жүйесін құрайтын қоғамдық және жеке меншік ұйымдар,
мамандарды даярлайтын арнайы орта және жоғарғы
білімді оқу орындары, әлеуметтік даму мәселесімен
айналысатын ғылыми зерттеу мекемелері кіреді.
Әлеуметтік жұмыс тек қана «әлсіз» әлеуметтік топқа
ғана әлеуметтік қолдау көрсетпейді, сонымен қоса барлық
халықтың әлеуметтік қамсыздануын реттейді. Ақыр
аяғында ол адамның өмірінде қажеттіліктерді қолдау мен
керекті шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тарихи әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметтің көп
түрі ретінде қиындыққа дұшар болған адамдарға көмек
көрсетуге бағытталған. Осындай әлеуметтік қызметтің
түрі адам қоғамы сияқты ежелгі болып келеді.
Индивидтер әлсіздерге әр түрлі көмек көрсетпесе өмір
сүре алмайтын. Осындай қызмет діни көзқарастарда орын
тауып, әр уақытта өз әсерін тигізіп отырған. Мысалы,
алғашқы қауымдық құрылыста тарату, бөлу қарым-
қатынасының орнына қайырымдылық, мейірім, әлсіздерге,
кедейлерге қамқор болу келеді.
Көмек берушілер мен көмек алушылар арасындағы
табиғи органикалық байланыс заң түрінде емес, салт-
*дәстүр аясында құрылған. Кімге көмек көрсетілсе, сол
адам көмек көрсеткен адамға бағынышты болған. Олар
көмек берушілерге ризашылық сезімде болған. әлеуметтік
жұмыстың пайда болуы бірте-бірте қоғамның салт-
дәстүрлік ұстанымын бір жаққа ысырды. Мысалы,
жалпыға бірдей болын тоқтатып, алайда ол жойылып
кетпей, басқа әлеуметтік институттар арасынан өз орнын
тапты. Индивидтіктің өзіндік революциясы пайда болды:
егер бұрын адам дәстүрлі қоғамда өмір сүру, қызмет ету
тек өзінің қоғамдағы орнына байланысты көмек алатын
болса, ол уақыт өте келе одан арылып, индивид болып
қалыптаса бастады. Ол енді ата-бабасымен жоғарғы
атағына сүйенбей өзінің күшіне сенуге талпынады. Осыны
білген әлеуметтік көмектің бүкіл идеологиясы жеңілділік
пен жеңілдікті пайдалану концепциясына сүйенеді.
Жеңілдікті пайдалануға адамдардың барлығы құқылы
емес, тек бір қатарларына ғана артықшылық беріледі.
XVIII-XX ғасырлардан бастап туғаннан соң ешкімде
артықшылық жоқ, барлық адам өмірге келгенде, тең
құқылы деген гуманитарлық, демократиялық көзқарастар
болған. Бұл түсінік тек қана өмірге байланысты емес, адам
құрбандықтарына, құқықсыздыққа қарсы күресте
пайдаланыла бастады. Нәтижесінде бұл күрес тек адам
құқығын белгілеп қоймай, белгілі халықаралық құқықтар
құжаттарының негізіне айналды. Бұл жалпы адам құқығы
деклорациясында (1448ж), адамның азаматтық және
саяси құқығы туралы халықаралық фактісінде және
адамнң экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқылары
туралы халықаралық фактісінде көрсетілген. Бұл
құқықтар еңбекке, әлеуметтік қамсыздандыруға, әрбір
отбасында көмек пен күзетке дене және психологиялық
денсаулық құқығына, білімге бағытталған. Күзет пен
көмек шаралары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін
өте қажет. Осы құқықтар индивидтің қоғамда дұрыс
қалыпты өмір сүру үшін қолданылады. Алайда, осы
құқықтарды әрбір индивид пайдалана бермейді. Яғни
жақсы заңдандырылған база керек (мысалы, білім беру
саласында), бірақ тәжірибе жүзінде көптеген балалар
мектепке бармайды. Ассоциялды тәртібі - әлеуметтік
жұмыс осындай мәселелердің шығу жолдарын іздейді.
Әлеуметтік қызметкер өмірлік қиын жағдайды анықтап,
адамдарға, отбасыларға әр түрлі көмек келіп түсетін
әлеуметтік ресурстарға (мысалы, әлеуметтік көмек және
еңбек бөлімі) арқылы көмек көрсетеді. Әлеуметтік
жұмыстың мәні индивидтерге, отбасыларға, топтарға
олардың құқықтарын іске асыруда, физикалық,
психикалық, әлеуметтік және өзге де әлеуметтік
қалыптасуына кедергі келтіретін кемшіліктерді өтеуде
көмек көрсетеді. Бұл қызмет кәсіптік, еріктілік және
қоғамдық болуы мүмкін. Алайда мекеме ерекшелігі,
әлеуметтік жұмыс институттарының дамуына байланысты
кәсіби қызмет кеңейе түседі.
Әлеуметтік жұмыс жартылай қызмет сипатында
болғандықтан, әлеуметтік қызметкердің қызметі әр алуан:
диагностикалық, профилактикалық, құқық қорғаушылық,
әлеуметтік
медициналық,
әлеуметтік-терапевтік,
психологиялық,
әлеуметтік
тұрмыстық
болып
ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкер түсінігі әлеуметтік
жұмыс аясындағы маман боып негізделеді. Әлеуметтік
жұмыстың обьектісі өзіндегі қиындықты шешуге дәрмені
жоқ, басқалардың көмегіне зәру адам, ол әлеуметтік
қызметкерлердің қызметі, оның көмегіне зәру адамдарға
көмек көрсету болып табылады.
Әлеуметтік қызметкер көмек көрсетуде міндетті
түрде клиенттің еркіне сүйенеді. Сонымен қатар олар
ұсынылған көмекті қабылдамауға да құқықтары бар. Олар
ұсынған көмектің нұсқаларынан өзіне керегін таңдап
алады. Индивидтің жеке өміріне араласу (отбасындағы
баланың қиын көру қорғаушылығынан басқа) оның
келісімімен ғана жүзеге асырылуы тиіс және де клиент
бұл көмектен бас тартты деп қалдырып кетуге болмайды.
Әлеуметтік жұмыстың практикасының тиімділігі ең
алдымен мамандықтың қиындылығына байланысты.
Әлеуметтік қызметкердің қызметі көп қырлы: ол әр түрлі
әлеуметтік деңгейдегі және қоғамдағы өмір сүру
аясындағы жоспарлы мәселелерді шешеді. Бұл мамандар
отбасылармен индивидтермен, екіншілері кішігірім
топтармен, келесісі тұтас қауым және ұжымдармен
қажырлы жұмыс жасайды. Біреулері жеңілдік ретінде
балармен жұмыс жасаса, біреулері қартайған адамдармен
айналысады. Ал екіншілері кеңес беруші немесе
психотерпевт реінде медициналық мекемелерде жүрсе,
екіншісі әлеуметтік жоспарлау аясында, үшіншісі әкімшілік
жұмыспен, төртіншісі әлеуметтік бағдарлама мен
жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын
іздеумен айналысады. Осыда маманға ең басты талап, ол
қызметін өзінің бағытына сай игеріп, оның тәжірибеде
салдарларының тиімді болуы.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Алерин, Сяпенко «Социальное управление», Москва,
1995
2. Козлов А.А., Иванова Т.Б. Практикум социального
работника . – Р/н/Д., 2001
3. Основы социальной работы. / Отв. ред. П.Д.
Павленок-М., 1998
4. Социальная работа: теория и практика. Учебное
пособие./ Отв. Ред. Е.И.Холостова, А.С. Сорвина-М,. 2001
5. Социальная энциклопедия./ Гл. редактор А.П.
Горкин-М., 2000
6. Теория и методика социальной работы: проблемы,
прогнозы, технологии. – М., 1992
7. Теория социальной работы. / Под ред.
Е.И.Холостовой-М., 1998
8. Фирсов М.В., Шапиро Г.Ю. Психология социальной
работы. Содержание и методы психосоциальной
практики.-М., 2002
9. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной
работы.-М., 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |