453
бағдарламасында жасалған
буклеттің алғашқы беті
Сонымен, бұл бағдарламалық өнімді күнделікті есептерде, газеттерде,
буклеттерде, плакаттарда, рекламаларда, оқу жəне басқа да типтік
демонстрациялық материалдарды баспаға шығаруға дайындау үшін қолдануға
болады. Scribus сізге тəжірибе жасауда, жаңашылдық құруда көмектеседі.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1.
Вводный курс по scribus: справочное руководство в формате PDF–
режимдоступа: //http://Linux.hanski.info/static/download/fyug_orig_files/
scribesTutorial.tar/gz/, свободный.
2.
Официальный сайт, посвященный scribus: сайт в режиме доступа:
http://www.scribus.net, свободный.
3.
Википедия: статья в системе Wikipedia – режим доступа:
http://ru.Wikipedia.org/wiki/scribus, свободный.
Оспанова Ш.Б ¹, Беген Т.Қ. ²
1. Ғылыми жетекші, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
2.
«Информатика» мамандығының 1 курс студенті, информатика жəне
компьютерлік технологиялар кафедрасы
PREZI — БҰЛ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ТҮРІ
Конференциялар, семинарлар жəне ұзақ монотонды сөздерден кейін кейбір
ақпараттар түрлі себептермен қажетті түрде сіңірілмейді жəне бұл ересектер
жайында, ал мысалы дене шынықтыру сабағынан келген немесе 5-6 сабақ
қатарынан өтетін оқушылар жайлы не айтуға болады. Презентацияларды
қолдану арқылы оқушылар назарын аударуға болады, бірақ бір типті
слайдтармен бұл əдісте сəтсіз аяқталады [1, 25 бет].
Презентацияны құрастыру ең кең таралған əдістердің бірі, əрбір
мұғалімнің басынан өтетін. Бұл əдісті іске асыратын танымал құрал ол –Power
Point болатын. Бірақ уақыт өте келе, бүгінгі күні бірқатар күшті бəсекелестері
пайда болды, олар Power Point-тан еш кем емес, ал кейбіреулері тіпті Power
Point-тан асып түседі. Бұндай перспективті жобалардың бірі Prezi онлайн
қызметі болып табылады [2, 33 бет].
Prezi — бұл презентация жасаудың ең жаңа түрі. Осы техноголия 2009
жылы пайда болып, бірнеше жылдың ішінде бүкіл əлемге орасан зор əйгілі
болды (сурет 1).
454
Сурет 1.Prezi презентация жасау құралы
Prezi — интерактивті презентациялар жасау үшін пайдаланылатын бұлтты
қызмет болып табылады (интернет презентациялар сақтау желісі болып
табылады). Бұл программаның Power Point-тан негізгі айырмашылығы - Power
Point бағдарламасындай жеке емес слайдтармен жұмыс істей аласыз, ал Prezi
бағдарламасында өз бетiнізше бүкіл жұмыс ауданында сізге қажет элементтерді
орналастыра аласыз. Ол элементтер – мəтіндік блоктар, стикерлер,
геометриялық пішіндер, суреттер жəне т.б. Ол элементтерді жұмыс ауданында
еркін орын ауыстырып жəне өлшемін қалағаныңызша өзгерте аласыз.
Қажетті элементтерді белгілі бір құрылымға біріктіріп, ол аймақты
белгілеп бөлек кадрға біріктіріп, басқа да слайдтар көшу тізбегін баптай алуға
болады. Презентацияны көру барысында барлық қаріптер мықтап«тігілген»,
кез келген қаріптер жүйесі қолданылмайды. Кез келген компьютерде немесе кез
келген мобильді құрылғыда терілген мəтін экран бетіне дəл сол сияқты пайда
болатынына сенімді бола аласыз. .
Prezi онлайн қызметі дайын жұмысты сақтау əдісімен ерекшеленеді.
Сонымен, презентацияны автономды сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны
еш қиындықсыз интернет желісіне немесе əлеуметтік желілерге жіберуге де
болады. Осымен Prezi бағдарламасының Power Point бағдарламасынан
айырмашылығы таусылмайды. Prezi технологиясы Power Point бағдарламасына
бəсекелестік тудырып қана қоймай, оны қолдану үрдісінен ығыстырды. Оның
барлығы принципиалды ерекшелігінің арқасында.
Prezi бағдарламасында құрылған презентациялар бұрын Power Point
бағдарламасында орнатылған барлық шектеулерді жояды. Енді қолданушылар
барлық қалағанын 3D үлкен аумағында орындай алады. Ірі аумақ кез келген
жерде слайдтарды құруға жəне олардың арасындағы ерекше ауысулар жасауға
мүмкіндік береді. Презентация құруға арналған көп элементтермен қатар
көптеген функционалды мүмкіндіктер бар (сурет 2).
455
Сурет 2.Prezi презентация жасау шаблоны
Егер Power Point бағдарламасында құрылған презентация сол компьютерде
көрсетілмесе, техникалық ақаулар туады. Мəтін əдеттегідей көрсетілетініне
ешқандай кепілдік жоқ. Мəтіндегі əріптердің қалындығы немесе əріптерге
орнатылған қаріп (немесе автоматты қойылған) арасындағы арақашықтық
кішкене өзгертілсе – мəтіннің басты бөлігі слайдтың сыртына шығып кетеді.
Power Point бағдарламасындағы презентацияда «Қаріптер енгізу», өкінішке
орай толық қорғауды қамтамасыз етпейді.
Тіпті бұл жағдайда мəтіннің ішкі түрі жүйенің параметрлеріне жəне
орнатылған қаріптерге байланысты өзгеріп отырады. Prezi бұл фонда тиімді
ерекшеленеді.
Power Point суреттермен оғаш заттарды жасайды. Егер экран өлшемімен
салыстырғанда слайдтағы сурет өлшемі сəл кішкентай болса, демек сіздің
жолыңыз болмады. Сіз презентацияны құрған компьютер жайында емес, сіз
Power Point презентациясын көрсетіп жатқан компьютер жайында айтылып тұр.
Егер сіз презентацияның қай компьютерде көрсетілетінін алдын ала білмесеңіз
(мысалы, презентацияны электронды поштамен жіберетін болсаңыз), - демек сіз
сəтсіздікке ұшырадыңыз.
Prezi суреттермен өте тиянақты жұмыс жасайды. Прези-да суреттің
өлшемін экранға қажетті етіп баптайтын функциясы бар. Егер жүктелген сурет
өлшемі өте үлкен болса, анимацияны баяулатпау мақсатында Prezi сурет
өлшемін кішірейтуді ұсынады. Prezi технологиясы əр қажет болған жағдайда
суреттерді мұқяит «қысады».
PowerPoint бағдарламасында бейнежазба қою – оңай жұмыс емес. Тіпті
егер бейне жазбаның кодтау пішімін сəйкестендірсе де - қуануға тым ерте!
Презентация көрсетілетін компьютерде басқа параметрлер жəне басқа да
кодтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда бейне жазба іске қосылмайды.
Prezi – тек файлдар үшін ғана емес, сондай-ақ бейне жазбалар үшін де
толыққанды «өзі өзіне плеер». Prezi бағдарламасында құрастырылған
презентацияда бейнежазбаны YouTube желісінен немесе компьютерден қоюға
болады (сурет 3).
456
Сурет 3.Prezi презентациясына бейнежазба кірістіру
Егер бейне жазба құрастырылған компьютерде көрсетілсе, басқа да
компьютерлерде де көрсетілетініне сенімді болыңыз!
Болашақта осы бағдарламаны белсенді қолданып, өз жұмыстарыңызда
қолдануды жоспарлап көріңіздер.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
1.КонцепцияинформатизацииобразованияРК;
2. Ж.К.Нұрбекова, Қ.М.Байғушева, А.З.Даутова. Қазіргі
бағдарламалау тілдері.
Айтбенова А.А.
1
, Бекқұлы М.Н.
2
1. Ғылыми жетекші, педагогика магистрі, аға оқытушы
2. «Информатика» мамандығының 3 курс студенті, информатика жəне
компьютерлік технологиялар кафедрасы
3DS MAX БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ
Компьютерлік графика – ең көп тараған жəне қызықты қазіргі
компьютерлік технологиялардың бірі. Үшөлшемді графика компьютерлік
графиканың бір бөлігі болып табылады. Осындай бағдарламалардың ішінде 3ds
Max бағдарламасы көшбасшы орындардың бірін алады. 3ds Max бағдарламасы
Autodesk компаниясының жеке меншігі болып табылады жəне сол
компанияның компьютерлік графика жəне анимацияға арналған
бағдарламаларды құруға мамандандырылған бөлімінде, яғни Discreet
фирмасында жасалған. 3ds MAX бағдарламасы үш өлшемді компьтерлік
графика немесе 3d графикаға (3 dimensional - 3 өлшемді) арналған
бағдарламалардың тобына жатады жəне шын мəнді өмірдегі немесе ойдан
құрастырылған əлемдегі фотографикалық сипат жəне сапамен көрінетін,
сондай-ақ анимация деп аталатын объектілердің қимыл əрекетін көрсететін
көріністерді имитациялайтын бөлек-бөлек кескіндерді синтездеуге арналған.
Тез дамуының нəтижесінде Мах салалық стандартқа айналды, оның
қолдану аясы үлкен жəне көп қырлы. Негізінде, бұл үш өлшемді модельдеу
жəне анимация бағдарламасы дүние жүзіндегі үйдегі қолданушылар мен
Достарыңызбен бөлісу: |