10 тақырып. Үш стандартты көріністі жасау.
Көрініс – заттың бетінің қарап отырған адамға көрінетін бөлігінің бейнесі.
Негізгі алты проекциялау жазықтығына затты проекциялау арқылы негізгі көріністі алады. ҚҚБЖ бойынша келесі негізгі көріністерді ажыратады:
Алдынан қараған көрініс 1 (заттың формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретін басты түр);
Үстінен қараған көрініс 2;
Сол жағынан қараған көрініс 3;
Оң жағынан қараған көрініс 4;
Астынан қараған көрініс 5;
Артынан қараған көрініс 6 (оң жағынан түрін солға қарай бұру арқылы көрсетуге де болады).
Үш көрінісі (басты, жоғарыдан, сол жағынан) арқылы ұсынылған кескін, көп жағдайда детальдің конструкциясы мен оның геометриялық формасы туралы толық мәлімет береді және кешенді сызба деп аталады.
Сызбадағы барлық көріністер проекциялық байланыста болады.
Төменде берілген детальді мысалға ала отырып, стандартты үш көріністі жасау процесін қарастырайық.
КОМПАC 3D жүйесінде стандартты үш көріністі салудың екі жолы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |