндетті түрде
аупартком бюросында қаралады. Одан
«қызыл билеті» (партбилет) аман қалса
қалды, болмаса қызметімен қоштасады.
Директор, партия ұйымы хатшылары га-
зетке шамалары келгенше ақталып жау-
ап жазып, әбден естері шығады.
Онда қазіргідей түймесін баса салсаң
суреті жарқырап шыға келетін шетелдік
фотоаппарат жоқ. «ФЭД- 2», «Зоркий-
11» сияқты отандық суретке түсіретін
құралдар жарығын дұрыс қоймаса
қарайып кетеді, не бозарып қалады.
Көзбен өлшенетін ара қашықтықты,
бейнеңнің көрінісін дәл таппаса тағы
пәле, пленкада түсініксіз қара жолақ
қана қалады. Ал жарық артық түссе бәрі
аппақ боп шығады. Мұндай «машақатты»
жетік меңгерген Жеңіс Құрманғалиевқа
сондықтан да жалынушылар көп. Ол кей-
де көңілі түскендерге суретін шығарып
береді, немесе «күйіп кетті» дей салады.
Ондай суретке жүз түссе де, бір сурет
ала алмай кеткендер жетерлік.
Үйлену тойларында одан асқан
құрметті жан жоқ. Жас жұбайлар да,
той иелері де күні бұрын хабарласып,
уәде байласады. Өмірде бір болатын
қызығынан несін аясын, «қолын май-
лап», алдын ала күтетіндер де солар.
Алайда танитын адамдардың көңілін
қимаймын деп жүріп, фотоаппаратынан
айырылып қалып, ертеңіне іздеп жүретін
кездері де болатын...
Қысқасы, небары алпыс жас жасаса
да бұ фәниде алшаң басқан азамат еді.
Онымен газеттің іссапарына шығу да
қызық. Бірде екеуміз аупартком берген
редакцияның тапсырмасымен алыстағы
«Жанаш» мал жайылымын араладық.
Жол бастаушымыз Жансүгіров атындағы
кеңшардың бастауыш партия ұйымының
хатшысы Сыдық Баяманов (кейіннен
«Діңгек» кеңшарының директоры, Жам-
был ауданының әкімі болды) деген аза-
мат еді. Малшылардың мал қыстатудағы
тірлігімен танысып, жол жөнекей кейбір
айтқан өтініштерін орталыққа рациямен
айтып, тиісті шара қолданып келеді.
Кешке қарай бір түйелі үйге жетіп
тоқтадық. Жеңіс қызық көрді ме, ә де-
генде шөгендегі қара бураны суретке
түсірді. Фотоаппараттың жарқ еткені
ұнамады ма, бура қоршауды бұза оған
тап берді. Шопанның арашаламақ болып
бақан ала жүгіргеніне де қарамайды.
Біз «Уаз» көлігінен енді түсе бергенбіз,
қорыққанымыздан қайта кіріп кеттік. Бура
аз болғанда Жеңісті шайнап тастауға
шақ қалды. Ақсаңдай аттап, қойшының
үйіне кіріп үлгерді.
«Ойпырай» десіп, тамақ іштік. Әлгі
бура қайта – қайта есіктің алдына келіп
бақырады. Иесі Жобалай Көпешов
шықса ары қарай ығыстап кетеді де,
біраздан соң қайта оралады.
- Жеңіс, мына жануар сенімен оңаша
сөйлеспей тынатын емес. Не де болса
шықсаңшы,-дейміз қалжыңдап. Ол да
бой бермейді:
- Қазір, ауқаттанып әлденейін. Содан
соң сөйлесемін,- деп қояды.
Екі шағын бөлмелі үй ыстық. Кеуде-
ге дейін жалаңаштанып алдық. Іздеп
барған озатымызды суретке түсіретін кез
келді.
- Даладан шелекпен қар әкеліңдер,-
деді Жеңіс, - тезірек түсіріп алып ілгері
жылжимыз.
- Түн ішінде қайда барамыз, осында
қонайық,- дейміз парторг екеуміз,- күні
бойы жол жүруден қатты шаршадық.
- Жоқ, болмайды. Мен суреттерді
таңертең ерте аупарткомның бірінші хат-
шысына кіргізуім керек.
Ол сөзінің жаны бар еді. Кезекті пар-
тия конференциясы өткелі жатқан.
Онда
ауданымызға
қой,
жылқы
шаруашылығын дамытудағы қол
жеткізген жетістіктері үшін КСРО
Орталық Комитетінің, Жоғарғы Кеңестің,
26 МАУСЫМ- БАСПАСӨЗ КҮНІ
Фототілші
ВЦСПС-тің және БЛКЖО Орталық
Комитетінің Ауыспалы Қызыл
туы тапсырылмақ. Соған дәлізде
қойылатын «Ауданның озат мал-
шылары» көрмесіне бүгінгі сурет
те қойылуға тиіс. Оларды Алма-
тыдан шығатын «Мәдениет және
тұрмыс» журналының фототілшісі
Владимир Мыльниктің лаборо-
ториясынан үлкейтіп шығарып
әкелу тапсырылған.
Амал не, даладан қар әкелінді.
Енді суретке түсіру қалды.
Қойшыға тон кигіздік. Жанып
тұрған үйде ол борша – борша
боп терлеп шыға келді. Жеңіс
қайбір асықсын, баппен фото-
аппаратын «оқтап» болғанша
қойшының үстіне себілген қар
еріп кетеді. Қайта қар әкелінеді,
Жеңіс қайтадан жайлап қимылдай
бастайды... Далаға шығуға ашу-
лы бурадан сескенеміз. Өзі
«құтырғанда иесіне шабады»
дегенді естіген соң тіпті даланы
айтуды қойдық.
Ақыры «қымбат» сурет те
түсіріліп бітті – ау, әйтеуір! Рахат-
тана күлісіп те алдық.
- Фототілшінің өмірінде мұндай
қызықты сәттер көп бола ма? –
дейді парторг Жеңіске.
- Қайсы бірін айтайын, жетеді!
- Жол қысқарсын, біреуін айт-
шы,- дейміз қайтарда көлікке
жайғасып жатып.
- Бірде жайлауға бардық.
Сарқаннан жиырма литр сыра
алып алғанмын. Оны редакторға
көрсетпей, артқы жаққа тықтым.
«Қарасырық» жайлауының жолы
алыс, әрі жаман. Аманбөктер ау-
ылынан бірталай ұзағанда «Газ –
69» көлігі кілт тоқтады.
- Не болды?- деді редакторы-
мыз Майнұр Қоңырбаева апай.
- Радиаторда су қалмапты.
- Енді не істейміз?
- Білмеймін. Жүрсек мотор
құриды.
- Барыңдар, су іздеңдер,- деді.
Екеуміз де аяғымыздан сылтып
басады екенбіз, ақсаңдап қанша
жерге барамыз. Біраз жүрген бо-
лып, тез оралдық.
- Таптыңдар ма?
- Жоқ.
Сөйтіп тұрғанда шопыр жігіт
сыраның бар екенін айтып
қойғаны.
- Сыраны құй,- деді редактор.
Ішім ашып тұр. Амал жоқ құюға
тура келді. Ең болмаса шөлімді
қандырып бір іше алмадым.
Сөйтсек, бір қыр асқанда алды-
мыздан бұлақ кездесті...
Бүгінде соның бәрі естелік
Жұмаханов, ГЭС-тен қоғамдық тілші
Айтмұханбет Кәрімов сияқты ауданға та-
нымал өнер мен әдебиетке жақын адам-
дар да бас қосып қалады. Ондайда оты-
рысымыз ұзаққа созылады.
Жыл сайын Баспасөз күнін міндетті
түрде мерекелейміз. Онда аудандық
газеттің тарихы, оған үлес қосқан адамдар
еске алынып, жұмыс жасап жүргендер
марапатталады. Қарап отырсаң сексен
екі жылдық тарихы бар газетте қаншама
жақсылар мен жайсаңдар қызмет ет-
кен! Ардақты әріптес, адал дос Жеңісті
айтқанда газетіміздің өткен жолына да
көз жүгірткен орынды болар. 1934 жылы
Ақсу МТС-ның саяси бөлімі жанынан
«Ленин жолы» және «Путь Ленина» де-
ген атпен екі газет шығарыла бастады.
Кейіннен осы газеттің орысшасы «Путь
Ленина» Сарқан ауданына берілді де,
қазақшасы «Ленин жолы» Ақсу ауылына
көшіріліп, Ақсу аудандық партия комитеті
мен еңбекшілер депутаттары аудандық
кеңесінің органына айналды.
«Ленин жолы» газетінің Ақсу МТС-і
саяси бөлімінің жанынан шығып тұрған
кездегі редакторы Әлібек Жақаев,
ал аудандық газет болғаннан кейінгі
тұңғыш редакторы Жұмабай Саманов
болды. «Ленин жолы» газеті 30-шы
жылдары Ақсу өңірінде ұйымдасқан
ұжымшарлар мен кеңшарлар, басқа
да кәсіпорындардың алдында тұрған
саяси- шаруашылық міндеттерін шешу
ісінде үлкен рөл атқарды. Кемшіліктерді
дер кезінде көрсетіп, оны жоюға ау-
дан партия ұйымдарының көмекшісі
бола білді. Сол кездегі газет көтерген
негізгі мәселелер – сауатсыздықты
жою, әйелдер құқығы, социалистік
ауылшаруашылығын өркендету, т.б.
маңызды тақырыптар. Газет 1941 жылға
дейін латын әріптерімен шығарылып,
одан кейін кириллицаға көшірілді.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жыл-
дарында аудандық газет тылдағы
еңбеккерлердің қажырлы қайраттарын
ұштау, аудан еңбеккерлерін Қызыл
Армияға керекті азық – түлік, өнеркәсіп
шикізаттарын өндіріп беру, сол арқылы
басқыншы жауды күйрету кезеңін
жақындата түсуге жұмылдыратын
құжаттар жариялады.
Газет редакто-
ры Дубек Кемпіреков болды. Соғыстан
кейінгі жылдары аудандық газет-
ке Е.Әбдірахманов, Б.Баймолдинов,
Т.Рысқалиев, Е.Жақсылықов басшылық
етті. Ол жылдары газет халық
шаруашылығын қалпына келтіру және
өркендетуге өз үлестерін қосты.
1962 жылы аудандық газеттер
қысқартылып, олардың орнына аумақтық
газеттердің шығуына байланысты Ақсу
аудандық «Ленин жолы» газетінің соңғы
нөмірі 22 сәуірде шықты да, содан кейін
Сарқан ауданына көшірілді. 1963 жылы
әр ауданда газеттер қайтадан шығатын
болып, «Ленин жолы» газеті барлық
техникалық жабдықтарымен Ақсу ауы-
лына көшірілді. Бұл жолы оның аты
«Өмір нұры» болып өзгертілді. Жеңістің
аудандық газетке фототілші болып
келгені де осы кез. Газет редакторла-
ры Тұрсынзада Есімжанов, Тәңірберген
Қалилаханов, Жұмахан Майтжанов,
Майнұр Қоңырбаева, Берлібек Аманба-
ев, Сағынболат Тінтаев, Ораз Жұмашев,
Дүйсен Мұхаметшарұлы болды.
Газетте бөлім меңгерушілері Ахмет
Тегінбаев, Болат Бисұлтанов, Нұрғали
Омарқұлов, Зекен Исмаилов, Жамау
Бұқарбай, Мұхаметәлі Қазбанбетов,
Берлібек Аманбаев, Хасен Көптілеуов,
Тілеухан Есеболатов ұзақ жылдар еңбек
етті.
Еліміз егемендік алғаннан кейін нарық
қыспағы жылдарында да үзіліссіз
шығып тұрған аудандық газеттің атын
заман талабына, өз өңірімізге сәйкес
өзгерту туралы оқырмандар пікірі ту-
ындай бастады. Соған орай аудандық
ақсақалдар алқасы, «Қазақ тілі» қоғамы,
газет қызметкерлерінің ұйғарымымен
1998 жылы 19 наурызынан аудандық
газет «Ақсу өңірі» аталды. Бұл жылда-
ры газетте Ербол Сымханов, Ләззат
Қалмұхамбетқызы, Гүлжаһан Ахметова-
лар қызмет етті.
Соңғы жылдары газет аптасына 1 рет
шығып, таралымы үш жарым мыңға
жетті. Газет негізінен «Қазақстан-2050»
стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларын,
Үкімет бағдарламаларын басшылыққа
алып, аудан өмірін 20- дан астам айдар-
мен жазып келеді. Жас талапкерлерді
шыңдау мақсатында «Нұр Отан. Жас
қанат», соғыс, еңбек ардагерлері үшін
«Ардагерлерді ардақтайық», «100 нақты
қадам», «Ойтамызық», «Ғасыр сыры»
басқа да арнаулы беттер тұрақты
шығарылады.
Редакция жанынан құрылған
«Аққұс» шығармашылық ұйымы жыр
мүшәйраларын өткізіп отырады. Дүлдүл
ақын Ілияс Жансүгіров оқулары, тұйғын
ақын Қуат Терібаевтың құрметіне
оқушылар арасында ақындар айтысы
ұйымдастырылып, олар газет бетінде
тұрақты жариялануда. Мұның сыр-
тында шежірелер, нарық кезеңінде
жақсы жетістіктерге жеткен жеке ша-
руа қожалықтары, шаруашылықтары,
ұжымдар, кәсіпкерлер жайлы очерк,
суреттемелер, мақалалар, әр саладағы
кемшіліктер жайлы сындар жазылып
тұрады.
Өткен жылы газеттің 80 жылдығы
кең көлемде аталып өтті. Оған Жеңіс
қатысқан жоқ, әрине...
Қалай екенін осы жолы Баспасөз күні
қарсаңында есіме Жеңіс досым түсе
берді. «Мені де ұмытпаңдар!» дейтін
сияқты.
Мұхаметәлі ҚАЗБАНБЕТОВ.
Жансүгіров ауылы.
екен. Зулаған уақыт қанатына байланып
кете барған жастық шағымыздың бірер
ғана езуге күлкі үйірер көріністері бұл.
Ондай мысалдарды Жеңістің өмірінен
ондап келтіруге болады. Мен редакцияға
қызметке өткен ғасырдың жетпісінші жыл-
дары келдім. Редактор Майнұр апайдың
қарауында жауапты хатшы болып Жақан
Қолдасбаев, идеология бөлімінде Хасен
Көптілеуов пен Дүйсен Мұхаметшарұлы,
ауылшаруашылығы бөлімінде Ахмет
Тегінбаев, Сейтжан Қазыбаев және мен,
хат бөлімінде Тілеухан Есеболатов, Бе-
кен Аманбаев еңбек етті. Үлкеніміз –
кішіміз жиналып тойдан келген Жеңістің
кабинетінен табыламыз.
- Не, көзің қызарып кетіпті ғой, басың
ауырып тұр ма?-дейді үлкендер. Бұл- па-
роль.
- Жоқ. Аяғым ауырып тұр,- деп ол да міз
бақпайды.
Кешкісін үйге қайтарда Жеңіс тойдан
әкелген сарқытын шығарады. Кабинеті
сасық, сурет шығаратын улы дәрілердің
иісі көзді ашытады. Сонда да әңгіме –
дүкен құрып, түнде әрең тарқасамыз. Ара-
сында Ақсудан жазушы Шәкен Күмісбаев,
ақын Жұмабек Қуанышбаев, Ілияс
Жансүгіров атындағы мұражайдың дирек-
торы Кеңсаба Омаров, Ленин атындағы
кеңшардан бөлімше бастығы Сатыбалды
Кенжебаев, Қызылтаңнан мектеп директо-
ры Қасымбек Мұқанов, Қаракемерден оқу
ісінің меңгерушісі Нәби Атабаев, Діңгектен
штаттан тыс тілші, мұғалім Өсербай