Мәзір – Терезе – Вертикаль мозаика. Әрбір терезені белсенді ете отырып, Барлығын көрсету (показать все) командасын орындаңыз. Алынған бейнелерді салыстырыңыз.
Тіліктерді салу ережесі бойынша, егер қиюшы жазықтық детальдың симметрия осімен сәйкес келсе және тілік басқа көріністердің проекциялық байланыстарында орналасса, онда сызбада бұл тіліктерді белгілемейді. Осылайша Фрагмент құжатындағы тілікті салғанда белгілеулер орнатпасақ та болады.
Чертеж құжатында қима сызығы фронталды тіліктерді автоматты түрде тұрғызу үшін қажет.
Тапсырма.
Құжаттарды ашыңыз:
«Чертеж. Основание.frw»;
«Ассоциативті көріністер. Основание. сdw» (№10 тәжірибе жұмысы) Основание деталінің фронталды тілігін салыңыз. Құжаты сақтаңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.
Сәйкес интернет ресурстар
12 тақырып. Жазық беттермен шектелген геометриялық денелерді жасау. Көпжақтылар.
Бізді қоршаған денелерге қарасаңыз, сіз олардың барлығы геометриялық денелердің формаларын немесе солардан құрастырылған дығын байқайсыз. Егер сіз қарапайым геометриялық денелердің үшөлшемді модельдерін жасауды үйреніп алсаңыз, онда оларды бірімен араластырып құрастыра отырып, күрделі формалы денелерді де сала алатын боласыз.
КОМПАС-3D жүйесінде көпжақты фигураларды жасауды қарастырайық (куб, параллелопипед, призма, пирамида, қиып алынған пирамида).
Куб – барлық жақтары квадрат болатын призма.
Компьютерді қосыңыз;
КОМПАС-3D программасын іске қосыңыз;
Деталь типті құжатын таңдаңыз;
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын таңдаңыз.
Үшөлшемді модельді жасау оның табанының эскизін салудан басталады. Сондықтан сіздер, үш жазықтықтың ішінен тұрғызуды орындайтын біреуін таңдауыңыз керек. Жазықтықтар экранда шартты түрде – осы жазықтықтарда жатқан тікбұрыштар түрінде көрінеді. Мұндай бейнелену, жазықтықтың кеңістіктегі орнын елестетуге көмектеседі. Сонымен бірге, сіздер жазықтықтың – шексіз екендігін ұмытпағаныңыз дұрыс;
Кескінді тұрғызатын жазықтық экранға параллель болуы керек. Компас жүйесі берілегн орынды автоматты түрде жасайды.
Ағымдағы күй құралдарындағы – Эскиз;
Түр құралдарында ағымдағы масштаб 1:1;
Биіктігі 40 мм және ені 40 мм болатын тікбұрыш салыңыз;
Команданы тоқтаыңыз;
Ағымдағы күй құралдарындағы – Эскиз. ЛКМ көмегімен үшөлшемді модельдеу режиміне өтіңіз;
Тұрғызу Ағашында - пиктограммасы жасыл түсті және экрандағы эскиз де жасыл түсті, яғни, объект ерекшеленген. Келесі амалдарды орындау керек. Егер пиктограмма көк түсті болса, ал экрандағы эскиз жасыл түсті болса, онда тұрғызу Ағашындағы эскизді ЛКМ көмегімен ерекшелеңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |