Гидратты өңдеу блогы
Құрамында шамамен 420-460 граммды гидрат қойыртпағы соңғы декомпозерлардан өздігінен ағып гидроайыруларға түсіп, алюминий гидраты жіктеледі. Өнім гидратының бөлшектік сапасын артыру үшін бөлікшеде екі сатылы гидроайыру сұлбасы енгізіліп, бүгінде жақсы жұмыс атқарып келеді. Бұл тізбек үлгісі бойынша гидроайырудың бірінші сатысынан алынған құмдас сұйықтығы сүзуден өтіп, қор ретінде бөлек батареяға жіберіледі. Сонда ерітінділерден қосымша кристалдардың өсуі басталады.
Гидрат қойыртпағы жаңағы бөлек батареяның соңғы декомпозерынан гидроайырудың екінші сатысына түсіп тағы да бөлінеді, содан кейін құмдас сұйықтығы өнімдік сүзуге жіберіледі. Бұдан басқа да алынатын өнім гидратының бөлшектік сапасын барынша арттыру мақсатында бөлікшеде қосымша сұйық фаза мен қою фазаларды бөлу үшін гидроқұйындатқыш қондырғылары орнатылып, қазіргі таңда тиімді жұмыс атқарып келеді.
Гидроайырулардың бірінші және екінші сатыларынан алынған ағынды қойылтқышқа келіп түседі.
Қойыртпақты шөгу екі түрлі қойылтқышта іске асады:
1) Диаметірі 20м, сыйымдылығы V-1180м3, цилиндір бөлімінің биіктігі Н цилин. бөлімі- 2,8м тең бір ярусты қойылтқыш.
2) Диаметірі 14м, сыйымдылығы V-1200м3, цилиндір бөлімінің биіктігі Н цилин. бөлімі- 7,0м тең екі ярусты қойылтқыш.
Қойылтқыштардың ағызындыларының сапасын жақсарту мақсатында оларға арнайы синтетикалық флокулянт «Алклар-600» қосып отырады.
Гидрат қойыртпақтары қойылтқыштардың астынан қорлық сүзулерге жіберіліп, барабандық сүзгілерде сүзіліп, сүзілген қоқым алюминат ерітінділерімен араласып қор ретінде басқы декомпозерлерге жіберіледі. Ал сүзгі ағызындысы қойылтқыштың ағызындысымен қосылып, ары қарай бақылау сүзілуіне жіберіледі.
Төл ерітіндісін бақылау сүзуінен ЖТАС-125; 225 сүзгілерінде өткізеді. Бақылау сүзуінен кейін сүзігі ағызынды буландандыру бөлікшесіне жіберіледі.
Гидроайырулардың екінші сатыларының төменгі конусынан алынған гидрат өнімі сүзуге жіберіледі. Онда гидраттың құрамындағы сілті сумен жуылып, сүзгіде сүзіледі. Алюминий тотығын тұтынушылардың талап тілектерін орындау мақсатында және алюминий тотығының бөлшектік сапасын барынша жақсарту жағдайында қосымша гидрат сақтайтын қоймалар қолданылады.
Алюминий гидроксидін қоюландыру процесі бір немесе екі ярусты қойылтқыш аппараттарында және гидроайырғыштарда жүргізіледі.
Бір ярусты қойылтқыштың диаметірі Ǿ20м, ал екі ярусты қойылтқыштікі Ǿ14м.
Гидрат қойыртпағының түйіршікті құрамын жіктеу үшін гидроайырғыштар қолданылады. Гидроайырғыштарда жіктелу процесі ірі және ұсақ бөлшектердің шөгу жылдамдықтарының айырмашылықтарына негізделінген.
Ірі бөлшектердің шөгу жылдамдықтары жоғары болғандықтан олар көп мөлшерде гидроайырғыштың төменгі бөлігінен түсіріледі, ал жеңілдеу бөлшектер ағызындымен бірге кетеді.
Бөлшектердің жүзгінмен бірге кеткен уақыты мен жылдамдығын Стокс теңдеуімен анықтауға болады
; (5.12)
мұндағы r – бөлшектердің шөгу уақыты, (секунд);
V – бөлшектердің ағынмен кету жылдамдығы, (см/
секунд);
H – бөлшектердің шөгу тереңдігі, (см);
q – еркін құлау үдеуі; q= 980,7 сек/см2
ρқ – қатты материалдың тығыздығы (г/см3),
Al(OH)3 тығыздығы 2,43 г/см3 тең;
ρс – сұйықтықтың тығыздығы (г/см3),
төл ерітіндінің тығыздығы 1,24 г/см3;
d – төменгі жақ бөлік фракциясының диаметірі;
η – бөлшектілік ортаның тұтқырлығы г/(см·с),
төл ерітіндісі үшін η=0,0248 г/(см·с).
Ағынмен кету жылдамдығын былай анықтауға болады
; Qағызынды = Qкелуі-Qтүсірілу , (5.13)
мұндағы Qағызынды – ағызындының шығыны, (м3/сағат);
Qкелуі – келген қойыртпақтың шығыны, (м3/сағат);
Qтүсірілу – түсірілу шығыны, (м3/сағат);
S – көлденең қима алаңы, м2.
