Бағдарламасы Түсіндірме жазба



жүктеу 0,84 Mb.
бет6/6
Дата14.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#7455
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Қосымшалар


Ғылыми дағдылар

1. Ғылыми дағдылар

Оқушыларды ынталандыру үшін дамытуды қажет ететін негізгі ғылыми зерттеу дағдылары:

1. Зерттеуді жоспарлау.

1.1 Тәжірибе, білім, ғылыми мақалалар, жеке бақылауларға байланысты сұрақтар қою, болжамдар жасауды қалыптастыру;

1.2 Объективті тестілеудің принциптерін түсіну;

1.3 Салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін анықтама және/немесе бақылау нәтижелерін қолдану мақсаттарын түсіну;

1.4 Тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау;

1.5 Зерттеу жұмысына қажет тиісті құрал-жабдықтарды таңдау және оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлау;

1.6 Алдын-ала зерттеу жұмыстары мен эксперименттер үшін:

1.6.1 зерттеу әдісін жоспарлау;

1.6.2 дұрыс мәліметке қол жеткізу үшін қажетті өлшем бірліктерін анықтау мен іріктеу. Мысалы, масса тәуелді айналмалы болса, онда өлшем бірілігі ретінде, мг, г, кг, т, т.б. таңдалып алынады;

1.6.3 тәуелсіз айнымалының қолайлы ауқымын орнату. Мысалы, концентрация үшін, ауқым 0,2М және 1М аралығында болуы мүмкін;

1.6.4 тәуелсіз айнымалының аралық нәтижесін анықтау. Мысалы, концентрация үшін 0,2М, 0,4М, 0,6М, 0,8М және 1,0М болуы мүмкін;

1.6.5 тестті неше рет қайталау керек екендігін анықтау.

2. Деректерді жинау үшін зерттеу жүргізу.

2.1 Зерттеу жұмысын қауіпсіз жүргізу үшін ауызша және жазбаша нұсқауды орындау;

2.2 Ғылыми әдістерді мұғалім орындап көрсеткеннен кейін қолдану;

2.3 Қажетті құрал-жабдықтарды іріктеп, дұрыс және қауіпсіз қолдану;

2.4 Химиялық заттар мен материалдарды қыздыру және өңдеу барысындағы электр жабдықтарымен, шыныдан жасалған ыдыстармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін мүмкін болатын потенциалды қауіп-қатерді анықтау;

2.5 Сандық және сапалық деректерді жинақтау;

2.6 Барлық сезім мүшелері мен тиісті құрал-жабдықтарды пайдалана отырып бақылау жүргізу;

2.7 Тапсырмаға қатысты тиісті құрал-жабдықты қолдана отырып өлшеу. Өлшемдерді енгізу:

2.7.1 өлшем арқашықтығы және ауданы;

2.7.2 көлем мен масса;

2.7.3 уақыт;

2.7.4 температура.

3. Жазу және рәсімдеу

3.1. Зерттеу бойынша жазбаша есеп дайындауға енгізіледі:

3.1.1 болжам;

3.1.2 аппарат;

3.1.3 әдіс;

3.1.4 нәтижелер кестесі;

3.1.5 деректерді көрсету формасы, мысалы: график, дөңгелек диаграмма.

3.1.6 қорытынды;

3.1.7 бағалау.

3.2 Зерттеу жұмысының физикалық мәнін жеткілікті көлемде ашатын, нақты, жүйелі, қисынды, сауатты жазбаша есеп дайындау. Бұл есепті жұмысқа қатысы жоқ кез-келген тұлға түсіне алуы керек. Алынған нәтижені жазғанда өлшем бірліктерін дұрыс көрсету қажет.

3.3. Зерттеу нәтижесін көрсетудің тиімді әдісін таңдау. (4,5 қараңыз)

3.4.Топпен жұмыс жасау кезінде басқалармен ынтымақтастықтық қарым - қатынаста болу;

3.5. Зерттеу жұмысын мұғалім және топ мүшелерімен талқылау.

4. Деректерді талдау және өңдеу

4.1 Деректердің бағыты мен заңдылықтарын ажырату;

4.2 Алынған деректердің потенциалды себеп-салдар тәуелділігі мен өзара байланысын анықтау;

4.3 Заңдылықтан ауытқыған деректерді анықтау.

4.4 Талдауды жеңілдету мақсатында нәтижелер кестесіндегі деректерді ыңғайлы үлгіде өңдеу. Өңдеу жұмыстары қамтиды:

4.4.1 арифметикалық орта физикалық мәнін есептеу/қайталанғандардың орта мәні;

4.4.2 өлшем бірліктерді аудару;

4.4.3 пайыздар мен пайыздық өзгерістерді есептеу;

4.4.4 физикалық мәнін есептеу үшін формулаларды қолдану.

4.4.5 қолданылған «Уақытты»... «жылдамдыққа» айналдыру;

4.5 Жаңа немесе өңделген деректерді нәтижелер кестесінен басқа форматқа ауыстыру. Мысалы, график;

4.6 Зерттеу жұмысы барысында алынған деректердің сапасын талдау;

4.7 Таңдап алынған форматта нәтижелерді нақты көрсету. Мысалы, график үшін тиісті тақырыпты, сәйкес келетін масштабты таңдау.

5. Қорытынды және бағалау

5.1 Зерттеу барысында алынған дәлелдерді негізге ала отырып қорытынды жазу;

5.2 Деректер қаншалықты бастапқы сұрақтарға қатысты қорытындыны растайды, бекітілген гипотезаны құптауын немесе теріске шығаруын талқылау;

5.3 Зерттеу жұмысының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау және оның жетілдіру жолдарын қарастыру;

5.5 Ары қарай зерттеуді қажет ететін тәжірибе жасау кезінде туындаған сұрақтарды анықтау;

5.6 Физикалық және химиялық үдерістер мен құбылыстарды бейімдеу үшін ғылыми модельдерді қолдану және жетілдіру;

5.7 Бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнама, ғылыми мақалаларда жарияланған ғылыми ақпараттардың шынайылығы мен дәлдігін бағалау.

Ғылыми дағдыларды дамытудағы ілгерлеу

Оқушыларға ғылыми дағдыларын дамыту үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік беру керек. Бұл ғылыми дағдылардың көпшілігі жоғары ойлау қабілетімен тікелей байланысты. Оқушылардың бойында аталған дағдыларды дамытудың ең тиімді жолы оларды эксперименттерді жоспарлауға және бағалауға қатыстыру болып табылады.



Ғылыми-зерттеу дағдылары пән бағдарламасын оқыту арқылы дамытылуы қажет, ол дағды дамуының ілгерлеуін қарастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар мұғалім басшылығымен қарапайым жаттығулардан бастауы қажет. Қажетті құрал-жабдықтар мен зерттеу принциптерімен таныса келе біртіндеп жоғарғы деңгейге өтеді. Алдағы уақытта оқушылар өз дағдыларына сенімді болады, мұғалімнің аз бақылауын қажет ететін эксперименттер жүргізе алады. Уақыт өте келе зерттеу жұмыстарының кейбір бөлімдерін жоспарлап, өз идеяларын зерделейді. Эксперимент жасаудың негізгі мақсаты ғылыми зерттеу дағдысын дамыту болып табылады, оқушыларға құрастыру, жүзеге асыру және өз зерттеуін бағалауға мүмкіндік береді. Құрастыру мен бағалау жоғары деңгейлі дағдылар болып есептеледі. Сондықтан, бұл ғылыми зерттеу аспектілер оқушыларға күрделірек болып табылады.

Мүмкіндігінше оқушы тәжірибелік жұмыс жасауға жеке немесе топтың құрамында тікелей қатысуы керек. Бұл оған өз тәжірибесі арқылы үйренуге көмектеседі. Құрал-жабдықтар жетіспеген жағдайда мұғалім экспериментті өзі немесе экранда көрсетеді. Мұндай жағдайда, мұғалім экспериментті көрсеткенге дейін немесе көрсетілім барысында сұрақтар қою арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу материалын түсінуін дамыта алады. Мысалы, берілген зерттеу бойынша жобалау және оның әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныс.
жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау