Бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 1,2 Mb.
бет6/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,2 Mb.
#5038
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
5.7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету

 

5.7.1. Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін жетілдіру



Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығына икемді жауап беретін инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады.

Тік және көлбеу интеграция мен медицина ұйымдарының бірігуі жолымен мемлекеттік денсаулық сақтау инфрақұрылымын оңтайландыру жүргізіледі.

Көлбеу интеграция қызметтердің сабақтастығын, толықтығын және сапасын арттыруға мүмкіндік береді (мәселен, аудандық аурухана мен емхананың бірігуі, бір бейінді клиникалардың көп бейінділермен бірігуі). Тік интеграция басқаруға икемділікті және тиімділікті көтеруге мүмкіндік береді (мәселен, облыстық және аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің бірігуі).

ЖОО мен ғылыми орталықтарды қоса алғанда, облыстық және республикалық ұйымдар деңгейінде «Назарбаев Университеті» ДБҰ тәжірибесі бойынша кезең-кезеңімен дербес денсаулық сақтау ұйымдарына (ДДСҰ) трансформациялау мүмкіндігі қаралады.

Университеттік клиникаларды дамыту үшін стратегиялық әріптестер: шетелдік жетекші университеттер мен медицина орталықтары, оның ішінде сенімгерлікпен басқару негізінде тартылатын болады.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік инфрақұрылымдарды оңтайландыру шеңберінде ауруханалық секторда тиімсіз пайдаланылып отырған ресурстарды босату мен қайта бөлуге басты назар аударылады, ол мыналарды көздейді:

1) емдеу-диагностикалық процестерін оңтайландыру, менеджменті жақсарту және тиімсіз жұмыс істейтін нысандар мен бөлімшелерді халықтың сұранысына ие медициналық қызметтерді (МСАК, оңалту, паллиативті көмек және өзгелерін) көрсету үшін трансформациялау; бұл ретте, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ескірген стандарттар мен желі нормативтерін қолданудан алшақтау қажет;

2) жоғары білікті мамандар мен күрделі технологиялық жабдықты қажетсінбейтін кейбір медициналық қызметтерді көрсетуді орталықтан алу; мұндай технологияларды трансферттеу және тиісті медициналық көмекті пациенттің тұрғылықты жеріне жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсету қажет;

3) ауданаралық, облыстық және республикалық деңгейлерде мамандандырылған орталықтар құра отырып, күрделі технологияларды және біліктілігі жоғары арнаулы мамандардың құзыреттерін талап ететін денсаулық сақтау қызметтерін орталықтандыру; бұл ретте жоғары технологиялық қызметтер көрсететін және бейінді бағыттар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіретін ұйымдардың рөлі мен жауапкершілігін көтеру бойынша шаралар қабылданады.

Осы шараларды іске асыру емдеу қарқындылығына қарай төсек қорын саралауды және басқаруды және, тиісінше, амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық және оңалту медициналық көмегін үйлесімді дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық даму мақсаттарының, денсаулық сақтау объектілерін жобалаудың, салудың, жарақтандырудың халықаралық стандарттарын бейімдеудің және медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз етудің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытуға ұзақ мерзімді қажеттілікті айқындау бойынша жұмыс жалғасады.

Осы мақсатта денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың өңірлердің ерекшелігін және тұрғындардың медициналық көмектің нақты түрлеріне мұқтаждығын ескеретін, өңірлер мен медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша бірыңғай перспективалық жоспар (шеберлік-жоспары) пысықталып, бекітіледі. Оның негізі бірыңғай құрылымға сай болатын, денсаулық сақтау ұйымдарының қолда бар желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу) жөніндегі ақпаратты, объектілерге қажеттілікті (қосымша объектілерді салу және орнына салу) және т.б. көрсететін өңірлерді дамыту жоспарлары болады.

Шеберлікр-жоспардың негізінде денсаулық сақтау желісін, ең алдымен, жеке инвестицияларды ынталандыру және тарту, МЖӘ-ні басымдықпен дамыту негізінде инвестициялық жоспарлау және дамыту жүзеге асырылады.

Осы мақсатта БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE) Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жөніндегі мемлекеттік саясат стандартының ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-нің жол картасы әзірленетін болады.

Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолданысы шектелген, МЖӘ-ні дамыту экономикалық тұрғыдан орынсыз болатын салаларда, сондай-ақ саланың дамуы үшін стратегиялық маңызы бар секторларда (ана болу, туберкулез, АИТВ және т.с.с) денсаулық сақтау желісін дамытуға жоспарланады және бағытталатын болады.

Жекеше секторды және МЖӘ-ні дамытуды ынталандыру мақсатында МЖӘ жобаларын дайындау мен консультациялық сүйемелдеуді қаржылық қамтамасыз ету шараларының кешені әзірленеді, үлгілік жобалық құжаттарды әзірлеу жүзеге асырылады, тариф қалыптастыру және медициналық қызметтерді тұтыну көлемдерін кепілдендіру, мемлекеттік органдардың шарт бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау объектілерінің қолжетімділігі үшін ақы төлеу негізінде ұзақ мерзімді концессиялық міндеттемелер қабылдауы бойынша арнайы нормативтік актілер жасалады.

МЖӘ тетіктері бойынша, оның ішінде мемлекеттік меншік нысандарын сенімгерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, объектілерді концессия үлгісі бойынша салу немесе реконструкциялау негізінде сату үшін объектілердің нақты тізбесі қалыптастырылады.

Бұл ретте МЖӘ-нің мыналарды көздейтін түрлі нысандары іске асырылады:

1) ТМККК және МӘМС-ге кіретін бүкіл көрсетілетін қызметтер аясын ұсынуда жекеше медицина ұйымдарының қатысуын кеңейту;

2) медициналық және медициналық емес көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін (зертханалар, радиология қызметтері, тазалау, тамақтандыру, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық техниканы күтіп-ұстау және өзгелерін) ұзақ мерзімді аутсорсингке беру;

3) республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарын жекеше компанияларға, оның ішінде шетелдік компанияларға сенімгерлікпен басқаруға беру;

4) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру; бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңартылады;

5) концессияның әртүрлі үлгілері бойынша денсаулық сақтау объектілерін салуға жекеше инвестициялар тарту;

6) медициналық техниканың, зертханалық қызметтің және денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелердің жарақтандырылуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жекеше компанияларды тарту.

Бұл ретте мемлекеттік және жекеше көрсетілетін қызметті берушілер үшін тең экономикалық жағдай жасалады.

Сонымен қатар инфрақұрылымды сәтті дамыту және шеберлік-жоспарын іске асыру үшін жекеше медицина ұйымдарын, оның ішінде шетелдік қатысуы бар ұйымдарды мемлекеттік қолдау, олар үшін даму стимулдарын жасау жөнінде жүйелі сектораралық жұмыс жүргізіледі. Бұл шаралар:

1) нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіруді және денсаулық сақтау саласындағы жеке сектор үшін әкімшілік кедергілерді азайтуды;

2) қолжетімді қаржыландыруды, оның ішінде Бизнестің жол картасы 2020, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына денсаулық сақтау секторын қосу арқылы қамтамасыз етуді;

3) негізгі құралдарды жаңартуға кететін шығыстарды және қымбат медициналық жабдықтың сервисіне жұмсалатын шығындарды қосу арқылы барабар және әділ тарифтік саясатты қамтамасыз етуді қамтиды*.

ЭДЫҰ стандарттарының негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы стандарттарының (сәулет, инженерлік, технологиялық және т.б.) жаңа жүйесін кешенді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінің ресурс үнемдеуі, энергия тиімділігі және экологиялығы саласындағы стандарттар жүзеге асырылады.

 

5.7.2. Жарақтандырудың және медициналық техниканы пайдаланудың тиімділігін арттыру



Денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандырудың, олардың медициналық техниканы пайдалануы мен қалпына келтіруінің тиімді жүйесін құру мынадай кешенді шаралардың жүргізілуін көздейді:

1) медициналық техникаға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге қажеттіліктерді жоспарлау жүйесін жетілдіру, ол:

белгілі бір мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техникамен жарақтандырудың үлгілік стандарттарын, медициналық көмекті көрсетуді өңірлендіру есепке ала отырып, әзірлеу мен енгізуді;

медициналық техника үлгісін оңтайлы таңдаудың бірыңғай әдіснамасын және оған техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге баға қалыптастыру әдіснамасын әзірлеуді және енгізуді;

бағасын, тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін техникалық сипаттамаларын, мүмкін болатын барлық жиынтықтарын көрсете отырып, бүкіл тіркелген медициналық техниканың дерекқорын (анықтамалық жүйесін) құруды қамтиды;

2) МЖӘ негізінде орталықтандырылған сатып алу жолымен денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламаларын әзірлеу.

Медициналық және сервистік қызметтер көрсетуге, шығыс материалдарын жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттардың негізінде жекеше компаниялардың медициналық техниканы жеткізуінің негізінде сервистік МЖӘ тетіктері енгізіледі. Бұл медициналық ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын ұтымды етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ сатып алынған техникаға өнім берушілер мен өндірушілер тарапынан тұрақты сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте медициналық техниканы сатып алу және оның лизингі функциясын жүзеге асыратын ұйымдар тиісті көрсетілетін қызметтер нарығында конкурстық жолмен анықталатын болады;

3) медициналық техниканы сатып алудың лизингтік жүйелерін дамыту, оның ішінде ұлттық даму институттары арқылы дамыту*. Негізгі құралдарды жаңарту мақсатында медициналық техниканы сатып алудың сервистік және лизингтік моделін дамыту тетігі жетілдірілетін болады.

Медициналық техниканы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін қадағалау үшін деректер базасын жүйелендіру мақсатында бірыңғай Медициналық техниканың ұлттық деректер базасы (өндіруші, тіркелуі, жинағы, құны және т.б. туралы мәліметтер) құрылады;

4) өңірлерде МЖӘ негізінде орталықтандырылған медициналық сервистік қызметтерді және медициналық ұйымдармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу негізінде медициналық жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін медициналық және техникалық мамандарды үздіксіз оқыту орталықтарын құру;

5) денсаулық сақтау ұйымдарын ресурсты үнемдеуге ынталандыру және уәждеу жүйесін қалыптастыру. Бұл мақсатта негізгі құралдарды жаңартуға кететін шығыстарды өтеу үшін тарифке шығындарды қоса отырып, медициналық қызметке тарифті айқындау әдістемесі қайта қаралатын болады*;

6) негізгі білімі бар, медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен медициналық техниктерді дайындауды қамтамасыз ету, емдеу ұйымдарында медициналық техника жөніндегі сервистік қызметкерлердің штат бірліктерін енгізу.

Бұл ретте, негізгі құралдарды тиімді басқаруға бағытталған бірыңғай амортизациялық саясат әзірленеді, ол кейіннен негізгі құралдарды жаңартуға қайта инвестициялау мақсатында тиісті тарифтік алымдарды шоғырландыру үшін медициналық ұйымдарда амортизациялық қорлар құруды көздейді.

Бұдан басқа, медициналық техника сатып алуды ұзақ мерзімді жоспарлау тетігі енгізіледі және бәсекеге қабілетті отандық өндірушілерді қолдау шаралары көрсетіледі.

Көрсетілген кешенді шаралар медициналық ұйымдарға өздеріне қажетті жабдықты сатып алуға мүмкіндік береді, тікелей сатып алу жүйесінен ұзақ мерзімді лизингтік жүйеге өту орын алады.

 

5.7.3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту



Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүйені пайдаланушылармен өзара тығыз іс-қимыл жасау негізінде жүйенің талап етілетін функционалы бөлігінде бірыңғай стандарттарды, технологиялық ерекшеліктерді және түрлі ақпараттық жүйелердің сипаттамаларын әзірлеу бөлігінде денсаулық сақтау саланы ақпараттандыру дамыту жалғасатын болады.

Белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес кейіннен денсаулық сақтау саласындағы АКТ нарығына шығу үшін түрлі бағдарламалық өнімдерді электрондық денсаулық сақтау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттау рәсімі ұйымдастырылады және енгізіледі.

Бұл ретте жекеше сектордың қатысуын кеңейту, МЖӘ және денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіруді дамыту шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына АКТ нарығында госпитальдық және басқа да медициналық ақпараттық жүйелерді таңдау еркіндігі ұсынылатын болады.

МӘМС үшін электрондық денсаулық сақтаудың, салық органдарының, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының ресурстарына негізделген ақпараттық негіз жасалады.

Электрондық денсаулық сақтау ресурстарына қолжетімділік және қажетті ақпараттың тұрақты түрде енгізілуі медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерін лицензиялау мен аккредиттеу үшін міндетті шарт болады.

Денсаулық сақтау сапасы қызметкерлерінің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде электрондық денсаулық сақтаудың негіздері бойынша әлеуеттері арттырылатын болады.

Медициналық ақпараттық жүйелердің халықаралық стандарттары негізінде бірыңғай стандартталған талаптар пысықталатын болады, олар барлық клиникалық ақпараттық жүйелер үшін міндетті түрде талап етілетін болады.

МЖӘ негізінде денсаулық сақтаудың жекелеген ұйымдарын, қызметтерін, өңірлік жүйелерін ақпараттандыру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың сервистік үлгісі енгізіледі. Осыны ескере отырып, мемлекеттің атынан орталық және жергілікті атқарушы органдар бюджеттік АТ-жобаларын дайындау және іске асыру мерзімдері ақпараттық технологиялардың даму және ескіру мерзімдеріне сай келмейтіндіктен, жаһандық және өңірлік ақпараттық жүйелерді құру мен енгізу жөніндегі жобаларға тікелей бюджеттік инвестицияларды жоспарлы түрде азайтатын болады.

Саладағы өндірістік процестерді ақпараттандырудың дәстүрлі тәсілдерімен қатар, пациенттердің денсаулық жағдайын ұтқыр медициналық құрылғылардың көмегімен алыстан автоматтандырылған мониторингтеу секілді инновациялық АКТ енгізуді қолдау жүзеге асырылатын болады.

Медициналық көмектің интеграцияланған үлгісін іске асыру шеңберінде пациенттердің медициналық қызметкерлердің қабылдауына өз бетінше онлайн жазылуы, нақты уақыт режимінде консультация беру және пациенттерді жеке стационарлық компьютерлер мен смартфондарды пайдалана отырып бақылау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Кластерлік жүйенің жұмысын басқару және үйлестіру үшін ұлттық телемедицина желісі кеңейтіліп*, қолданыстағы ақпараттық жүйелер шеңберінде ақпараттық технологиялар жетілдіріледі.

Көзделген шараларды сәтті іске асыру және ақпараттық жүйелердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесі мамандарын ақпараттандыру мәселелері жөнінде оқыту бойынша кең ауқымды іс-шаралар іске асырылады.

 

 



6. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері

 

Мембағдарламаны іске асыру 2016-2019 жылдарға есептелген және:



1) қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құруды;

2) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықпен дамытуды;

3) медициналық көмектің барлық деңгейлерінің интеграциясын дамытуды;

4) денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің тиімділігін дамытуды, корпоративтік басқару элементтерін енгізуді;

5) денсаулық сақтау саласында жекеше секторды және бәсекелестікті әрі қарай дамытуды: денсаулық сақтау объектілерін сенімгерлік басқаруды және жекешелендіруді, жеке отбасылық практиканы дамытуды;

6) адами ресурстарды стратегиялық басқаруды дамытуды;

7) медициналық білім беруді жаңғыртуды, медицина ғылымын, білім беруді және практиканы интеграциялауды;

8) мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде одан әрі дамытуды;

9) халықаралық стандарттардың негізінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруді;

10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді;

11) мемлекеттің, кәсіптік қоғамдастықтар мен пациенттердің әріптестігі арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын басқару жүйесін дамытуды;

12) денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды және оңтайландыруды;

13) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларды одан әрі дамытуды көздейді.

 

 



7. Қажетті ресурстар

 

Бағдарламаны іске асыруға 2016-2019 жылдары мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.



Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жалпы шығындар 1 969 729 500 мың теңгені құрайды.

Бюджет қаражатынан қаржыландырудың жалпы көлеміне кейіннен МӘС қорының қаражаты қосылады.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде және республикалық және жергілікті бюджеттердің, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының кіріс бөлігі мүмкіндіктері тұрғысынан, сондай-ақ басқа да баламалы көздердің тартылуымен нақтыланатын болады.

 

Ескертпе:



*- іс-шараларды іске асыру жекеше инвестициялар және басқа да баламалы қаржыландыру көздерін тарту арқылы жүзеге асырылатын болады;

**- іс-шараларды іске асыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кіріс бөлігі тұрғысынан жүзеге асырылатын болады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 
жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау