Мәдениет және Спорт



жүктеу 47,5 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі47,5 Kb.
#31950
нурдилда агай ЭССЕ


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

“Мәдениет және Спорт ” факультеті




Тақырыбы:


Кредиттік оқыту технологиясы окытудың жүйесі
Қабылдаған: Рысбаев Н

Тобы: МС 18 3k2

Орындаған: Әуесбек Н
Шымкент 2020
      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.04.20 № 152 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 25-тармақшасын іске асыру мақсатында


БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрі      
міндетін атқарушының     
2007 жылғы 22 қарашадағы   
N 566 бұйрығымен бекітілген  

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесі 1. Жалпы ережелер


      1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларының халықаралық танылуын, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың жұмылғыштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.

      3. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.

      4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір пән көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және үлгі оқу жоспарлары негізінде кредиттермен айқындалады.

      5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын жинақталған кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.

      6. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:


      1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, практикаларды өткізу күнтізбесі;
      2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;
      3) білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
      4) академиялық дәреже (Degree) - білім алушылардың қорытынды білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;
      5) академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына (50 мин) немесе студиялық сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 мин) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 мин), сондай-ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;
      6) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
      7) оқу пәніне жазылу (Еnrоllmеnt) - білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;
      8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
      9) білім алушыларды аралық аттестаттау (Ғіnаl Eхamination) - білім алушының бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
      10) кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;
      11) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (ол ағымдық, рубеждік және қорытынды) - жоғары оқу орны өзі айқындайтын бақылаудың әртүрлі нысанымен және аттестаттаумен білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру;
      12) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
      13) тіркеу бөлімі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;
      14) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізбесі;
      15) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
      16) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы;
      17) білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі;
      18) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді;
      19) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік
жүктеу 47,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау