Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (бұдан әрі - Даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығын 2010 ж. 19 наурыздағы № 958, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, 21 шілдедегі № 118 Қазақстан Республикаы Президентінің Жарлығымен бекітілген елдің аумақтық – кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамдық схемасы бағдарламаларын орындау мақсатында әзірленген.
Даму бағдарламасы халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын көтеруге бағытталған, ол даму межесін қалыптастырудағы аймақты дамыту саясатына жағдай жасаудың қисындық жалғасы болып табылады. Құжат аймақты орнықты және теңгерімді дамыту арқылы экономиканы көтеруді бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен бәсекелестік Стратегиясын дамыту экономика саласын дамытуға бағытталған негізгі тұрғыда шоғырланған.
Даму бағдарламасы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының қазіргі жағдайына талдау жасалып, күшті және әлсіз тұстары, қауіп-қатері мен даму мүмкіндіктері анықталды.
Даму бағдарламасының іс-шаралары қолда бар артықшылықтар және де қауіп-қатер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып, орнықты әлеуметтік, экономикалық және инфраструктуралық даму жағдайында халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға бағытталған. Стратегиялық мақсат экономиканың барлық саласының дамуын қамтамасыз ету, инженерлік инфраструктураның тиімділігін, әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік саланы барлық ішкі және сыртқы әсерлерді пайдалана отырып, ауданның халқына қолайлы жағдай жасау.
Аймақтың жалпы сипаттамасы.
2.1. Табиғи потенциалы.
Зайсан ауданы 1928 жылы құрылған, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1997 жылы аудан аумағына Шілікті ауылдық округі қосылған. Аумағы- 10,4 мың. кв. км.
Аудан Қытайдың Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағымен шекаралас.
Әкімшілік орталығы – Зайсан қаласы.
Ауданда 9 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округ, 1 қала округі бар.
Халық саны– 38,1 мың адам. 2015 жылдың 1 қаңтарына этникалық құрамы: қазақтар – 96,7 %, орыстар – 2,5%, басқа ұлттар – 0,8%.
Ауданның аумағы су ресурстарына бай. Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.
Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.
Ауданда тас көмірдің кен орны және сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.
Транспорттық комплексті автомобиль және әуе қатынасы құрайды.
Аймақтың ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жүйесі – 460 км.
Автомобиль жолының қатты қабатты бөлігінің жалпы автомобиль жолының ұзындығына үлесі 43,7% құрайды.
Аймақтың аумағынан Омск – Майқапшағай автомагистралі өтеді.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы нақты секторда да, әлеуметтік салада және инфраструктура комплексінде де оң өзгерістермен сипатталады.
2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаттамасы.
2.2.1. Экономикалық даму.
2.2.1.1 Агроөнеркәсіптік кешен
Ауданның экономиканың дамуында басты роль агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. Оның дамуы аудандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейін анықтаудағы шешуші фактор.Аграрлық сектордың үлесіне ауданның ішкі жалпы өнімінің 72%-ына тиесілі.
Ауданның ауыл шаруашылығы негізінен мал шаруашылығы, дамыған өсімдік шаруашылығымен қоса.Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 74,5 %-ын мал шаруашылығы құрайды.
Ауданда 1312 ауыл шаруашылық субъектілері тіркелген, оның ішінде мал шаруашылығы бағытында – 214 шаруашылық субьектілері, өсімдік шаруашылығы саласында 255 шаруашылық субьектісіу тіркелген.
Ауданда етті ірі қара,қой, жылқы, құс және марал шаруашылықтары ойдағыдай дамуда. Мал шаруашылығының саласының ішінде жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда, соңғы үш жылда осы малдардың өсу қарқыны 13,1 %-ды құрап отыр.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 25,5% өсімдік шарауашылығы саласына тиесілі. Өсімдік шаруашылығының өнімдері негізінен суармалы жерлерде өндіріледі.
Шаруашылықтың барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымының 43,8%-ы дәнді астыққа майлы дақылдарға 9,8%-ы тиесілі. Қалған 33,5 % мал азығындық дақылдар, 8,7% -ы картоп, 4,7%-ын көкөніс бақша дақылдары құрайды.
2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10737,3 млн. теңгеден 13718,7 млн. теңгеге өсті, немесе 127,8 % өсті.
1-кесте
2012-2014 жылдардағы физикалық көлемінің өсу динамикасының индексі
Көрсеткіштер/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
физикалық өнім көлемінің индексі
|
103,2
|
112,0
|
98,9
|
оның ішінде
мал шаруашылығы, %
|
106,4
|
104,9
|
97,6
|
өсімдік шаруашылығы, %
|
93,7
|
137,9
|
103,1
|
2012-2014 жылдардағы физикалық көлемінің өсу динамикасының индексінің диаграммасы
1-сурет.
2012 жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 3,2 % өсіп, 63244 басты құрады, қой мен ешкі саны 2% өсіп, 134986 басты құрады, жылқы саны 4,7 % өсіп, 13753 басты құрады. Мал шаруашылығы өнімін өндіру ет-14096,8 тонна, (өсім 8,9%), сүт – 40165,6 (8,9% төмендеген), жұмыртқа – 6036,5 мың дана (өсім 32,7%) құрады.
Мал шаруашылығы негізінен ұсақ шаруашылықтардан тұрады. Мал басының негізгі бөлігі (93 %-ға дейін) тұрғындардың үйі жанындағы шаруашылықтарында және ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған. Үй шаруашылықтарында барлық жұмыс қолмен атқарылады.
Қазіргі кезде малдардың асылдандыру және асыл тұқымды шаруашылықтар құру жұмыстары жүргізілуде. Алайда, асыл тұқымды мал басының өскеніне қарамай, жалпы мал санындағы асыл тұқымды малдарының үлесі өте төменгі деңгейде: ірі қара малы бойынша – 1,8%, қойда – 3,4%, жылқыда-5,1%.
Сараптама көрсеткендей мал шаруашылығы саласы экстенсивті жолмен дамуда, былайша айтқанда мал басының өсуі арқылы өнімді көбейтуде. Ауданда халықтың мал өнімділігіне қажеттілігі толық қамтамасыз етілген.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өсуіне саланы қаржылай қолдау шараларының қабылдануы, қосымша мал бордақылау алаңдарының және асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылуы, қажетті ірі сабақты және құрама жемдердің дайындалуы әсер етті.
2-кесте
2007-2010 жылдардағы негізгі мал шаруашылығы көрсеткіштерінің өзгеруінің динамикасы
Наименование показателей
|
2012
|
%
өткен
жылға
|
2013
|
%
өткен
жылға
|
2014
өткен
жылға
|
%
өткен
жылға
|
Мал басы (мың , бас):
|
|
|
|
|
|
|
Ірі қара
|
61,3
|
100,2
|
59,4
|
96,9
|
63,2
|
106,4
|
қой-ешкі
|
132,3
|
99,7
|
133,2
|
100,2
|
135
|
101,4
|
Жылқы
|
13,1
|
104,2
|
13,7
|
104,4
|
13,8
|
101
|
Марал
|
0,22
|
100
|
0,23
|
104,5
|
0,23
|
100
|
Құс
|
51,8
|
128,2
|
52,5
|
100,2
|
52,7
|
100,4
|
Малдардың өнімділігі:
|
|
|
|
|
|
|
1 сауын сиырдан сауылған сүт,кг
|
1679
|
91,7
|
1832
|
109,1
|
1757
|
95
|
1 қойдан қырқылған жүн, кг
|
3,2
|
96,9
|
3,3
|
103,1
|
2,5
|
76
|
100 бас аналықтан алынған төл:
|
|
|
|
|
|
|
бұзау, бас
|
72
|
88,9
|
85
|
118
|
85
|
101,7
|
қозы, бас
|
98
|
107,7
|
98
|
100
|
85
|
85
|
құлын, бас
|
83
|
98,9
|
86
|
103,6
|
73
|
85,8
|
Өнім өндіру, мың. Тонн
|
|
|
|
|
|
|
ет,тірі салмақта
|
9,3
|
120,7
|
9,9
|
106,4
|
11,7
|
117
|
ет, сойыс салмағында
|
4,9
|
89
|
5,3
|
108,1
|
6,2
|
116,9
|
Сүт
|
36,2
|
116
|
36,3
|
100,2
|
38,4
|
104
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
3,1
|
106,8
|
3,2
|
103,2
|
3,4
|
97,1
|
жүн, тонн
|
209
|
105
|
231
|
110,5
|
283,8
|
123,4
|
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2012 жылы 69,408 млн. тенге, 2013 жылы 150,417 млн. тенге, 2014 жылы 137,558 млн. тенге көлемінде республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі ауданда 20 мал азығын әзірлеу алаңдары жұмыс жасайды. 2012 жылмен салыстырғанда 4 алаңға артық.
Мал шаруашылығына бөлінген субсидия көлемінің ұлғаюы нәтижесінде асыл тұқымды мал саны ұлғайған. 2012 жылмен салыстырғанда ірі қара етінің үлесі 1200 мың тоннаға немесе 111,6% ұлғайған.
Өсімдік шаруашылығында айдалатын егістік жерлерді ұлғайту жөнінде шаралар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі-836,2 мың га немесе барлық жердің 80,1% -ын құрайды.
Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі айдалатын егістік жерлердің үлесі 34,5 мың га (4,1 %), көпжылдық шөптер 3,0 мың га (0,35 %), шабындықтар 53,8 мың га (6,4 %), жайылымдықтар 747,9 мың га (89,1%).
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне барлығы 308,1 мың га, оның ішінде айдалатын егістік жер 24 мың га, шабындықтар 27,3 мың га, жайылымдық 256,8 мың га бекітіліп берілген.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс құрылымындағы дәнді астықтың үлесі -43,8% құрайды.
Күнбағыс егістігінің көлемі ауданда соңғы 2 жылда орташа 1,0 мың гектарға кеміді. Аудандағы шаруашылықтарда топырақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты күнбағыстың өнімділігі 7,4-9,9 ц/га құрайды.
Күнбағыс дақылының дәнін өндіру ауданда 2014 жылы 1,3 мың тонна болып, 2013 жылғы деңгейден 1 мың тонна кем болды. Күнбағыс дақылының дәнін өндірудің кемуі оның егіс көлемінің кемуіне байланысты.
Ауданда өндірілетін күнбағыс дәні аудан халқын өсімдік майына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді, басым бөлігі (35 %) ауданнан тыс жерлерге өткізілуде.
Мал шаруашылығын берік мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында мал азығындық дақылдардың егіс көлемі артуда.Сараптама жасап отырған мерзімде ауданда мал азығындық дақылдардың көлемі 2 есеге артып, 6,0 мың га құрады, егіс құрылымдарындағы мал азығындық дақылдардың үлесі 33,5 % құрайды.
Ауданда есепте 28,5 мың га суармалы егістік болса оның суаруға жарамдысы 19,6 мың га, оның жылына 17-18 мың гектары пайдалануда. Бүгінгі күнге ауданда 6-6,5 мың га суғаруға жарамды жерлер пайдаланылмауда, жердің топырақтық мелиоративтік жағдайына байланысты 2 мың га, қалған жерлер суару жүйелерінің жарамсыздығынан пайдаланылмауда.
Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтауға аудан дихандарына 2014 жылы 108,9 млн. теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.
Қолданылған шаралар және ауа райының қолайлы жағдайы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға ықпал етті. Аудан бойынша орташа әр гектардан дәнді астықтан 15 картоптан-142, көкөністен-170, бақшадан-210, күнбағыстан – 8,5 центнерден өнім алынды.
Дегенмен, саланың жұмыс нәтижесі көпшілігінде ауа райы, климаттық жағдайларға тәуелді. Ерте түскен бірақ суық көктем, ауа-райының құбылмалылығы барлығы егін шаруашылығының өнім көлеміне әсер етеді.
3-кесте
2012-2014 жылдардағы егіншіліктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
көрсеткіштер атауы
|
2012
|
%
өткен
жылға
|
2013
|
%
өткен
жылға
|
2014
|
%
өткен
жылға
|
Егіс көлемі, мың. га
|
15,6
|
110,6
|
17,2
|
110,2
|
17,7
|
103,0
|
а) дәнді астық
|
5,4
|
103,8
|
6,6
|
122,2
|
7,9
|
119,7
|
б)күнбағыс
|
3,5
|
120,6
|
3,2
|
91,4
|
1,5
|
46,9
|
в) мал азықтық дақылдар
|
3,0
|
103,4
|
4,6
|
153,3
|
5,7
|
124,0
|
г) картоп
|
1,43
|
100
|
1,4
|
97,9
|
1,6
|
114,3
|
д) көкөніс,бақша
|
0,145
|
83,3
|
0,148
|
102
|
0,758
|
512,2
|
Суармалы егістік
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде,тұрақты
сауарылатыны
|
|
|
|
|
|
|
Орташа түсім,
|
18,3
|
139,6
|
12,7
|
69,3
|
17,4
|
137,0
|
дақылдар, цен/га
|
7,4
|
112,1
|
7,0
|
94,5
|
8,1
|
116,0
|
а) дәнді астық
|
138
|
138
|
106
|
76,8
|
142
|
134
|
б) күнбағыс
|
145
|
83,8
|
148
|
102
|
168
|
114,0
|
в) картоп
|
|
|
|
|
|
|
г) көкөніс
|
9,5
|
155,7
|
6,7
|
70,5
|
13,8
|
2 раза
|
Өнім өндіру,
мың. тонн
|
2,5
|
131,5
|
1,8
|
72
|
1,2
|
67,0
|
дәнді астық
|
19,3
|
146,2
|
14,9
|
77,2
|
22,4
|
150,3
|
күнбағыс
|
9,8
|
134,2
|
10,8
|
110,2
|
10,7
|
99,1
|
Картоп
|
-
|
-
|
1
|
100
|
1
|
100
|
көкөніс
|
15,6
|
110,6
|
17,2
|
110,2
|
17,7
|
103,0
|
бақша
|
5,4
|
103,8
|
6,6
|
122,2
|
7,9
|
119,7
|
Тұқым шаруашылығы
|
3,5
|
120,6
|
3,2
|
91,4
|
1,5
|
46,9
|
Ауданда 13 картоп-көкөніс сақтайтын сиымдылығы 1,5 мың тонналық қоймалар бар, оның ішінде жұмыс істейтіні 16, сиымдылығы 1,75 мың тонна. Аудандағы қолда бар картоп-көкөніс сақтайтын қоймалардың 2-і ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өз қаржыларына салынды.
Қазіргі таңда ауданда 990 трактор және 20 комбайн бар. Ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету деңгейі 60% құрайды.
АӨК –ін техникалық жағынан сапалы жарақтандыру мақсатында 2013 жылы 5 «Беларусь» 82,1 тракторы, СК-5 «Есиль 740» және «Вектор» астық комбайны, ҚХР –ның 20 шағын тракторлары жалпы құны 63,8 млн. теңгеге сатып алынды. 2014 жылы 10 «Беларусь» тракторы,1 «Енисей» астық комбайны, ҚХР –ның 43 шағын тракторлары жалпы құны 79265,4 млн. теңгеге сатып алынды.
SWOT анализ:
Күшті жақтары:
1.Өндірістік мүмкіндіктің барлығы;
2.Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы;
3.Аудан халқының негізгі азық-түлік түрлерімен, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі;
Осал жақтары:
1.Өндірістің ұсақ болуы;
2.Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғылардың физикалық және моральды тозуы;
3.Суармалы егістіктің тиімділігінің төмендігі;
4.Асыл тұқымды малдардың үлесінің төмендігі;
5.Мал азығы қорының жетімсіздігі;
6.Ауылдық тұтыну кооперативтерінің және сервистік дайындау орталықтары желілерінің дамымауы;
7.Көпшілік ауыл шаруашылық тауар өндірушілердегі негізгі және айналмалы қорлардың жетімсіздігі;
8.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің несиелік ресурстарға қол жетімсіздігі;
9.АӨК –дегі маман кадрлардың жетімсіздігі;
Қауіп:
1.Құрғақшылыққа және табиғи апаттарға байланысты ауданның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төну;
2.Ауданның облыс орталығынан қашықта орналасуына байланысты инвестициялар тартудағы қиыншылықтар;
3.Малдардың аса қауіпті ауруларды
Мүмкіндіктер:
1.Агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
2.Бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
3.Техникалық жарақтандыру деңгейін көтеру;
4.Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру;
5.АӨК дамытуға көзделген шараларды іске асыру (тауарлы сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын салу)
6.Ауылдық тұтыну кооперативтерінің және сервистік дайындау орталықтарының желісін дамыту.
2.2.1.2. Өнеркәсіп
2014 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 6512 млн теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 48% өскен.
2012-2014 жылдардағы өнеркәсіптегі табиғи көлем индексі және
тауарлы өнімдерді өндіру көлемдерінің өзгеру
динамикасы
2 сурет
2014 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндірісінің көлемі 5162,5 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 194,8 % өскен.
Ауданның тау-кен өндірісі бойынша көмір өндірумен «Сайқан» ЖШС-гі және мұнай-газ өндірі саласы бойынша «Тарбагатай-Мунай» ЖШС айналысады.
3.2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлы өнімдерді өндіру көлемі мен табиғи көлем индексінің өзгеру
динамикасы
4. Динамика производства важнейших видов продукции горнодобывающей промышленности за 2012-2014 годы
Тау-кен өндірісінің
табл. 6
№
|
Өнімнің атауы
|
Өлшем бірлік
|
жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Көмір өндірісінің көлемі
|
мың.тонн
|
68,2
|
67,8
|
51,1
|
2
|
ТБИ
|
%
|
114,2
|
99,3
|
75,4
|
Өңдеу өнеркәсібінің басым бөлігін төмендегі салалар құрайды: тамақ өнеркәсібі, сусындарды қосқанда, металл емес басқада өнімдер.
2014 жылы өңдеу өнеркәсібі 987,3 млн. тенгені құрап 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 88 % құрайды. Табиғи көлем индексі 92,1% құрады.
5. 2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі
негізгі тауарлы өнімдерді өндірудің динамикасы
2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі тауарлы өнімдерді өндірудің динамикасы төменде көрсетілген.
2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі
негізгі тауарлы өнімдерді өндірудің динамикасы
4- кесте
№ р/с
|
Өнімнің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Годы
|
|
|
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
2
|
3
|
5
|
5
|
6
|
1
|
Рафинадталмаған күнбағыс майы
|
Тонна
|
924
|
384
|
1896
|
2
|
Минералды және газдалған су
|
мың литр
|
281,1
|
197,9
|
189,6
|
3
|
Алкогольсіз сусындар
|
мың литр
|
7,2
|
42
|
|
4
|
Өсімдік және дәнді дақыл ұны
|
Тонна
|
432
|
108
|
1044
|
5
|
Жаңа піскен нан
|
Тонна
|
360
|
60
|
804
|
6
|
Резина және пластмасса өнімдерін өндіру
|
кг
|
53834
|
121676
|
42298
|
7
|
Басқада металл емес өнім өндірісі (кірпіш)
|
мың куб метр
|
5,5
|
14,1
|
4,2
|
8
|
Бетон өнімдері (плитка, плиталар, кірпіштер)
|
Тонна
|
14991
|
25799
|
22056
|
9
|
Тауарлы бетон
|
Тонна
|
18933
|
28417
|
11173
|
Тамақ өнімдерін өндіруде, оның ішінде сусындарды Зайсан ауданы бойынша ЖШС «Зайсан сулары», ЖШС «СК Зайсан» үн шығару заводы, ЖШС «Зайсан сүт» сүт өнімдерін шығару заводы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, кіші кәсіпорындар қатысады.
2014 жыл қорытындысы бойынша бұл салада 283,1 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, 2013 жылдың деңгейінен 1,4%-ға өскен.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында, негізінен ескі тозған технологиялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген кіші кәсіпорындардан тұрады.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде өндіру процесінде механизация мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі негізгі шешімін таппаған мәселе болып табылып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға және әлемдік стандартқа көшуге мүмкіндік бермеуде.
Құрылыс материалдарын өндірумен «СМУ-Шыгыс» мекемесі айналысады.
Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіруде КГКП «Зайсан» мекемесі, ВКРЭК, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-і жұмыс атқарады.
Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіру саласындағы негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы
5-кесте
№ р/с
|
Өнімнің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Электр энергиясы
|
мың кВт.с
|
1762,8
|
10609,8
|
4463,4
|
2
|
Табиғи су
|
мың куб.м
|
633,4
|
33558,1
|
41813,6
|
2013 жылы бұл салада 262,2 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, электр энергиясымен жабдықтаудың табиғи көлем индексі 333,5 % құрады, сумен жабдықтау 601,8%-ды құрады.
Бұл салада шешімін таппаған мәселелер:
электр энергиясы жетіспеуінің өсуі;
электр энергиясына жоғарғы тарифтер;
электр энергиясына балама көздерді (күн, жел) пайдалану үлесінің төмендігі.
Саланың жағдайын бағалау төмендегі SWOT-сараптамада
Күшті жақтары:
Өзіміздің табиғи шикізат базасының болуы;
Өндіріс потенциалының болуы;
Экономикалық тиімді географиялық орналасуы, ҚХР-ға жақын болуы.
Осал жақтары:
Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;
Ішкі нарықтың аз көлемі;
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
Негізгі қорлардың моральдық және материалдық тозуы.
Қауіптер:
Басқа аймақтар кәсіпорындары тарапынан бәсекелестіктің болуы.
2. бизнестегі жоғары операциялық шығындар.
2.2.1.3. Туризм.
Туризм саласында Зайсан ауданы қолайлы өңір. Зайсан ауданының негізгі
саласы аграрлық болып келгенмен, ауданда экономикалық тұрғыда туристік шоп турлар (Қытайға емдік туризм, балық аулау, аң аулау) негізгі болып табылады.
Аудан бір жағынан Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.
«Майқапшағай» кедені арқылы ауданда орналасқан «Айжан»тур, «Жібек жолы», «Востоктурсервис» фирмалары арқылы көрші елге бір күндік, жұмалық, айлық туристік сапарлар ұйымдастырылып тұрады. Зайсан ауданы географиялық жағынан туристік маршруттар ашуға өте қолайлы, биік Сайхан, Сауыр, Мұзтау таулары, қылқан жапырақты орман, ағынды Кендірлік, Үйдене, Теректі, Жеменей тау суы өзендері, Бозайғыр құмы, Зайсан көлі. Аудан аумағында Арасан-Талды шипалы емдік мекені және Шілікті, Шаған-Оба қорғаны бар. Аудан арқылы респуликалық деңгейіндегі Омск-Майғапшағай автокөлік жолы өтеді, жұмасына 2 рет ауданға облыс орталығынан самолет ұшады.
«Шілікті қорғанын» қазу барысында, Қазақстандағы үшінші «Алтын адам» табылды.
Аудан орталығы Зайсан қаласы тарихи қала, өйткені мұнда назар аударарлық орындар бар. Сонымен қатар, аудан аумағында көптеген тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан.
Зайсан ауданында туристік қызметті дамыту үшін, мемлекеттік қолдау және биік Сайхан, Сауыр, Мұзтау таулары, қылқан жапырақты орман, ағынды Кендірлік, Үйдене, Теректі, Жеменей тау суы өзендері, Бозайғыр құмы, Зайсан көліне инвестициялар тарту қажет.
Негізгі мәселелердің SWOT сараптамасы:
Күшті жақтар:
1.Ауданның экономикалық-географиялық тиімді орналасуы;
2.Ландшавтың алуан түрлілігі;
3.Әр түрлі туристік маршруттар бар(жаяу тау туризмі, аңшылық, балық аулау);
4.Қымызбен және шұбатпен емдеу мүмкіндіктерінің қайта жаңғыруы;
5. Майқапшағай кеден бекеті.
Осал жақтар:
1.Ауданда дамыған туризм инфроқұрылымының болмауы, жолдардың нашарлығы;
2.Кәсіби басқару және қызмет ету мамандарының болмауы;
3.Туристік мүмкідіктерді жарнамалайтын құралдардың жетіспеуі.
Мүмкіндіктер:
1.Туризімнің бәсекелес инфроқұрылымының құру;
2.Тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі;
3.Сыртқы және ішкі туризімнің дамуына байланысты бюджетке кіріс кіреді.
Қауіп:
1.Өзіндік ішкі ресурстардың болмауы, туризимді дамытуға арналған қаржының аздығы.
2. Туризм саласында қызмет ететін мамандардың болмауы.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
Бүгінде аймақта шағын кәсіпкерлік экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын бизнес тұрғындардың басым көпшілігін қамтып, аудан бюджетіне салық түсімдерінің қомақты үлесін түсіріп, тауар және қызметтің кең өрісін қалыптастырады. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері облыста серпінді дамуы осы саланың оң беталысының айғағы.
2015 жылдың 01 қаңтарына аудан бойынша 2445 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,4%-ға артты.
Тіркелген шаруа қожалықтарының саны – 1259, өткен жылмен салыстырғанда 96,4%-ды құрады, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен аудан бюджетіне 184,9 мың теңге салық түсімдері түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,4%-ға артық.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2012-2014
жылдардағы көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
6-кесте
Көрсеткіш атауы
|
2012 ж.
|
20013 ж.
|
2014 ж.
|
Тіркелгендер саны, дана
|
2830
|
2886
|
3031
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
|
2736
|
2214
|
2445
|
Белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
|
2702
|
2214
|
2445
|
Жұмыс істейтіндердің саны, адам
|
2857
|
2395
|
2626
|
Салық түсімдерінің сомасы, мың теңге
|
146023
|
149890
|
184946
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы
Заңды тұлғалар - 2,3%
Жеке кәсіпкерлер - 56,2%
Шаруа қожалықтары – 41,5%
6-сурет
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2014 жылы аудан бюджетіне 184946,0 мың теңгенің салық түсімдері түссе, 2013 жылмен салыстырғанда 23,4%-ға артты.
Шағын орта бизнесті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі аудан әкімінің 2007 жылғы 28 ақпандағы №43 өкімімен жұмысшы тобы құрылған.
2014 жылы жұмысшы тобының 4 отырысы өткізілді.
Шағын және орта бизнес саласын бағалаудағы жағдайы бойынша жүргізілген SWOT-сараптама:
Күшті жақтары:
Шағын және орта бизнесті дамытуға заңдылық негіздерінің болуы;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің аудан халқының қомақты бөлігін
құрайтындығы.
Осал жақтары:
1. Айналымдағы өз қаражаттарының жетіспеушілігі
2. Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және тәжірибелік дайындығы, білікті
мамандардың жетіспеушілігі
Салық салу кезінде кәсіпкерліктің дамуы, қызмет түрі және аяғына
тұру уақытына саралаудың жоқтығы.
Қауіптер:
Кредиттік ресурстарға қол жетімділіктің шектелуі несие алу
сомасының мөлшеріне кепілдік мүлкінің жетіспеушілігі немесе оның жоқтығы, банк сарапшыларымен кепілдік мүлкін бағалау кезінде бағалаудың төмендетілу факторларымен негізделген;
Бизнестің жоғары операциялық шығындарының қатынасы;
Нақты секторда кепілдіктің жоқтығынан бизнес ашу мүмкіндігінің
болмауы.
Мүмкіндіктер:
1.Шағын орта кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік қаржы-несиелік қолдаудың
серпінді дамуы;
2.Рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік шығындардың қысқартылуы.
2.2.1.5. Сауда
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бөлшек тауар айналымының көлемі 3782,2 млн теңгені құрап, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 8,3%-ға артық.
Зайсан ауданында 13 сауда үйі, 21 азық- түлік дүкендері, 127 әмбебап сауда дүкендері, 5 сауда базары, 22 қоғамдық тамақтану орталықтары қызмет жасайды. Ауданда сауда кәсіпорындарының саны 2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.
Сауда көлемінің даму серпінінен тауар айналымының тұрақты өсу тенденциясын байқауға болады.
Бүгінгі күні ауданда сауданың дамуында нақты бағыт байқалмаған, ішкі сауда өз ретімен дамуда.
Шешілмеген мәселелер:
сауда саласындағы қызметті реттеуде заңдылықтармен қамтамасыз етілудің
әлсіздігі;
сауда нарығында көлеңкелі қаржы айналымының жоғары деңгейі;
ішкі сауда инфраструктурасының дамуының жеткіліксіз деңгейі.
Ауданда 22 қоғамдық тамақтандыру және 38 халыққа қызмет көрсету
кәсіпорындары бар, 2013 жылы 105,3 млн теңгенің қызметі көрсетіліп, 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғары. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде артық үлесін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары алады.
Сауда саласындағы бағалаудағы жағдайы бойынша жүргізілге SWOT-сараптама:
Күшті жақтары:
1.сауда көлемі және аудан халқының қамтамасыз етілуінің дамуының оң
серпіні;
2.бөлшек сауда нарығында қалыптасқан қатысушылардың болуы;
Осал жақтары:
1.Сауда бойынша заңдылықтың нашар қамтамасыз етілуі;
2.Қаржы айналымының жетіспеушілігі;
Қауіптер:
1.Шетел тауарларына тәуелділігі, азық-түлік, сондай-ақ шаруашылық тауарлары бойынша;
2.Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі себепті шығарылған тауарларға сұраныстың төмендігі.
Мүмкіндіктер:
1.Кедендік одаққа кіруге байланысты тауар нарығының даму келешегі;
2.Сауда жүйесіндегі бәсекелестікке қабілеттіліктің, бәсекелестіктің өсуі;
3.Тұтынушы тауарларымен ішкі нарықтың толықтырылуы.
2.2.1.6. Негізгі капиталға салынған инвестиция.
Негізгі каптиалға жұмсалған инвестиция көлемі 2014 жылы 16954,3 млн теңгені құрады, өткен 2013 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға төмендеді.
7. Зайсан ауданы бойынша негігі капиталға салынған
инвестиция көлемінің өзгеру динамикасы (млн теңге)
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған
инвестиция көлемінің өзгеру
динамикасы
7-кесте
Жылдар
|
2012
|
% өткен жылға
|
2013
|
% өткен жылға
|
2014
|
% өткен жылға
|
Барлығы аудан бойынша млн теңге
|
16434,8
|
113,8
|
15851,1
|
96,4
|
16954,3
|
106,9
|
Республикалық бюджет
|
2033,5
|
190,1
|
3503,4
|
172,3
|
3051,7
|
87,1
|
Жергілікті бюджет
|
322,2
|
64,1
|
399,4
|
124
|
740,7
|
185,4
|
Меншік қаражаты
|
642,1
|
140,6
|
1966,9
|
306,3
|
1567,7
|
79,7
|
Несие қаражаты
|
13437,1
|
108,3
|
9981,4
|
74,3
|
11594,2
|
116,1
|
SWOT-сараптама:
Күшті жақтары:
1.Әлеуметтік объектілер (мектептер, ауруханалар), тұрғын үйлер және АӨК объектілерін салуға қолайлы ортаның болуы;
Осал жақтары:
1. Шетел және жеке капитал тарту белсенділігінің төмендігі.
Мүмкіндіктер:
1.Ірі кәсіпорындардың ашылуына байланысты ауданның өзін-өзі қаржыландыруға көшуі;
2.Прогрессивті лизингті инвестициялық қолдауды дамыту.
Қауіпті жақтары:
1. Басқа аудан кәсіпорындары тарапынан бәсекелестіктің болуы.
2.2.1.7. Аумақтың инновациялық дамуы.
2012 жылдың 4-ші тоқсанында «СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатын-темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыттарын ұлғайту 100 % өндірістік қуаттылыққа көшті.
2011 жылдан бастап «Сарыбұлақ-Майқапшағай трубопровод магистральінің құрылыс» жобасы басталды.
Индустриалды-инновациялық даму жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар:
1. «СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатын-темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыттарын ұлғайту және модернизациялаудың 2-ші сатысы. Жобаның ортақ құны 411 млн. теңге. Жоба аймақтық индустриялизациялау картасына енгізілген.
2. ЖШС «Тарбағатай - Мұнайдың», «Сарыбұлақ-Майқапшағай трубопровод магистральінің құрылысы».
SWOT-талдау:
Күшті жақтар:
1.Меншікті шикізат базасының болуы;
2.Өндірістік потенциалдың болуы;
Осал жақтар:
1.Еңбек өнімділігінің төмендігі;
2.Ішкі нарық көлемінің аз мөлшерде болуы;
3.Квалификациялы кадрлардың жетіспеушілігі.
Мүмкіндіктер:
1.Жұмыстарды жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Қауіп:
1.Басқа аймақтардағы кәсіпорындармен бәсекелестіктің болуы, бизнестің
операциялық шығындарының сәйкесті жоғарылығы.
2.2.1.8. Қоршаған ортаның жағдайы.
Ауданда жеткілікті әлеуеттік табиғи ресурстары бар.
Аудан облыс ішінде анағұрлым сумен қамтамасыз етілген өңірге жатады.
Зайсан қаласындағы атмосфералық ауаның ластануына пеш жағып жылытудағы, қазандық, мекемелердің шығындылары негізгі факторлары болып табылады. Қоршаған ортаның нашарлау жағдайына қатты-тұрмыстық қалдықтар мен қозғалыс құралдарының шығындары әсер етеді. Сонымен қатар, ауданның Семей ядролық полигоны сынақтарының зардаптарына шалдыққандығы әсер етті.
Қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың басты бағыттарының бірі қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қайта өңдеу және қалдықтарды пайдаға асыру технологиясын енгізу, тазарту қондырғылары бар кәріз желісінің құрылысын салу болып табылады.
Бүгінгі күнге ең өзекті мәселелер болып атмосфералық ауаның ластануының жоғарлауы, Семей ядролық полигонының сынақтары зардаптарының экологиялық мәселелері, тазарту қондырғылыры мен кәріз желісінің болмауы, қатты-тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигонның болмауы қалып отыр.
Аймақтың ормандары ағаштардың құрамы және табиғаттық климат ерекшелігі өрт шығу қаупінің жоғары деңгейімен және өртке қарсы алдын алуды қамтамасыз ету шараларын және тұтану ошақтарын жою шараларын жоғары деңгейде назарда ұстауды қажет етеді.
Бұл жағдайларда, ағаш көшеттерін отырғызу арқылы ормандардың табиғи қалпына келтіру шаралары басты назарда болады.
Саланың даму жағдайы бағалануы келесі SWOT сараптамада келтірілген:
Күшті жақтар:
1.Ормандарды сақтандыруды қамтамасыз ету;
2.Орманмен жабылған алаңдарды біртіндеп өсіру;
3.Орманды өрттен, олардың зиянкестерінен және ауруларынан қорғауды жақсарту.
Осал жақтар:
1.Энергия көздерінің балама көздерін өндіру қажетті деңгейде жүргілмейді;
2.Көшеттерді жеделдетіп өсіру технологиясының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
1.Қайталап екінші рет өңдеуді енгізу және қалдықтарды пайдаға асыру арқылы табиғи ресурстарды үнемдеп, қалдық көлемін азайтып энергияны сақтау саясатының іске асырады;
2.Табиғи ресурстарды пайдаланғануға азаматтардың саналы қарауын қалыптастыру.
3.Ағаш-тұқымдық және көшеттік шаруашылықтарды ұлғайту;
Қауіп:
1.Қалдықтардың көдеюінің жалғасуы, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу және қалдықтарды пайдаға асыру технологиясының жоқтығы.
2.Табиғи-климаттық жағдайдың күрт өзгеруі;
3.Энергия тасығаштардың бағаларының тұрақсыздығына байланысты жанар-жағар май бағаларының өсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |