Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



жүктеу 0,84 Mb.
бет3/6
Дата14.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#7455
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері

«Химия» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.



4. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4.1 Оқу жүктемесінің бөлінуі


Сынып

Бір аптадағы сағат саны

Бір жылдағы сағат саны

10

2

68

11

2

68

10-сынып оқу пәнінің мазмұны

1) Атом құрылысы (6 с)

Атом – күрделі бөлшек; атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондар күйі мен қозғалысы, квант сандары, Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелері, изотоптар;

Радиоактивтілік; радиоактивтіліктің табиғаты; протон/нейтрон қатынасы қисығы; ядролық реакциялар теңдеулері;

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-химиялық элемент атомының құрылысын анықтау;

-электрондардың энергиялық деңгейлер мен орбитальдарға орналасуы;

-атомдар мен иондардың электрондық конфигурациялары;

-химиялық элементтегі атомның массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу;

Көрсетілім №1 «Атом құрылысы моделі»
2) Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі (4 с)

Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі; тотығу дәрежесі.

Топтарда және периодтарда элементтердің қасиеттерінің өзгеруі: атом радиусының және ионның, иондану энергиясының, электрон тартқыштығының, электртерістілік және тотығу дәрежесінің, оксидтердің негіздік қасиеттерінің, гидроксидтердің және сутекті қосылыстардың, химиялық элементтердің период және топ бойынша, химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттперінің периодтық жүйедегі орны бойынша өзгеру заңдылықтары;

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

- валенттілікті, химиялық элемент атомдарының тотығу дәрежелерін периодтық жүйедегі орны бойынша анықтау;

- химиялық элементті және оның қосылыстарын периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау;

3) Химиялық байланыс және зат құрылысы (8с)

Ковалентті химиялық байланыс, ковалентті химиялық байланыс қасиеттері,

ковалентті байланыстың алмасу және донорлы- акцепторлы механизмдерімен түзілуі

Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы, заттырдың қасиеттерінің молекулалардың химиялық, электрондық және кеңістік құрылымдарына тәуелділігі, атомдардың өзара әсері, қос және үш байланыстардың түзілуі;

Атомдардың элетртерістілік ұғымы, иондық байланыс және иондық кристалдық торлар;

Металдық байланыс және металдық кристалдық торлар;

Жәй және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс түріне және кристалдық торына тәуелділігі;

Молекулааралық әрекеттесудің табиғаты; Сутектік байланыс.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

- әртүрлі қосылыстардағы химиялық байланыс түрін анықтау;

- молекуланың кеңістіктегі құрылымы және гибридтену түрін анықтау;

- белгілі физикалық қасиеттер бойынша кристалдық тордың түрін анықтау, кристалдық тордың түрі бойынша заттың қасиеттерін болжау;

-Льюис диаграммасын келесі молекулалар үшін құрастыру H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3, NaCl, CaO, MgF2, KH.

Көрсетілім № 2 «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық торлары моделі»

Көрсетілім № 3 «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық торлары моделі»

Зертханалық тәжірибе № 1 « Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқып білу»

4) Химиялық реакциялар заңдылығы (6 с)

Химиялық реакциялардың жіктелуі: үдерістің бағыты бойынша, жылу эффектісі бойынша, реакция өнімдерінің құрамы мен санының өзгеруі, тотығу дәрежесі бойынша;

Тотығу дәрежесі, электрондық баланс әдісі, тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі;

Тұздар гидролизі, қышқылдардың, гидроксидтердің, тұздардың ерітінді ортасы тұрғысынан сапалық құрамы, химиялық реакциялардың маңыздылығы табиғаттағы заттар айналымы мысалында.

Радиоактивті зат, радиоактивті ыдырау түрлері, Қазақстанның энергетикалық потенциалында ядролық реакциялардың маңыздылығы.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

- қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау;

- электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;

- электродтардағы түзілген ерітінді және балқымадағы электролиз өнімдерін болжау;

- ерітіндідегі тұздың ортасын құрамы бойынша анықтау;

- ерітінді және балқыма электролизі үдерістерінің сызбасын құрастыру;

- электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газдың) есептеу;

- химиялық реакцияның жылу эффектісін есептеу;

- қарапайым ядролық реакциялардың теңдеуін құрастыру (α, β-, β+, γ ыдырау).

Көрсетілім №4 «Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»;

Көрсетілім №5 «Экзо – эндотермиялық реакциялар»;

Зертханалық тәжірибе № 2 «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі»;

Зертханалық тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу».

5) Кинетика (4с)

Химиялық реакция жылдамдығы және химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар, гомогенді және гетерогенді реакциялар жылдамдығы, зат массасының сақталу заңы, катализаторлар және ингибиторлар, катализ, гомогенді және гетерогенді катализ механизмі, каталитикалық химия ғылымының Қазақстанда дамуы;

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-реакцияның орта жылдамдығын есептеу;

-Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер;

-әрекеттесуші заттардың концентрациясының өзгеруі бойынша реакция жылдамдығының өзгеруін есептеу;

Зертханалық тәжірибе № 4 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін оқып білу»;

Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».

6) Химиялық тепе-теңдік (2 с)

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері, тепе-теңдік константасы, катализатор және химиялық тепе-теңдік.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-химиялық тепетеңдік бағытының ығысуын анықтау;

-тепетеңдік константасының өрнегін құрастыру;

Зертханалық тәжірибе №6 «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша»

7) Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (6с)

Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысының және кристалдық торларының ерекшелігі, металдардың және бейметалдардың химиялық және физикалық қасиеттері. Метаалдардың кернеу қатарында орналасуы; металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі; металдардың, бейметалдардың және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы; металдардың, бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсері; металдардың және бейметалдардың тірі ағзалардағы биологиялық рөлі.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-металдардың және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

Көрсетілім № 6 «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық тор модельдері»;

Зертханалық тәжірибе № 7 «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».

8) Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары (6с)

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, s-элементтердің атом құрылысының ерекшелігі, s-элементтердің жалпы қасиеттері, сілтілік және сілтілік жер металдарын алу әдістері, сілтілік және сілтілік жер металдарының иондарын сапалық анықтау. Металдар және оның қосылыстарының период және топ бойынша физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары, сілтілік жер металдарының қосылыстарының маңызды қолдану аймақтары; натрий, калий, магний және кальцийдің биологиялық ролі.

Судың кермектілігі, оны жою жолдары. Қазақстанда кеңінен тараған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстары.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

- s-элементтердің және олардың маңызды қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

-металдар және оның қосылыстарының генетикалық байланысын көрсететін химиялық реакция теңдеулерінде өнім немесе реагенттің массасын, зат мөлшерін есептеу.

Көрсетілім №7 «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі) »

Зертханалық тәжірибе №8 «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы»;

9) Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары (8с)

d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі; Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары; d-элементтеріне тән қасиеттер; мыс, мырыш, темір, хром және олардың маңызды қосылыстарын пайдалану; өтпелі металдарға сапалық реакциялары.

Темір және оның қосылыстарын алу; коррозия түрлері, оның пайда болу салдары, коррозия үдерісінің қоршаған ортаға әсері; металдардағы коррозия үдерісін алдын алу жолдары.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

- металдардың қатысуымен (қоспасы бар реагенттермен, сол сияқты өнімнің практикалық шығымы бойынша) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Зертханалық тәжірибе № 9 «Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция »

Зертханалық тәжірибе № 10 «Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция»

Практикалық жұмыс № 1 «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу»

10) Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары (10 с)

Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері.

Алюминий және олардың қосылыстары; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы (көміртек монооксиді және диоксиді, кремний диоксиді, силикаттар); азот және оның құрылысы,

химиялық белсенділік, аммиак, алу, қасиеттері, ортофосфор қышқылы және фосфаттар қасиеттері, азот оксидтерінің, нитраттардың және фосфаттардың қоршаған ортаға зиянды әсері.

Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар және оның қасиеттері; күкірт диоксидінің түзілуі, күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері, күкірт диоксидінің азық түлік тағамдарын консервациялаудағы рөлі, сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттері.

Галогендер, галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің топ бойынша өзгеру заңдылықтары, хлорсутек, тұз қышқылы, қасиеттері, қолдануы, адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары.

Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарға сапалық реакциялар.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-р–элементтерінің электрондық және электронды-графикалық формулаларын құрастыру;

- р–элементтердің және оның маңызды қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

-газтәрізді аммиакты және оның сулы ерітіндісін алу реакция теңдеуін құрастыру;

-анионды анықтау және оны практикада жүзеге асыру экспериментінің жоспарын құрастыру;

- хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарға сапалық реакцияларды құрастыру;

-бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс сызбанұсқасын құрастыру.

Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция)»

Пратикалық жұмыс № 2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»;

Практикалық жұмыс № 3«Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.

11) Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру (6 с)

Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу; маңызды құймалардың құрамы: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюраль; өнеркәсіп өндірісіндегі үдерістер: күкірт қышқылы, аммиак, азот қышқылы, шыны және цемент; күкірт қышқылы, аммиак, азот қышқылы, шыны және цементті қолдану;

Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы мәселелері.

Сандық есептеулар мен жаттығулар:

-өнеркәсіпті өндірісте жүретін (күкірт қышқылы, аммиак, азот қышқылы, шыны және цемент) реакция теңдеулерін құрастыру.

11-сынып оқу пәнінің мазмұны

12) Органикалық химияға кіріспе Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 с)

Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері, көмірсутектердегі көміртек атомы орбиталінің гибридизациясы (sp-, sp2-, sp3- гибридизация); органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты; А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясы; бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы; органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі; органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстандық ғалымдардың органикалық химияның дамуындағы рөлі;

Сандық есептеулер мен жаттығулар:

- қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;

- химиялық формулалар бойынша қосылыстардағы химиялық элементтің массалық үлесін есептеу (бутан, этанол, сірке қышқылы);

Көрсетілім №1 «Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі )»;

Зертханалық тәжірибе №1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының шарөзекті модельдері»;

13) Көмірсутектер және олардың көздері (24 с)

Алкандар, циклоалкандар, алкендер, полиэтилен, каучук; алкадиендер; арендер және олардың туындылары; көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы; көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары; көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары;

газ, мұнай, көмірді өңдеу; Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы; Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер;

Сандық есептеулер мен жаттығулар:

- органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша қарапайым органикалық заттардың молекулалық формуларын анықтау;

- берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау;

- өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем, масса) және реакция өнімнің берілген шамасы (көлем, массса) бойынша есептеу;

Көрсетілім № 2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучук, резина, эбонит үлгілерімен танысу»;

Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/йод суы ерітінділеріне әсері»;

Зертханалық тәжірибе № 3 «Изопренді каучуктің моделін құрастыру»;

Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу»;

14) Оттекті органикалық қосылыстар (20 с)

Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы; спирттер: біратомды және көпатомды спирттер; фенол; альдегидтер; кетондар;карбон қышылдары; эфирлер: жай және күрделі; майлар;.Казақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі; көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі; моносахаридтер; глюкоза; фруктоза;

иисахаридтер; сахароза; лактоза; полисахаридтер: крахмал, целлюлоза.

Сандық есептеулер мен жаттығулар:

- спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;

- оттекті органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Көрсетілім № 3 «Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»;

Зертханалық тәжірибе № 4 «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу»;

Зертханалық тәжірибе №5 «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»;

Практикалық жұмыс № 2 « Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар»;

Зертханалық тәжірибе № 6 «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау».

15) Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар.

Нуклеин қышқылдары (10 с)

Аминдердердің құрамы және құрылысы; анилин молекуласының құрылысы; аминдардің физикалық қасиеттері; аминқышқылдарының изомериясы мен номенклатурасы; аминқышқылдарының екіжақты қышылды-негіздік қасиеттері және олардың есебептері; аминқышқыларының биологиялық рөлі; нәруыздар: нәруыздардың физикалық қасиеттері, пептидтік топ және пептидтік байланыс; нәруыздардың химиялық қасиеттері: жану, денатурация, гидролиз, белоктардың түсті реакциялары, ағзадағы нәруыздардың өзгерісі; нәруыздардың биологиялық функциялары; нуклеин қышқылдары: ДНК мен РНК биологиялық рөлі; нәруыз синтезіндегі нуклеин қышқылдарының рөлі; гендік инженерия және биотехнология ұғымдары бойынша түсінік

Көрсетілім № 4 «Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу»;


Көрсетілім № 5 «Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы, белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны). Нуклеин қышқылдары;

Көрсетілім № 6 «ДНК мен РНК молекулаларының модельдері»;

Зертханалық тәжірибе № 7 «Нәруыздардың түсті реакциялары».

16) Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде (6 с)

Жасанады және синтетикалық полимерлер: пластмассалар, каучуктер, талшықтар; Қазақстандағы полимерлер өндірісі.

Дәрумендер және гормондар туралы түсінік. Биогенді органикалық заттардың рөлі. Химия және өмір: экологиялық мәселелер, «Жасыл химияның» 12 принципі; атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздері, «парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылуы; Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әртүрлі саласындағы экологиялық мәселелер.

Көрсетілім № 7 «Пластмассалар, синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру»;

Зертханалық тәжірибе №8: «Пластмассалар мен талшықтарды анықтау».


5. Оқу пәнінің мазмұнын жобалау
Пән бойынша мазмұны оқу бөлімдері бойынша түзілген. Бөлімдер құрамында оқу мақсаттары күтілетін нәтиже ретінде: білу, түсіну, орындай алу және дағдылар түрінде берілген бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімшедегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға және оқушы жетістігін бағалауға, сол сияқты оқудың келесі кезеңдері жайлы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Бөлім

Бөлімше

1

Заттардың бөлшектері

1.1 Атомдар, иондар және молекулар

1.2 Атом құрамы мен құрылысы

1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы.

1.4 Химиялық байланыстың түрлері

2

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

2.1 Периодтық заң мен периодтық жүйе

2.2 Заттар массасының сақталу заңы

2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

3

Химиялық реакциялардың энергетикасы

3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

3.2 Химиялық реакцияның жылдамдығы

3.3 Химиялық тепе-теңдік

3.4 Қышқылдар мен негіздер теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер

4

Химия және қоршаған орта

4.1 Жер химиясы

4.2 Көміртек және оның қосылыстары

5

Химия және өмір

    1. Биохимия

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау