Бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 0,5 Mb.
бет3/4
Дата13.11.2018
өлшемі0,5 Mb.
#19035
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Бұл өндірісті жаңғырту және заманауи жаңа жобаларды іске асыру саясатынан басқа, өнімнің өзіндік құнының азаюмен, энергияны үнемдеумен және ресурс тиімділігімен, оның сапасы мен игерілу жылдамдығының артуымен, өз өнімін маркетингтік сүйемелдеумен және ілгерілетумен байланысты үздік практикаларды енгізуге отандық кәсіпорындарды ынталандыруды күшейту қажеттілігін айқындап береді.

Негізгі шикізаттық экспорттық тауарлар бағасының құлдырауы сауда теңгерімі көрсеткіштерінің нашарлауына кері әсер етеді, бұл ұлттық валютаның құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты таяудағы жылдары өнеркәсіптік саясат шеңберінде, ең алдымен, шикізат емес өнімді экспорттауға бағдарланған кәсіпорындарды дамыту мен қолдауға баса назар аударылатын болады.

Сондай-ақ ұлттық валютаның бағамы құбылмалы айырбас режиміне өтуі шетелдік технологиялар мен жоғары технологиялы жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктерінің қымбаттауы есебінен нашарлауына, сондай-ақ отандық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) арқылы кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің нашарлауынан бизнес белсенділіктің жалпы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Бағдарлама қызметінің бүкіл кезеңінде макроэкономикалық көрсеткіштердің орнықтылығын қамтамасыз ету өнеркәсіптік саясаттың сәтті болуының ең қажетті шарты болып табылады, атап айтқанда, ұлттық валюта бағамының күрт құбылуы, өңдеуші секторды дамытуға бағдарланбаған салық және ақша-кредит саясаты, экономиканың шынайы секторын кредиттеудің жеткіліксіз көлемі Бағдарламаның міндеттері мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге шектеуші ықпал етеді.

Есептер бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай өңдеуші сектордағы экспорт көлемін 19%-ға ұлғайту және еңбек өнімділігі деңгейін 22% -ға арттыру үшін негізгі капиталға 4,5 трлн. теңге инвестициялар қажет. Сондықтан, отандық қаржы секторының жағдайын тез арада қалыпқа келтіру ғана жеке бизнесті өңдеуші сектордағы жобаларды іске асыруға қажетті қолжетімді ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шетелдік компаниялармен, ең алдымен ТҰК-пен жұмыстың тиімділігі мен атаулылығын арттыруға, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келетін тартымды инвестахуал құруға бағдарланған шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа саясаты ішкі нарықты қажетті ақша қаражатымен толықтыру бойынша маңызды шара болмақ.

Жаңа нарықтарды игеруге және өнімділікке назар аударылып, мемлекеттік қолдаудың ағымдағы жүйесі түбегейлі өзгереді. Экономика салалары мен әлеуметтік саланың цифрлы тұғырнамаға өтуі, креативті адами капиталды дамытуды ынталандыратын орта құру түйінді бағдарларға айналады. Бұл ретте 5 саладағы (металлургия, химия, мұнай өңдеу, машина жасау, азық-түлік өнімдерінің өндірісі) 8 басым сектор (қара металлургия, түсті металлургия, агрохимия, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, автомобильдер өндірісі, азық-түлік өнімдерінің өндірісі, электр жабдықтарының өндірісі) кәсіпорындары неғұрлым көп қолдауға ие болады.

Баяндалғанды ескере отырып, Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай негізгі тәсілдер қолданылатын болады:


  1. Жеке бастамаларды қолдаудың мемлекеттік бастамалардан басым түсуі.

Мемлекеттік бастамалардан жеке бастамаларды ғана қолдауға кезең-кезеңмен өту жүзеге асырылады.

Ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттары арқылы тікелей мемлекеттік қаржыландыру құралдары негізінен іске қосылуы индустриялық өсудің жаңа базасын құруға мүмкіндік беретін басталған, жаңа сала түзуші ірі жобаларды аяқтауға, сондай-ақ шикізат емес тауарларды өткізу үшін жаңа нарықтарды игеру бойынша өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға шоғырландырылатын болады.

Даму институттарының атаулы қолдау шараларын ұсынуы бойынша өлшемшарттар (кредиттеу, қоса қаржыландыру, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және т.б.) бастамашының көбірек қаржылай қатысуы жағына қарай өзгертіледі. Еңбек өнімділігін ұлғайту және өңделген өнімдерді өткізу үшін нарықтарды кеңейту қаржылай қолдау көрсету үшін түйінді өлшемшарттар болады. Даму институттарының мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуының тәсілдері мен өлшемшарттарын қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізіледі.

Экспортқа шығатын және (немесе) еңбек өнімділігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін мұнай емес сектордың жұмыс істеп тұрған кез келген кәсіпорны қолдау алады. 2017 жылдан бастап барлық қаражаттың кемінде 60%-ы, ал 2018 жылдан бастап – 80%-ы жаңа схема бойынша беріледі. Бұл шаралар ДСҰ, ЕАЭО және басқа ұйымдар шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сүйеніп көрсетіледі.



  1. Қолдаудың жалпы жүйелік шараларының тікелей жобалық қолдаудан басым түсуі.

Бюджет шығындарын негізінен жалпы жүйелік сипаттағы шараларға – инфрақұрылым салуға, сервистік қолдауға және жаңа нарықтарды игеру мен еңбек өнімділігін ынталандыруға, ақпаратты-талдамалық қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, еңбек ресурстарының қолжетімділігіне, білім беру мен ғылыми зерттеулер сапасына, ынталандырушы техникалық стандарттарға және т.б. біртіндеп қайта бағдарлау процесі басталады.

  1. Назарды ішкі нарықта отандық кәсіпорындарды қорғаудан оларды Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін әдістермен сыртқы экспорттық нарықтарға бағдарлауға аудару.

Кәсіпорындарды қолдау туралы шешім қабылдау кезіндегі негізгі өлшемшарт осындай қолдау нәтижесінде салыстырмалы еңбек өнімділігі мен өңделген өнімнің жалпы экспортын ұлғайту болып табылады. Бұл ретте импортты алмастыруда негізгі екпін отандық тауар өндірушілердің мүддесін тікелей ілгерілетуден ауысатын болады.

Отандық өндірушілерді оқшауландыруды күшейту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ халықаралық актілер нормасы шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) сертификаттауымен расталатын индустриялық дамудың тиісті деңгейі бар кәсіпкерлік субъектілерінен отандық өнімді жол берілетін басымдықпен сатып алу мүмкіндігі қаралатын болады.

Осы қағидаттарға негізделе отырып, Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жалғасатын болады.

Бірінші бесжылдық кезеңде жаңа өнеркәсіптік саясатты белсенді іске асыру басталған кезден бері елді индустриясыздандыру процесін тоқтату жөніндегі міндеттер шешілді, индустриялық кәсіпкерліктің жаңа толқынын қалыптастыру үшін базалық жағдайлар жасалды – бірінші кезекте, индустриялық әлеуетті іске асырудың инфрақұрылымдық шектеулері алып тасталды. Бөлінген бюджет қаражатының шамамен 90%-ы осы мақсаттарға жұмсалды.

Екінші бесжылдық барысында бұрын қол жеткізілген нәтижелерді бекітуден басқа, тиімді базалық индустрия құру аяқталады, өзінің еңбек өнімділігін арттыруға, неғұрлым бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды, ішкі нарық үшін ғана емес, сыртқы нарықтар үшін де бәсекелі күреске бағдарланған бизнесті қолдауға назар аударылатын болады.

Бұл ретте 2019 жылға қарай еңбек өнімділігін және экспортты ынталандыру мақсаттарына бейімделген, жүйелік жағдайлар мен мемлекеттік қолдау құралдарының кешенін қалыптастыру жоспарлануда. Өндірістерді автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру элементтерін экономиканың барлық салаларына – өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына дейін, саудадан бастап көлікке дейін енгізу ерекше рөл атқаратын болады.

Екінші бесжылдық аяқталатын кезде қарай жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, қазақстандық индустриялық бизнес өңірлік нарықта ілгерілеуге барынша жоғары мүмкіндіктер алатын ықтимал бағыттар анықталатын болады.

Бұл ретте Бағдарлама өңдеуші сектордың даму проблемаларына ғана бағытталады, бұл экономиканың аралас секторларын – ең алдымен, өнімді көрсетілетін қызметтер секторын, ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ынталандыру, экономиканы цифрландыру және т.б. жөніндегі басқа бағдарламаларды қатар іске қосу қажеттілігін айқындап береді.

Келешекте индустрияландырудың кейінгі кезеңдерінде тиімді қазақстандық өндірушілердің өңірлік нарықтарға жаппай шығуына және орнығуына қолдау көрсетіледі. Бизнес пен мемлекеттің күш-жігері Қазақстанның индустриялық-технологиялық көшбасшы елдердің қатарына кіруі қамтамасыз етілетін бірнеше бағытта мамандануын қалыптастыру мен бекітуге, сондай-ақ сұранысқа ие жаңа технологияларды шоғырландыруға мүмкіндік беретін қолайлы инновациялық ортаны қалыптастыруды аяқтауға жұмылдырылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған, Қазақстанның 15-20 жыл ішінде дамыған елдердің технологиялық даму деңгейіне жетуі жөніндегі міндет осылай орындалатын болады.

Өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтердің аралас секторларындағы әрбір кәсіпорында тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі үздіксіз жұмыс индустрияландырудың барлық кезеңдеріндегі табысты трансформацияның сөзсіз шарты болады.

Экономикалық дамудың ағымдағы жағдайын, жаһандық трендтерін және олардың Қазақстанға ықпалын талдау еңбекті бөлудің әлемдік жүйесінде лайықты орын алатын орнықты сервистік-индустриялық экономикаға өту үшін жүйе түзуші ірі жобаларды іске асыру және (немесе) жаңғырту арқылы базалық индустрия құру қажеттігін көрсетті. Осы «тартылыс орталықтары» уақыт өте келе икемді, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне жылдам бейімделе алатын өнеркәсіпті құру онсыз мүмкін болмайтын индустриялық кәсіпкерліктің сындарлы мөлшерін өсіруге мүмкіндік береді.

Шикізатты экономикадан инновациялы экономикаға көшу бизнес пен мемлекеттің шынайы мүмкіндіктерін, экономикалық, саяси және әлеуметтік даму теңгерімі мен прогресті ескере отырып, үдемелі серпінді айқындайтын ұзақ мерзімді және дәйекті мемлекеттік саясатты талап етеді.



Бағдарламаны табысты іске асыру үшін құрылуы қажет индустриялық дамуды ынталандыру және қолдау жүйесінде өңдеуші сектордың дамуына тікелей және(немесе) жанама ықпалы бар 3 құрауышты бөліп көрсетуге болады:

  1. қолайлы жағдай жасайтын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары.

  2. өңдеуші секторды қолдаудың жүйелік шаралары.

  3. өңдеуші сектордың инвестициялық жобаларын қолдаудың атаулы шаралары.

5.1. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

  1. ЕДБ арқылы кредиттеуге преференциялық қолжетімділікті қамтамасыз ететін өңдеуші секторды қаржылай ынталандыру (өңдеуші секторды дамытуға және өнімділігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыруға бағытталатын кредиттердің көлемі, валютасы жағынан да, олардың құны жағынан да), бұл өзгелермен қатар экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын бюджет шығындарын төмендетуге, ал ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттарына қаржы ресурстарын бизнеске дейін жеткізу функцияларынан біртіндеп алшақтауға мүмкіндік береді;

  2. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттары мен тетіктерінің өзгермейтіндігіне, бюджеттік қаржыландыруды бөлу жөніндегі міндеттемелерді кепілді орындауға және т.б. негізделген экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетігін әзірлеу;

  3. мектепке дейінгі білім беруден жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық буындарында жүйелі өзгерістерге көшу жолымен білім берудің сапасын жақсарту арқылы білікті кадрлардың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ еңбек нарығына білікті шетелдік мамандардың қолжетімділігін жеңілдету. Білім беру жүйесі Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы экономиканы индустрияландыру мен әртараптандыру жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерге бағдарланады. Индустрияландыруды жоғары білікті еңбек ресурстарымен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді перспективада кадр қажеттілігін болжау тәсілдері жетілдірілетін болады;

  4. экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту арқылы бәсекелестікті дамыту (квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендіру, өңдеуші секторда жаңа мемлекеттік компанияларды құруға тыйым салу, банкроттық институтын дамыту);

  5. бизнесті әкімшілендіру деңгейін төмендету процесін жалғастыруды қоса алғанда, ЭЫДҰ стандарттары бойынша инвестициялық ахуал қалыптастыру;

  6. өңдеуші өнеркәсіпте, әсіресе басым секторларда инвестициялау және кәсіпкерлік қызмет үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасаудың орындылығы туралы мәселені пысықтау;

  7. инфрақұрылымдық саясат – сапалы және бәсекеге қабілетті көліктік, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, энергетикалық, коммуналдық және газ инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Экономикалық саясаттың көрсетілген бағыттарын іске асыру жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатының табысты болуының аса маңызды шарты болып табылады. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар кешенін толық іске асырмау немесе тиімсіз іске асыру Бағдарлама шеңберінде қол жеткізуге болатын нәтижелердің төмендеуіне әкеледі.

2016 жылдан бастап барлық көрсетілген бағыттар бойынша тиісті бағдарламалық құжаттарға уәкілетті органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, «Атамекен» ҰКП үйлестіруімен әзірлеген өзгерістер енгізілетін болады.

5.2. Өңдеуші секторды қолдаудың жүйелі шаралары мыналар арқылы іске асырылады:

1) өңдеуші сектордағы инвестициялық ахуалды жақсарту.

Жаңа экономикалық болмыс (дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы, шикізат бағасының құлдырауы) жағдайларында Бағдарлама Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыруға және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жандандыруға бағытталады. Ілгерілету құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі инвестициялық имиджін қалыптастыру және ілгерілету жөніндегі жұмыс күшейтіледі.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен тығыз байланысты. Нәтижесінде Қазақстан 2017 жылы ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетіне кіруді жоспарлауда. Осылайша, Қазақстан қабылдаған ЭЫДҰ-ның ұсынымдары үздік әлемдік практикаға сәйкес болуға тиіс.

Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай шаралар көзделген.

1. Кіру тобы:

1) көші-қонды бақылау рәсімдерін жақсарту;

2) шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін жетілдіру;

3) визасыз режимді кеңейту.

2. Фискалдық жүйе:

1) салық және кеден заңнамасын әкімшілендіруді жетілдіру;

2) трансферттік баға белгілеуді жетілдіру;

3. Жүйелік құралдарды жақсарту:

1) Инвестициялық штаб шеңберінде стратегиялық инвесторлар мен ТҰК мәселелерін қарау;

2) инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызметті жетілдіру.

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынуда инвесторларға жәрдем көрсету бөлігінде орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауы арқылы инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызметті жетілдіру;

3) «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, өңірлік инвестициялық ахуалды жақсарту;

4) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің жұмысын жандандыру;

5) «Kaznex Invest» өкілдіктерін құру.

Бұдан басқа, Қазақстанның қайта өңдеуші секторына кемінде 10 ТҰК тарту және ұлттық экономикаға қайта инвестициялар ағынын ұлғайту жөніндегі міндеттер шешілетін болады.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру мынадай бағыттарда жүргізіледі.

Бірінші бағыт – «елдік тәсіл»: басым елдермен, оның ішінде Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Иранмен және Түркия Республикасымен инвестициялар тарту жөніндегі елдік бағдарламаларды іске асыру. Бұл ретте екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты белсенді ілгерілету үшін бірлескен жобалардың тұрақты мониторингі жүргізіледі және Қазақстан Үкіметі мен көрсетілген елдер тарапынан әрбір жоба бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Екінші бағыт – жұмыс істеп жатқан инвесторларды қолдау (қайтадан инвестициялар). Кейіннен жаңа өнім түрлерін жасауды немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуді қайтадан инвестициялау үшін инвесторларға жан-жақты, оның ішінде туындайтын проблемаларға жедел ден қою әрі оларды инвестициялық омбудсменнің шешуі арқылы қолдау көрсетілетін болады.

Үшінші бағыт – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі арқылы инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту.

Инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданатын болады. Бұл МЖӘ саласындағы жобаларды белсенді іске асыруға арналған заңнамалық негіз.

Бұл үшін жұмыс инфрақұрылымдық ірі жобаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады.

Инвесторларды іздестіруді жеделдету мақсатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) жанынан жобаларды қаржыландыру және әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылады.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар кейіннен инвесторларды іздестіре отырып, іске асырылуы МЖӘ тетіктері арқылы жүзеге асырылатын жобалар тізбесін айқындауы қажет.

Төртінші бағыт – жекешелендіру. Бұл бағыт шеңберінде ел экономикасын дамытуды қаржылай қолдаудың жаңа шараларын енгізу мәселесі пысықталатын болады.

Бұдан басқа, қазіргі кезде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатқан Google сияқты технологиялық ірі компанияларды тарту, сондай-ақ Фраунгофер институты және т.б. сияқты мамандандырылған жетекші ұйымдармен бірлескен кәсіпорындар құру жоспарлануда. Нәтижесінде бұл компаниялар Қазақстан үшін зәкірлі инвесторларға айналмақ.

Экономиканы дамыту және инвестицияларды ынталандыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылатын болады.

3.1. Бірінші деңгейдегі қолдау шаралары (базалық пакет).

Инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:

1) технологиялық жабдықты, олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан және инвестициялық келісімшарттар шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына салынатын қосымша құн салығынан босату;

2) мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестор бұл преференцияларды алу үшін ойын бизнесін, жер қойнауын пайдалануды, сондай-ақ акцизделетін тауарлар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерінің біріндегі қызметті жүзеге асыруға тиіс.

3.2. Екінші деңгейдегі қолдау шаралары.

Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:



  1. технологиялық жабдықты, оның жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салықтарынан босату;

  2. мемлекеттік заттай гранттар;

3) салық бойынша преференциялар корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) төлеуден 10 жылға, жер салығынан – 10 жылға, мүлік салығынан – 8 жылға босату;

4) инвестициялық субсидия (инвестордың күрделі шығындарының


30%-ына дейін). Бұл ретте аталған жобалар үшін салық мөлшерлемелерін ұлғайтуға қатысты (қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) мен акциздерден басқа) және халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың орнықтылығына кепілдік пен шетелдік жұмыс күшін тартуға құқық беріледі.

Инвестициялық басым жоба дегеніміз Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметтің белгілі бір басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын әрі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды алуға өтініш берілген күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген көлемі мөлшерінде инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық жоба. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі инвестициялық преференцияларды ұсынуға өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма төрт айдан ерте жүзеге асырылмауға тиіс.

3.3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары.

Барлық АЭА қатысушылары үшін мынадай салық жеңілдіктері көзделген:

1) КТС-тан босату;

2) жер салығынан босату;

3) мүлік салығынан босату;

4) АЭА аумағына өндіру процесінде толықтай тұтынылатын тауарларды өткізген кезде ҚҚС-тан босату.

3.4. Инвестициялық омбудсмен.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде сотқа талап-арыздарды болдырмау үшін Инвестициялық омбудсмен институтының жұмыс істеуі жалғасады, оның негізгі міндеттері мыналар:

1) инвесторлардың өтініштерін қарау және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып ұсынымдар шығару;

2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсету;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады;

2) экспортты дамыту және ілгерілету.

Нарық көлемін, қашықтықты және сауда факторларын ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіп өнімін экспорттаудың негізгі бағыты ЕАЭО және Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері болады. Шекара маңындағы өңірлер және тұтастай Ресей Федерациясының нарығы ерекше рөл атқарады, оларда өңдеуші өнеркәсіптің импортында қазақстандық өнімнің үлесі ұзақ мерзімді перспективада 6%-ға жетуге тиіс. Сондай-ақ саудаға қатысушы елдердің ҚҚТ кіру арқылы «Жаңа Жібек жолы» жобасының әлеуеті пайдаланылады.

Экспорттық саясатты жетілдіру, оның ішінде оны үйлестіру тиімділігін арттыру бөлігінде жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Экспортты дамыту және ілгерілету жүйесіне жалпыұлттық тәсілдер қолданылатын болады. Бұл ретте министрлердің және облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларына өздері жетекшілік ететін салалардағы экспорттың көрсеткіштері үшін жауапкершілік жүктелетін болады.

«Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу» бағдарламасы шеңберінде экспортқа бағдарланған отандық компанияларға экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институттың базасында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Бұл үшін экспортты сервистік және қаржылай қолдау жұмыстары, сондай-ақ мыналар жалғасады:


  1. ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.

Өңдеуші салалардың экспорттаушыларына елдің экспорттық әлеуеті және әлеуетті өткізу нарықтары туралы ақпарат ұсыну (елдік, салалық шолу, арнайы мақсаттағы бриф-талдаулар, өңірлер бойынша шолулар). Әлемдік сауда дамуының негізгі үрдістерінің мониторингі (TradePerformance). Еxport.gov.kz. интернет-порталын дамыту және ілгерілету. Қазақстандық экспорттаушылар үшін оқыту тренингтерін, оқу турларын ұйымдастыру;

  1. экспортты ілгерілету жөніндегі іс-шаралар.

Қазақстандық шикізат емес экспортты ілгерілету жөніндегі таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (сауда миссиялары, отандық тауар белгілерін таныстыру, кәсіпорындардың шетелдік көрмелерге, оның ішінде ұлттық стенд нысанында қатысуы). Отандық өндірушілердің өнімін гуманитарлық сатып алу нарығына ілгерілету (гуманитарлық ұйымдардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан біліктілік алдындағы инспекция, гуманитарлық сатып алу мәселелері бойынша оқыту, отандық кәсіпорындардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуы);

  1. экспорттық қабілетті дамыту.

Өңірлік экспорттаушылар кеңестерін және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесін өткізу. «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығын орыс және ағылшын тілдерінде, «Экспорттаушыға көмек» нұсқаулық материалдарын орыс және қазақ тілдерінде дайындап, басып шығару. Буып-түю индустриясы нарығын дамыту (оқу турлары/өндірістік тағылымдамалар, үйрету семинарлары/дөңгелек үстелдер, конференциялар);

  1. экспорттаушыларды шетелде қолдау.

Басым елдерде – стратегиялық ірі нарықтарда шетелдегі экспорт пен сауданы ілгерілету жөніндегі өкілдіктер желісін ашу мәселесі пысықталатын болады;

5) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:

1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары;

2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу;

3) каталог әзірлеу және басып шығару;

4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау;

5) шетелде тауар белгілері мен өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізу;

6) өнімді шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары.

Қазақстандық экспорттық 3-4 бренд жасау және өткізу мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

1) консалтингтік және сарапшылық қолдауды тарта отырып, нысаналы нарықтарда шатырлы брендтер жасау және ілгерілету;

2) нысаналы нарықтарда отандық өндіруші компаниялардың бәсекеге қабілетті брендтерінің танымалдылығын ынталандыру (жарнамалық-таныстыру іс-шаралары, сауда желілері мен сауда үйлері арқылы жылжыту);

6) экспорттаушыларды қаржылай қолдау.

Экспорттаушыларды кешенді қолдау мақсатында экспорттау операцияларын коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру, сондай-ақ экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру бөлігінде отандық экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі функциялары бар «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының базасында бірыңғай экспорттық агенттік – «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – ҚазЭкспортГарант) құру мәселесі пысықталатын болады.

ҚазЭкспортГарант құралдарының желісін кеңейту мәселесі пысықталады, онда қаржылық-сақтандырушылық қолдау экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы экспорттаушылардың қаржыландыруға қолжетімділігін ұлғайтуға ықпал етеді.

Бұдан басқа, ҚазЭкспортГаранттың экспорттық-кредиттік агенттік ретіндегі мәртебесін жоғарылату мақсатында ҚазЭкспортГарантқа тәуекелдерді сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту тетігін ұсыну мүмкіндігі қаралатын болады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру (заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша заңды тұлғаның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін төлемдер) және (немесе) жарғылық капиталды ұлғайту тетігі пысықталады.

Бұдан басқа, ҚазЭкспортГарантқа Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының экспорттаушыларды сервистік қолдау бөлігіндегі функцияларын беру мәселесі пысықталады.

Барлық аталған шаралар Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келеді, атап айтқанда, ЭЫДҰ-ның негізгі қағидаттары мен стандарттарына сай келеді, сондай-ақ назарды өз экспортын қолдау тетіктері мен құралдарын пайдаланатын ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесіне аударады.

Бұдан басқа, ЕДБ-ны қорландыру және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ субсидиялау есебінен экспорттық мәмілелерді қолайлы жағдайларда қаржыландыру арқылы отандық өнімнің бәсекелік артықшылықтарын жоғарылату мақсатында қаржыландырудан кейінгі мөлшерлемелерді субсидиялау тетігі пысықталады.

«Қазақстан Даму банкі» АҚ қызметі экспорттық әлеуеті жоғары ірі жобаларды кредиттеуге, сондай-ақ өңделген тауарлардың экспорттық операцияларын кредиттеуге бағдарланатын болады;

3) еңбек өнімділігін арттыру

Еңбек өнімділігін ынталандыру жүйесін жетілдіру өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін айқындаушы фактор болады.

Бұл жұмыс нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер арқылы шешілетін жүйелі міндеттерді анықтауға бағытталған еңбек өнімділігін арттыру факторларын тұрақты талдау негізінде жүргізілетін болады.

Еңбек өнімділігінің өзгеруін бағалау өлшемшарттарын мемлекеттік қаржылай қолдаудың барлық құралдарын ұсына отырып, ұлттық басқарушы холдингтер және даму институттары енгізеді.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау құралдары өңдеуші кәсіпорындарды және онымен аралас өнімді көрсетілетін қызметтер секторы тарихи шығындарының орнын толтыру арқылы өз құзыреттілігін, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге және т.б. бағытталған ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын беру арқылы өзінің өнімділігі мен өндірісінің тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған және өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға ұмтылатын кәсіпорындарды сервистік және өзге қолдаудың негізгі құралы болып табылатын мемлекеттік қолдауды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Осы жұмыс шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне «ҚИДИ» АҚ – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Бұл ретте, өтеуді ұсыну процесін қоғамдық сыртқы бақылау рөлі «Атамекен» ҰКП-ға жүктелген. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру операторы «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы болып табылады.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары өтелетін экономиканың басым секторларының тізбесін, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бөлінісіндегі шығындар түрлерін қоса алғанда, оны іске асырудың өзге де құжаттарын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Шығындардың түрлері бойынша олардың баптарының тізбесін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган алдын ала мақұлдағаннан кейін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты бекітеді.

2017 жылдан бастап шығындарды өтеу тетігіне өтінімдерді онлайн қабылдау мүмкіндігі де кіреді.

Көрсетілген тәсілдерді іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Ел халқында отандық тауарларды тұтынудың және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға үлес қосудың жағымды тұстарын қалыптастыру мақсатында жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты сапалы, сұранысқа ие өнімді өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау бойынша әлеуметтік идеологиялық материалдармен іс-шараларды жасауды және таратуды жүргізеді;

4) интеграциялық саясат.

ЕАЭО Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін маңызды интеграциялық бірлестік болып табылады.

ЕАЭО шеңберінде ортақ экономикалық кеңістіктің жұмысы үшін құқықтық база жұмыс істейді. Мүше мемлекеттер өнеркәсіптік ынтымақтастықты жүргізетін болады.

Өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру және жаһандық ҚҚТ жасау көзделді, олар бойынша басым бағыттар бойынша ЕАЭО-да барынша пайдалы өнеркәсіптік кооперация үшін құралдар ұсынылады.

Сондай-ақ, ЕАЭО туралы шарттың 88-бабын іске асыру үшін тең қолжетімділік және әділ сауда жағдайларында Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуына практикалық қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.

Осыған байланысты, өнеркәсіптік кооперацияны қолдау, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру және дамуын ынталандыру мақсатында кешенді ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеуді және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, оның ішінде:

1) «Қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің интернет-порталы» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің;

2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолданыстағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай интеграциялану тетігі әзірленеді.

Кедендік-тариф саясатын іске асырған, сондай-ақ еркін сауда аймақтары туралы келісімдер мен үшінші елдермен ЕАЭО-ның өзге де преференциялық келісімдерін жасасу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік мүддесін ескеру қажет.

Қазақстан 2015 жылдан бастап ДСҰ мүшесі болды, бұл ел үшін көптеген артықшылық береді: сыртқы нарықтарда кемсітпеушілік тәсілі, ашықтық, инвестициялар мен сауда үшін қолайлы ахуал; сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі мен түрлері бойынша шектеулер.

Бағдарлама шеңберінде отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне жол бермеу және ДСҰ мен ЕАЭО қағидаларына сәйкестігі мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жүйесі қайта қаралатын болады.

Қазақстанның мүдделерін ескере отырып, индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың қолдауымен мемлекеттік органдар мен жеке бизнес үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өнеркәсіптік ынтымақтастық бөлігінде интеграциялық процестерді сарапшылық сүйемелдеу бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

5) инновациялық-технологиялық даму.

Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің ағымдағы деңгейін, инфрақұрылымның технологиялық әзірлігін, сондай-ақ адами капиталдың деңгейін ескере отырып, 2050 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті отыз елінің деңгейіне уақтылы қол жеткізу үшін ұлттық инновациялық жүйені кезең-кезеңімен дамыту ұсынылады.

Бірінші кезеңде өзіндік инновацияларды дамыту үшін құзыреттілік пен инфрақұрылымды құруды бастау қажет.

Бұл кезеңді іске асыру мынадай бағыттарда жүреді:

Бірінші бағыт – өндірістік процесте жаңа тәсілдерді (автоматтандыру, роботтандыру, цифрлық модельдеу, симуляция мен визуалдау және т.б.) қолдану, энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу бойынша озық технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы кешені, көлік және мұнай химиясы сияқты экономиканың дәстүрлі (базалық) секторларын технологиялық жаңғырту. Жаңғыртудың негізгі талабы осы бағыттағы технологиялық көшбасшы елдердің ұқсас кәсіпорындарының деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету болады.

Екінші бағыт – Қазақстан Республикасы үшін экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар сияқты экономиканың жаңа бағыттарын құру. Бұл ретте әлемдік ғылыми және технологиялық трендтер тұрақты негізде қадағаланатын болады.

Үшінші бағыт – төртінші өнеркәсіптік революцияға өту үшін алдын ала дайындық. McKinsey Global Institute деректері бойынша бүгінгі күні әлемдік ЖІӨ-нің 1,7 трлн. АҚШ долларының интернет технологияларға қатысы бар, өнеркәсіптік интернетке қосылуы мүмкін (M2M) 1 трлн. құрылғы бар. 2025 жылы M2M технологияларының әлем экономикасына ықпалы орта есеппен 6 трлн. АҚШ долларын құрайды.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде инновациялық-технологиялық даму саясаты мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылатын болады.

Біріншіден, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметі инновациялық-технологиялық даму саясатын іске асыру шеңберінде мынадай бағыттарды іске асыруға бағдарланатын болады:

1) технологиялық құзыреттіліктерді дамыту. Мақсаттар – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің озық технологиялар туралы хабардарлығын арттыру және оларды қолданудың тәжірибелік дағдыларына үйрету;

2) шағын технологиялық компанияларды инкубациялау. Мақсаты – ең жаңа ғылыми білімдерге және (немесе) озық технологияларға негізделген стартаптарды қолдау және ілгерілету;

3) өндірістік секторды технологиялық жаңғырту. Мақсаты – кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыру, олардың технологиялық міндеттерін шешу.

Аталған бағыттарды тиімді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдамалық қызметті, технологиялық болжамдауды, инновациялық гранттар ұсынуды, инновациялық белсенділікті ынталандыруды және инновациялық қызметті насихаттауды қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын ұсыну бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Екіншіден, экономиканың барлық басым секторларында технологияларды (құзыреттерді) дамыту орталықтарын дамыту ұсынылады, олардың қызметін стратегиялық әріптестермен (ТҰК) әріптестік жасай отырып не тиісті салалардағы ірі отандық кәсіпорындардың құрамындағы консорциумдардың күшімен (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған салалық ғылыми-зерттеу орталықтарының базасында) ұйымдастыру ұсынылады. Технологияларды (құзыреттерді) дамыту орталықтарының рөлі экономика салаларында ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізуге сайып келеді, бұл ретте әлемдік технологиялық трендтердің мониторингіне ерекше назар аударылады.

Айталық, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры шеңберінде 2019 жылға дейін тау-кен металлургиясы кешені бойынша «Ақылды индустрия», «Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар», «Ақылды орта», «Қаржылық технологиялар», «Жаңа энергетика және таза технологиялар» бағыттары бойынша технологияларды (құзыреттерді) дамытудың 5 орталығын құру жоспарлануда.

2016 жылы индустриялық интернет (төртінші өнеркәсіптік революция – «Индустрия-4.0») бойынша ең жаңа шешімдерді тесттен өткізіп, автоматтандыру және тереңдетілген талдау бойынша тау-кен металлургиясы кешені бойынша технологияларды дамыту орталығының 4 модулінің алғашқысын іске қосу жүзеге асырылатын болады. 2016-2019 жылдары жаңа материалдар және аддитивті технологиялар бойынша ұқсас орталық (мұнай өңдеу саласының өнімдерінен жаңа композитттік материалдар, сондай-ақ аддитивті технологиялар арқылы бірегей бөлшектер алу), Ақылды технологиялар орталығы (5G, «заттар интернеті», «ақылды орта»), Қаржылық технологиялар орталығы (Blockhain, egov–Asset management, private placement market, банкаралық аударымдар), Жаңа энергетика және таза технологиялар орталығы (энергияны сақтау жүйесіне назар және гибридті элементтер) іске қосылатын болады.

Қажет болған жағдайда, экономиканың басқа да басым секторларында технологияларды дамыту орталықтары құрылады.

Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусы» шеңберінде АҚШ-та жұмыс істейтін ұлттық зертханалар қағидаты бойынша ел үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым құру болжанады.

Технологияларды дамыту орталықтарын құру экономиканың барлық салалары мен секторларында технологиялық саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді, оларды іске асыру үшін салаларды дамытудың технологиялық жол карталары әзірленетін болады.

Салаларды дамытудың егжей-тегжейлі жол карталары барлық мүдделі тараптарды: білім және ғылым қоғамдастығын, жеке сектор өкілдерін, инновациялық инфрақұрылым объектілерін, отандық және шетелдік инвесторларды, даму институттарын және басқаларды тарта отырып әзірленетін болады. Экономика секторларының технологиялық әзірлік деңгейін және ерекшелігін ескере отырып, даму институттарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ заңнамалық сипаттағы шаралар ұсынылатын болады.

Экономиканың салалары мен секторларында мемлекеттік технологиялық саясатты үйлестіруді технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.

Осыған байланысты, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты экономиканың салалары мен секторларында технологиялық саясатты қалыптастыру жөніндегі бірыңғай (біріздендірілген) әдістемені қалыптастырады, ал индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган оны бекітеді.

Үшіншіден, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары технологиялы өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алу тетігін дамыту арқылы инновацияларға сұранысты қамтамасыз ету мәселесі жүйелі шешіледі. Осыған байланысты, ірі ұлттық компаниялардың қатысуымен қазіргі нақты технологиялық міндеттерді шешуге отандық және шетелдік стартап компанияларды тарту бойынша жыл сайын конкурстар өткізілетін болады.

Осылайша, шетелдік стартаптарды қоса алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне назар), 500 стартапты, сондай-ақ стартаптарға салынатын инвестицияларды басқару, қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау үшін үздік халықаралық венчурлік қорлар мен акселераторларды тарту мақсатында «Стартап Қазақстан» бағдарламасы іске қосылады.

«Стартап Қазақстан» бағдарламасы үш кезеңде іске асырылады.



Бірінші кезеңді іске асыру (салу алдындағы деңгей) – шетелдік стартаптарды қоса алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерге назар аудыра отырып) 500 стартап тарту 2018 жылға қарай жетекші өңірлік стартап-хаб құруға мүмкіндік береді.

Екінші кезең (салу деңгейі) – акселерация бағдарламаларының көмегімен 150 бәсекелес стартапты (оның ішінде бірінші кезеңге қатысушылар арасынан) тарту және іріктеу ұлттық инновациялық экожүйенің маңызды элементін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды кезең – 50 стартап компанияны, оның ішінде сауданың 50%-дан астамын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүзеге асыратын қазақстандық 20 технологиялық компанияны инкубациялау.

«Стартап Қазақстан» бағдарламасын қаржыландыру тетіктері:

1) стартаптарға салынатын инвестицияларды басқару үшін үздік халықаралық венчурлік қорларды тарту (өз юрисдикциясында жұмыс істеу құқығымен кейіннен «Астана» халықаралық қаржы орталығына ауысу арқылы);

2) стартаптар дайындау үшін әлемдік деңгейдегі бағдарламаларды («Кремний жазығынан») тарту (акселераттау).

Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстанда мынадай бағыттар бойынша креативті кәсіпкерлікті және креативті экономиканы дамытуға түрткі болады:


  1. кәсіпкерлік дағдылары мен «рухы» бар креативті таланттар тәрбиелеу;

  2. экономиканың құрылымын өзгерту бойынша қозғаушы күш болуға жарамды технологиялық стартаптардың сындарлы мөлшерін қалыптастыру;

  3. креативті экономикаға арналған тұғырнамаларды жандандыру – креативті экономика үшін экожүйелер қалыптастыру үшін хабтар құру;

  4. технологиялық шешімдердің жаһандық тізбегіне бір мезгілде кіру арқылы басым секторларда жаңа өндірістер құру.

Төртіншіден, инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ географиялық орналасуын ескере отырып, технологиялық парктерді бәсекелес ортаға беру мәселесі пысықталатын болады, мемлекеттің қатысуымен құрылған қазіргі конструкторлық бюролар базасында жаңа өнімдер (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеуге, кәсіпорындарда қолданылатын технологияларды жетілдіруге және үздік әлемдік технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жағдайларына бейімдеуге арналған тәжірибелік-эксперименттік учаскесі бар инжинирингтік орталық құрылады.

6) кластерлік дамуды ынталандыру.

Кластерлік тәсілдерді іске асыру өнеркәсіптік дамуға, бәсеке қабілеттілікке және экономиканың тиімділігіне жәрдемдесудің маңызды құралы болып танылған.

Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган және индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің институционалдық қолдауымен аумақтық кластерлерді дамытуға шоғырландырылады.

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын аумақтық кластерлерді дамыту операторы ретінде айқындау мәселесі пысықталады.

Кластерлеу процесі нарық субъектілерінің өзара іс-қимылын дамытуға, технологиялық жаңғыртуға, өсудің нарықтық стратегияларына, жұмыс тиімділігі мен елдің барлық өңірлерінің даму қажеттіліктерін ескере отырып жеделдетілген инновациялық дамуға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет кемінде алты пилоттық аумақтық кластерді және мұнай мен газды өндіру мен өңдеу, мұнай-газ химиясы, онымен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік көрсетілетін қызметтер бойынша бір ұлттық кластерді (бұдан әрі – Ұлттық кластер) дамытуға және теңгерімді қолдауға шоғырланады.

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп, аумақтық кластерлерді дамыту саясатын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу процесін ұйымдастыру мен іске асыруды, кластерлерді үйлестірушілерді үйлестіруді, оқыту мен ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ кластерлік даму және аумақтық кластерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын іске асыру бойынша бастамаларды мониторингтеуді және бағалауды жүргізеді.

Аумақтық кластерді дамытудың барлық кезеңдерінде нақты өңірлерде қолайлы инвестициялық және бизнес ахуалды жасау үшін жауапты және кластерлердің тиімді әрекет етуіне мүдделі жергілікті билік органдары өкілдерінің, сондай-ақ кластерлерді дамыту бастамалары мен олардың бәсекелік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралардан түпкілікті артықшылық алушылар болып табылатын жеке сектордың қатысуы маңызды.

Кәсіпорындардың рөлі аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім әзірлеуге, сондай-ақ аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу мен іске асыруға қатысудан тұрады.

Кластерлерді құру мен аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру, аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу мен сүйемелдеу бастамашысының рөлін кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес- қауымдастықтар атқара алады.

Кластердің қосылған құны тізбегінің өңірлік жүйесінің қатысушылары бола отырып, бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар (ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, техникалық оқу орындары және т.б.) аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім әзірлеуге, аумақтық кластерлерді дамыту іс-шараларының жоспарларын іске асыру кезінде белсенді өзара іс-қимыл жасауға тартылуы мүмкін.

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің қолдауымен аумақтық кластерлерді дамыту саясатын іске асырудың әдіснамалық негізін, оның ішінде өңірлерді бағалау мен секторларды талдауды, сол сияқты қандай да бір кластерді дамытудың орындылығын айқындайтын конкурстық іріктеу өлшемшарттарын бағалауды ескере отырып әзірлейтін болады.

Аумақтық кластерлерді дамыту бойынша таңдалған өтінімдер стратегиялық талдауды және қосылған құн тізбегі, бизнестің жаһандық және елішілік үрдістері бойынша бәсекелес серпінді бағалау жөніндегі іс-шараларды, өсу үшін кедергілер мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктерін үйлестіретін бірқатар әдістемелік кезеңдерден өтеді.

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар белгіленген тәртіппен аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларын іске асыруға ықпал ететін барлық қажетті шараларды қабылдайды, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

1) жаһандық қосылған құн тізбектеріне интеграцияны арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын айқындау мақсатында кластер қатысушыларының кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамыту;

2) кластер қатысушылары үшін машықтар жинағы мен мамандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында кластердің адами ресурстарын дамыту;

3) кластерді қатысушылардың санын арттыру арқылы оның ішінде: жобалар үшін бизнес-инкубаторлар құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық науқан жүргізу арқылы кеңейту;

4) өнімдік, процестік инновацияларды және көрсетілетін қызметтер саласында инновацияларды дамыту мақсатында инновациялар мен технологияларды дамыту, оның ішінде: мамандандырылған инжинирингтік ұйымдар құру; жаңа өнімдерді әзірлеу үшін технологиялық алаңдар құру (тәжірибелік үлгілер мен партиялар); кәсіпорындарда бар технологиялар кластерін жетілдіру және үздік әлемдік технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жағдайына бейімдеу; кластер қатысушыларының ҒЗТКЖ бойынша бірлескен жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету (ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып); өнертабыстарды патенттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

5) бизнес-ахуалды және инфрақұрылымды жақсарту, оның ішінде кластер шеңберінде бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетілдіру мақсатында МЖӘ шарттарында жақсарту, оған өңірлердегі энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету; жасалатын жалпы пайдаланымдағы объектілерді, оның ішінде энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану; кластер кәсіпорындары (сынақ базалары және (немесе) зертханалар, оның ішінде сертификаттау зертханалары) шығаратын, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын қамтамасыз ету үшін өнімнің сапасын арттыруға жәрдемдесу арқылы қол жеткізіледі;

6) тұтастай кластерді дамыту үшін басқа да өзіндік нақты іс-шаралар бойынша қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, стратегиялық жобаларды қаржыландыру және бірлесіп қаржыландыру арқылы барлық қажетті шаралар қабылданады.

Кластерлік процестің барлық қатысушыларына құжаттарды дайындау және ақпаратты жариялау жолымен әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетілетін болады.

Бағдарлама шеңберінде Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумағында Ұлттық кластерді дамыту жалғасады.

Кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларына және Ұлттық кластерді дамыту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

7) техникалық реттеу және метрология.

Техникалық реттеу жүйесінің тұтастығын және бірлігін сақтау мен дамыту және ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын қамтамасыз ету мақсатында секторлардағы стандарттарды, сондай-ақ салалық заңнаманы өнімге қойылатын талаптарды өздігінен нормалауға және нормативтік құқықтық актілерде техникалық және технологиялық нормаларды белгілеуге мүмкіндік беретін алып қоюларды жою жолымен құқықтық нормалаудың техникалық және технологиялық нормалаудан аражігін нақты ажырату тұрғысынан талдау және жүйелендіру жүргізу жоспарланған.

Экономика салаларын үдемелі индустриялық дамыту үшін халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың жыл сайын қабылдануын қамтамасыз ету қажет, бұл ретте Бағдарлама басымдықтарының сәйкестігі және нақты қажеттілігі қағидаттарында құрылатын ұлттық стандарттарды іріктеу қағидаты қайта қаралатын болады. Ол үшін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен бірлесіп, шығарылатын, тұтынылатын, импортталатын және экспортталатын өнеркәсіптік өнім номенклатурасына жыл сайын талдау жүргізетін болады, оның қорытындысы бойынша бірінші кезекте әзірлеу/өзектілендіру, халықаралық стандарттармен үндестіру қажет болатын стандарттардың тізбесі айқындалатын болады.

Бұл талдау өнімнің қауіпсіздігімен тікелей байланысты, жеке сектор үшін рентабельді емес салалардағы сынақ зертханаларын жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды пайдалану туралы мәселені шешу кезінде де пайдаланылатын болады.

Қазақстан ЕАЭО техникалық регламенттерін және олардың дәлел базасын – мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде халықаралық талаптармен үндестірілген халықаралық стандарттарды әзірлеу процестеріне қатысуын жандандыратын болады.

Қазақстанның позициясын халықаралық және өңірлік деңгейлерде сақтау және күшейту үшін техникалық сарапшылардың қатысуымен халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттарды әзірлеуге байланысты жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ сарапшыларға олардың халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) техникалық комитеттерге қатысуға жұмсалған шығындарының бөлігін өтеуді субсидиялау тетігін пайдалану мүмкіндігі қаралады.

Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

Ғылымды қажет ететін жаңа технологиялардың қарқынды енгізілуіне байланысты эталондардың өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктерін озық дамыту қажетті талап болмақ.

Бұл үшін мемлекеттік эталондарды және эталондық құрылғыны жаңғырту жүзеге асырылады, метрологиялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі.

8) білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, экономиканы әртараптандыру және индустрияландыру бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерге бағытталатын болады, сондай-ақ экономиканың өңдеуші салаларының сұраныстарына сәйкес құрылады.

Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету кадрлар даярлау сапасын жақсарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған міндетті шешуге оқыту жүйесі мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жергілікті бюджет есебінен жетілдіру, ТжКБ ұйымдарында сенімгерлік басқару тетігін енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Нарық тетігін ескере отырып, уақтылы болжамдау экономика қажеттіліктерін барынша толық қамтамасыз етеді, бұл еңбек ресурстарының теңгеріміне алып келеді. Аталған жұмыс «Атамекен» ҰКП-ның белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болады.

Өңдеуші секторды білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында «өмір бойы оқу» қағидатына және даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесіне негізделген тиімді кадрлық менеджмент енгізілетін болады. Аталған шара білім беру ұйымдарының экономиканың өңдеуші секторының субъектілерімен өзара тығыз іс-қимылын көздейді.

Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жаңа білім беру бағдарламаларына өту жолымен білім беру сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріндегі жүйелі өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын болады. Базалық жоғары оқу орындары Бағдарламаның салалары мен басымдықтарын өзектілендіруді ескере отырып, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңартатын болады. Бұл өндірістің инновациялық технологияларын сипаттайтын заманауи технологиялардың негізгі міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін құзыреттер беретін жаңа пәндерді қосуды көздейді. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын қалыптастыратын тәжірибеге бағытталған сипатта болады, бұл мамандарға экономиканы әртараптандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жоғары оқу орындары және ТжКБ ұйымдары үшін білім беру бағдарламалары мен кәсіптік стандарттар әзірлеуге жұмыс берушілер тартылатын болады.

Алдағы уақытта Бағдарламаның басым салаларының қажеттіліктеріне бағытталған магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және енгізудің оң тәжірибесі бакалавриат бағдарламасына кезең-кезеңімен таратылатын болады.

Кадрлар даярлаудың нәтижелілігі, біріншіден, атаулы оқыту жүйесі, яғни, студенттерді нақты кәсіпорындарда кәсіптік практикадан бір мезгілде өткізе отырып оқыту арқылы; екіншіден, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы, бұл студенттердің негізгі құзыреттерді алуын болжайды; үшіншіден, кәсіпорындардың білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының сапасын сараптамалық бағалауы арқылы; төртіншіден, өндіріс мамандарын оқу процесіне белсенді түрде тарту арқылы; бесіншіден, базалық жоғары оқу орындары өткізетін ғылыми зерттеулерді кәсіпорындар қойған нақты технологиялық міндеттерге қайта бағыттау және осы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқытылатын пәндер мазмұнына қосу арқылы кәсіпорын қызметіне озық ғылыми нәтижелерді енгізу үшін мүмкіндіктерді қалыптастыра отырып қамтамасыз етілетін болады.

2017 жылдан бастап бейіндік магистратураны үміткердің оқу үшін жоғары оқу орнын таңдау құқығына негізделген нарықтық моделіне көшіре отырып, оған қабылдау тетігі жетілдіріледі.

Базалық жоғары оқу орындары мен колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізудің жинақталған тәжірибесін негізгі мамандықтарға ілеспе басқа мамандықтарға ауыстыра отырып, туындайтын қажеттіліктерге байланысты кадрлар даярлау бағытын кеңейтетін болады.

Кәсіптік магистратурада мамандар даярлауға басымдық беріледі, бұл экономиканың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін барынша қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Экономиканы әртараптандыру базалық жоғары оқу орындарының қолданбалы зерттеулер жүргізуі негізінде Бағдарлама шеңберінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл базалық жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігін, оның ішінде МЖӘ есебінен әзірлеуді көздейді. Өңдеуші секторда ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

Ресурстар зерттеу құнының кемінде 25%-ы көлемінде кәсіпорын тарапынан міндетті қоса қаржыландыру шартымен конкурстық негізде бөлінетін болады.

Өңдеуші сектордың орнықтылығы, оның бәсекеге қабілеттілігі, инновациялық технологиялар мен технологиялық процестерге уақтылы өту кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың қалыптасқан жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Осы мақсатта екіжақты тәсілге негізделетін, заманауи технологиялық процестер үшін қажетті жаңа құзыреттерді сипаттайтын кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары әзірленетін болады. Бір жағынан, кәсіпорындар мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоғары оқу орындарының базасында жүзеге асырылады. Екінші жағынан, профессор-оқытушылар құрамының практикалық дағдыларын өзектілендіру және технологиялық процестерді тереңірек түсінуі мақсатында профессор-оқытушылар құрамы үшін Бағдарламаның басым салаларындағы озық кәсіпорындар базасында тағылымдамалардан өту жағдайлары пысықталатын болады.

Бұдан басқа, профессор-оқытушылар құрамының, кәсіпорындар жұмыскерлерінің және оқытушылардың көптілділік даярлығын арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының профессор-оқытушыларының құрамы кезең-кезеңімен әріптес кәсіпорындарда практикадан өтеді.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру мақсатында жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының шетелдік әріптестерімен студенттер алмасу жүзеге асырылатын болады.

9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Халықаралық деңгейде танылған энергия сервисі шарттарының тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту жөнінде жұмыс жүргізіледі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды қаржыландыру тетіктері құрылады.

5.3. Өңдеуші секторды қолдаудың атаулы шаралары

Индустриялық кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған атаулы көмек шаралары секторлардың басымдығына байланысты сегменттеледі, қолданыстағы өндіріс жұмыс істейді немесе мемлекеттік қолдауға үміт артқан жаңа жобалар жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін жобаларды іріктеу кезінде түйінді өлшемшарттар еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту болады.


  1. Бірінші деңгейдегі қолдау шаралары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына 1-қосымшада көрсетілген өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторларын және қажет болған жағдайда өнімді көрсетілетін қызметтердің аралас түрлерін (ақпараттық коммуникациялар, ғарыш қызметі, инжиниринг, ғылыми зерттеулер, геологиялық барлау және т.б.) қолдауға бағытталған және негізінен, еңбек өнімділігін ынталандыруға әрі дайын өнімдердің жаңа нарығын игеруге байланысты.

Өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қолдау өнім экспорттын ілгерілету, еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру, сервистік және ақпараттық-талдамалық көрсетілетін қызметтер, қарыздарды субсидиялау, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру арқылы жалғасатын болады.

  1. Екінші деңгейдегі қолдау шаралары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына 2-қосымшада көрсетілген, ішкі және өңірлік нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін алғышарттардың болуы ескеріле отырып іріктелген өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторын қолдауға бағытталған.

Осы секторлар үшін бірінші деңгейдегі қолдау шараларынан басқа мынадай құралдар қолданылатын болады:

1) инвестициялық преференциялар беру;

2) ЕДБ арқылы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражаты мен жаңа жобаларын қаржыландыру;

3) ЕДБ, Қазақстан Даму банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және өзге де заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

5) микроқаржыландыру ұйымдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары экспорттық нарықтарға шығудың ең жоғары әлеуетін ескере отырып іріктелген мынадай басым сектордағы жобаларды қолдауға бағытталған:


  1. қара металлургия;

  2. түсті металлургия;

  3. агрохимия;

  4. мұнай өңдеу;

  5. мұнай-газ химиясы;

  6. автомобильдер өндірісі;

  7. азық-түлік өнімдерінің өндірісі;

  8. электр жабдықтарының өндірісі.

Бұл секторларды дамыту үшін мына міндеттер түйінді болып табылады.

Қара металлургияда: еңбек өнімділігін және өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында дәстүрлі өндірістерді қайта құрылымдау және жаңғырту; шетелдік инвесторларды тарту және жоғары қосындыланған болат, қосылған құны жоғары өнімдер, ішкі қажеттілікті және әлемдік болат құю өнеркәсібі үшін дәстүрлі және кешенді ферроқорытпалар өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; пішінді илектің (швеллерлер, арқалықтар, бұрыштамалар, рельстер), метиздердің (сымдар, сым арқандар, тростар), жалпақ илектің (тот баспайтын, электролиттік, гальваникалық жабыны бар) дайын өнімдерін шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірістерді одан әрі дамыту; шағын тонналы өндірістерді дамыту; ҒЗТКЖ жандандыру, оның ішінде металлургия саласындағы серпінді технологиялар мен озық өнімдерді игеру мақсатында МЖӘ негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы металлургия орталығы» тәжірибелік-эксперименттік кешенін құру арқылы (жоғары сапалы, беріктігі жоғары, тоттануға қарсы және басқа да болат, 3D басуға арналған ұнтақты металлургия) жандандыру.

Түсті металлургияда: шетелдік инвесторларды тарту және мыс, алюминий, титан өндіруді одан әрі кеңейтуді, қорғасын, мырыш, никель және басқа да базалық металдар өндірісі үшін жаңа кен орындарын игеруді, сондай-ақ дайын бұйымдар мен қосылған құны жоғары өнімдер (мыс құбырлар, мыс таптағыш, алюминий табақтар және т.б.) өндіруді ұйымдастыруды көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыру; ілеспе металдарды, оның ішінде жерде сирек кездесетін металдар мен сирек кездесетін металдарды шығара отырып, шикізатты кешенді өңдеу; еңбек өнімділігін және экологиялылықты арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту; қосылған құны жоғары өндірістер құру бойынша жетекші шетелдік компаниялармен әріптестік (жаһандық ТҚҚ шеңберіндегі кооперация); озық өнімдер мен серпінді технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ (3D басуға арналған ұнтақты металлургия) жандандыру.

Агрохимияда: тыңайтқыштар өндірісі бойынша өңірлік хаб құру; отандық тыңайтқыштардың әрекет етуінің пайдалылығы мен функционалдық сипаттамаларын әлемдік көшбасшы өндірушілердің тыңайтқыштары деңгейіне дейін жоғарылату; шетелдік инвесторларды тарту және калий мен күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; өнім топтарын әртараптандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; тыңайтқыштарды зияткерлік енгізу практикасын дамыту, бұл минералдық тыңайтқыштарды халықаралық тәжірибеге сәйкес пайдалану тиімділігін арттырады; агроөнеркәсіпті химияландыруды ынталандыру; озық агрохимиялық технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.



Мұнай өңдеуде: К4, К5 экологиялық сыныпты мотор отындарын шығара отырып, отандық мұнай өндеу зауыттарын (бұдан әрі – МӨЗ) (Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты) жаңғырту жобаларын аяқтау.

Мұнай-газ химиясында: полипропилен өндіретін зауыттың және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының қажетті объектілерінің құрылысын аяқтау; мұнай-газ химиясы өндірісін ұйымдастыру үшін ірі инвесторларды тарту, кәсіптік кадрлармен және техникалық персоналмен қамтамасыз ету.

Автомобиль өндірісінде: толық циклді зауыт салу (дәнекерлеу, бояу, автоқұрауыштар); индустрияландырудың үшінші кезенінің соңына қарай автомобильдер өндірісінің көлемін кемінде 200 мыңға дейін ұлғайту; автомобильдер экспортын өндіріс көлемінен кемінде 40%-ға арттыру;
2018 жылға қарай 50% оқшауландыруға қол жеткізу және құрауыштар базасы мен қосалқы бөлшектер (бамперлер, тығыздағыштар, бензин бактары, газ шығару жүйелері, электрлік бұраулар және басқалары) өндірісін дамыту; құрауыштар базасының отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында ҒЗТКЖ жандандыру.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісінде: шетелдік инвесторларды тарту және қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көтерме-тарату орталықтарын салу; экспорттық стратегияны әзірлеу; тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау және халықтың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру; ұлттық брендтер жасау және ілгерілету; ҒЗТКЖ-ға бизнесті тарту.

Электр жабдықтарының өндірісінде: халықаралық сапа стандарттарына сәйкес қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғырту; шетелдік инвесторларды тарту және қосалқы электр станциялары, жарық диодты бұйымдар, сыйымды трансформаторлар, қуаты жоғары конденсаторлар, тарату құрылғылары және электр техникалық жабдықтарға және басқа да өнімдерге арналған жиынтықтауыштар өндірісі бойынша жобаларды іске асыру; шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарында жаңа басқару технологияларын енгізу; бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инновациялық өнімдер өндіру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.

Аталған секторлар үшін бірінші және екінші деңгейдегі қолдау түрлерінен басқа, мынадай құралдар қолданылатын болады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

2) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;

3) қарыздар бойынша кепілгерлік және кепілдік міндеттемелер беру.

Бұдан басқа, квазимемлекеттік компаниялар жобаларды қаржыландыруға тартатын қарыздар бойынша валюта тәуекелдерін хеджирлеу құралдарын қолдану мүмкіндігі қаралатын болады.

Жұмыс істеп тұрған өндірісті қолдау олардың өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, ресурс тиімділігіне және кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарға белсенді түрде шығару үшін өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейтуге бағытталған өндірісті жаңғырту және қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жүргізуі үшін ұсынылатын болады.

Мұндай жобалар іске асырылатын секторлар қара және түсті металлургия, агрохимия, мұнай өңдеу болады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде минералды тыңайтқыштар өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және реконструкциялау аяқталатын болады.

Мұндай жобаларды қолдау құралдары:

1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген салықтық және өзге де преференциялар;

2) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатымен әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеу және олармен келіссөздер жүргізу болып табылады.

Бұдан басқа, жұмыстан босатылатын персоналды қайта оқыту және жұмысқа орналастыру міндетін шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын және өңірлерде іске асырылатын басқа да тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы оларға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ экспорттық сауданы қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру мүмкіндіктері қаралады.

Бұл ретте кәсіпорындарға қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздестіруді және тартуды жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру, энергия тиімділігі, экспорт, өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша Бағдарламада қойылатын талаптарды сақтау жүктеледі.

Дамытылуы жаңа базалық индустрияны, мысалы, агрохимия, мұнай-газ химиясы сияқты секторларда немесе өнімнің жаңа шектерін игеру және(немесе) өндірісті оқшауландырудың деңгейі жоғары және инженерлік-технологиялық құзыреттіліктерді (мысалы, автомобиль жасау, титан және мыс кіші секторлары және т.б.) біртіндеп арттыра отырып, толыққанды өндірістік кластерлерді құру қажет болатын секторларда мемлекеттің жаңа жобаларды қолдауы жүзеге асырылады.

Аталған секторларда жаңа ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Нәтижесінде қара және түсті металдар, минералды тыңайтқыштар өндірісі, мұнай-газ химиясы, машина жасау секторлары, сондай-ақ олармен сабақтас өндірістер дамиды, бұл өнімділігі жоғары жаңа базалық индустрияны дамытуға күшті серпін береді.

Мұндай жобаларды қолдау құралдары:

1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген және Қазақстан экономикасының өңдеуші секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған салықтық және өзге де преференциялар;

2) инвестициялық субсидиялар беру;

3) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеуді жүзеге асыру және келіссөздер жүргізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

5) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқығын беру болып табылады.

Жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде бәсекеге қабілеттілік факторларын іске асыру үшін қажетті сапалы және қымбат емес көлік, энергетика, коммуналдық және газ инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Жұмыс істеп тұрған өндірістер мен жаңа жобалар үшін қолдаудың барлық түрлері жариялылық, ашықтық, экономикалық орындылық қағидаттарында ұсынылады.

Индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу мақсатында республикалық деңгейде Индустрияландыру картасына:


  1. өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторында іске асырылатын;

  2. салалық мемлекеттік орган оң қорытынды берген және Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссия отырысында мақұлданған;

  3. құны 4,5 млрд. теңгеден асатын;

  4. еңбек өнімділігін арттыру және дайын өнімнің жаңа нарықтарын игеру бойынша Бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу арқылы Бағдарлама нәтижесіне тікелей ықпал ететін ірі жобалар енгізілетін болады.

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия мемлекеттік қолдау шараларына қосу, алып тастау, ұсыну, сондай-ақ республикалық Индустрияландыру картасының негізгі параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

Индустрияландыру картасының жобалары бойынша жалпы үйлестіру жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен бірге индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

Өңірлер деңгейіндегі индустрияландыру картасының жобаларын мемлекеттік қолдаудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі.

Өңірлер деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйенің мониторинг құралы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы (өңірлік карта) болып табылады, ол өңірдің экономикалық мамандануына сәйкес келетін және Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алған өңдеуші өнеркәсіп секторларында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобалар тізбесін қамтиды.

Мемлекеттік қолдау құралдарының тиісті операторлары жергілікті атқарушы органдарға тоқсанына кемінде 1 рет индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетілген қолдау шаралары туралы ақпаратты ұсынады.

Өңірлік картаның жобалары бойынша жалпы үйлестіру мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну операторларымен, жергілікті уәкілетті органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

Мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, даму институттары ұсынатын мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары
2016 жылдың соңына дейін Бағдарламада қойылатын талаптар ескеріле отырып түзетіледі.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өңдеуші сектор кәсіпорындарына көрсетілетін қолдау құралдарын қайта қарайды, оларды ұсыну осы Бағдарламаның міндеттері мен өлшемшарттарына тікелей байланысты болады. Даму институттары мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін жаңа жобаларды іріктеуді техникалық реттеу, метрология және ішкі нарықта отандық өндірушілерді қолдау жөнінде талаптарға сәйкестігін ескере отырып, тиісті қағидалар мен регламенттер негізінде жүзеге асыратын болады.

Жаңа жобалардың бастамашылары, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері стратегиялық әріптесті, қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздеуді және тартуды өздеріне алады, сондай-ақ еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі, экспорт, өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша қойылатын талаптарға қол жеткізуге міндеттенеді. Мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың жобаға қатысуының міндетті шарты одан шығудың нақты жоспарының болуы болып табылады.

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды оңтайландыру мәселесі қаралатын және іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етілетін болады.

Отандық өнімге сұранысты ынталандырудың жаңа құралдары, оның ішінде экономиканың басым секторларының кәсіпорындарында өндірілген өнімдерді сатып алушыларға жеңілдікпен кредит беру, сондай-ақ факторингтік мәмілелер әзірленетін болады. Аталған бағыт бойынша жұмыс даму институттары, қаржы ұйымдары және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқа да заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында да, өңірлік және халықаралық деңгейлерде де экономиканың шикізаттық емес салаларында перспективалы көшбасшы бола алатын неғұрлым бәсекеге қабілетті компанияларды қолдауды жүзеге асыратын болады. «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағыты ұзақ мерзімді болып табылады және қатысушы компанияларға кешенді қолдау көрсетуді болжайды.

5.4. Бағдарламаны іске асыру тетігі, басқару және мониторингтеу.

1. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

Бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру үшін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) қабылданады.

Аталған құжатта объективті сандық талдауға және ірі жобалардың бар болуына негізделген өңдеуші өнеркәсіптің және өңірлердің басым және өзге де секторлары бөлінісінде нақты нысаналы индикаторлар көрсетілетін болады.

2. Бағдарламаны іске асыруды басқару

Бағдарламаны іске асыруды басқару үшін оны іске асыруға, мониторингтеуге және қаржыландыруға негізгі қатысушылардың арасында институционалдық тетіктер мен жауапкершілікті нақты бөлу бекітілген.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық және жергілікті басқару органдарымен, ұлттық басқарушы холдингтермен және институттарымен қатар «Атамекен» ҰКП Бағдарламаны іске асыруға арналған құжаттарды, оның ішінде аумақтық кластерлерді дамыту мәселелері бойынша құжаттарды талқылауға және әзірлеуге белсенді қатысады.

Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу, оның ішінде кәсіпкерлердің бизнес-шешімдерді қабылдауы үшін ақпарат көзі ретінде Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу және өзектілендіру арқылы жақсартылатын болады, сондай-ақ ұлттық технологиялық болжау институтының шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін зерттеудегі, әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеудегі, арнайы материалдар негізінде қосалқы мақсаттағы технологиялар трансфертіндегі рөлі күшейтілетін болады.

ЭЫДҰ үздік тәжірибесі негізінде Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеу және бағалау сапасын арттыру үшін статистикалық әдіснаманы және ақпаратты жетілдіру бойынша шаралар қабылданады, сондай-ақ барлық мүдделі пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияға маңызды рөл беріледі.

Бағдарламаны іске асыру барысында индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу көзделген: өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық көрсетілетін қызметтер; мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды әзірлеуді көздейтін Бағдарламаны басқару бойынша көрсетілетін қызметтер; Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультациялық-кеңесші орган қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін арттыруға, өнім берушілер жүйесін дамытуға және жаһандық салалық тізбектерге ықпалдастыруға, аумақтық кластерлерді дамытуды және процестерді сүйемелдеуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын дамыту; 2016 жылы – еңбек өнімділігін арттыру және 2017 жылы өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларын зерттеу жүргізілетін болады, бұл ретте осы факторлардың өзгерістерін талдау жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

Еңбек өнімділігін ұлғайту және өңделген өнімді өткізу үшін нарықты кеңейту даму институттарының атаулы қолдау шараларын ұсыну кезіндегі түйінді өлшемшарттар болып табылады. Даму институттары көрсететін барлық атаулы қолдау шаралары осы өлшемшарттарға сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл ретте, даму институттары өлшемшарттардың барлық өзгерістерін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының сараптамалық қорытындысы негізінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге тиіс.

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты егжей-тегжейлі есептер негізінде, оның ішінде Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан
халқына Жолдауында айтылған өнеркәсіптік даму міндеттерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып, басым секторлар мен өңірлер бөлінісінде Бағдарламаның түйінді нысаналы индикаторларының (инвестицияларды тарту, экспортты ұлғайту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша) нақты декомпозициясы жүзеге асырылатын болады.

Аталған жұмыс нәтижелері Бағдарламаны іске асыруға тартылған әрбір салалық және жергілікті мемлекеттік орган үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған нақты міндеттерді айқындау бөлігінде индустриялық-инновациялық даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарың жұмысына негіз болады.

Декомпозиция қорытындылары бойынша алынған жоспарлы мәндер жауапты мемлекеттік органдарға, ұлттық басқарушы холдингтерге және даму институттарына бекітілетін болады.

2016 жылдың соңына дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялар негізгі нысаналы индикаторлар декомпозициясын ескере отырып, өздерінің стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегияларды түзетуі, өз құзыреттері шеңберінде нарықтарды кеңейту және кедергілерді алып тастау арқылы салалар мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасауы тиіс.

Бағдарламаны іске асыруды бақылау және бағалау мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен тиісті іс-шаралар өткізу арқылы аралық қорытындылар жасайтын болады.

Өңірлерде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган тиісті әдістеме негізінде ағымдағы үрдістер мен проблемалық мәселелерді уақтылы айқындауға, оларды шешу жолдарын белгілеуге, сондай-ақ өңірлердің индустриялық-инновациялық саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретін, өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын тұрақты мониторингтеу мен талдауын жүзеге асырады.

«Атамекен» ҰКП, бизнес-қауымдастықтар, тәуелсіз сарапшылар Бағдарламаның тиімділігін тәуелсіз бағалауды жүргізетін болады.

Бағалау міндеттерінің сипаттамасын, әдіснамасын, талдауды, қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы жария есеп тәуелсіз бағалау нәтижесі болады.

Бұдан басқа, ЭЫДҰ әдіснамалық тәсілдерінің негізінде Бағдарламаны жекелеген міндеттер, іс-шаралар бойынша немесе қажет болған жағдайда, кешенді бағалауға беделді халықаралық сарапшыларды және консалтингтік ұйымдарды тұрақты негізде тарту мәселесі қаралады.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау