бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар бойынша 36 баспасөз-туры өткізілді.
Қазақстан
Республикасының барлық өңірлерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін дәрістер, шеберлік
сыныптары өткізілді, оларда 1650 адамнан астам оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасын түсіндіру бойынша 360 мың дана лифлеттер шығарылды.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Айталық, 2014
жылғы 1 желтоқсанда облыс орталықтары мен ірі қалаларда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету
орталығы ашылды, оларда 68 мың кәсіпкерге 111 мыңнан астам консультация берілді.
Моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 27 мыңнан астам кәсіпкерге 50,3 мың
консультация берілді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы 161 кәсіпкерлікті қолдау
орталығында 36,3 мың клиентке 62,8 мыңнан астам консультация берілді. Өңірлік деңгейде 14
ұтқыр кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, оларда 16,8 мың кәсіпкерге 26,8 мың
көшпелі консультация көрсетілді. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметіне
сервистік қолдау көрсетіледі. Айталық, 45,6 мың кәсіпкерге 159,6 мың қызмет көрсетілді, бұл
ретте осы жұмысқа 52 сервистік компания тартылды.
Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс шағын және орта
кәсіпкерлікті нысаналы қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуге тиіс.
Бағдарлама шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша
қаржыландырылуға қол жетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық
елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың
жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.
Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің
қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері және микроқаржы
ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің
кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру,
микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.
Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің өндірістік
қуаттылығын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар
кәсіпкерлерінің жобаларына жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу шаралары жүзеге асырылатын
болады.
Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің
бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті
дамыту өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа
өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту
міндеттерін шешеді.
Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік
компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және
банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру шаралары жүзеге
асырылатын болады.
Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және
индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму
банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік
беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын
қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдіктердің кредиттікке
өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/
лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетел валюталарында субсидиялау
жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешу кәсіпкерлікті
ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің
өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.
Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы
бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде
кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту,
мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған
кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық
шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс
технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ
кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге
асырылатын болады.
Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар
орнату және отандық өңделген тауарларды жылжыту жүзеге асырылатын болады.
4. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру
нәтижелерінің көрсеткіштері
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016
№ 515
қаулысымен.
4.1 Бағдарламаның мақсаты
1. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс
орындарын құру болып табылады.
4.2 Нысаналы индикаторлар
2. 2020 жылға қарай қол жеткізілетін Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:
1) ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5%-ға жеткізу;
2) ШОК өнімін шығару көлемін 2014 жылдың деңгейінен 1,5 есеге ұлғайту;
3) белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту;
4) ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту.
4.3 Міндеттері
Ескерту. 4.3-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
(
№ 234
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
№ 370
енгізіледі); 31.08.2016
қаулыларымен.
№ 515
3. Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына жету үшін жұмыс мынадай төрт
бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа
бизнес-бастамаларын қолдау;
2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге
асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;
3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету.
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа
бизнес-бастамаларын қолдау.
Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін
қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының
өндірістік қуаттарын ұлғайту;