Сызба қаріптері
Сызбадағы жазулар 2.304-81 МСТ-ы бойынша қолмен орындалады.
Сызбадағы жазуларды дұрыс жазу үшін аталған стандартты пайдалану керек. Қарыптердің жазылу үлгісі 2 қосымшада берілген.
Тапсырма.
Берілген тақырыпты өз бетінше зерттеу.
Осы тақырып бойынша конспектілеу.
Компас жүйесінде безендіру панельдерін зерттеу.
Компас-та кез-келген бейне үшін осы безендіру амалдарын орындау.
Бақылау сұрақтары:
ҚҚБЖ стандартын толық қарастыру.
Қолданылатын әдебиеттер:
ҚҚБЖ стандарты
3 тақырып. КОМПАС жүйесінде геометриялық примитивтерді тұрғызу
Геометриялық примитивтерге жатады: нүкте, түзу, кесінді және математика курсынан белгілі геометриялық фигуралар. Компас программасының мүмкіндіктерін зерттей отырып, сіздер осы элементтерді үнемі қолданатын боласыз.
Геометриялық примитивтерді тұрғызуға арналған барлық кнопкалар объектілердің типіне қарай біріктірілген. Бұл кнопкалар Компактная құралдарындағы Геометрия кнопкасында орналасқан.
Осыларды қарастырып шығайық:
КОМПАС-3D программасын іске қосыңыз;
Фрагмент құжатын ашыңыз;
Геометрия құралдар панелі;
Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1
Кесінді тұрғызу:
- кесінді;
Горизонталь және вертикаль кесінділерді тұрғызу үшін Текущее состояние панеліндегі Ортогональное черчение кнопкасын басыңыз;
Кесіндінің бірінші нүктесін курсор арқылы көрсетіңіз;
Маустың сол жақ батырмасын (ЛКМ) Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 100 санын енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;
Арнайы басқару панеліндегі Автосоздание кнопкасы үнсіз келісім бойынша басулы тұратынына көңіл бөліңіз. Ол осы күйде тұрғанда, барлық объектілер параметрлерін енгізе сала бірден жасалады;
Курсорды горизонталь немесе вертикаль қозғаңыз;
ЛКМ басу арқылы кесіндінің соңғы нүктесін орнатыңыз;
Кесіндіні осылайша, енді вертикаль орнатыңыз;
Көлбеу кесінді салу үшін Ортогональное черчение кнопкасын сөндіріңіз;
Қасиеттер панеліндегі угол өрісінде 20 мәнін орнатып, <ENTER> басыңыз;
Дұрыс тұрғыздыңыз ба, тексеріңіз;
Егер қателескен болсаңыз, Стандартная панеліндегі болдырмау кнопкасын басып, кесіндіні қайтадан тұрғызыңыз.
Егер бір ғана кесінді дұрыс емес болса, оған курсорды тигізіп басыңыз (кесіндінің түсі өзгереді) және басыңыз;
Егер дұрыс кесіндіні байқамай жойып алсаңыз, Стандартная панеліндегі қайталай кнопкасын басыңыз;
Тексеріп болғаннан кейін құжат терезесін жабыңыз.
Тікбұрышты тұрғызу:
Фрагмент құжатын ашыңыз;
Геометрия құралдар панелі;
Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1
- тікбұрыш;
Тікбұрыштың бірінші төбесін көрсетіңіз;
ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі биіктік өрісінде 80 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;
ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі ені өрісінде 100 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;
Егер тікбұрыш құжат терезесіне сыймайтын болса, Түр панеліндегі - Жылжыту командасын орындаңыз. ЛКМ жібермей ұстап тұрып, керек жерге орнатып алыңыз да, ЛКМ жіберіңіз және команданы сөндіріңіз.
Тұрғызу дұрыстығын тексеріңіз;
Тексеріп болғаннан кейін құжат терезесін жабыңыз.
Шеңберді тұрғызу:
|