Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1
Пастнинаның контуры горизонталды және вертикаль кесінділермен шектелгендіктен, тұрғызуды Геометрия құралдар панеліндегі Объектіні үздіксіз енгізу - командасы арқылы орындаған дұрысырақ болады. Бұл жағдайда, жасалып жатқан объектінің соңғы нүктесі, автоматты түрде келесі объектінің басы деп қабылданады. Дегенмен, осылайша тұрғызылған примитивтертердің тізбегі біртұтас объект бола алмайды. Оларды ерекшелеу, жою, редактірлеу амалдары әрқайсысына жеке орындалады;
Ағымдағы күй панеліндегі - Ортогональ сызу;
Кесіндінің бірінші нүктесін көрсетіңіз;
ЛКМ екі рет шерту арқылы Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 90 мәнін енгізіңіз де, <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні оңға қарай горизонталь салыңыз;
Тағы да Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде келесі кесіндінің мәнін 15 енгізіңіз. Оны (44-14):2 =15 формуласы арқылы есептейміз. <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні жоғарыға вертикаль салыңыз;
Үшінші кесіндінің ұзындығын (90-60):2 формуласы бойынша анықтап алып, Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 15 мәнін енгізіңіз де, <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні солға қарай горизонталь салыңыз;
Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде келесі кесіндінің мәнін 14 енгізіңіз. <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні жоғарыға вертикаль салыңыз;
Келесі кесіндіні дәл салу үшін, маустың оң жақ кнопкасын (ПКМ) арқылы кескіннің кез-келген нүктесіне басыңыз. Ашылған контекстік мәзірде Бекіту мәзірінен Выравнивание бекітуін таңдаңыз;
Сурет – локалды бекітуден Выравнивание таңдау
Курсордың формасы өзгергеніне назар аударыңыз, яғни, бекіту белсенді болып тұр;
Бекітілетін объектіге курсорды орнатыңыз. Таңдап алынған бекітуге сәйкес нүктеде «крестик» пайда болады, бұл сіздің бекіту командаңыз орындалып жатқанын көрсетеді;
ЛКМ басу арқылы кесіндіні бекітіңіз;
Деталь симметриялы болғандықтан, вертикаль кесіндінің жоғары жағы төменгісіне тең болады. Тағы да Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде келесі кесіндінің мәнін 15 енгізіңіз. Оны (44-14):2 =15 формуласы арқылы есептейміз. <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні жоғарыға вертикаль салыңыз;
ПКМ арқылы выравнивание бекітуін шақырып, келесі кесіндіні бекітіңіз;
Жоғарыдағы амалдарды қолданып, вертикал кесінділерді орнатыңыз;
Деталь симметриялы болғандықтан, горизонталь сызықтардың сол жағы оң жағымен бірдей болады. Кесіндінің ұзындығын (90-60):2 формуласы бойынша анықтап алып, Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 15 мәнін енгізіңіз де, <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні оңға қарай горизонталь салыңыз;
ПКМ арқылы выравнивание бекітуін шақырып, кесіндіні вертикаль орнатыңыз;
Жоғарыдағы амалдарды қолданып, вертикал кесінділерді орнатыңыз;
Курсорды ең бірінші нүктеге орнатыңыз, сонда, Ең жақын нүкте (Ближайшая точка) глобалды бекіту орнайды;
Кесіндіні ЛКМ арқылы бекітіңіз;
|