«АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасының
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕМЕС ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ»
ДЕГЕН ТӨРТІНШІ БАҒЫТЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ
МОНОҚАЛАЛАРДА, ШАҒЫН ҚАЛАЛАР МЕН АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША
2018 жылғы 4-тоқсандағы және 2018 жылғы ЕСЕП
2018 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша
Астана 2018
Кіріспе
|
3-бет
|
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары туралы жалпы ақпарат
|
4-бет
|
КҚО консультанттары бойынша жалпы ақпарат
|
6-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе КҚО-да берілетін консультациялардың саны мен түрлері бойынша талдау
|
8-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе КҚО консультацияларын алған клиенттердің жалпы санын талдау
|
18-бет
|
Салалық және өңірлік бөліністерде, сондай-ақ моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе клиенттердің жалпы санын талдау
|
20-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе клиенттердің жалпы санын ұйымдық-құқықты қ нысан бөлінісінде талдау
|
25-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністеклиенттердің жалпы санын гендерлік бөліністе талдау
|
34-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністеклиенттердің жалпы санын жастар бөлінісінде талдау
|
39-бет
|
Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністеклиенттердің жалпы санын мүмкіндіктері шектеулі адамдар бөлінісінде талдау
|
42-бет
|
Қорытынды
|
45-бет
|
Қосымша:
көздері кәсіпкерлерді ақпараттандыру туралы тегін көрсетілетін қызметтер жеке консультациялар түрінде, сондай-ақ басталғаны туралы және орны ұсыну түрлері мамандандырылған қызметтер өңірлер бөлінісінде;
КҚО ақпараты;
Өңірлер бөлінісінде консультанттар бойынша жалпы ақпарат (консультанттардың құзыреті, оған қоса білімі мен еңбек өтілі);
Кіріспе
Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлер мен тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» деген төртінші бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 қаулысына (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2018 жылғы 28 ақпандағы № 141040004944/180036/00 шартқа (бұдан әрі – Шарт) және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының 2017 жылғы 05 маусымдағы №29 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген қаржылай емес қолдау көрсету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес іске асырылады.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Қаржылай емес қолдаудың операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) болып табылады. ҚР ҰКП жергілікті жерлерде моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары (КҚО) арқылы кәсіпкерлер мен тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді іске асыру үшін 2018 жылы жергілікті жерлерде Өңірлік кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – ӨКП) конкурстық іріктеудің нәтижесінде айқындаған ҚР ҰКП 379 консультант-менеджерін тарту көзделген, олар кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға консультациялық көмек көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген шарттың шеңберінде мына міндеттер қойылған:
ҚР161 аудан орталығында, 41 шағын қаласында және 27 моноқаласында КҚО жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
КҚО консультанттарды тарту.
КҚО консультанттарын тарату материалдарымен, шығыс материалдарымен, жабдықтармен және басқа қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
Ақпараттық қамтамасыз ету қызметтерінің орындалуын мониторингілеу және бақылау. Жергілікті жерлердегі ӨКП КҚО қызметін бағалау бойынша көшпелі тексерулерді жүзеге асырады.
Одан басқа, сандық индикатор белгіленген – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарында белгіленген қажетті консультациялар саны, атап айтқанда 140 000 консультация.
Бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету үшін, сондай-ақ КҚО жұмысы туралы хабардар болуды арттыру мақсатында моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың, халықтың және кәсіпкерлердің қатысуымен тұрақты негізде дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер және басқа іс-шаралар өткізіледі.
Бұл есепте жоғарыда аталған шартқа сәйкес 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылдың 4-тоқсанының деректері 2018 жылғы жалпы деректермен бірге талданады.
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары туралы жалпы ақпарат.
Мемлекеттік бағдарламаның 136-бабына сәйкес кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі – КҚО) – оның негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу, консультациялық және маркетингтік қызмет көрсету, ақпараттық қамтамасыз ету, оқыту жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.
Бұл ретте, КҚО құру мақсаттары:
1) кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу кезінде ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің тұрақты дамуына жәрдемдесу болып табылады.
КҚО қызметтері экономиканың барлық секторларындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.
Мемлекеттік бағдарламаның 139-тармағын және Шарттың талаптарын іске асыру мақсатында моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдары жанынан 2018 жылғы 4-тоқсанда 189 КҚО жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.
КҚО функцияларына:
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталануды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру қағидаттары сақталған, белгіленген рәсімдер мен регламенттер автоматтандырылған жағдайда мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріненжәне кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау.
Кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
Қаржы институттарымен жүргізілетін жұмыстың шарттарын түсіндіру жатады.
1-суретте өңірлік бөліністегі КҚО саны көрсетілген. Барлық КҚО ашу және оларда консультациялық қызметтер көрсету процесін ретке келтіру толығымен орындалды.
1-сурет. КҚО саны
Шартқа техникалық ерекшеліктің талаптарын орындау шеңберінде қосымшада аудандық және облыстық баспасөз басылымдарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының қызметі туралы хабарламалар (мемлекеттік және орыс тілдерінде) мен әртүрлі мақалалардың жарияланғаны туралы 2018 жылғы 4-тоқсан ішіндегі өңірлік бөліністегі ақпарат келтірілген (сканерленген көшірмелері қоса берілді).
2. КҚО консультанттары бойынша жалпы ақпарат
Моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету қызметтерін іске асыру үшін 2018 жыл ішінде КҚО консультанттарын іріктеу бойынша жұмыс жүргізілді, атап айтқанда:
1) облыстық маңызы бар БАҚ іріктеуге қатысуға жеке тұлғалардан өтінімдер қабылдау туралы хабарламалар орналастырылды;
2) БАҚ-та хабарлама соңғы рет жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн өткен соң, ізденушілер ұсынған құжаттарды қарау мақсатында Комиссияның отырысы ұйымдастырылды және Ереженің талаптарына сәйкес келетін консультанттар іріктелді;
3) конкурстық іріктеуден өткен кандидаттармен өтеусіз қызметтер көрсетуге шарттар жасалды;
4) консультант-менеджерлерді одан әрі жұмыс істеуі үшін КҚО жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылды.
2018 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша КҚО 199 консультант қызмет көрсетеді. Барлық консультанттар біліктілік талаптарына сәйкес және жоғары білімдері бар.
Шарттың талаптарына сәйкес әрбір консультант Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісілген.
2-сурет. КҚО консультанттарының білімі
Консультанттың білімі КҚО жұмыс істеу үшін маңызды айқындаушы факторлардың бірі болып табылады. Кандидатураларды іріктеу кезінде комиссия бұл аспектіні мұқият тексерді, нәтижесінде барлық консультанттардың біліктілік талаптарына сәйкес болуына қол жеткізілді.
Әрбір консультант бойынша егжей-тегжейлі ақпарат айлар бойынша бөліп көрсетілген «Өңірлер бөлінісінде консультанттар бойынша жалпы ақпарат (консультанттардың құзыреті, оған қоса білімі мен еңбек өтілі)» қосымшасында бар.
Консультантты КҚО қабылдау кезінде білімінен басқа еңбек өтіліне де назар аударылады.
Талдауға сүйенсек, консультанттардың 1 %-ның (2 адам) жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. Консультанттардың
56,8%-ның (113 адам) білімі – жоғары экономикалық. Жоғары заңгерлік білімі бар консультанттар 31,2% (62 адам). Консультанттардың 11,1%-ның өзге де жоғары білімдері (техникалық, педагогикалық және т.с.с.) бар, олар – 22 адам.
3-сурет. Консультанттардың жалпы еңбек өтілі бойынша мәліметтер.
Берілген суреттен консультанттардың 19,6% - 10 жылдан астам еңбек өтілі бар екенін, 31,7% еңбек өтілі 5 жылға дейін екенін көреміз. Көпшілігінің жоғары білімі барын ескеретін болсақ, консультанттардың сапасын жоғары деп бағалауға болады.
КҚО-дағы 199 консультанттың 134-ның 10 жыл және одан астам жұмыс өтілі бар. 97 консультанттың жұмыс тәжірибесі 5 жылдан 10 жылға дейін, бұл жеткілікті дәрежеде жоғары жұмыс тәжірибе көрсеткіші болып табылады. 63 консультанттың жұмыс өтілі – 5 жылға дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |