Бағдарламасы зайсан қаласы, 015 жыл мазмұны ағымдағы жағдайға талдау. Табиғи потенциалы



жүктеу 1,39 Mb.
бет3/4
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27448
түріБағдарламасы
1   2   3   4

2.2.2. Әлеуметтік сала.

2.2.2.1. Білім беру.


Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайы нақты секторы сияқты әлеуметтік аясының оң нәтижелі даму серпінімен сипатталады.

Аудан мектептерінің оқушылары жаңа заман оқулықтарының және қайта басылған оқулықтар мен оқу құралдарының контингентінен 100%-ға қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ демографиялық және көші-қон үрдісіне байланысты аз комплектілі ауыл мектептерінің өсуі мен толық комплекті мектептерінің санының азаюы және оқушы контигентінің қысқару үрдісімен байқалады.

Ауданда 11 бала бақша онда 903 бала тәрбиеленуде, шағын орталықтардағы 22 толық күн өтілімен жұмыс жасайтын топтар бала контингенті 1050 бала және жарты күн өтілімен жұмыс жасайтын шағын орталықтардағы 7 топтағы бала контингенті 168. Балапан бағдарламасы аясында Зайсан ауданы бойынша 750 жаңа орынға мемлекеттік тапсырыс түскен.

Мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету дейгейі 99,9 %, 2013 жылдың дейгейімен салыстырғанда 10 % артық. 1953 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, алайда 01.01.2015 ж бастап 523 бала кезекте тұр.

2013 жылдан бастап бала бақшаларға өтініштерді қабылдау толығымен автоматтандырылған.

8-кесте

Мектепке дейінгі мекемелер желілерінің өсу динамикасы


МДМ саны

Шығын орталықтар саны

МДМ балалар қамтылуы

ШО балалар қамтылуы

Балалардың жалпы қамтылуы %

1.01. 15ж кезекте тұрған адам саны

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

7

7

11

44

44

45

539

621

903

1090

1095

1050

97,7

99,9

99,9

523

2014-2015 оқу жылдары ауданда 28 мектеп және 5 мектептен тыс ұйымдар қызмет етеді. 2013 жылмен салыстырғанда оқушы контигенті 87 оқушыға өсіп, 6039 баланы құрады.


9-кесте

2012-2014 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін

желілерінің өзгеру динамикасы



2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мектеп саны

Оқушы саны

Мектеп саны

Оқушы саны

Мектеп саны

Оқушы саны

28

6269

28

5952

28

6039

Ауданда апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептер жоқ, 1 мектеп арнаулы жабдықталған ғимаратта отыр. 2014 жылдың желтоқсан айында М. Дауленов атындағы орта мектеппен интернат-мектебінің қосылуы салдарынан 300 орындық интернатпен қосқанда 600 орындық мектеп эксплуатацияға берілді.

2015 жылдың 1 қаңтарына ауданның 27 орта мектептердің 7 интернет желісіне қосылған, ол 28,5 % құрайды.
10-кесте

2012-2014 жылдар аралығындағы мектептердің пән кабинеттері және құрал-жабдықтарымен жабдықталу динамикасы


жылдар


мультимедиялық

Кабинеттер



Физика кабинеті

Химия кабинеті

Биология

кабинеті


саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

2012 г.

17

58,6

15

57,7

7

26,9

8

30,8

2013 г.

17

60,7

15

57,7

11

42,3

8

30,8

2014 г.

17

62,9

15

57,7

14

56,0

11

44,0

Ауданда 2014 жылы 68 жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар бар, 77 бала қамқоршылыққа берілген.

Ауданда қаладан тыс демалу лагері жоқ.

Бір білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасалған, ауданда 65 мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Білім беру саласының жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау жүргізілді:

Күшті жақтар:

1.Бала-бақша желілерін ұлғайту және шағын-орталықтарын ашу;

2.Мектепке дейінгі мекемелерге балалармен қамту өсімі;

3. 100 % ыстық тамақпен қамту;



Осал жақтар:

1.Мектепке дейінгі біліммен толық қамтамасыз етілмеу;

2.Демографиялық және көші-қон үрдістерінің себебінен мектеп оқушыларының контигентінің қысқаруы;

3.Білім беру мекемелерінің метериалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі, соның ішінде мектеп асханаларының техникалық жабдықтары.



Мүмкіндіктер:

1.Мектептің материалдық базасын нығайту;

2.Мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамтыуын өсіру;

3.Қосымша білім беруді дамыту.




2.2.2.2. Денсаулық сақтау

2012-2014 жылдар аралығында ауданымызда демографиялық жағдайдың оң барысы байқалады: халықтың туу дәрежесінің 1000 тұрғынға шаққанда (2012ж.) 21,34-н (2014ж.) 20,5 дейін өсуі, өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда соңғы 3 жылда 8,51-7,28 төмендеді; 1000 тұрғынға шаққандағы халықтың табиғи өсу коэфиценті 2012 ж «+12,83» қарағанда 2014 ж «+13,22» өсу қарқыны байқалады.



8-сурет
ШҚО Зайсан ауданы бойынша туу мен өлімнің қозғалысы.


Аудандағы демографиялық жағдай оң сипат алуда: 2014 ж қорытындысы бойынша аудандағы туу денгейі 20,5 көрсетіп облыстық көрсеткіштен жоғары болды (16,67); өлім денгейі 7,2 құрап, облыстық көрсеткіштен (11,62) төмен болды.

Аудандағы тұрғындардың жастық құрылымы 50 жас және жоғары 24,4 %, аталған жағдай аудандағы әйелдер мен ерлердің күтілетін жас ұзақтығы денгейіне көрініс береді: 2014 ж. бұл көрсеткіш жоғарлап 66,1 құрады, ал 2012 ж. 65,9 болғандықтан олбыстық көрсеткіштен – 67,2 төмен болды.

Аймақтағы экологиялық жағдай халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде, сонымен қатар облысымыздың шекаралас болуы және белсенді миграциялық процесстер де халықтың денсаулығына әсерін тигізуде.

Аудандағы бала туу жасындағы әйелдер 24,5% құрайды, әйелдер мен балалардың денсаулығының төмендігін қалыптастырып репродуктивтік денсаулықтың мәселелерін тудырады. Соңғы 2 жылда ана өлімі тіркелген жоқ.

Аудан бойынша жас нәрестелер өлімінің көрсеткіші оң сипат алуда, былтырғы жылмен салыстырғанда 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 2012 ж. бұл көрсеткіш 13,3 (2012ж) 9,1 дейін төмендеді, бірақ 2012 жылы енгізілген тірі және өлі туудың халықаралық критерилерін енгізуге байланысты облыстық көрсеткіштен (2012ж.-15,8) жоғары болды.

9-сурет


ШҚО Зайсан ауданы бойынша жас нәрестелер мен ана өлімінің сипаты


Жас нәрестелер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындайтын әр түрлі жағдайлар болып табылады. Нәрестелер өлімінің құрылымында екінші кезекте туа біткен потологиялар шығады, яғни жүргізілген ерте диагностиканың (жүкті әйелдерді туа біткен потологияларға тексеру скринингі) жеткіліксіздігі, облысымыздағы және аудандағы қолайсыз экологиялық жағдайлар.

5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткішінің төмендеуі байқалады, яғни 2012 ж. 17,5 ден 2010 ж. 9,1 дейін болып 2014 ж. облыстық көрсеткіштен төмендеді.

Ауданымызда Қазақстан Республикасының өкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсанындағы №1325 қаулысымен бекіген 2008-2010 жж. арналған балалар мен ана өлімін төмендету бағдарламасын жүргізу жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру үстіміздегі кезеңде босандыру орындарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарттып 81,1% көрсетті, балалар мекемесінде 47,48% құрады. Сонымен қатар, жүктілік пен босандыруды жүргізуде жаңа технологияларды, перинаталдық көмектің аймақтандырылуын енгізуге мүмкүндік берді.

Көптеген аурулардың кластары бойынша аудандық денгейдің артуы байқалады: тыныс алу жолдарының аурулары, несеп жыныс жүйесі, қан айналу жүйесі.

Өткен жылдар бойынша халықтың әлеуметтік маңызды аурулардан өлуі мен таралу көрсеткіштерінің өсуі байқалады.

Ауданда түбекрүлез ауруы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 ж. 84,5, 2013 ж- 61,6, 2014-26,4, облыс көрсеткішінен төмен – 101,1.



10- сурет
Аудан және ШҚО бойынша түберкүлез ауруымен аурушаңдық

(100 мың. тұрғын.)


Түберкүлезден қайтыс болғандар 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы 2,7, 2013ж -2014 ж аралығында өлім тіркелмеген, облыс көрсеткіші 12,0.
Аудан және ШҚО бойынша

түберкүлезден қайтыс болғандар көрсеткіші

(100мың. тұрғынға.) 11 –сурет


Тіркелгендер арасында жұмыссыздар және әлеуметтік бейімделмеген топтардың қатарындағылардың аурушаңдық салмағының артқаны байқалады, аурудың дәріге төзімділік түрімен аурушаңдығы артқаны да байқалады.

2013 жылы түберкүлез ауруы балалар мен жасөспірімдер арасында 2 жағдайға азайған, 2014 жылы тіркелмеген.

Ауруды дер кезінде анықтау үшін ауданның жалпы емдеу ұйымдары шешу қаблеттілігі жоғары бинокулярлық микроскоптармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Түберкүлез бойынша бағдарламаны орындау барысында атқарылған іс шараларға қарамастан, ауруларға әлеуметтік көмек көрсету (тұрғын үй бөлу, жолақы қаражатын төлеу, балаларды қосқанда түберкүлезбен ауыратын науқастарға тамаққа қаржы бөлу) өзекті мәселе болып қала береді.

Ауданда қатерлі ісік ауруымен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы 162,7- ден 2014 жылы 128,8, облыс көрсеткішінен төмен – 276,2.

Ауданда және ШҚО қатерлі ісік ауруымен аурушаңдық

(100мың. тұрғын.)

12 -сурет



Ауданда қатерлі ісік ауруының өлім көрсеткішінің 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы 106,7- ден 2014 жылы 68,6 –ге артқаны байқалады, бірақ облыс көрсеткішінен төмен - 154,8.

Амбулаториялық жағдайда жаңа диагностикалық әдістерді енгізу арқылы, аурудың алғашқы сатысында анықтау бағытында тұрғындарды аладын ала текстеру жүргізіледі.


Ауданда және ШҚО қатерлі ісік ауруының өлім көрсеткіші

(100мың. тұрғын.)

13 -сурет



Тұрғындар ауруларының арасында әлеуметтік маңызы бар аурулармен қатар қан айналымы аурулары аса маңызды болып табылады. Жалпы өлімнің 1,4% пайыздан басым салмағы қан айналымы ауруларынан қайтыс болғандардың үлесінде (ҚАА).

Қан айналымы ауруларының өлім көрсеткішін төмендету мақсатында ауданда қардиология бөлмесі ашылып, жоғары дәрежелі дәрігер жұмыс істейді. Ауданның кардиологиялық науқастарына клиникалық- диагностикалық көмек жақсартылды. Соның нәтижесінде науқастар каранарографияға және жүректің ишемиялық ауруларымен хирургиялық ем алуға (шунттауға, стенттеуге) облыстық кардиологиялық бөлімдерге, республикалық кардиохирургиялық орталықтарға жолдамамен жіберілуде.

Жедел каранарлық синдроммен науқастарға тромболитикалық ем жүргізу енгізілген.

Кардиологиялық науқастарды емдеуге 50 пайыз жеңілдікпен дәрі- дәрмектер таратылуда, санымен қатар, аудандағы емдеу- сауықтыру мекемелерінің дәрігерлерімен қайтыс болғандығы туралы анықтаманың дұрыс және нақты толтырылуы бойынша аудандық терапевт, кардиологтың бақылауы жолға қойылған.

Соның нәтижесінде қан айналымы ауруының өлім көрсеткіші 2012 жылы- 162,7 –тен 2014 жылы -78,9-ке төмендеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін саланың профилактикалық бағыты нығайтылған, жеке топтағы тұрғындарды профилактикалық тесерумен қамту артып келеді, азаматтардың және бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігін көтеру мақсатында іс шаралар атқарылуда.

2010 жылдың наурыз айынан бастап ауданда СӨСҚ бөлмесі жұмыс істейді, ол облыстық СӨСҚ орталығының филиалы болып есептеледі.

Соңғы 3 жылда АҚТҚ инфекциясы тіркелген жоқ.

Ауданның тұрғындарына амбулаториялық – поликлиникалық көмекті 9 ұйым, оның ішінде 9 мемлекеттік меншіктегі мекеме көрсетеді.

Аудан халқына дәрігерлікке дейінгі көмекті көрсету 1 ФАП, 12 медициналық пункттер (ары қарай МП) арқылы жүргізіледі, 12 жеке ғимаратсыз медициналық қызметкер (ары қарай ЖҒМҚ), яғни бұлар толыққанды медициналық пункт ретінде қызмет атқару үшін ғимарат бөлуді қажет етеді. Аудан халқының мемлекеттік емдем-профилактикалық ұйымдарының төсектермен қамтылуы 2012ж. 25 құрады, 2013 ж. 5 яғни 10000 тұрғынға шаққанда 2009 ж. облыстық көрсеткіштен 71,4-тен төмендеді.




ШҚО және аудан бойынша (10 мың. тұрғынға шаққанда) төсекпен қамтылу.

14-сурет


Стационар алмастырушы көмек дами түсті, амбулаторлық поликлиникалық ұйымдарда күндізгі стационардың 42 төсегі жұмыс істейді. Көрсетілетін көмектің жоспарланған көлемінің 3 есе артуына байланысты қаржыландыра отырып штаттық бірлікке сәйкес медициналық персоналдармен қамтамасыз ету қажет. 2014 ж. жедел медициналық көмек көрсетуге халықтың сұранысы 13084 өсті. Шұғыл жағдайларға шақырту 58,8% өсті. 2013-2014 ж.ж 1000 тұрғынға шаққандағы халықтың жедел медициналық көмек көрсетуге шақырту 380,3, облыстық көрсеткіштен 427,0 төмен. Ауданда барлық емдеу-профилактикалық ұйымдарда МККСБК тексерісі бойынша бекітілген кезеңдік емдеу және диагностикалы протоколдар енгізілді.


Аудан бойынша денсаулық сақтаудың және МККСБК шығындары
(
МККСБК мың.теңге)

15 - сурет




Аптекалық ұйымдар орналаспаған тұрғылықты жерлерде халыққа дәрілік көмек көрсету БМСК обьектілері жүзеге асырылады.

Аудандық денсаулық сақтауда күрделі мәселе ретінде мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету қалады. 01.01.2015ж. дәрігерлер саны-70, орта медициналық қызметкерлер 238. Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 2014ж. 100% көрсетті.

2014 ж. соңында кадр жетіспеушілігі 9 дәрігерге жетіп, соның ішінде 2, жыл көлемінде 5 дәрігер жұмысқа қабылданды, оның ішінде 2 ОТД, 1-акушер гинеколог, 2-хирург.

Дәрігерлік кадрлардың қартаю тенденциясы байқалады:50 жастан асқандар – 56,3%, 30 жасқа дейінгілер 15,5%. 25 жылдан асқан еңбек стажы бар мамандардың меншікті салмағы артып 56,3% құрады, бұл өз кезеңінде жас мамандардың келуінің азайуын көрсетеді.

SWOT-анализ:



Күшті жақтары:

1.Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту, тууды жоғарлату өлімді төмендету,

табиғи өсуді арттыру;

2.Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында халаққа медициналық көмек көрсетудің сапасын және қолжетімділігін жақсарту;

Осал жақтары:

1.Халықтың денсаулығына әсер ететін экологиялық жағдай;

2.Нәрестелер өлімінің жоғары болуы;

3.Дәрігерлердің жетіспеуі;

4.Көрсетілетін медициналық көмектің сапасының жеткіліксіздігі;

5.Медициналық жабдықтар мен қамтудың төмен денгейі және медициналық мекемелердегі типтік ғимараттардың болмауы.



Қауіптер:

1.Саланы толдыққанды қаржыландырмау медициналық құрал-жабдықтардың едәуір тозуына, сондай-ақ, медициналық ұйымдардың ғимараттарының да тозуына әкеліп соғады, бұл ауруды дер кезінде диагностикалауға, сондай-ақ тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын да төмендетеді.

2. Мамандар жетіспеушілігінің артуы.

Мүмкіндіктер:

1.Әлеуметтік маңызы бар аурулармен - қатерлі ісік аурушаңдығымен, түберкүлез аурушаңдығын қоса тұрғындардың аурушаңдық деңгейін төмендету, аймақтың экологиялық проблемалары және денсаулық сақтау мәселелеріне сектор аралық қатынастың аз әсер етуі, тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктерінің жетіспеушілігі.


2.2.2.3.Халықты әлеуметтік қорғау.

Халықты әлеуметтік қорғау саласының ахуалын талдау кезінде ауданда соңғы 3 жылда әлеуметтік қамсыздандыру сферасының динамикасының дамуын көрсетеді. Әлеуметтік саланың дамуына тұрақты түрде бюджеттен бөлінген қаржының өсуі, аз қамтылғандардың санының төмендеуі, жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздардың үлес салмағының 0, 1 % төмендеуі.

Соңғы үш жылда еңбек нарығындағы ахуал төмендегі бағытта құрылды; жұмыс күшінің ұсынысы жұмыс берушілердің жұмыс қолынан сұранысы артық. Ауылдық жерде жұмыс күшіне сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынуының теңсіздігінен бос жұмыс орындары жоқ болып табылады.

2013 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 9,1 %- ға азайып, 2014 жылдың аяғында 1990 адам құрады.



16-сурет

2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 576 алушыға төленді, 20013 жылмен салыстырылғанда алушылар саны 19,3 %-ға азайды.

2015 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 703 жанұяға, оның ішіндегі 1941 балаға балалар жәрдемақысы төленді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 7 % -ға төмен (балар жәрдемақысын тағайындау және төлеу 2006 жылдан басталды).
Аз қамтылған азаматтар санының динамикасы

17 сурет


2010 жылы тұрғын үй көмегі 89 жанұяға төленді, 2008 жылы - 109 жанұяға көрсетілді. 2010 жылы бұл көмектің орташа көрсеткіші 1079 теңгені құрады (2008 жылы-1288 теңге болған).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмысқа қабілеттілердің үлес салмағы 2010 жылы 2008 жылмен салыстырылғанда 1,2 %-ға азайып, 31,2%-ды құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2014 жылы 2012 жылмен салыстырылғанда көбейіп 3278 теңгеден 3639 теңгеге дейін өсті.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге ай сайын 5 және 2 мың теңгеден коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақылар төленеді.

Тұрақты түрде ҰОС ардагерлері мен мұгедектеріне және оған теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету екі бөлімшеде 215 адамға көмек көрсетіледі, оның ішінд 102 жалғыз басты қарт адамдар, мүмкіндіктері шектеулі 113 балалар.

SWOT – сараптама

Күшті жақтары:

1.Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер саны 1,3 %-ға төмендеуі

және төлемақының орташа мөлшері 1,7 %-ға өсуі атаулы көмектің атаулылығын көрсетеді.


  1. Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 3% дан 2,5%-ға

төмендеуі.

Осал жақтары:

1.Кедейшіліктен төмен тұратын халықтың үлес салмағы орташа облыстық деңгейден 0,6 пайызға артып тұр.

2.Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері орташа облыстық мөлшерден 61 теңгеге артық.

3.Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері орташа облыстық мөлшерден 26 теңгеге артық.



Қауіп:

1.Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың мемлекет тарапынан берілетін көмектерге масылдық пиғылда болуы.



Мүмкіндіктері:

1.Жұмыспен қамтудың белсенді тәсілдерін пайдалану, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберу, ақылы қоғамдық жұстарға орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ кедейшілік «пулынан» бұл категориядағы халықты шығару үшін аудандық бағдарламаларды әзірлеу.

2.Халықтың нақты кірісінің өсуі.

3.Әлеуметтік қызмет көрсету секторында мемлекеттік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру.




2.2.2.4.Мәдениет.

Соңғы жылдары мәдениет саласы қарқынды дамуда. 2012-2014 ж ж мәдениет саласының қызмет жасауына бөлінген қаржы көлемі 484,3 млн. теңгені құрады, соның ішінде 2012 ж-152,2 млн.теңге , 2013ж-166,7 млн.теңге, 2014 жылы -165,4 млн. теңге құрады. 2012-2014 жж 48,5 млн.тенге бөлініп 6 мәдениет ғимараттары жөндеуден өтті.

12-сурет


п/п


Атауы

Жүзеге асу уақыты

Сумма (мың тенге)

Оның ішінде

РБ

ОБ

ЖБ

1

Қарабұлақ ауылдық клуб шатырын ағымдық жөндеу

2012

2550,0







2550,0

2

Қарабұлақ ауылдық клуб қоршауын ағымдық жөндеу

2012

1550,0







1550,0

3

Шілікті ауылдық клуб шатырын ағымдық жөндеу

2013

3957,0







3957,0

4

Қаратал ауылдық клубының жылу жүйесін ағымдық жөндеу

2013

1400,0







1400,0

5

Қаратал ауылдық клубының ғимаратын ағымдық жөндеу

2013

20226,0

20226,0







6

Зайсан аудандық мәдениет үйінің шатырын ағымдық жөндеу

2014

18829,0

16946,0



1883,0






барлығы




48512,0

37172,0




11340,0

Мәдениет нысандар саны 2014 жылы -21 бірлікті құрады, оның ішінде 11 клубтық ұйым, 9 кітапхана, 1 мұражай, 1 видеомобиль жұмыс атқарады.

2012 жылы мәден ошақтар үйінде 568 әр түрлі мәдени шаралар өткізілді, 2013 жылы 582, 2014 жылы 600 мәдени шара жүргізілді.

2014 жылы кітапхана қызметкерлерімен 165 кітап көрмесі ұйымдастырылды, 65кітап шолу, 37 түрлі шаралар өткізілді.

13-сурет




Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

1

Кітапханаларға келушілер саны

адам

89 480

90 029

90 048

2

Кітапханалық жүйе қоры

дана

104 353

105 088

105 818

Ауылдық кітапханалардың компьютермен жабдықталуы мен интернет жүйесіне қосылмауы облыстық кітапханалардың қорларына кіру мүмкіндігін шектейді.

Қаржы көзінің жетіспеушілігі ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіру, мұжажайлар мен кітапханалардың қорларын цифразациялау, жоғары деңгейлі реставратор-мамандарды жұмылдыру, компьютерлік бағдарламалармен қамтуға толық мүмкіндік бермеуде.

Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жасалды:



Күшті жақтары:

  1. Мәдениет нысандарына келушілердің деңгейінің өсуі;

  2. Халықты нысандар қызметімен қамтамасыз ету дәрежесінің өсуі;

  3. Мәдениет саласы қызметкерлерінің санының өсуі.

Әлсіз жақтары:

1. Күрделі және ағымдағы жөндеуге қаражаттың жеткілікті бөлінбеуі.



Мүмкіншіліктер:

1.Әлеуметтік аз қамтылған топтар өкілдеріне тегін қызмет көрсету мәдениет қызметін қол жетімді етеді.



Қауіптер:

1.Материалды –техникалық жабдықталудың төменділігі;

2.Мәдени қызметкерлердің қатарының ұлғайған жаста болуы орын алады, әсіресе кітапханалық қызмет жүйесінде.
2.2.2.5. Тілдерді дамыту.

Ауданда тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Аудан халқының

1.01.2015г., адам жағдай бойынша ұлттық құрамы

14-кесте

Адам саны



казқтар

орыстар

татарлар

немістер

украин

белорус

чечен

кореы

уйғыр

басқасы


38142

36879

949

202

2

1

1

-

2

43

63

процент %

96,7

2,5

0,5
















0,1

0,2

Ауданда жалпы білім беретін 27 мектеп, оның ішінде 25 қазақ мектебі, ал 2 аралас мектеп.

Ауданда тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Аудан халқын негізінен қазақ ұлты құрайтындықтан, ауданда мемлекеттік тілді үйрету үйірмелері жұмыс істемейді.

Ауданда жалпы білім беретін 27 мектепте оқитын 6039 баланың 5909 қазақ тілінде оқиды, оның ішінде 93 оқушысы орыс тілінде оқиды, ал 37 оқушы басқа ұлттың оқушылары.

Ауданда білім саласы бойынша тілдерді оқытуға байланысты, оқыту сапасын арттыру үшін оқушыларға арналған оқу құралдары, оқытудың бірінші деңгейі үшін электрондық оқулар, сөздіктері, үйірме жетекшілері үшін мәтіндер жинағы әзірленіп бекітілді.

Ауданда қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс үдерісін одан әрі кеңейту және тереңдету үшін алғы шарттар жасалған. Бұл тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамның үйлестірілген мақсатты бағытталған күш жұмсауының нәтижесінде қол жетті.

Мемлекеттік органдардың оңтайлы қызметтік-лингвистикалық кеңістік құру жөніндегі қызметі бірнеше үрдістерге байланысты болады.

Біріншіден, еліміздің дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа тәсілдерді жасау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Ұлттың әрі қарай тұрақты дамуы үшін, ең алдыменұлт адында тұрған стратегиялық міндеттеррді бірыңғай түсіну негізінде аудан тұрғындарын шоғырландыру қажет.

Екіншіден, Қазақстанның қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру нәтижесінде Қазақстанның дүниежүзімен саяси-экономикалық жүйедегі рөлінің өзгеруі.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі қажеттілікке сай қолданылады.

Мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге 2012 жылы – 250 мың теңге, 2013 жылы – 300 мың теңге, 2014 жылы 300 мың теңге қаржы бөлінді.

Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жасалынды.

Күшті жақтары:

1.Мемлекеттік тілмен аудан халқының тілдерін оқытудың

инфрақұрылымы кеңейді;

2.Мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі

құрылды;

3.Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты;

4.Көптілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы

кеңеюде.


Осал жақтары:

1.Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жоқ;

2.Тілдік сала нормативтік-құқықтық заңдылықтармен қамтамасыз

етілмеген.



Мүмкіндіктер:

1.Аудан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде

мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

2.Көптілді орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке

мемлекеттік тілді енгізу;

3.Аудан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.



Қауіптер:

1.Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар

екендігі;

2.Аудан халқының тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.



2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт


Зайсан ауданында 25 спорт түрінен секциялар жұмыс істесе: оның олимпиадалық түрі 22, қысқы спорт түрі-3.

15-кесте




Көрсеткіштің атауы

2012

2013

2014

1

Тұрғындар саны, адам

37099

37929

37926

2

Денешынықтыру және спортпен айналысатын хатыл саны, адам

8858

10392

12038

3

Денешынықтыру және спортпен айналысу деңгейі %

23,9

27,4

31,7

4

6 мен 18 жас аралығындағы адамдар ішінде денешынықтыру және спортпен айналысатындардың үлесі

1218

1410

1748

5

Спорт объектілерінің саны, дана

89

99

104

2012 жылы спорттық құрылымдар саны 89 дана, 2013 жылы 100 дана, 2014 жылы 928 дана болды.

Ауданда 41 физкультура коллективі бар, оның 29-ы мектептерде тіркелген. Аудан мектептерінде сыныптан тыс спорт секциялары жұмыс істесе, балалар футбол, волейбол, баскетбол, армреслинг, стол теннисі, жеңіл атлетика, шаңғы, бильярд және ат спортына қатысуда. Жыл сайын ауданда жоспарлы түрде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып отыр. 2010 жылы ауданда балалар және жасөспірімдер «Сайхан» спорт клубы құрылып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне беріліп, жұмыс істеуде. Клубқа аудан әкімінің ұсынысымен 10,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жаттықтырушылар штаты, автокөлік және спорт құрал-жабдықтары алынып жұмыс істеуде.

16-кесте




Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

1

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға кеткен шығындар

млн.тг

35,9

41.3

68.3

2

Өкізілген спорттық іс шаралар

дана

83

85

88

3

Облыс әкімінің сыйлығына ұлттық ойындар бойынша жетістіктер

орын

III

IV

II

Жыл сайын Президенттік тест нормалары физкультура коллективтерінде қабылданады. Ауданда білім бөлімімен бірлесе отырып балалар арасында спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында, мектеп оқушыларының спартакиадасы өткізіліп келеді. 2014 жылы өткен балалар мен жасөспірімдердің Облыстық V жазғы спартакиадасында ауданымыз жүлделі 2-ші орынға ие болса, облыс әкімі жүлдесіне арналған ХІҮ-халықтық спорт ойындарында аудан командасы 2-орынға ие болды. 2014 жылы 1500 орындық ипподром, спорттық модуль, шағын футбол алаңы, спорт залы пайдалануға берілді.

Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жасалынды.

Күшті жақтары:

1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыру.

2.Қолайлы климаттық жағдай жасау.

Осал жақтары:

1.Материалдық-техникалық жағынан қамтылудың төмендігі;

2. Спорттық объектілер мен спортзалдардың жетіспеушілігі.

Қауіп:

1.Ауылдық жерлерде спорттық ғимараттардың, спортттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктер:

1.Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер туғызу(волейбол, баскетбол, теннис, шайбалы хоккей алаңдары).


2.2.2.7. Ішкі саясат.

Қазақстандық саясаттың ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім тәрізді негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалып отыр. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы ынтымақтастық мәселелері мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және оның еліміздің саяси жүйесін жаңарту кезіндегі өзектілігі одан сайын артып келеді. Осы өзара іс-қимыл арқылы халықтың қоғамдық үдерістерге, қоғам мен мемлекет арасындағы сұхбатты дамытуға кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі. Негізгі мәселелер ішінен діни экстремизм идеяларының таралу қауіпін бөліп атаған жөн. Аталған қауіптің жаһандық сипаты осы әлеуметтік-саяси көрініске пәрменді қарсы тұру жолдарын іздеуді талап етеді. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарын жетілдіру қажет. Ауданда 1 «Нұр Отан» саяси партиясы (құрамында 2295 адам) жұмыс істеуде. Кәіподақ ұйымы-қоғамдағы азаматтардың белсенді институты болып табылуда. Ауданда 4 салалық ұйымдарында кәсіподақ жұмыс істейді. Еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттейтін үш жақты комиссия жұмыс істейді. Ауданда 8 үкімететтік емес ұйымдар тіркелген. Ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық-насихаттық жолмен қамтамасыз ету басты мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. Аталған сұхбат ауданда консультативтік-кеңестік органдар (Ақпараттық саясат Алқасы, ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Қоғамдық кеңес, Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті үйлестіру , жастар ісі жөніндегі кеңестері және басқалар) және сұхбат алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру. Ішкі саясат бөлімі жұмысын жандандыруға 2012 жылы 13395 мың теңге, 2013 жылы 13474 мың теңге, 2014 жылы 15376 мың теңге қаржы бөлінген.

Ағымдағы жағдайды талдау үшін SWOT- сараптама жүргізілді:

Күшті жақтары:

1.Қоғамдық- саяси ахуалға, саяси партиялар және азаматтық қоғам институттарының жұмыстарына талдау зерттеулер жүргізілуде;

2.Азаматтық қоғам институттарымен бірлескен сұхбат алаңдарының жұмыстары жүргізілуде;

3.Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап аудандық «Достық» газеті А4 форматынан А3 форматына ауыстырылса, қазан айынан бастап аптасына екі рет шығарылуда.



Осал жақтары:

1.Ауылдық жерлердегі мемлекеттік емес ұйымдардың аздығы;



Мүмкіндіктер:

1.Тұрғындар арасындағы ақпараттық насихаттық жұмыстарды күшейтілуде;

2.Ауылдық жерлердегі МЕҰ ға методикалық көмектер көрсетілуде.
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық.

Ауданымыздағы жедел жағдай бір қалыпты. Криминалдық ахуалды тұрақтандыру және түзеу мақсатында ішкі істер бөлімімен басқарушылық шешімдер қабылданды.

Алайда қабылданған шаралармен қылмысты төмендетуге қол жеткізу мүмкін болмай отыр.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстың саны өскен. 2013 қылмыс санының азаю деңгейі байқалған.

17-кесте


Қылмыс атауы

2012 г.

2013 г.

2014 г.

+/-

Ұрлық

4

10

6

+2

Ауыр және аса ауыр қылмыстар

0

6

3

+3

Разбойные нападения

1

0

3

+2

Вымогательства

5

4

2

-3

Көлік ұрлау

0

5

2

+2

Хулиганство

24

59

49

+25

Жедел жағдайдың анализі қабылданған қылмыстық ізге түсу шараларымен қатар қоғамдық тәртіпті, құқық тәртібін қамтамасыз ету жүйесін және құқық бұзушылықты алдын алу жүйесін құру қажеттілігін туындатып отыр.

Анализ жасалған 2012-2014 жылдар аралығында қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің индикаторы болып табылатын қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстардың азаюы байқалады. 2012 жылы – 19, 2013 жылы-22, 2014 жылы – 21 қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар тіркелген.

Осы мәселені шешу үшін патрульдік-бекеттік қызметті күшейту қажет, автопатрулдерің, полицияның жылжымалы және стационарлық пункттерінің санын ұлғайу керек, оларды біріңғай мәліметтер банкіне қосылатын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету керек.

«Мектеп» инспекторлары институтының дамуын жалғастыруымыз қажет. Бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықты ерте бастан алдын алуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықты алдын алу үшін, алкогольдік ішімдіктерді және темекі заттарын кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуды алдын алу мақсатында, есірткі затарын және психотроптық заттарды медициналық емес қолдану деректерін алдын алу үшін азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмысты ары қарай дамытуды қажет етеді.

Аудан жолдарындағы апаттылық жағдай күрделі болып қала беруде. Оның себебі автокөлік парктерінің өсуі, қозғалыстың жиілігіне жолдардың сәйкес келмеуі, жүргізушілердің даярлық сапасының және тәртібінің төмендігі.

Жағдайды түзеу үшін жол қозғалысын бақылау және реттеудің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет. Осы мәселелер шешілетін болса жол көлік оқиғаларын жыл сайын 2-3% төмендетуге мүмкіндік береді.


2012-2014 жылдарға жасалған ЖКО санының, қайтыс болғандардың және жараланғандардың санының өзгеру динамикасы

18-сурет


Есірткіге қарсы үгіт насихаттың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру тәсілдерін ұйымдастыру оңтайлы жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық тұрғыдан жетілдіруді қажет етеді.

Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әрекет ететін ақпараттық-үгіт насихат кешендерді қабылдау қажет.

Барлық ауылдық округтерде полицияның пункттері жергілікті атқарушы органдардың (әкімшіліктердің) әкімшілік ғимараттарында орналасқан. Соған байланысты учаскелік полиция пункітіне бөлек есіктен кіру мүмкіндігі жоқ.

Жергілікті бюджет есебінен учаскелік полиция пункттерін қайта жөндеуден өткізу, кіру есігін бөлек жасау, телефон байланысының жеке желісін тарту үшін қосымша ақша қаражатын бөлу қажет.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT-сараптама жүргізілді.



Күшті жақтар

1.Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жағдай жасалған.

2.Құқықбұзушылықты алдын алуды және олардың өзара әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша нақтылы субьектілер анықталған.

3.Қоғамдық тәртіпті күзетуге және құқықбұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтар және ұйымдармен өзара әрекет ету түрлері келісілген.



Осал жақтар

1.Отбасылық –тұрмыстық тұрғыда, ІІО есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі. Тұрмыстық ішімдікке салыну, есірткіге және алкогольге тәуелділік мәселелрінің шешімін таппауы.

2.Өмірдің қиын жағдайына душар болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың деңгейінің жеткіліксіздігі.

3.Ішкі істер органдарының тиісті нормада жасақталмауы, кейбір

учаскелік полиция инспекторларының полиция пункттерімен қамтамасыз етілмеуі және пайдаланудағы учаскелік полиция пункттеріне қайта жөндеу жүргізу.

Мүмкіндіктер

1.Құқықбұзушылықты алдын алудың жүйесін жетілдіру.

2.Құқықбұзушылықтың және қылмыстың санының өсуін алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау.

3.Алдын алу субьектілерінің қызметін үйлестіруді жоғарлату.



Қатерлер

1.Кеден одағы және болашақтағы біріңғай экономикалық кеңістік жұмыс істеп тұрған жағдайда транснационалды байланыстары бар қылмыстық топтардың әрекет етуіне қауіп төндіреді.


2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.

Зайсан ауданының әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары ауданды табиғи апаттарға-жер сілкінісіне, тасқынға, желдерге, орман және дала өрттеріне, температураның күрт төмендеуіне және қарлы борандарға ұшыратуы анық.Құрал жабдықтардың және негізгі қорлардың ескіруі және тозуы техногендік қауіптердің өсуіне алғы шарттар жасайды. Аудандағы республикалық меншіктегі 4 гидроқұрылғылардан Үйдене су қоймасының беріктігі қазіргі талаптарға сай емес және Кеңсай, Жарсу, Бақасу ауылдарына қауіп төндіреді.Бүгінгі уақытта арнайы мекемелердің «ПостЭксКом» ЖШС, Востокводцентр»ЖШС, «ВостокМеридиан»ЖШС қатысуымен су қоймасының жағдайы тексерілді, ақаулық акт жасалып, жобалық-сметалық құжат дайындауға ҚР АШМ-нің су ресурстары Комитетіне жіберілді.

Бүгінгі күні Тасбастау ауылында 34 түрғын үй жаңадан салынып, пайдалануға берілді, 65 тұрғын үйге және Қарабүлақ ауылында 6 үйге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бюджетінің қаржысына 3 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді, олар Біржан, Қаратал, Шілікті ауылдарында орналасқан.Осы тірек пунктеріндегі 3 өрт сөндіру автокөліктері 1983-1987 жылғы, ескіріп, тозған. Жылытылған гараждар жоқ.Аудан бюджетінде жаңа автокөліктер сатып алуға және автогарждар құрылысын салуға қаражат жетіспейді.Елді-мекендерді қорғауға және ормандала өрттерін өшіруге қосымша Сарытерек, Кеңсай ауылдарында тірек пунктерін құрып, өрт сөндіргіш автокөліктермен қамтамасыз ету қажет.

Ауданның басшы құрамын және халықты құлақтандыру жүйесі 30 жыл бұрын құрылған және қазіргі заманғы есептік технологиялық байланыспен нашар үйлеседі және түбірімен қайта құруды талап етеді. Соңғы 15 жылда жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйе жаңаланған жоқ.Электрсиренамен құлақтандыру жүйесінде пайдаланылатын П-160 және П-164 аппаратуралары ескіріп, тозған, оргтехникалардан және басқа құрылғылардан болатын кедергілерге қарсылығы төмен,аудандық байланыс торабындағы есептік байланыс жүйесімен жұмыс істеуге қалыптастырылмаған.

ҚР индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс және тұрғынүй- коммуналды шаруашылық жөніндегі Комитетінің 20.04.2006 жылғы № 154 бұйрығына сәйкес 1.07.2006 жылдан бастап СНиП РК 2.03-30-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» қабылданып, қолданысқа енгізілген. СНиП РК 2.03-30-2006 сәйкес Зайсан ауданы 7 және одан жоғары сейсмикалық ауданға жатады.Ауданда 45 әлеуметтік-мәдени нысандар жаман жағдайда.

Орын алған мәселелерді ретімен шешу,туындайтын жерсілкіністерінен болуы мүмкін материалдық шығындарды болжау және де конструкцияларды күшейту жолымен шығынды барынша қысқарту сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде кешенді болып табылады. Сейсмикалық күшейтуге инженерлік қорғау шараларын жүргізу және тексеру қомақты қаржыны қажет етеді, ал ол қаржы аудан бюджетінде жоқ.

Табиғи және техногенді апаттардың алдын алу және ескерту, алдын ала дайындалу халықты, аудан экономикасын, материалды және мәдени құндылықтарды дүлей апаттардан, авариялардан туындайтын қауіптерден тиімді қорғау болып табылады.

Орын алған жағдайлар бағасы келесі SWOT-сараптамада көрсетілген :

Күшті жақтары.

1.Табиғи өрттер ошақтарының шығуын ертерек анықтайтын космостық мониторинг жүргізу;



Осал жақтары.

1.Қазіргі жұмыс істеп тұрған құлақтандыру жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі кезінде немесе туындаған жағдайда халыққа толық көлемде шұғыл ақпарат беруге қабілетсіз;

2.АҚ және ТЖ аумақтық құрамалары авариялар мен дүлей апаттар болған аймақтарда шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құтқару құралдарымен төмен деңгейде жарақталған.

Мүмкіндіктер.

Мақсатқа нәтижелі жету көбінесе басшылық органның, АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде шұғыл әрекет жасауға дайындық дәрежесіне байланысты.Халық арасында АҚ және ТЖ бойынша білімді ақпарат құралдары арқылы кең көлемде насихаттау жұмыстары, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері туралы көрнекі құралдарды тарату төтенше жағдайлар зардаптарын төмендетуге көп септігін тигізеді.Өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және санын арттыру табиғи өрттерден келетін шығындарды азйтады, сондай-ақ аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді.Аудан әкімінің материалдық-техникалық қорын нығайту төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етуге кепілдік болады.



Қауіптер.

Аудан аумағында күші 7-9 балл күшті жер сілкінісі болу қаупі бар. Нысандарды тексеруді және сейсмикалық күшейтуді жобалауға қаржының жоқ болуы күшті жер сілкінісі болған жағдайда адамдардың өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ тұрғын үйлердің, ғимараттардың құрылғылардың жаппай қирауы экономикаға көптеген шығын әкеледі.

1966 жылы салынған Үйдене су қоймасының жағдайын тексеруге және күшейту шараларына қаржы бөлінбегендіктен жобамен салынған беріктігі азайған, адамдар денсаулығына және өміріне, сондай-ақ техногендік авариялар тудыруға нақты қауіп төндіреді.

Қазіргі заманғы жеке қорғану құралдарын сатып алуға қаржы бөлмеу аудан аумағы химиялық уланған жағдайда адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтап қалу қамтамасыз етілмейді.

Қазіргі заманғы қосымша қорғалған басқару пункті құрылысын салуға қаржының жоқтығы АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының қиын жағдайларда біріккен сенімді іс-қимыл әрекеттеріне қауіп әкеледі.

Мақсатқа жету жолдары:

Қойылған мақсатқа жету үшін халықты құлақтандыру жүйесін жетілдіру, аумақтық құтқару құрамаларын құрал-жабдықтармен жарақтандыру, төтенше жағдайлар туындайтын аса қауіпті жерлерді инженерлік қорғаныспен камту, тұрғын үйлер мен нысандарды сейсмотөзімділікке тексеру, жеткілікті материалдық-техникалық қор құру, қосымша 2 өрт сөндіру тірек пунктін құру қажет.


2.2.3. Инфраструктуралық кешен.

Ағымдағы жағдайды талдау.

Зайсан ауданының инфраструктуралық кешені сумен қамту, жол саласы, көлік, телекомуникация салаларымен көрсетілген.

Аталған қызметтер халықтың сұранысын қамтмасыз етуге бағытталатын болады.

Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры 312,394 м2 құрайды.

Көппәтерлі тұрғын үй саны 67, жалпы ауданы 41000 м2, үйлердегі пәтер саны 839. Жалпы ауданы 22000 шаршы метрді құрайтын 15 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Күрделі жөндеу шығыны -340 млн теңгені құрайды, оның ішінде: төбесін күрделі жөндеу – 80 млн теңге, тағанын жөндеуге – 25 млн теңге, сыртқы қабырғасына – 65 млн теңге, инженерлік жүйелеріне – 160 млн теңге және басқа да жұмыстарға 10 млн теңге.

2012 жылы Зайсан қаласында 27 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй қолданысқа берілді. 2013 жылы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2 - 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Арнайы қалдықтар төгетін орын аудан орталығында ғана бар. Басқа елді мекендерде ұйымдасқан қатты қалдықтар төгетін орын ұйымдастырылып, шаруашылық қалдықтарын көму және жерді қалпына келтіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Зайсан қаласында екі микрорайон, бұл микрорайондарда 2 және 3 қабатты үй құрылыстары бар. Микрорайон жанында 3 қабатты балабақша және Әуезов атындағы орта мектеп ғимараттары орналасқан. Бұрынғы кезде бұл ғимараттар орталықтандырылған жылу қазандығынан жылытылған. Қазіргі кезде ғимараттар автономды түрде жылытылады. Көпқабатты үйлердегі пәтерлер норма талаптарын бұза отырып пеш арқылы жылытылады.

Аудан халқын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге және коммуналдық мекемелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:

- елді мекендердің сыртқы көрінісін жақсарту мақсатында абаттандыру және көгалдандыруға бағытталған шаралардың өсу қарқынын;

- инженерлік инфрақұрылымның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын бекіту және оны іске асыруға байланысты облыстық бюджеттен қаржы бөлінуін қарастыру;

- «Зайсан» ККМК, «Зайсан Тазалық» ЖШС мекемелерінің жұмысын жақсарту мақсатында материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында арнайы техника алу және де қорларды үнемдеудің жаңа технологияларын енгізу мәселелерін қарау;


Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылады.


Зайсан қаласында жаман су әкету және тазалау құрылғылары жоқ. Екі мөлтек ауданның, әскери бөлімнің және орталық аурухананың жиналған жаман суы қарапайым қазылған 4 жердегі шұңқырларға төгілуде. Аталған жағдай тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде.
2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс.
2013 жылы Сарши және Талды ауылдарында АЕМ телефондандыру бағдарламасы бойынша үнемі электр қуатымен қуаттанып отыратын спутниктік байланыс жүйесі енгізілді. Бүгінгі күні бұл құрылғылар күн энергиясымен қуаттанып тұр.

Аудан бойынша 11 автоматтанған телефон байланысы, 6 SKY EDGE спутниктік және CDMA-450 желісіз қосылымын енгізілген. Аудан Мегалайн интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Ақпарат берілісінің радиорелелік жүйесіне көшуге байланысты кабелді желілердің орнына транспорттық жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Келешекте бұл жүйеден талшықты-оптикалық ақпарат беріліс жүйесіне ауысу жоспарлануда. Бүгінгі күні аудан бойынша телефон байланысымен қамтылмаған ауылдық елді мекендер жоқ. Алыстағы ауылдар мен жеке фермалар SKY Edge спутниктік жүйесімен қамтылған.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:



Күшті жақтар:

1.Дамыған телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесі;

2.Жаңа Next Generation Networks сандық технологияларын енгізу арқылы АТС-ді жаңалау;

3.Интернет байланыс жүйесін барынша енгізу.



Осал жақтар:

1.Қалыптасқан байланыс бойынша тұтынушы абоненттердің тығыздығының төмен болуы;

2.Нарықта нақты бәсекелестіктің болмауы;

3.Кең мөлшердегі Интернет қосылымдарының болмауы;

4.Мобильдік байланыс құнының жоғары болуы.

Мүмкіндіктер:

1.Халықты және мекемелерді қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

2.Мекемелер мен бұқара халықтың күнделікті өмірде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы;

3.Ауылдық елді мекендерді байланыс қызметтерімен толығымен қамту.



Қауіп:

1.Телекоммуникация нарығында бәсекестіктің жеткіліксіздігі;

2.Жеке тұрғындар қолданатын радиожиілік ресурстарының шектеулігі.

2.2.3.2. Құрылыс.

Әлеуметтік тұрғыда тұрғын үй қажеттілігі адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерінің бірі болып келеді және бүкіл қоғамның басым проблемасы бола тұра тұрғын үй құрылысының дамуы қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі:

2012 жылы - 4 ,204 мың. кв. метр;

2013жылы - 7,055 мың. кв. метр;

2014 жылы- 9,925 мың. кв. метр:

Құрылыс жұмыстарының көлемі:

2012 жылы – 4898,8 млн.тенге,

2013 жылы – 5302,6 млн.тенге;

2014 жылы – 4765,1 млн.тенге.


2005-2007 жылдары ауданда «2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын аймақтық дамыту» және «2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын аймақтық дамыту» бағдарламалары іске асырылды. Соңғы жылдардағы тұрғын үй құрылысының көлем динамикасының өсуінен оң нәтиже көрсеткіштерін көруге болады.

Оң нәтижелерге қоса, межелеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуде бірқатар факторлар кедергі келтіруде. Бұндай факторларға қаржының жетіспеушілігі мен тұрғын үй құрылысын салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық орналастырудың, тұрғындардың тұрғын үй коммуналдық қажеттіліктерін жақсарту мен тұрғын үй коммуналдық құрылысының даму механизімінде дәлелді экономикалық тиімділіктің жоқтығы.

Бүгінгі күнге қала құрылысының толық көлемді құжаттарының, оның ішінде құрылыс пен жерді пайдалану тәртібінің жоқтығы;

Тұрғын үй құрылысының әр түрін және қажетті кепілденген көлемді үлкен масштабты жобаларды іске асыру үшін инвестиция тартуды іске асыратын экономикалық ынталандыру жүйесінің дұрыс жетілмеушілігі;

Болашақ құрылыс алаңдарын қамтамасыз етуде инженерлік қамтудың біршама кейін қалуы;

Даму бюджетін іске асыру барысында проблемалық сұрақтар қатарында құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мен құрылысты салудың бір қаржы жылында болуы, әлеуметтік инфраструктураның объекті желілерін дамыту деңгейінің төмендігі.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттерге енгізілген үш жылдық бюджетке енгізілген объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды алдын ала дайындау қажет.

Ауданда толық теңестірілген тұрғын үй нарығын қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның негізгі бағыты тұрғындардың барлық деңгейін қолжетімді баспанамен қамту. Сонымен қатар орта және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды үймен қамту бағытында іс-шаралар жүргізу.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтар:

1.Тұрғын үй құрылысы көлемінің оң динамикасы.



Осал жақтар:

1.Азаматтық тұрғын үй коммуналдық құрылысының даму механизімінде экономикалық дәлелденген және үнемі қолданыстағы дәлелді экономикалық тиімділіктің жоқтығы;

2.Қала құрылысының толық көлемді құжаттарының, оның ішінде құрылыс пен жерді пайдалану тәртібінің жоқтығы;

Мүмкіндіктер:

1. Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттерге енгізілген үш жылдық бюджетке енгізілген объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды алдын ала дайындау.



Қауіп:

1. Қажетті кепілденген көлемді үлкен масштабты жобаларды іске асыру үшін инвестиция тартуды іске асыратын экономикалық ынталандыру жүйесінің дұрыс жетілмеушілігі.


2.2.3.3. Жолдар мен көлік.

Ауданның автокөлік жолдары ұзындығы 460 км, оның ішінде мемлекеттік маңызы бар - 168км, облыстық маңызы бар - 81 км, аудандық маңызы бар - 211км, олар ішінде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының 29 км қара жамылғымен, 158 км тас-құм жамылғысы төселген, 24 км жамылғысыз.

2014 жылдарда аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының техникалық-пайдалану жағдайы:

- жолдардың жақсы және қанағаттанарлық техникалық көрсеткіші 1 км төмендеді, осыған сәйкес қанағаттанғысыз көрсеткіштер ұлғайды, осымен қатар күрделі жөндеулер қажеттіліктері 265 тен 260 км- ге дейін төмендеп, 92 км күрделі жұмыстары мен 168 км орташа жөндеу құрады.

2013 жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге аудан бюджетінен 21900 мың теңге қаржы бөлінді, ұзындығ 3,4 км болатын «Бәйтерек» сауықтыру косплексінің ағымдық жөндеу жұмыстарына 2014 ж жергілікті бюджеттен 47 млн.теңге бөлінді, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 15900 мың теңге бөлінді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа ашылған мектептің жанындағы Шанин көшесінің бойына 2014 жылы бағдаршам орнатылды.

Бөлініп отырған қаржының өсу тенденциясына қарамастан жолдың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін жүргізілетін ағымдағы жөндеу мен қарауға бөлінетін қаржының әлі де жеткіліксіз екенін айта кету керек. Қаржының жетімсіздігінен автожолдарының жөнделуі мен қаралуы толыққанды жүргізілмейді, сондықтан жол жамылғысының, топырақ төсенішінің және жасанды құрылыстардын пайдалану мерзімі қысқарады. Көгалдандыру жұмысында жол жиегіндегі орман алқабына тек механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа ағаш егу мен оны күту жұмыстары жүргізілмейді.

Мерзімнен бұрын тозу процесін тек қарау нормаларын қатаң бақылау нәтижесінде ғана тоқтатуға болады. Бұл, бірінші кезеңде, қайта құру мен орнына келтіру жұмыстары жүргізілген жол участоктарына қатысты. Одан басқа қаржы тапшылығы күрделі жөндеу мен орташа жөндеу жөндеуаралық мерзімді сақтамауға мәжбурлейді. Сонын салдарынан жыл өткен сайын толымсыз жөндеу көбейіп, кейіннен жолдарды толық қайта құруды керек етеді.

Қаржы шектеулігі арнайы жол салу және жол пайдалану техникаларының жетімсіздігіне де әсер етіп отыр.

Ауданда жолаушыларды және қол жүктерін автомобиль және әуе көлігімен тасмылдау жүргізіледі. 2013 жылы автомобиль көлігімен 2319 мың жолаушы тасымалданды.

Ауданда қазіргі уақытта елді-мекендер арасындағы байланысы автокөлік арқылы 6 тұрақты бағытта жүргізіледі, оның 2-уі ішкі облыс аралық маршруттар (Зайсан-Өскемен, Зайсан-Семей), 3-уі ауданаралық бағыттармен жүзеге асырылады (Зайсан-Кенсай- Шілікті, Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Дайыр-Қуаныш-Біржан, Зайсан-Көгедай-Шалқар-Қаратал-Үлкен Қаратал), 1-уі қала ішілік маршрут (Зайсан қаласы). Сондай-ақ Зайсан-Алматы, Зайсан-Астана бағытында да маршруттар күнделікті жүруде.

Ауданда Зайсан қаласында орыналасқан «Д» санатындағы ауежай қызмет етеді. Ауежайдан дүйсенбі, жұма күндері Өскемен – Зайсан бағытында үшақтар ұшады.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтары:

1. Аудан халқын көлік қызметінің барлық түрінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, ішкі әуе қатынасын жаңғырту, ішкі әуе қатынасын субсидиялауды ұйымдастыру.



Осал жақтары:

1.Тіркелмеген тасымалдаушылардың көптігінен, алыс аймақтарға тұрақты қатынайтын маршруттың болмауы;

2.Жекелеген елді мекендердің тұрақты автомобиль қатынасымен қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктер:

1. Тіркелмеген тасмалдаушылармен болған мәселені қызығушы жақтармен шешіп тұрақты маршрут шу жағын қарастыру.



Қауіп:

1.Микроэкономикалық қауіптер;

2.Экономиканың өсу қарқынынның төмендеуі және инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі;

3.Өндірістің төмендеуі және т.б.


2.2.3.4.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Сумен қамтамасыз ету.

Зайсан ауданы бойынша 37 елді мекеннің 9-да орталықтандырылған сумен қамту жүйесі жұмыс істейді.

Зайсан қаласындағы су құбырлар жүйесі КМГП «Зайсан» балансында, қалғандары ауылдық округ әкімдіктерінің балансына қарайды. 2012 жылы су құбырлары жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 533,3 млн.теңге қаржы бөлінді.

Аудынның су құбырлары жүйесінің қызметін жандандыру мақсатында аудан бюджетінен 2013 жылы 19 млн.теңге қаржы бөлінді. 2012 жылы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 23 км су құбырлары жүйесі қайта жөнделіп, 8 ауылдық округті сумен қамтамасыз ету дәрежесі жақсарған. 2012 жылы Айнабұлақ ауылдық округінің су құбырлары жүйесін жөндеуге республикалық бюджеттен 108000 мың теңге, 2013 жылы 166197 мың теңге және Дайыр ауылындағы су құбырлары жүйесін жөндеуге 324486,18 мың теңге қаржы бөлініп бүгінгі күні жұмыстар толығымен аяқталған және пайдалануға берілген.

2014 жылы Үлкен Қаратал ауылындағы су құбырлары жүйесін жөндеуге 296280 мың теңге қаржы бөлініп пайдалануға берілген. Сондай-ақ халық саны 500 адамнан аспайтын Жамбыл, Көгедай,Бақасу, Саржыра, Жаңатұрмыс және Жалши ауылдар халқын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстарына 45,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

Зайсан қаласында тазалау және кәріз жүйесінің жоқтығынан 2 ықшам аудан мен әскери бөлім және орталық аурухананың жиналған сулары 4 әр – түрлі шұңқырға жинала отырып қоршаған ортамен тұрғындарға өз зиянын тудыруда. Осы жылы кәріз жүйесімен тазалау құрылғыларының құрылысы басталды.

Сумен қамту саласының жағдайын бағалау мақсатында SWOT сараптама жүргізілген.

Күшті жақтары:

1. Тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

2. Ауыз судың жоғары қажеттілігі;

3. Қолданыстағы су жүйесінің болуы;

4. Халықтың сапалы суға қолжетімділік деңгейінің 91,5 %-ға жетуі;

5. Жүйені пайдаланатын мекемелердің (қызметтердің) болуы.



Осал жақтары:

1. Жерасты тұщы су қорларын жеткіліксіз түрде пайдалану;

2. Ауыз су объектілерінің жоғары деңгейде тозуы және соның нәтижесі ретінде авариялық жағдайларда көп мөлшерде су жоғалту (потери);

3. Өндіруші қорларының ескіруінің олардың жаңалануынан әлдеқайда жылдам жүруі.

4. Жаңа су жүйесі объектілерін салуға және ескі объектілерге жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

5. Жұқпалы аурулардың тарау қаупі;

6. Зайсан қаласында және ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бұру мекемелерінің жеткіліксіз дамуы.

Қауіпті жақтары:

1.Скважиналарды пайдалану режимінің бұзылуы нәтижесінде жерасты су көздерінің жағдайының нашарлауы;

2.Су қондырғыларының тозып, істен шығып қалу мүмкіндігі;

3.Ұзақ пайдаланудың нәтижесі ретінде сумен қамту объектілерінің қанағаттанарлық емес жағдайда болуы;

4.Сумен қамту саласында қазіргі күні де ескі технологиялық әдістердің қолданылуы;

5.Су құбырларының тозуы нәтижесінде халықты сумен үздіксіз қамтумүмкіндігінің болмауы.



Мүмкіндіктер:

1.Халықты сапалы ауыз сумен қамту;

2.Су жүйелері қалпының жақсаруы, су дайындауға кететін шығындардың азаюы;

3.Материалды-техникалық базаның толығуына байланысты су жүйесін пайдалану деңгейінің жоғарлауы.


Жылумен қамтамасыз ету.

Зайсан қаласында 2-қабатты және 3-қабатты 2 шағын ықшам ауданы жанында балабақша мен Ауэзов атындағы 3-қабатты Ауэзов атындағы орта мектептер орыналасқан. Бұрын олар орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылған қазір жылу газ арқылы беріледі. Ықшам аудандағы пәтерлер қауіпсіздік нормаларын сақтамай жеке пештер арқылы жылытады. Бұның бәрін ескере отырып Зайсан қаласында орталық жылу жүйесіне деген қажеттілік өте жоғары екенін байқалады.

Саланың жағдайын бағалау мақсатында SWOT -сараптама жүргізілді:

Күшті жақтары:

1.Аудан халықын жылумен қамту 01.01.2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуда.



Осал жақтары:

1.Жылу жүйелері қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды талап етеді.



Мүмкіндіктер:

1 Жылу жүйелері нысандарын қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстарының инвестициялық жобаларын іске асыру халықты жылумен қамту қызметінің өсуін қамтамасыз етеді.



Қауіптер:

1.Жылу жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарының

инвестициялық жобаларын қажетті мөлшерде мемлекеттік бюдждеттен қаржыландырмау жылумен қамту нысандарының уақтылы іске қосылмауы және аудан халқының санитралық-эпидемиалогиялық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Зайсан ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «ШҚ АЭЖ» АҚ болып табылады. Барлық қаржылық. Электр желісінің жалпы ұзындығы 1288 км құрайды, техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті халықты, кәсіпорындармен мекемелерді электр энергиясымен қамтамасыз ететін ЖШС «Шығысэнерготрейд» оңтүстік бөлішесі болып табылады. Аудан аймағында қуаттылығы 1,8 МВт/сағ болатын Үйдене ГЭС орналасқан.




Газбен қамту.

2013 жылы «КазТрансГазАймақ» АҚ қаражатына газ құбырларын салу жұмыстары басталған жалпы құны 405 млн. теңге. Газ құбырына 240 жеке тұрғын үй және 13 заңды тұлғалар қосылған. Жаңа пайдалынушыларды газ құбырына қосу жұмыстарымен ЖШС «Газ Строй Холдинг» мекемесі айналысады.

2014 жылы Зайсан ауданы әкімшілігімен 1,2 млрд. теңгенің сомасына газ тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжат әзірленді.

«Тарбағатай Мұнай» ЖШС мен 9 елді мекеннің: Қаратал, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ, Кеңсай ауылдарына жалпы құны 791,6 млн.теңге болатын газ құбырларын тарту жұмыстарына дайындықты бастады.

«КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-мен (Алматы қаласы) Зайсан қаласында газ толықтыратын станцияның құрылысын салу бойынша келісімге қол қойылды.

Саланың SWOT сараптамасы:



Күшті жақтары:

1.Коммуналдық қызмет құнының төмендеуі.



Осал жақтары:

1.Зерттеу жұмыстарынынң төмен активтілігі.



Мүмкіндіктер:

1 Сарыбұлақ кен орыны Зайсан ауданын газбен қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызды және ҚХР мен ҚР арасындағы Үкіметаралық келісімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі рыноктарын күйдірілген газбен қамтамасыз етеді .



Қауіптер

1. Экологиялық жағдайдың төмендеуі.



2.2.4. Аумақтық құрылым


Ауданда 1 қала (аудан орталығы Зайсан қаласы), 8 ауылдық округ бар.

36 ауылдық елді мекеннің 3-де бас жоспар бар.

2015 жылдың 1 қаңтарына аймақтың халық саны 38,1 мың адам, соңғы жылдары өсу қарқынының жоғарылауы байқалады. 2010 жылмен салыстырғанда 103 % немесе 1,2 мың адамға өсім бар.

Халықтың көшу қарқынының өсуі байқалмайды. Осы мерзім аралығында халық санының 1,2 % өсуі аймақтың бірқалыпты даму қарқынынаие екенін көрсетеді.

Аудан бойынша халықты электр энергиясымен қамту 94,5% құрайды, электр энергиясымен қамтылмаған Талды және Сарши ауылдары. Әлеуметтік сала нысандарының жабдықталуы тұрғындардың біркелкі орналаспауымен түсіндіріледі.

Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздылығы 3,9 кв.км./адам. Ауданның индустриялық тиімділігі 43,3 мың. теңге/адам.

Аудандағы ауыл тұрғындарының тиімділігі 51,6 мың. теңге/адам.

Ауылшаруашылық жерлерінің тиімділігі 14,5 млн. теңге/кв.км.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету 74,9%.

Жол жүйелерінің тығыздығы 0,03 км/кв.км, оның ішінде қатты қабаттысы– 0,015 км/кв.км.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:

Осал жақтары:

1.Бас жобасыз бейберекет салынған құрылыстар меншік иесінің құқығына нұқсан келтііп, аймақтардың тиімсіз игерілуіне, құрылыс құнының қымбаттауына, әсіресе әлеуметтік құрылыстардың, үйлердің және инженерлік-коммуникациялық инфражүйенің қымбаттауына әкеп соғады.



Қауіп:

1.Елді мекендерде жете жоспарланған құрылыс жобаларын және белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған бас жобасыз, жер телімдері мен құрылыс нысандарын салуға Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынған.



2.2.4.1 Ауылдардың тіршілігін қамтамасыз ету


Ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен нормативтерге сай қамту, оның ішінде өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтерімен, сапалы ауыз

сумен, автожолдармен, электрқуатымен, байланыс қызметімен, телекөрсетіліммен, интернетпен қамтамасыз ету қажет.

Ауылды жерлердің тұрғындарының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 8 ауылдық ЖҰЕ, 12 ДП, 7 ғимаратсыз медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келдген денсаулық сақтау саласының 3 маманына 6907 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит және 1096 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді.

Ауылды жерлерде 22 мектеп бар. Ауылдық мектептерде 534 мұғалім жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.

2011 жылдан 2014 жылға дейін ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келдген білім беру саласының 16 маманына 313713,8 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит және 3522,7 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді.

Жергілікті маңызды автомобиль жолдары 460 шақырым, оның ішінде асфальтобетонды жамылғысы бар – 31,5 шақырым, тас төселгені –158 шақырым, қара жол – 24 шақырым.

36 ауылдық елді мекендердің 2-де электр жарығы жоқ, бұл ауылдардың әрқайсысында 50-ден кем адам тұрады.

2012-2014 жылдар аралығында халықты орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету 7,3 % ұлғайды. 2014 жылдың 1 қаңтарына 79,8 % құрап отыр, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 67,6 %.

Ауданда орташа еңбекақы мөлшері 2011 ж-55425 тг, 2012ж-74481 тг, 2013 ж- 81379 тг, 2011 жылмен салыстырғанда 46,8 % өскен.

Мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымның дамуына бағытталды, оның ішінде алдымен жоғары және орта әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қажетті табысын қамтамасыз етуге.

Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасының жүзеге асуы аулдық елді-мекендерде өндірістің ұлғаюы, кәсіпкерліктің дамуы, әлеуметтік объектілердің жаңаруына және тірек ауылдары мен жақын орналасқан аулдырды аббаттандыруға мүмкіндік берді.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтары:

1.Ауыл халқының негізгі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климат жағдайы.

2. Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Жұмыссыздықтың жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиелер беру.

Осал жақтары:

1.Әлеуметтік инфрақұрылым жүйесінің жеткіліксіздігі;

2.Жан басына табыстың аймақтық бөлінуінің алшақтығы

3.Ауылдық жерлерде адам әлеуетін төмендететін ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортқа қол жетімдігінің тең еместігі.



Мүмкіндіктер:

1.Жұмыс істеп жүрген дәрігер және білім саласындағы мамандарды ұзақ

мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту үшін жүйелі шаралар жасау;

2.Ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру.



Қауіп:

1.Көшіп кету салдарынан ауыл тұрғындарының санының кемуі.



2.2.4.2 Шекаралық аймақтар


Шекаралық аймақтар – бұл мемлекеттің шекарасы бойындағы ерекше шекаралық функциялары бар, соған байланысты ерекшеліктері бар аймақтары.

Шекаралық аймақтардың даму потенциалы инвестициялық жағдайдың ерекшеліктерімен, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты туындайтын нарықтық өндірістік факторлармен, көлік қатынасы шарттарымен, шекаралық өткізу және кедендік жүйе инфрақұрылымдарымен, сонымен бірге тұрғылықты халық санымен белгіленеді.

Зайсан ауданы шығыс және оңтүстік шығыста ҚХР-мен шектеседі. Аудан көлемі 10,44 мың ш.шақырым, халық саны 31,8 мың адам.

Ауданда 15 елді мекен шекаралыққа жатқызылған. Олар - Сартерек, Үлкен Қаратал, Жалши, Шілікти, Қосқора, Аққойын, Қарасай, Жанабаз, Жіңішкесу,Қабырғатал, Қаратал,Какенталды, Көгедай,Тасбастау, Шалқар. Шекаралық елді мекендерде әлеуметтік сала мен сауда аз дамыған, кейбірінде орталық сумен қамтамысыз ету және қалдық суларды әкету жүйелері жоқ. нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байланысты инвестициялық жағдай қалыпты емес. Сол себепті шекаралық сауда ұсақ құрылымдар мен жеке саудагерлердің қолында қалып отыр. Сонымен бірге, шекаралық аймақтарды дамытудың жоғары мүмкіндігі барлығын, оған айтарлықтай ауылшаруашылық жерлердің барлығын, туристік саланы дамыту мүмкіндігін, шекара бойы саудасын дамытудың болашағы барлығын айтуға болады.

Сондықтан, шекаралық елді мекендерде халық санын көбейтіп, олардың жақсы өмір-тұрмысына жағдай туғызу қажет.

19-кесте Шекаралық елді мекендердегі халық санының өзгеру динамикасы



Атауы

2012

2013

2014

Қаратал

3171

3083

3218

Үлкен Қаратал

996

818

986

Қабырғатал

77

146

70

Жинишкесу

61

137

58

Қосқора

70

66

68

Сарытерек

1760

1693

1553

Когедай

391

504

454

Шалқар

250

468

360

Жанабаз

27

49

46

Ақ-Қойын

51

18

18

Тасбастау

517

425

420

Жалши

590

538

538

Шілікті

1365

1450

1450

Какенталды

57

48

40

Қарасай

117

95

122

20-кесте Шекаралық елді-мекендердегі туу көрсеткішінің өзгері динамикасы




Атауы

2012

2013

2014

Қаратал

39

42

45

Үлкен Қаратал

14

13

11

Сарытерек

22

24

27

Жалши

4

5

6

Шілікті

9

10

11

Қарасай

4

3

1

Шекаралық елді-мекендерде дамымаған әлеуметтік сала мен сауда саласы күрделі мәселе болып отыр.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтары:

1.Көрші елмен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге қолайлы географиялық жағдай.



Әлсіз жақтары:

1.Инфрақұрылымдар мен әлеуметтік саланың жеткілікті дамымауы.



Мүмкіндіктер:

1.Шекаралық сауда мен туристік саланы дамыту, көшіп келгендерге жер учаскелерін беру.



Қауіп-қатер:

1.Тұрғылықты халық санының азаюы, елді мекендердің құлдырауы.


2.2.5. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілетті және атқарушы органдардың жұмыстарының тиімділігін нәтижелігін арттыру қажет.

Аудандық мемлекеттік органдарының құрылымын төмендегілер құрайды: аудан әкімінің аппараты, 8 ауылдық округ әкімдерінің аппараты, 1 Зайсан қаласы әкімінің аппараты және аудандық мәслихаттың аппараты. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 12 атқарушы органдар және орталық органдардың 3 аумақтық бөлімшелері.

Зайсан аудандық мәслихатының қызметі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, теориялық және тәжірибелік білімді жаңалауға, техникалық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Мәслихат қызметінің ең басты бағыты - өздерінің сайлаушыларымен тығыз қарым – қатынас орнату. Депутаттардың сайлаушылармен байланысын кеңейту, азаматтардың мәселелеріне көңіл бөліп шұғыл шешу, ақпараттық – коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды қажет етеді.

Аудан әкімі аппаратының қызметі тек қана аудан әкімдігінің аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін ақпараттық, талдамалық, ұйымдастырылушылық және басқа да түрде қолдау етумен шектелмейді. Қазіргі уақыттағы ең басты мақсат - жергілікті атқарушы биліктің қызметінің тиімділігін және үйлесімділігін жақсарту.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты айқындықты арттыруды қажет етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің виртуальды қабылдауы және аудан әкімінің сайтында тұрғындардың сұрау салуы кең көлемде тұрақты жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттырудың «бір терезе» принципі бойынша бір жолы халыққа қызмет көрсету орталығы (ары қарай ХҚКО).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес ХҚКО Зайсан ауданында халықтан өтініш қабылдау және балама және баламасыз негізде құжаттар беру бойынша 59 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

Зайсан ауданында ХҚКО арқылы 160 қызмет көрсетіледі.

Аудан әкімі аппаратының корпоративті басқару жүйесін және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсартудағы ең басты негізгі келелі мәселелері мен қажеттілігі төмендегідей:

Қала және аудан деңгейіндегі БЭҚАЖ және көліктік ортаның жеткіліксіз дамуы;

Республикалық, облыстық деңгейдегі тапсырмаларды бақылау мен есептеу жүйесінің жетілдірілмеуі;

Әлеуметтік маңызды жобалардың және жоспарлардың орындалуын бақылау жүйесінің деңгейі мен қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технология деңгейінің сәйкессіздігі;

Кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау мен ведомоствоаралық және салааралық жергілікті мемлекеттік органдардың арасындағы функционалдық үйлесімділіктің сәйкессіздігі;

Аудан әкімі аппаратының құқықтық шығармашылық қызметін қолдау, оның ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру және олардың тұрақты жаңаланып отыратын электронды заңнамалық базаға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапасын бағалау және құжаттарды жүйелеу жүйесі мониторингінің деңгейінің жеткіліксіздігі;

Аудан дамуы мен басқару бойынша шешімдер қабылдауда ұсыныстар мен стратегиялық құжаттарды қабылдау кезінде халықты және азаматтық қоғам институттарын тарту деңгейінің жеткіліксіздігі;

Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді Үкіметтің веб-ресурстары және облыс әкімінің порталы, аудан әкімінің сайты арқылы көрсетудің тиімділігін және қолжетімділігін арттыру;

Тұтынушылармен қарым-қатынас кезінде ХҚКО қызметкерлерінің жеке бастарындағы және кәсіби деңгейдегі дайындықтарының төмендігі;

Аудандағы ірі елді мекендерде ХҚКО бөлімшелерінің жүйесін кеңейту қажеттігі.

Қазіргі кезде Зайсан ауданының әкімдігінде төмендегі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді, АЖ «Жеке тұлғалардың есебі», АЖ «Тапсырмалар есебі», АЖ «Мекенжай тіркелімі».

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің базалық санаттарын автоматтандыру аясында төмендегідей шаралар жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде қызмет атқаратын е-үкіметтің негізгі компоненттері болып:

1. ҚР құжат айналымының біркелкі жүйесі ЕСЭДО

2. «Адрестік регистр» мемлекетттік ақпараттандырі жүйесі.

Мемлекеттік қызметкерлердің әкімдіктегі ақпараттық жүйемен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды сандық сертификаттар мен электрондық сандық қолдармен қамтамасыз ету керек.

Жұмысшыларға арналған нұсқаулықтар әзірлеу және тұтынушыларды оқыту қажет.

SWOT- талдаудың ағымдағы жағдайдағы нәтижесі:

Мықты жақтары:


  1. Локальдық жүйенің техникалық жағынан толық жабдықталуы;

  2. Зайсан қаласында қызмет атқаратын 5 қоғамдық қолжетімді пункт;

  3. Аппараттың өз сайтының болуы;

Осал жақтары:

  1. Жауапты мемлекеттік органдар мен электрондық мемлекеттік қызметті

тұтынушылар арасындағы өзара байланыс тәртібінің нормативтік-құқықтық жетілдірілмеуі;

  1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомоствоаралық және

тұтынушылармен өзара байланыс жасаудың нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы;

  1. Қазіргі кездегі халықаралық үздік іс-тәжірибені ескере отырып

мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және тиімділігіне мониторинг жүргізу методологиясының жетілдірілмеуі;

  1. Басқарудың негізгі бизнес-әрекеттерінің автоматтандырылмауы;

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін жеңілдетуге бағытталған

ақпараттық жүйенің жоқтығы;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жергілікті бизнес-әрекеттерін

автоматтандыру бағытындағы ақпараттық жүйенің жоқтығы;

  1. «е-үкіметтің» негізгі компоненттерінің өзара әрекет байланысының

жоқтығы;

  1. Қоғамдық орындардағы қоғамдық қолжетімділік пунктінің

жеткіліксіздігі;

  1. Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс орнында компьютерлік техникамен

жабдықтаудың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өндірісін дамытуды

мемлекеттік қолдау;

  1. Аймақтардағы тұрғындардың электрондық түрде мемлекеттік

қызметтерді пайдалануға қызығушылығы;

  1. «е-үкімет» құруда басқа мемлекеттердегі халықаралық

тәжірибені пайдалану;

Қатерлер:

  1. «е-үкіметтің» негізгі компоненттері арасындағы өзара әрекет

байланысының жоқтығынан интерактивті электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудегі жергілікті атқарушы органдардың дайын еместігі;

  1. Облыс тұрғындарының ақпараттандырылуының жеткіліксіздігінен

электрондық қызметке деген сұраныстың төмендігі;

  1. Тұрғындардың көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызмет

сапаларына қанағаттанбауы.

2.2.5.1 Аудан бюджеті

2014 жылы аудан бюджеті 6026,5 млн.теңге (2012 ж – 3866,2 млн.теңге, 2013 ж – 5867,9 млн.теңге), оның ішінде 2014 ж меншікті салық үлесі 15,1 % құрайды (2012 ж -14,3 %, 2013 ж – 12,1 %) құрайды. 2014 жылы жоғарғы бюджеттен бөлінген трансферттер мен субвенциялар үлесі 83,9 % құрайды.



19-сурет



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау