Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады


VESA DMPS стандарты бойынша энергияны тұтыну



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет31/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   110

92 
 
VESA DMPS стандарты бойынша энергияны тұтыну 
Режимі
 
Күйі
 
Энергияны тұтыну
 
Normal
 
Қалыпты жұмыс
 
140.. .80 Вт (номинал)
 
Standby
 
Қысқа үзіліс
 
50 Вт
 
Suspend
 
Ұзақ үзіліс
 
15 Вт аз
 
Off
 
Толық өшіру
 
3 Вт аз
 
Сондықтан  қазіргі  уақытта  жадының  көлемі  128  Мбайттан  кем  емес 
карталар шығарылады.  
Қ а у і п с і з д і к  
с т а н д а р т т а р ы .  
Мониторлардың 
жетекші 
өндірушілері ұстанатын бірнеше стандарттар бар.  
DPMS  (Display  Power  Management  Signaling)  стандарты  монитор 
жұмыс  істемейтін  кезде  пайдаланылуы  мүмкін  энергияны  тұтынуды 
басқару  режимін  анықтайды,  сонымен  бірге  2.8-кестеде  көрсетілген  үш 
режимнің  біреуін  таңдауға  болады.  Дегенмен  бұл  режимдерді  тек 
компьютер,  бейне  адаптер  және  операциялық  жүйе  VESA  ұсынылған 
DPMS ерекшелігін қолдау кезінде ғана қолдануға болады. 
Standby режимінде тек экранның өшуі (кинескоптағы жоғары кернеуді 
өшіру),  Suspend  режимінде  —  CRT  катодтарының  қызу  температурасын 
төмнедету  жүргізіледі.  Кейбір  мониторлар  Standby  режимін  Suspend 
режимі сияқты түсіндіреді.  
Қазіргі  заманғы  аналық  тақшалар  тағы  бір  режимді  қолдайды  – 
Hibernate («күту күйі»). Осы режимге кіру кезінде жедел жадының барлық 
мазмұны қатты дискіге сақталады, монитор мен қатты дискілер өшіріледі, 
содан  кейін  компьютер  өшеді.  Бұл  режимнің  артықшылығы,  әдетте, 
пернетақтадағы  кез  келген  пернені  басу  арқылы  жүзеге  асырылатын 
компьютер  іске  қосылғанда,  жұмыс  үстеліндегі  ашық  және  түрілген 
терезелердің  күйі  қалпына  келтіріледі,  яғни  компьютер  толығымен  өзінің 
күйін «ұйықтау» сәтінде қалпына келтіреді.  
Швецияның  Nutek  ерекшелігі  (The  National  Board  for  Industrial  and 
Technical  Development  in  Sweden  –  Швециядағы  Өнеркәсіптік  және 
техникалық даму жөніндегі ұлттық кеңес) егер тінтуір немесе пернетақта 5 
мин (бірақ 1 сағаттан кем) аса пайдаланылмаған жағдайда, монитор қуатты 
үнемдейтін  бірінші  режимге  (Standby)  ауысуын  талап  етеді;    сонымен 
қатар,  монитор  қалыпты  күйіне  3  секунд  орала  алады.  Бұл  режимде 
қуаттың  шамасы  міндетті  түрде  30  Вт  кем,  дұрысы  –  15  Вт  аз    болуы 
қажет.  70 минуттан кейін монитормен тұтынылатын қуат міндетті түрде 8 
Вт кем, дұрысы – 5 Вт кем деңгейге дейін төмендетілген болуы қажет.  
2 . 8 - к е с т е  


93 
 
 
Рис. 2.48. Логотип стандар- 
та ТСО-99 
Екінші  режимнен  (Off)  шығу  уақыты 
анықталмаған. 
Nutek 
анықталған 
энергияны 
үнемді 
тұтыну 
деңгейі 
TCO’92  және  TCO’95  аттестациялық 
жүйелеріне қосылған болатын.  
TCO 
аббревиатурасы 
швед 
кәсіподақтарының  федерациясы  болып 
табылады. 
Бастапқыда 
экологиялық 
стандарттар 
тек 
мониторларға 
компьютердің  ең  қауіпті  элементі 
ретінде  таратылды.  Әзірлеушілерді  тек 
әртүрлі  сәулелену  деңгейін  барынша 
азайтуға  қызықтырды.  ТСО’92  бұл 
мағынада өте қиын болып шықты. Оның 
ТСО’95 мұрагері алғаш рет компьютердің басқа элементтеріне талаптарды 
сипаттауға  талпыныс  жасап,  не  бары  ТСО  қолдану  аясын  кеңейтті.  Бұдан 
басқа,  өндіріс  үрдісінде  қоршаған  ортаны  қорғауға  және  барлық 
сертификатталған  өнімдердің  қолданылуынан  кейін  қауіпсіз  қоқысқа 
ерекше  назар  аударылған  болатын.  ТСО’99  стандартының  талаптары 
негізінен  эргономика,  экология  және  қоршаған  ортаны  қорғауға  
шоғырланған  (2.48-сурет).  Стандартқа  бұдан  былай  жеке  жолмен  сұйық 
кристалды  экраны  бар  мониторлар,  компьютерлер,  ноутбуктер  және 
пернетақталар жатады.  
TCO’99 стандартының барлық талаптары жеті топқа біріктірілген:  
визуалдық эргонамикалық талаптар (бейненің анықтығына қойылатын 
талаптар);  
визуалдық эрганомикалық талаптар (бейненің тұрақтылығына 
қойылатын талаптар);  
сыртқы әсерлердің факторлары;  
сәулеленуі мен энергияны үнемдеуге қойылатын талаптар; 
электр қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; 
экологиялық талаптар; 
қосымша сипаттамалар. 
2.2.2. 
Пернетақта 
Пернетақта  –  компьютерге  белгілі  бір  таңбаларды  немесе  басқару 
сигналдарды  жіберуге  мүмкіндік  беретін  стандартты  енгізу  құрылғысы 
болып  табылады.  Ол  әріптік-сандық  ақпараттарды,  арнайы  басқару 
таңбаларды  немесе  олардың  комбинацияларын  енгізуге,  мәтінді  және  т.б. 
өңдеуге  мүмкіндік  береді.  Басқаша  айтқанда,  пернетақта  компьютер  мен 
қолданушының өзара  әрекеттесуінің негізгі құралы  болып табылады  (2.49-
сурет). 
Әдеттегі пернетақтада 104 (105) перне болады, олар шартты түрде алты 
топқа немесе функционалдық аймақтарға бөлуге болады. 


94 
 
 
2.49-сурет ДК пернетақтасы 
1.  Әріптік-сандық  (машинамен  басылатын)  пернелер  (2.50-сурет) 
әріптерді,  сандарды,  тыныс  белгілерді  және  арнайы  таңбаларды  енгізу 
үшін  пайдаланылады:  алфавит  (83-таңба);  латын  әріптері  (a...z);  араб 
цифрлары  (0.9);  орысша  әріптер  (а.я);  пунктуация  белгілері,  арнайы 
белгілер мен бос орын пернесі (ең төменгі және ең ұзын перне). Сол топқа 
пернетақтадағы  ең  маңызды  перне  –  Енгізу  [Enter]  жатқызылады,  оның 
басылуы  қолданушының  ДК  диалогының  әрбір  тактін  аяқтайды.  Бұл 
перненің мәні жазу машинасының күймешесін ауыстырудан әлдеқайда кең 
болып келеді. 
2.  Екі  қызметтік  [Ctrl]  және  [Alt]  пернелерінің    (2.51-сурет)  өзіндік 
мәндері  жоқ,  олар  басқа  пернелердің  мәндерін  бір  мезгілде  басқанда 
өзгертеді.  Мысалы,  [Alt]  +  [Shift]  пернелерінің  тіркесі  жиі  пернетақта 
регистрін  орыс  тілінен  латынға  және  керісінше  ауыстыруға  қызмет  етеді. 
Бұл  пернелер  пернетақтаның  оң  және  сол  жақта  ең  төменгі  қатарында 
қайталанады. 
3.  Функцияналдық  пернелер  пернетақтаның  ең  жоғарғы  қатарында 
орналасқан.  Олар  [F1]  бастап  [F12]  дейін  нөмірленген  және  өздері 
ешқандай функционалдық жүктемені алмайды, бірақ кез-келген  
 
2.50-сурет. Әріптік-сандық пернелер тобы 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау