chevron.com
© 2016 Chevron Corporation.
Барлық құқықтары қорғалған.
саясат 520
адам құқықтары аясындағы
саясатымыз туралы
Chevron компаниясының жұмыс істейтін жерлерде адам
құқықтарына құрмет білдіру міндеттемесі «Chevron
компаниясының жолында», «Өндірісті оңтайландыруды басқару
жүйесінде» және «Кәсіпті жүргізуде» және «Этикалық кодексте»
көрініс табады. Chevron компаниясы осы міндеттемесін қамтып
көрсете отырып, 2009 жылы адам құқықтары аясында
корпоративтік саясатты қабылдады.
Біздің ойымызша адам құқықтарын қорғау және орындалуын
қамтамасыз ету үкіметтердің басты міндеті болғанымен, біз адам
құқықтарына құрмет білдіруге міндеттіміз және жұмыс істейтін
қауымдастықтарда оңды рөл атқара аламыз. Осы мақсатта,
біздің халықаралық мәмілелерде кәсіпті жүргізу тәртібіміз,
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға бірдей
декларациясының» жалпы бағыты мен мақсатына; кәсіпте
қолданылатын, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек
саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар
декларациясына»; және «Қауіпсіздік және адам құқықтары
бойынша ерікті қағидаларды» қоса, басқа да қолданылатын
халықаралық қағидаларға сәйкес келеді.
Біз жұмыс істейтін көптеген елдер мен қауымдастықтарда,
әлеуметтік мәселелер күрделі әлеуметтік-экономикалық және
қауіпсіздік мәселелерінің біршама кеңдеу жиынтығының бір бөлігі
болып табылады және біздің кәсіптің көптеген аспектілерінде
қолданыла алады. Сондықтан Chevron компаниясында адам
құқықтары бойынша мәселелерді басқару тек бір қызметке емес,
керісінше күшіміздің жиынтығына негізделген. Біздің
корпоративтік саясаттарымыз, басқару процестеріміз, қоғамдық
инвестициялық бағдарламаларымыз және ерікті бастамаларға
қатысуымыз бірін-бірі толықтырады және бірлесіп жұмыс істеуге
және адам құқықтарына құрмет білдіру міндеттемемізді
күшейтуге арналған.
Chevron компаниясының «Адам құқықтары аясындағы саясаты»
адам құқықтары мәселелері бойынша бүкіл компанияны
ақпараттандыру деңгейін көтеруге жәрдемдеседі және біздің
кәсіпке қатысы бар төрт салада адам құқықтары бойынша
мәселелерді анықтау және басқару мүмкіндігімізді арттырады:
қызметкерлер, қауіпсіздік, қауымдастық және жеткізушілер.
Сондай-ақ, саясат төмендегі әрекеттерді де орындайды:
•
Еңбек қарым-қатынасы, келісімшарт жасасу және өнімді
сатып алу, өндірістік тиімділік және қауіпсіздік жөнінде
белгілі бір саясаттарды қамтитын, біздің адам құқықтары
аясындағы құндылықтар мен міндеттемелерді қолдайтын,
ағымдағы саясаттарымызды, процестерімізді және қызмет
түрлерін күшейтеді.
•
Адам құқықтары мәселелері анағұрлым кең таралған,
операциялық ортаға тән, кәсіби дайындық пен операцияға
қойылатын жаңа талаптар таңдауын анықтайды.
•
Тікелей басшылықтың саясатты іске асыру және корпорация
міндеттемесінің басқаруды қажетті ресурстармен, қолдаумен
және шолумен қамтамасыз ету бойынша нақты
жауапкершілікті орнатады.
Chevron компаниясының барлық қызметкерлері негізгі
элементтері төмендегідей болатын, осы саясатқа сәйкес
болуы міндетті:
•
Қызметкерлер – біз барлық қызметкерлерге құрметпен және
адамгершілікпен қараймыз және жұмыс орнында сан
алуандылықты көтермелейміз. Компаниямыздың саясаттары
мен процедуралары қолданыстағы барлық ішкі заңдарды
ұстанады және бірлестіктерге бірігу еркіндігі және ұжымдық
келіссөздер жүргізу, кемсітушілікке жол бермеу, мәжбүрлі
еңбек ету және жұмыс орнында кәмелетке толмаған
қызметкерлердің болуына қатысты ХЕҰ-ның негізгі еңбек
қағидаларына сәйкес келеді.
•
Қауіпсіздік – біз қызметкерлер мен мүліктерді қорғаймыз және
іскерлік операцияларды сәтті жүргізуге болатын қауіпсіз
ортамен қамтамасыз етеміз. Қызметтік салалардағы қауіпсіздік
бойынша қағидаларымыз бен басқару процестеріміз
«Қауіпсіздік және адам құқықтары бойынша ерікті қағидаларға»
сәйкес келеді.
•
Қауымдастық – біз адам құқықтарына төмендегідей
құрмет білдіреміз:
−
Жұмыс істейтін қауымдастықтардағы әлеуметтік-
экономикалық дамуға қосқан үлесіміз арқылы
−
Қауымдастықтар және хабардар мүдделі тараптармен
белсенді екі жақты тұрақты байланыстың дамуына ықпал
ету арқылы
−
Барлық ірі инвестициялық жобалар, сондай-ақ сезімтал
операциялық ортада қолданыстағы операциялар үшін біздің
корпоративтік «Қоршаған орта, әлеумет және денсаулық
әсерін бағалау» (Environment, Social and Health Impact
Assessment,
ESHIA) процесіміз арқылы
−
Сәйкес келетін сыртқы ұсынымдармен келісетін
корпоративтік тәжірибелеріміз арқылы
•
Жеткізушілер – біз жеткізушілерімізді өз қызметкерлерін
емдеуге және қауымдастықпен адам құқықтарына құрмет
білдіре отырып, қарым-қатынас жасауға және осы саясаттың
ерекшелігі мен мақсатына сәйкес болуға шақырамыз. Біз
негізгі жеткізушілеріміздің қолданыстағы барлық ішкі
заңдарды ұстағанын және ХКҰ-ның негізгі еңбек
қағидаларымен сәйкес келуін талап етеміз. Сонымен қатар,
біз негізгі жеткізушілерімізбен адам құқықтары аясындағы
ықтимал мәселелерді ақпараттандыруды күшейту үшін
бірлесіп жұмыс жасаймыз.
Саясатты іске асыру 2010 жылдан басталды.