9 тақырып. Симметрия осі бойымен қиылған бейненің берілген жарты бөлігі арқылы жазық бөліктің сызуын тұрғызу.
Сызу жұмыстарының көбінде детальдар симметриялы болып келеді. Мысалы, горизоталь, вертикаль немесе қиғаш симметрия оьтеріне қатысты. Мұндайда конструктор бір элементті жақсылап сызып алып, қалған симметриялы аймақтарын симметрия командасы арқылы орындай алады.
Төмендегі суретте деталь бейнесінің жартысы ғана берілген. Детальдің симметрия осі арқылы бөлінген бір бөлігін ғана саламыз. Деталь элементтерінің өлшемдері де тек осы симметрия осіне дейінгі бөліктікі ғана, және олар нұсқауыштың бір жағымен ғана шектелген, бірақ өлшемдері толық жазылып тұр (детальдың жалпы ұзындығы 80 мм, тесіктердің центрлерінің арақашықтығы 40мм және т.б.).
Симметриялы бейнелерді тұрғызғандағы негізгі бағдарымыз симметрия осі болып келеді. Сондықтан, сызбаны осыдан бастаған дұрыс:
Фрагмент құжатын ашыңыз;
Геометрия құралдар панелі;
Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;
Кесінді командасы арқылы сызық типі Осьтік орнатып, ұзындығы 40 мм болатын вертикаль кесінді салыңыз;
Сызықтың стилін Негізгіге ауыстырыңыз;
Объектті үздіксіз енгізу және ортогональ сызу арқылы үш кесінді салыңыз: ұзындығы 40 мм (детальдың жалпы ұзындығы 80 мм болғандықтан), 70 мм және 15 мм (40-25);
-Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;
Объектіні үздіксіз енгізу арқылы ұзындығы 10 мм болатын кесіндіні, симметрия осінің жоғарғы нүктесінен солға қарай салыңыз;
Ортогональ сызуды сөндіріп, қиғаш кесінді салыңыз. Ең жақын нүкте (ближайшая точка) глобалды бекіту орнайды;
-Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;
Параллель түзулер көмегімен шеңбердің центрінің орнын тауып алыңыз. Ол үшін төменгі горизонталь кесіндіден жоғары қарай 15 мм, ал симметрия осінен 20 мм орнатыңыз да, осьтің сол жағындағы түзуді бекітіңіз;
Түзу сызықтардың қиылысқан жерінде радиусы 7,5 мм болатын шеңбер салыңыз;
Көмекші түзулерді өшіріңіз;
Детальдің толық бейнесін салу үшін компактная панелінен Выделение – Выделить рамкой командасын орындау керек. Тұрғызылған бейнені жақтауға алыңыз. Ерекшеленген элемент түсін өзгертеді;
Редактирование – Симмметрия;
Симметрия осінің бірінші нүктесін көрсетіңіз;
Симметрия осінің екінші нүктесін көрсетіңіз;
-Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;
Ерекшелеуді алып тастау үшін экранға ЛКМ басу жеткілікті;
Симметрия командасын орындау конструктор тұрғысынан шығармашылықты талап етеді. Тіпті дәл симметриялық кострукциялардың өзінде, толығымен сызып алуға ыңғайлы элементтер болады (мысалы, центрі симметрия осінде жататын шеңбер).
Тапсырма.
Детальдардың симметрия осімен бөлініп берілген жарты бейнесі арқылы осы детальдың кескінін тұрғызыңыз:
Қолданылған әдебиеттер:
КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.
Сәйкес интернет ресурстар
Достарыңызбен бөлісу: |