«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы
358. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға бағытталған.
359. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы мынадай критерийлерге сай келетін:
1) бюджет алдында берешегі жоқ және 2 жыл бойы жылдың соңына оң теңгерімдік сальдосы бар;
2) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын;
3) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама шыққанға дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында шығын шеккен кәсіпкерлерге ұсынылады.
360. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышының шеңберінде халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде кәсіпкер шеккен шығындардың бөлігін өтеу жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 361-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
361. Құрауыш шеңберінде өтеуге ұсынылған соманың 50%-ын құрайтын, бірақ бір өтініш берушіге үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде кәсіпкерлердің негізделген және құжаттамамен расталған шығындарын өтеу көзделеді.
Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.
362. Құрауыш шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:
1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
9) құрауыш операторынан өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады.
363. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
364. Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына қабылданған өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
365. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
366. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту
Достарыңызбен бөлісу: |