Жоғарыдағы теңдеуге сүйене отырып, қойыртпақтың белгіленген түйіршік құрамының фракциясын жіктеуге ағызындыны қандай жылдамдықта ұстап отыру керектігін есептеп шығаруға болады.
Қоюландыру процесі алюминий гидроксидінің қатты бөліктерін төл ерітіндісінен бөлуге арналған. Қойылтқыштың ішіндегі қойыртпақтың биіктігіне қарап оны бірнеше аймаққа бөлуге болады:
– жоғарғы аймақ мөлдірленген төл ерітінді, ол ағызынды ретінде үзіліссіз шығарылып отырады;
– төменгі жағында қоюландыру және тығыздау аймағы орналасқан, онда алюминий гидроксидінің бөлшектері ауырлық күшінің әсерімен төмендеп, жоғарғы қабаттардың салмағымен тығыздалынады.
Төл ерітіндідегі алюминий гидроксидінің шөгу процесі қатты заттардың ауырлық күшінің әсерімен іске асырылады. Тыныш сұйық ортада бөлшектердің шөгу жылдамдығы бастапқыда ақырындап жоғарлайды. Жылдамдық ұлғайған сайын бөлшектердің қозғалысына кедергі көбейеді. Сөйтіп аз уақыттың ішінде тепе-теңдік қалпы басталады, яғни ауырлық күші ортаның кедергі күшіне тең келеді. Осы шақтан бастап қатты бөлшек бір қалыпты жылдамдықпен, шөгу жылдамдығы деп аталатын жылдамдықпен қозғала бастайды
(5.14)
мұндағы V – бөлшектердің шөгу жылдамдығы, (с/м);
d – бөлшектердің диаметірі, (м);
γқ – қатты заттардың тығыздығы, кг/м3;
γс – сұйықтықтың тығыздығы, кг/м3;
η – ортаның тұтқырлығының коэффициенті, г/см·с.
Теңдеуден көріп отырғанымыздай қатты бөлшектердің шөгу жылдамдығы оның диаметірі, тығыздығы және сұйық ортаның тұтқырлығына тәуелді екені. Алюминий гидроксидінің қоюлану процесінің негізгі көрсеткіші болып төл ерітіндісінің ағызындысының үлесті өнімділігі саналады.
Үлесті өнімділік деп қойылтқыштың шөгу алаңының әр шаршы метірінен шығарылатын 1м3 мөлдірленген төл ерітіндінің бір сағаттағы мөлшерін түсінеді. Қойылтқыштарда ағызындының жылдамдығы шөгу алаңының бір шаршы метіріне 0,3-0,4 м3/сағатты құрайды. Ал гидроайырғыштардың ағызындысының жылдамдығы ағызынды алаңының бір шаршы метіріне 1,5-3,0 м3/ сағатты құрайды.
Шөгуге түскен алюминий гидроксидінің және төл ерітіндінің қоспалары шамамен химиялық құрылысы төмендегідей гидраттық қойыртпақтан тұрады: Al2O3 - 68; Na2O - 121; αк - 2,9:3,2; қатты заттардың құрамы – 460г/л.
Кесте 13 - Қоюландыру және жіктеу технологиялық процестерінің
режімдік параметрлері
Параметрлердің атауы
|
Технологиялық режімнің мөлшері
|
Бақылау әдістері
|
Соңғы декомпозерлардағы
қатты заттардың мөлшері
|
420-470г/л
|
Ортаауысымдық алымды талдау
|
Гидроайырғыштардың ағызындысындысының құрамындағы қатты заттардың мөлшері
|
300-400кг/л
|
Ортаауысымдық алымды талдау
|
Гидроайырғыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің құрамындағы қатты заттардың мөлшері
|
750-950г/л
|
Алымды тәулігіне бір рет талдау
|
Гидроайырғыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің тығыздығы
|
1,65-1,68
|
Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА)
көрсеткіштері бойынша
|
Қойылтқыштың ағызындысының құрамындағы қатты заттардың құрамы
|
5кг/л көп емес
|
Ортаауысымдық алымды талдау
|
Бір ярусты қойылтқыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің тығыздығы
|
1,65-1,70
|
Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА)
көрсеткіштері бойынша
|
Бір ярусты қойылтқыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің құрамындағы қатты заттардың мөлшері
|
750-900
|
Алымды тәулігіне бір рет талдау
|
Екі ярусты қойылтқыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің тығыздығы
|
1,62 – 1,68
|
Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА)
көрсеткіштері бойынша
|
Екі ярусты қойылтқыштардың төменгі жағынан алынатын өнімнің құрамындағы қатты заттардың мөлшері
|
750-900
|
Алымды тәулігіне бір рет талдау
|
Кесте 14 - Қойылтқыштың сипаттамасы
Қойылтқыш
|
Екі ярусты
|
Бір ярусты
|
Тік валдың айналым саны
|
Сағатына 22 айналым
|
Сағатына 30 айналым
|
Шөгу алаңы
|
460м2
|
314м2
|
Қойылтқыштың диаметірі
|
14м
|
20м
|
Түбінің ылди бұрышы
|
20о
|
20о
|
Цилиндір бөлігінің биіктігі
|
7м
|
2,8м
|
Көлемі
|
1182м2
|
1200м2
|
Достарыңызбен бөлісу: |