Бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»


Жедел және шұғыл медициналық көмекті (ЖШМК) дамыту



жүктеу 1,2 Mb.
бет4/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,2 Mb.
#5038
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
5.2.2. Жедел және шұғыл медициналық көмекті (ЖШМК) дамыту

Халыққа медициналық көмек берудің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында сабақтастықты және МСАК ұйымдарын ЖШМК көрсетуге тартуды қамтамасыз ету жалғастырылады.

Сараланған медициналық көмекті стационарлық деңгейге кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, практикалық дағдыларды бекіту және пациенттерді тасымалдау жағдайында шұғыл медициналық жәрдемнің стандартталған алгоритмдерін енгізу негізінде ЖШМК қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта ЖШМК-ты кадрлармен қамтамасыз ету нормативтері қайта қаралады, халықаралық стандарттардың негізінде білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізіледі және парамедиктерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлері үшін кадрлар даярлау орталықтары құрылады, бұл ретте, олардың рөлін жоғарылату бойынша шаралар қабылданады. ТМККК шеңберінде республика халқын санитариялық авиация нысанында медициналық көмекпен қамтамасыз ету жалғасатын болады.

МЖӘ негізінде медициналық әуе тасымалы (санитариялық авиация) жүйесін одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар әзірленіп, іске асырыла бастайды. Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін тарту бірнеше негізгі міндеттің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді:

1) шұғыл және ТЖ жағдайларда оқиға орнында ЖМШК көрсету және пациенттерді стационарға тасымалдау;

2) пациенттерді медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қайта тасымалдау;

3) жету қиын жерлерде медициналық көмек көрсету, оның ішінде толыққанды медициналық көмек көрсету үшін қажетті мамандарды жеткізу арқылы көмек көрсету.

 

5.2.3. Барлық денсаулық сақтау қызметтерінің интеграциясымен мамандандырылған медициналық көмекті (ММК) дамыту



Халық денсаулығының ағымдағы жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың болжамды өсімін ескере отырып, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр.

Осы үлгі әлеуметтік мәні бар, инфекциялық емес негізгі ауруларды және ел халқының демографиясына айтарлықтай ықпал ететін ауруларды:

1) миокардтың жіті инфарктын;

2) ми қан айналымының жіті бұзылуын (инсульт);

3) қатерлі жаңа ісіктерді;

4) жарақаттарды;

5) жүктілікті және босандыруды қамтитын болады.

Халықаралық кәсіптік ұйымдар ұсынған клиникалық нұсқаулар мен хаттамалардың негізінде әр блок бойынша іс-қимыл жоспарлары (Action Plan) әзірленеді және іске асырыла бастайды, олардың шеңберінде халық денсаулығының жоспарланып отырған көрсеткіштері және оларға қол жеткізу үшін қажетті негізгі іс-шаралар айқындалатын болады.

Бұл модель шеңберінде МСАК үйлестіруші рөлінің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмектің толық болуын, сапасын және сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған медициналық көмек беру стандарттары әзірленеді және іске асырылады.

Бұл ретте, стационар деңгейінде медициналық көмек көрсету көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты аймақтандыру қағидаты бойынша жүргізіледі. Күрделі технологиялық қондырғылар мен біліктілігі жоғары мамандарды қажет ететін денсаулық сақтау қызметтері ауданаралық, өңірлік, облысаралық және республикалық деңгейлерде тиісті орталықтардың құрылуымен орталықтандырылады. Сонымен бірге, күрделі технологиялық қондырғыларды қажетсінбейтін денсаулық сақтау қызметтері орталықсыздандырылады және пациенттің тұрғылықты жеріне жақын денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін болады. Қазақстан Республикасының халқы сапалы донорлық қан компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл қызметтер сапасын арттыру, күту уақытын азайту, диагностикалау мен емдеудің негізсіз әдістерін тағайындауды болдырмау мақсатымен пациенттердің қозғалысын айқын және ұтымды бағдарлау тетіктерін әзірлеу мен енгізуді көздейді.

Науқастарды отандық клиникаларда емдеу, сонымен қатар шетелдік мамандар тартумен, шеберлік кластарын пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, осы іс-шараларды іске асыру үшін мыналар:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейлері үшін диагностикалау мен емдеудің дәлелді медицина қағидаттарына негізделген клиникалық хаттамаларын;

2) бейінді қызметтердің жұмысын ұйымдастыру стандарттарын;

3) медициналық қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттарды;

4) іс-шараларға мониторинг жүргізу, оларды басқару және үйлестіру технологияларын әзірлеу және енгізу жалғасады.

Олардың бейіндері шеңберінде барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсетуді мониторингтеу сабақтастығын, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бөлігінде республикалық клиникалардың, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының рөлі мен жауапкершілігі күшейтілетін болады.

МСАК қызметі мен ММК-нің интеграциясын технологиялық сүйемелдеу мақсатында АКТ-ны, телемедицинаны және пациенттердің жекелеген санаттарына қашықтан сымсыз мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жүзеге асырылады. Сабақтастықты қамтамасыз ету үшін пациенттерге түсіндіру, консультация беру, оларды тіркеу және мониторингтеу үшін оқшау және өңірлік call-орталықтар құрылады.

Бір жағынан, озық медициналық технологиялардың трансфертін одан әрі ынталандыру, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімді болуын, толықтығын және сапасын арттыру, екінші жағынан, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты талдау жүргізіліп, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, клиникалық хаттамалардың негізінде мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Медициналық көмектің осы түрі үшін қызметтерді стандарттау, ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және мамандарды жүйелі даярлау негізінде түрлі патологиясы бар науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды белсенді түрде дамыту қамтамасыз етіледі. Бұл ретте осы саладағы жеке секторды және МЖӘ-ні дамытуды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары әзірленіп енгізіледі.

 

 



5.3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету

 

5.3.1. Медициналық көмекті стандарттау және сапасын басқару



Медициналық ұйымдардағы барлық өндірістік процестерді стандарттаудың негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді көтеру үшін негіз болады.

Клиникалық процестерді стандарттау үшін неғұрлым тиімді және қазіргі заманғы технологиялар мен медицина ғылымының жетістіктерін енгізу негізінде ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру жалғастырылады.

Диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу медициналық қызметкерлердің кәсіптік бірлестіктерін тарта отырып, медициналық технологияларды бағалау жүйесінің (health technology assessment) негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл жүйенің негізінде жекелеген медициналық технологиялар мен дәрілік заттарды енгізу және қолданудың орындылығын анықтау мақсатында арнайы талдамалық, клиникалық-экономикалық және фармакологиялық-экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу қамтамасыз етіледі.

Қалған, клиникалық емес өндірістік процестердің (тікелей нақты ауруларды емдеумен байланысты емес) стандарттары медициналық ұйымдарды аккредиттеуге арналған талаптар шеңберінде әзірленеді.

Ең жоғары клиникалық және экономикалық тиімділікті, сондай-ақ медициналық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық практикаға жаңа технологияларды және дәрілік заттарды енгізу процесі жетілдіріледі. Сапа стандарттарын енгізуді және тиімділігін мониторингтеуді денсаулық сақтау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде медициналық қызметкерлерді оқыту, медициналық ұйымдарды қосымша жарақтандыру жолымен қамтамасыз ететін болады.

Сапаны басқарудың оқшау жүйелерінің негізі медицина ұйымдарының ішкі аудит қызметтері болады. Олардың қызметі қатерлерді басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуден және тәуелсіз медициналық сарапшылар институтын тарта отырып, клиникалық процестердің тұрақты аудитін жүргізуден тұрады.

Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін енгізу мақсатында құпия аудитті қолдану негізінде медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін енгізу мәселесі қаралатын болады.

Бекітілген стандарттарды бұзғаны үшін медициналық қызметкерлер мен ұйымдардың жауапкершілігін арттыру қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен ықыластылығын қамтамасыз ету үшін жұртшылықты, білім беру ұйымдарын, кәсіптік бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, медициналық қызметкерлердің медициналық әдебі мен коммуникациялық дағдыларын дамытудың ұлттық бағдарламасы әзірленеді және енгізіледі.

Тұтас алғанда, медицина қызметкерлері мен ұйымдарының қызметінің және нәтижелерінің айқындығы қамтамасыз етіледі; денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік қызмет нәтижелерін, сонымен қатар тәуелсіз ұйымдармен өткізілетін медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейінің әлеуметтік зерттеуінің нәтижелері міндетті түрде БАҚ-та жариялау енгізіледі.

ДСӘДМ жанынан консультативтік-кеңесші орган - Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия құру медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жаңа институционалдық тетік болмақ, оның қызметі клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдауға бағытталатын болады.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, медициналық қызметкерлердің кәсіптік бірлестіктерінің өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және т.б. қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүдделі тараптарының өкілдері кіреді.

 

5.3.2. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуді және лицензиялауды дамыту



Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын орнықты көтеру медициналық қызмет берушілерді денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан аккредиттеуді дамыту арқылы да қамтамасыз етіледі.

Аталмыш институтты дамыту үшін ұлттық аккредиттеуге қойылатын талаптар халықаралық стандарттарға толықтай сәйкестендіріледі.  Медициналық көмектің жекелеген түрлерінің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін айқындау үшін денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттарын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл дайындалмаған ұйымдарда сапасыз қызмет көрсету қаупін, сондай-ақ стационарлардың төмен тұрған деңгейдегі стационарда немесе күндізгі станционарда емделе алатын, жеңіл патологиясы бар пациенттердің шамадан тыс болуымен артық жүктеме алу қаупін төмендетеді. Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу органы сапаны қамтамасыз ету саласындағы халықаралық аккредиттеуден өтеді және кезең-кезеңімен өзін-өзі реттейтін ұйым нысанына беріледі. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін отандық медицина ұйымдарын медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы басқа да танылған халықаралық ұйымдардың, соның ішінде «Joint Commission International (JCI)» аккредиттеуі қолдау табылады. Медицина ұйымдарының аккредиттеуден өтуін ынталандыру мақсатында әртүрлі стимулдар енгізіледі. Онымен бір мезгілде аккредиттеу мамандарын даярлау жөніндегі оқыту бағдарламалары дамытылады. Медициналық қызметкерлерді  міндетті сертификаттауды міндетті лицензиялау институтына өзгерту мәселесі зерделенеді.

Медициналық қызметкерлерді және медициналық ЖОО мен колледждер түлектерінің құзыреттеріне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін құзыреттерді тәуелсіз бағалаудың тиісті мамандандырылған орталықтары дамитын болады.

Тұтас алғанда, басқару органдарын сайлау, қатысу еріктілігі, қызметтің айқындығы мен әдептілігі негізінде ұлттық медициналық қызметкерлердің кәсіптік бірлестіктерін дамыту қолдауға, оның ішінде аккредиттеу, өкілеттіліктерді беру жолымен қолдауға ие болады.

Аккредиттелген кәсіптік бірлестіктердің негізгі мақсаты медицина ғылымы мен практикасының тиісті бағыттарын дамыту, мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайту және халыққа берілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту болмақ.

 

5.4. Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру



Медициналық көмектің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты (бұдан әрі - ҰДС) іске асырылады.

Фармацевтика саласының дамуы дәрілік заттардың қолжетімділігі, сапасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі қағидаттарына негізделген, болып жатқан интеграциялық процестер жағдайындағы денсаулық сақтау жүйесінің, қазақстандық қоғамның, фармацевтика нарықтарының заманауи талаптарын ескере отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің пациентке бағдарланған моделін құруға бағытталатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы ҰДС-мен айқындалады.

ҰДС-ны іске асыру мынадай маңызды міндеттерді:

1) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

2) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

3) дәрілік заттардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуді іске асыруға арналған іс-шаралар кешенін әзірлеуді, орындауды және тиімділігін мониторингтеуді көздейді.

 

5.4.1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету



Дәрілік заттардың қолжетімділігі кейіннен Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдерінің аумағында пайдалануға рұқсат ету үшін дәрілік заттарды кешенді іріктеу жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Осы мақсатта дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу жүйесі жетілдіріледі, тиісті өндірістік практика стандарттары (бұдан әрі - GMP) бойынша өндірілген дәрілерді тіркеу рәсімі жеңілдетіледі.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың экономикалық және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу тетіктері жетілдірілетін болады.

Шалғай аудандардағы халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы ұтқыр дәріхана пункттері жүйесі дамытылады.

Қолжетімділікті арттыру, импортқа тәуелділікті төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында отандық өндірістің дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының айналымын жүйелі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Халық үшін дәрілік заттардың экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылады.

Сыртқы және ішкі референтті баға белгілеуге, дәрілік заттарды сатып алу жүйесін жоспарлауды жетілдіруге және оларды ұтымды пайдалануға негізделген әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолымен мемлекеттік шығындардың өсуін тежеудің тиімді тетіктері енгізіледі.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етуді (АДҚ) кеңейту шеңберінде азаматтардың мұндай дәрілік заттардың құны мен өтеудің белгіленген шекті бағасындағы айырманы бірлесіп төлеуінің негізінде халықтың неғұрлым қымбат препараттарды таңдау мүмкіндігі қаралатын болады.

 

5.4.2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Лайықты фармацевтикалық практикаларды (бұдан әрі - GXP) енгізу жолымен дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылданады.

Отандық дәрілік заттардың өндірісі, дәрілік заттар логистикасы мен сақталуының сапасы 2018 жылы міндетті түрде GMP және тиісті дистрибьюторлық практика (бұдан әрі - GDP) стандарттарына өтумен қамтамасыз етіледі.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын сараптау саласындағы халықаралық талаптарға сай келетін референс-зертханалар құрылады және жарақтандырылады.

Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету де тиісті клиникалық практика (бұдан әрі - GCP) стандарттары бойынша клиникалық сынақтар өткізумен қамтамасыз етіледі. Дәрілік заттардың сапасын жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасында жаңа дәрілік заттарға клиникалық сынақтар жүргізуді қолдау, сондай-ақ клиникалық базалардың ғылыми және техникалық әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

Жоғарыда көрсетілген стандарттарға сәйкестікті бақылау мақсатында дәрілік заттар айналымы саласындағы объектілер мен денсаулық сақтау ұйымдарының тиісінше фармацевтикалық практикаларға сәйкестігін бағалау, тұрақты оқыту жүргізе отырып өндірістердің, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің, фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекцияларын жүргізу үшін мемлекеттік фармацевтикалық инспекторат дамытылады. Қазақстанның Халықаралық фармацевтикалық инспекциялардың ынтымақтастық жүйесіне (бұдан әрі - PIC/S) кіруі аяқталады.

Отандық дәрілік заттарды өндірушілер сыртқы нарыққа шығуы және CPP сертификатын алуы үшін ДДҰ сертификаттау жүйесіне кіру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ халықаралық GSI стандарттарын үйлестіру, денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандарды халықаралық GSI жүйесінде автоматты түрде сәйкестендіру бойынша оқыту жүзеге асырылатын болады.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын мемлекеттік реттеудің және сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі заңнамалық тәртіппен күшейтілетін болады.

 

5.4.3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету



Дәлелді медицинаны әрі қарай дамыту дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету үшін негіз болады.

Осы мақсатта Қазақстанның ұлттық дәрі-дәрмек формулярын (бұдан әрі - ҚҰФ) енгізу және қолдау жолымен формулярлық жүйені дамыту және жетілдіру жалғастырылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярлары ҚҰФ негізінде жасақталып, жекелеген, неғұрлым қымбат дәрілік заттарға қатысты қолданылуын тұрақты түрде мониторингтеу және тиімділігін бағалау негізінде ұдайы жетілдіріліп тұратын болады.

Денсаулық сақтау ұйымдарында қаржы қаражатын жұмсауды клиникалық-экономикалық талдау ескеріле отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдануға толыққанды мониторинг жүргізу және талдау жасау қамтамасыз етіледі.

Медициналық ұйымдарды клиникалық фармакология мамандарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылады. ҰДС орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымның меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардың мамандарын дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға жаппай оқыту бағдарламасы әзірленіп, іске асырылатын болады.

Барлық қатысушы тараптардың жауапкершілігін арттыра отырып, дәрілік заттарды өткізудің әдеп нормалары енгізіледі.

Ұлттық дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы болып қайта ұйымдастырылатын Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы арқылы медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер мен тұрғындардың дәрілік сауаттылығын арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.

Жоғарыда аталған шараларды тиімді іске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның міндеттері мен функциялары талданып, қайта қаралатын болады.

 

 



5.5. Ынтымақтастықты енгізу және қаржылық орнықтылығын
арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

 

5.5.1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу



Денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы елеулі дәрежеде денсаулық сақтауға бағытталатын қаражаттың барабар деңгейін, оларды әділ бөлуді және ұтымды пайдалануды болжайтын тиімді қаржыландыру жүйесімен байланысты.

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында бөлінетін үш деңгейлі медициналық көмек беру жүйесін құруды көздейді. Бұл ретте:

1) бірінші деңгей базалық пакетті немесе республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ТМККК ұсынады;

2) екінші деңгей Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі және мемлекеттің жарналары, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің аударымдары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің қосымша пакетін немесе тізбесін қамтитын болады;

3) үшінші деңгей сақтандыру компаниялары мен жарналарды төлеушілер арасындағы ерікті шарттық негізде айқындалатын, азаматтардың немесе жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті аударымдары есебінен қаржыландырылатын қызметтердің жеке пакетін немесе тізбесін көздейді.

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамытуда және тиімділігін арттыруда халық пен жұмыс берушілердің ынтымақтастығын дамыту мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік және жеке шығындардың өсуі салдарынан болатын қаржылық қатерлерді жою мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесі енгізіледі.

МӘМС жүйесі жұмыс істейтін халықтың, жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың аударымдары негізінде құрылатын болады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтардың жекелеген санаттары үшін жарналарды республикалық бюджет қаражатынан мемлекет төлейтін болады. Осы ретте азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша МӘМСҚ және мемлекеттік органдар арасында міндеттер бөлінісі жүзеге асырылатын болады.

МӘМС жүйесіне тұрақты қажеттілікпен және тұтынумен, басқарумен және болжаумен сипатталатын негізгі медициналық қызметтердің барлығы, яғни кенеттен шамадан тыс тұтынудың айқын қаржылық қатерін тудырмайтын қызметтер кешені берілетін болады.

Бұл ретте мемлекет МСАК-ты, яғни жедел жәрдем және санитариялық авиация, вакцинация қызметтерін, кейбір әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, наркология және психиатрия) кезіндегі медициналық көмекті, шұғыл көрсетімдер бойынша стационарлық көмекті және 2020 жылға дейін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғалар үшін амбулаториялық-емханалық көмекті қамтитын медициналық қызметтердің негізгі пакетін қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қалдырады.

Тұтастай алғанда, МӘМС енгізу шығыстардың мынадай бағыттарына:

1) қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытуға;

2) МСАК деңгейінде - ЖПД санын ұлғайтуға және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейтуге**;

3) медициналық қызметкерлердің жалақысын бағдарламалық ұлғайтуға**;

4) оңалту, паллиативті көмек пен мейіргерлік күтім жөніндегі қызметтерді кеңейтуге;

5) үздіксіз медициналық білім беруге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға;

6) негізгі қаражатты жаңартуға жұмсалатын шығындарды тарифке енгізуге* басымдық беру негізінде ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды ЭЫДҰ стандарттарына дейін жеткізумен сүйемелденетін болады.

МӘМС жүйесін дамыту шеңберінде Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) құрылатын болады, ол жүйеге қатысушылардан түсетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жарналарын шоғырландырады және медициналық қызмет көрсету үшін бірыңғай төлеуші ретінде танылады.

ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге рұқсат етуді реттеу тетіктері жетілдіріледі. Медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер меншік нысанына қарамастан МӘМС жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Шарт жасасу үшін медициналық қызмет берушілерді іріктеу көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігі өлшемшарттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды есепке алу және оларға мониторингтеу енгізілетін болады.

Медициналық қызметтерді тұтынуды төмендетуге уәждеу үшін бірлесіп ақы төлеуді енгізу қажеттілігі зерделенеді, бірақ халық үшін аурулардың қаржылық ауыртпалығы айтарлықтай ұлғайтылмайды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар халықпен және медициналық қызметкерлермен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы сүйемелденеді. Халықпен қайтымды байланыс тетіктері, оның ішінде МӘСҚ-тың құрылымдық бірлігі нысанында не одан тыс тұрғындардың өтініштерін өңдеу жөніндегі бөлім құрылатын болады. Тұрақты негізде МӘМС жүйесі қызметінің тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізіледі. Жария есептілік практикасын енгізу денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

 


жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау