2018 жыл бөлінісіндегі жалпы ахуал мынаны көрсетеді.
Жыл ішінде мемлекеттік қолдау құралдары туралы сұрақтарға баса назар аударылды – аталған бағыт бойынша барлығы 99 045 консультация берілді. Барынша көп сұранысқа ие Алматы облысы (15 706), Ақтөбе облысы (13 103) және Жамбыл облысы (9 905).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету қағидаттары сақталған кезде «бір терезе», қайталануды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету Шығыс Қазақстан облысы (3 496), Қарағанды облысы (2 360) және Түркістан облысында (1 895) көбірек сұранысқа ие болды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қызметтері Түркістан облысы (8 189 консультация), Шығыс Қазақстан облысы (3 273 консультация) және Қарағанды облысында (1 938 консультация) көбірек көрсетілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен, кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында (3 199), Қарағанды облысында 2 624) және Қызылорда облысында (2 500) жиірек жүзеге асырылды.
Кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуде Қарағанды облысы көп алда (6 185 консультация). Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары тиісінше 5 185 консультация және 3 893 консультация көрсеткіштерімен келесі орындарда тұр. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде аутсайдер болып табылатын Атырау облысын (810 консультация) қоспағанда, халық саны мен шағын және орта бизнес саны аз, небәрі 7 КҚО бола тұра, (186 консультация) берілген Маңғыстау облысын атап өту қажет, ол Түркістан (469) және Павлодар (780) облыстарынан озып шықты.
Қаржы институттарымен жұмыс істеудің шарттарын түсіндіру бойынша консультациялардың көп бөлігі Қарағанды облысы (4 237), Ақмола облысы (3 625) және Шығыс Қазақстан облысында (3 425) көрсетілген.
2018 жылы тұрғындарды КҚО тарту процесі аудан халқын барынша көп қамту мақсатында дөңгелек үстелдер, мәжілістер, жәрмеңкелер, конференциялар өткізу жолымен ұйымдастырылды. Шалғай жатқан елді мекендердің назарына ақпарат жеткізу мақсатында ауылдық округтерге, ауылдарға шығу ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың арқасында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге деген сұраныс тұтас 2018 жыл бойы тұрақты күйде болды, бұл жоспарлы көрсеткіштерді артығымен орындауға мүмкіндік берді.
11-сурет. 2018 жылдың қорытындылары бойынша өңірлер бөлінісінде көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері.
4. Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе КҚО консультацияларын алған клиенттердің жалпы санын талдау.
4-тоқсанда КҚО-ға жүгінгендер саны 10 701 адам. Аса белсенділік танытқандар: Батыс Қазақстан облысында – 1 765 адам, бұл жүгінгендердің жалпы санының 16,5%-ын құрайды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан (1 698 адам) және Алматы (1 617 адам) облыстарында да жоғары белсенділік байқалады.
12-сурет. 4-тоқсанда өңірлер бөлінісіндегі жүгінушілер саны.
Моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтары бөлінісінде клиенттер 2018 жылғы 4-тоқсандағы санын қарай отырып, біз мынадай жағдайды байқап отырмыз:
Моноқалалар – 1 290 (12,1 %);
Шағын қалалар – 773 (7,2 %);
Аудан орталықтары – 8 638 (80,7 %).
Барлығы – 10 701 адам.
2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша КҚО 96 342 адам жүгінді. Тұтас 2018 жыл қорытындысы бойынша үлкен белсенділік Алматы облысында (15 686 адам, бұл алпы клиенттер санының 16,3 % құрайды), Шығыс Қазақстан облысында (13 769 адам, бұл жалпы клиенттер санының 14,3% құрайды) және Қостанай облысында (12 327 адам, бұл жалпы клиенттер санының 12,8% құрайды) тіркелді.
13-сурет. 2018 жылдың қорытындылары бойынша жүгінушілердің өңірлер бөлінісіндегі саны
2018 жылдың қорытынды көрсеткіштері бөлінісінде
Моноқалалар – 12 951 (13,4%);
Шағын қалалар – 8 035 (8,3%);
Аудан орталықтары – 75 356 (78,2%).
Жоғарыда көрсетілгендей, жыл ішінде барлығы 96 342 адамға қызмет көрсетілді.
Жалпы 2018 жылдың нәтижелері бойынша КҚО қызметтеріне барлық өңірлерде қызығушылық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |