|
Бағдарламасын бекіту туралыБөлімше. Бортрадисті кәсіби даярлау үшін куәлік беру үлгілік 14 Бөлімше. Бортрадисті кәсіби даярлау үшін куәлік беру үлгілік
бағдарламалары
1 Параграф. Теориялық даярлық
83. Міндетті теориялық даярлық жеке пилоттардың тікұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
85. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
Тікұшақта ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында берілген.
86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
ұшу негіздері;
осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
осы әуе кемесі типіндегі және олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы
87. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін тікұшақтың кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
88. Тікшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
89. Тікшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
Тапсырма № 1. Тікұшақты пайдалану
Тапсырма № 2. Тікұшақтың ұшу техникасы
Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
90. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
91. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
2) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
3) ұшу ауданын зерттеу;
4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
9) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлықтары
92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
93. LAPL (Н) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:
1) Ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;
2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;
3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлігін алуға даярлығын тексеру үшін қолданылып отырған тікұшақ типінде ұшып-қонуы тиіс.
94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде тікұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулері, тікұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
3) тікұшақты сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
7) тікұшақта қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
8) тікұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;
10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;
13) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;
14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
95. Студентке алғаш рет бір өзі ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттің радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.
96. Студентке сәтсіз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауіптілігін түсіндіру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшін, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшін мүмкіндігінше ұшудың моделін жасап беруі керек.
97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде тікұшақ пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
15 Бөлімше. Бортоператорды кәсіби даярлау үшін куәлік беру
үлгілік бағдарламалары

16 Бөлімше. ӘК басқа да (жаңа) типтеріне қайта даярлау және
біліктілік деңгейін қолдау үлгілік бағдарламалары
167. Осы ӘК басқа да (жаңа) типтеріне қайта даярлау және біліктілік деңгейін қолдау үлгілік бағдарламалары негізінде әзірленген әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша персоналды қайта даярлаудың іске асырылатын бағдарламалары міндетті түрде ең кемінде үш негізгі сатыны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
1) Графикалық материалдарды қолдана отырып, плакаттарды және схемаларды сондай-ақ, зерделенетін материалдарды көрсетудің аудиовизуалдық және компьютерлік құралдарын пайдалана отырып, жазылатын теориялық даярлау;
2) Платформаның жылжымалығы, көрінудің әртүрлі санаты жағдайларында ұшып көтерілу және қонуға кіруді шолып қарау сипаттамалары бойынша тренажердың сипаттамаларын көрсете отырып, тренажерлық даярлау. Тренажерлық даярлаудың жақсырақ түрі экипаждың қалыпты шарттарда және авариялық жағдайлар кезінде нақты ұшуға сәйкес келетін проблемалық жағдайларды шешу бөлшектерін пайдалану болып табылады;
3) Оның барлық кезеңдерінде әрбір ұшуда шешілетін міндеттер және пысықталатын бөлшектер, тізбесін көрсете отырып, ұшу даярлығы.
168. Тренажерлық және ұшу даярлығының көлемі ұшудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ететін даярлық деңгейіне қол жеткізу үшін нақты ӘК типіне және тренажердің сипаттамаларына байланысты дербес анықталады.
169. Осы бағдарламалар бойынша теориялық даярлау көлемі мынаны құрауға тиіс:
1) өте жеңіл ӘК үшін кемінде 50 сағат;
2) жеңіл ӘК үшін кемінде 100 сағат;
3) басқа да ӘК үшін кемінде 170 сағат.
170. Кәсіби даярлау бағдарламаларын іске асыру шарттары нақты даярлау бағдарламасының барлық кезеңдерінде тыңдаушыларды оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Тиісті шарттар болған кезде нақты маманды даярлау сапасы үшін бірақ АУЦ ГА (азаматтық авиация кәсіпорны) міндетті жауапкершілігі шартымен өзге ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
171. Міндеттер және жаттығулар бойынша кәсіби даярлау бағдарламаларынан өтуді есепке алу жаттығуға арналған тапсырмаларда ресімделеді. Жаттығуға арналған тапсырма нысанын АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсіпорны өз бетінше әзірлейді. «Жаттығуға арналған тапсырма» бланкі мыналарды қамтуға тиіс, бірақ шектелмей:
1) АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсіпорнының атауы;
2) бөлімше;
3) кімге берілді (ТАӘ, мамандығы, лауазымы);
4) ӘК типі;
5) даярлау бағдарламасы;
6) міндеттер мен жаттығулардың нөмірлері.
172. Кәсіби даярлау курсын бітіргені туралы құжаттар тыңдаушыларға бекітілген бағдарламаға сәйкес барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін беріледі. Даярлаудың тек қана бір кезеңін бітіргені туралы құжаттар жарамсыз болып танылады.
173. Персоналды ӘК басқа да (жаңа) типтеріне арналған әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша орындау қайта даярлаудың оқу бағдарламалары оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қамтуға тиіс:
1) ӘК ұшуда пайдалану бойынша нұсқаулық;
2) ӘК конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;
3) күштік қондырғы конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;
4) ұшу негіздері (тәжірибелік аэродинамика);
5) аспаптық жабдық және оны ұшуда пайдалану;
6) радиожабдық және оны ұшуда пайдалану;
7) электрожабдық және оны ұшуда пайдалану;
8) авариялық-құтқару дайындығы;
9) ұшу қауіпсіздік және авиациялық оқиғалардың алдын алу;
10) әуе навигациясы;
11) авиациялық метеорология;
12) ӘК осы типін даындауды және пайдалануды ұйымдастырудың жалпы қағидалары;
13) экипаж ресурстарын басқару (CRM) бойынша білімдер бөлшектері бар ИКАО ұсынатын тәжірибе көлемінде адам факторлары.
174. Кешенді пилотаждық тренажерда оқыту бағдарламасы мыналарды қамтуға тиіс:
1) жаттығулар, міндеттер, бөлімдер, даярлау бағдарламасы бөлшектерін орындаудың бағалаудың жалпы нұсқаулары және әдістері;
2) бөлімдер, міндеттер, жаттығулар бойынша тренажерлық даярлау бағдарламасының қысқаша мазмұны;
3) орындау мақсатын және әдісін сипаттай отырып, бағдарламаны орындау тәртібі;
4) әрбір жаттығу, міндет, бөлім бойынша бағалау өлшемдері;
5) даярлауды өткізу мерзімдері және көлемі.
175. Кешенді пилотаждық тренажерда тренажерлық даярлау кемінде бір рет орындалуға тиіс:
1) 6 айда + 1 ай жылына 2 рет, жалпы көлемі жылына 16 сағат;
2) 3 айда + 1 ай жылына 4 рет жалпы көлемі жылына 12 сағат.
176. Әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша персонал иеленіп отырған лауазымына және ұшу жұмысы тәжірибесіне қарамастан ӘК тренажерларында жүйелі түрде жаттығудан өтіп тұруға міндетті.
177. Тренажерлық даярлау үш жылдық айналымға сәйкес жүзеге асырылады.
178. Үш жылдық кезең үшін өткізілетін тренажерлық даярлау CFIT бөлшектерін қоса отырып және күштік қондырғылардың әртүрлі істен шығулары, ұшақты басқару жүйелеріндегі істен шығулар кезінде іс-әрекеттерді міндетті пысықтай отырып және өрт болған кезде қанатты механикаландыра отырып, экипаж ресурсын (CRM) барынша пайдалана отырып, оңтайлы өзара іс-әрекетке қол жеткізуге негізгі бағытталумен нақты ұшу (LOFT) шарттарын қоса алғанда барлық ерекше және авариялық жағдайлар бойынша әзірленген сценариилер бойынша жүргізіледі.
179. Әуе кемелерінің бірнеше түрлерінде ұшуды орындайтын ұшу құрамы үшін кемінде 3 жыл мерзімділікпен әуе кемелері барлық түрлерінде жаттығулардан өту міндетті.
180. Бұл ӘК типін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде жеке жағдайларда даярлау бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша ӘК кабинасында тренаж өткізіледі.
181. Ұшу даярлығы бағдарламасы ұшуға оқыту бағдарламасын кеңейтілген әдістемелік сипаттауды қамтиды. Бағдарламадағы даярлау көлемі және мазмұны мыналарға байланысты:
1) алдыңғы арнайы білім деңгейі;
2) тыңдаушының ұшу жұмысы тәжірибесінің болуы;
3) бұрын экипаж мүшесі ұшқан ӘК типі;
4) оқыту (қайта даярлау) өткізілген ӘК типі.
182. ӘК басқа да (жаңа) типтеріне арналған қайта даярлау барысында ӘК ұшу даярлығы болмаған кезде (ZFTT (zero flight time training) рәсімін қолдану кезінде) даярлау бағдарламасына сәйкес ИКАО біліктілігі бойынша IV типтегі ұшу шарттарына еліктеу тренажерлық қондырғыларында даярлықты жүргізуге рұқсат етіледі (ең кемінде өзгерістері бар JAR STD IА құжатында, сондай-ақ, AC 120-40B құжатында рұқсат етілетін сәйкестікті қамтамасыз етудің балама құралдарын қоса алғанда (АМОС) өзгерістері бар FAA AC 120-40B құжатында көрсетілген С деңгейлі және D деңгейлі тренажерға (FFS) қойылатын талаптарға жауап беретін кешенді пилотаж оқу-жаттығу қондырғысы).
183. Бұл ретте бағдарламаларда даярлау курсы аяқталғанда өткізілетін және ұшу даярлығы ретінде есептелуі мүмкін әуеайлақтық жаттығуға еліктеу енгізіледі.
184. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзілістер қатаң бақылануға тиіс.
185. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзіліс 30 күннен астам болған кезінде тыңдаушы белгіленгеннен 50% көлемінде қосымша жерүсті дайындығынан өтуге тиіс.
186. Үзіліс 90 күннен астам болған кезде тыңдаушы ұшу пайдалануы бойынша басшылықты білу бойынша емтихан тапсыруға және нұсқаушының қалауы бойынша, бірақ ол бойынша бұдан бұрын дайындықтан өткен нұсқаның 25% -нен кем емес көлемде кешенді тренажердағы (FFS) ұшу дайындығынан өтуге тиіс.
187. 1 жылдан астам үзіліс болған кезде тыңдаушы толық көлемде кешенді тренажердағы (FFS) теориялық даярлықтан және ұшу дайындығынан өтеді.
188. Әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша кәсіби персонал бағдарламасын (ұшу құрамын даярлау бағдарламасын, пилоттарды даярлау бағдарламасын) осы Үлгілік бағдарламалар негізінде пайдаланушы әзірлейді және оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін ұшу экипажының барлық мүшелерін тиісінше даярлауды қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ:
1) жер үсті және ұшу даярлығы құралдарын, тиісті біліктіліктегі оқытушылар мен нұсқаушылары көздейді;
2) ұшу экипажының мүшелері жұмыс істейтін әуе кемелері түрінде (түрлерінде) жер үсті тренажерлық және ұшу даярлығынан тұрады;
3) ұшу экипажы мүшелерінің өзара іс-әрекетін пысықтауды, сондай-ақ, күштік қондырғының, планердің немесе жүйелердің ақаулығынан, өрттен немесе басқа да теріс факторлардан болған авариялық және айырықша жағдайдың немесе режимнің барлық түрлерінде іс-әрекеттерге оқытуды қамтиды;
4) білімдер мен машықтарға ие болу, ұшуды жүргізудің болжанатын ауданында көзбен шолып ұшуды және аспаптар бойынша ұшуды, қауіп және қателіктер факторларын бақылауды қоса алғанда адамның жұмысқа қабілеттігін әуе кемелерімен қауіпті жүктер тасымалдау мақсатында дайындықты қамтиды;
5) оқытуды әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі бүкіл персонал оның жүзеге асыруға тиіс функцияларын және бұл функциялар оның ішінде штаттан тыс немесе авариялық рәсімдерді орындау кезінде әуе кемесі экипажының басқа да мүшелерінің функцияларымен қалай байланысты екендігін білетіндей есеппен жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) жұмысқа жаңадан қабылданған ұшу экипажы мүшесінің міндеттерімен және функцияларымен, ұшуды орындау жөніндегі пайдаланушының талаптарымен танысуын көздейді;
7) әуе кемесінің жаңадан игерілген түріндегі көрсетілген шарттарда ұшуды орындау басталғанға дейін емтихан тапсыруды қоса алғанда RVSM және RNP шарттарында ұшуға теориялық даярлықты көздейді.
189. Бағдарламалар тәжірибелік бағыттылыққа ие болуға, ӘК нақты түрінде ұшуды орындау ерекшеліктерін, жаңа борттық жабдықты пайдалану қағидаларын, ерекше жағдайлардағы іс-әрекеттермен, авиациялық техниканың істен шығуы және адам факторы бойынша ұшу оқиғаларын талдаумен байланысты теориялық сұрақтарды қайталауға, жаңадан қабылданған отандық және халықаралық стандарттарды және қағидаларды зерделеуді көрсетуге тиіс.
190. Әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персоналдың біліктілік деңгейін қолдау бойынша оқу бағдарламалары осы Үлгілік бағдарламаларының тиісті бөлімдері негізінде әзірленген мынадай оқу курстары осы Үлгілік бағдарламаның 16-қосымшасында берілген.
191. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша талаптар қашықтықтан оқытудан өту немесе жазбаша емтихандарды тапсыру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
192. Әуе кемесінің нақты түрінде ұшу даярлығына қатысты талаптар орындалған болып есептеледі, егер:
1) осы мақсат немесе кабинадағы тренаж үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген ұшу шарттарын еліктеу тренажерлық қондырғылары пайдаланылса;
2) белгілі бір уақыттан кейін әуе кемесінің осы түріндегі даярлау деңгейін тексеру (әуедегі тәжірибелік жұмысты және авариялық жағдайда іс-әрекет ете білуді тексеру) жүргізілсе. Бұл тексерулер кемінде 120 күн аралықпен кез келген кейінгі 12 ай ішінде жүзеге асырылады (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кешенді тренажердегі (FFS) бір тексеру рұқсат етіледі). FFS тексеру көлемі кемінде 2 сағат.
193. Әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персоналдың біліктілігін тексеру бағдарламасы көлемі бойынша көрсетілгеннен төмен болмайды:
1) тексеру алдында ӘК-те FFS тренажердегі жаттығу орындалуға тиіс, FFS жаттығудан өту мерзімі ұшу тексеруін өткізгенге дейін (әуе компаниясының РПП сәйкес) 6 айдан немесе 3 айдан аспауға тиіс;
2) әуеде тәжірибелік жұмысын (ұшуды басқару және навигация техникасы) тексеру пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсіпорнында штурман-емтиханшы болған кезде рұқсат етіледі жүргізу тексеру штурман-емтиханшы) үшін бір тексеру жүргізіледі;
3) жүргізіледі одной тексеру үшін пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсіпорнында штурман-емтиханшы болған кезде штурман-емтиханшының тексеруді жүргізуіне рұқсат етіледі), бортрадисті ӘК командирі тексеруі мүмкін, ұшу және кабиналық экипажының басқа да мүшелері үшін тексеру мамандық бойынша тиісті нұсқаушылар жүргізеді;
4) аспаптар бойынша ұшуға және түнгі ұшуға жіберілген ӘК-де тексеру күндізгі және түнгі ұшуда орындалады. Тексеруді орындауға рейстік шарттарда 2 ұшу (1 күндіз және 1 түнде), әуеайлақтық шарттарда 2 ұшу (күндіз және түнде немесе тек қана түнде 4 кіру) жүргізуге рұқсат етіледі. Тексерудің жалпы уақыты тексеруші минимумынан төмен емес метеошарттарда кемінде 1 сағ.30 минут;
5) аспаптар бойынша ұшуға және түнгі ұшуға жіберілмеген ӘК-де тексеру жоғарыда айтылған әдістемеге сәйкес тексеруші минимумынан төмен емес метеошарттарда күндіз (қажеттілігіне қарай көріну шектеулеріне еліктей отырып) жүргізіледі;
6) басқарудың барлық түрлері бар, бір орынды моторлы және моторсыз өте жеңіл ӘК-де тексеруді ұшуды басқарушы пилоттың және нұсқаушының екі жақты көру алаңында жерде болып, пилот-нұсқаушы жүргізеді (тексерудің жалпы уақыты кемінде 1 сағат, тексеруді орындауды қаматасыз ететін метеошарттар кезінде ұшу санын нұсқаушы анықтайды), екі орындық ӘК-де тексеру ӘК кабинасында жүргізіледі;
7) тексеру түрлеріне байланысты ұшу кітапшасына жазба ресімделеді, тексерудің біліктілік актісі немесе жаттығуға арналған (қажеттілігіне қарай) ғимаратта жазба ресімделеді.
194. Даярлаудың нормативтік мерзімділігі ішінде бекітілген оқу жоспарын міндетті орындай отырып, модульдік принцип бойынша біліктілік деңгейін қолдау бағдарламаларын жасақтауға рұқсат етіледі.
195. Біліктілік деңгейін қолдау курстарында жыл сайынғы теориялық даярлаудан өту кезінде алынған бағалар 12 ай + 1 ай ішінде әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персонал куәлігінің қолданыс мерзімін ұзарту үшін жарамды.
196. Біліктілік деңгейін қолдау бойынша курс пәнін қамтитын ӘК басқа (жаңа) түріне қайта даярлау куәлікті ұзарту кезінде есептеледі. Сынақтарды мерзімінен бұрын тапсыруға және біліктілік деңгейін қолдау бойынша курстан өту туралы куәлікті беру үшін жетіспейтін үлгілерден өтуге рұқсат етіледі.
197. Ұшу-нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау және біліктілік деңгейін қолдау бағдарламаларды әзірлеу кезінде мазмұнына оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қосу керек:
1) әуе заңнамасы;
2) ұшуға оқыту әдісі;
3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) авиациялық психология және экипаж ресурстарын басқару әдістері;
6) ұшу қызметінде CFIT проблемасы;
7) АА кәсіпорны ұшу бөлімшесіндегі ұшу ақпаратын жинау құралдарының деректерін талдаудың қазіргі заманғы әдістері.
198. Экипаж мүшелерінің әуе кемесінің басқа (жаңа) түріне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға рұқсат алу үшін азаматтық авиация нұсқаушылар құрамын кәсіби даярлаудың оқу бағдарламалары теориялық (жер үсті) даярлау, тренажерлық даярлау және ұшу даярлығы кезеңдерінен және оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қамтуға тиіс:
1) авиациялық педагогика негіздері;
2) авиациялық психология негіздері;
3) ұшуға оқыту әдісі.
199. Нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау кезінде теориялық оқыту мерзімі кемінде 100 оқу сағаты, біліктілік деңгейін қолдау кезінде – кемінде 72 оқу сағатын, экипаж мүшелерінің әуе кемесінің басқа (жаңа) түріне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға даярлау кезінде – кемінде 48 оқу сағаты болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|