ТАҚЫРЫБЫ: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:
Windows–тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау;
Windows ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу.
Тапсырма 1: WINDOWS стандартты бағдарламаларымен жұмыс.
Жұмыс барысы:
1. Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосыңыз. «С:» дискін активтендіріңіз.
Windows жүйелік папкасын ашыңыз.
CALC қосымшасын іске қосыңыз (калькулятор таңбашасымен) – калькулятор.
Калькуляторды келесі амалдарды орындаңыздар
а)125.26*63.65 б)456.36/(377-2.58)
в) (456.25 – 35.35 )*(3.658-45.254)
Нәтижесін жазыңыз.
Калькулятор терезесін ашып, 45.62+323, амалын орындау, жауабын жазу.
Калькулятор терезесін жабу, ары қарай тізбек бойында «С:» диск терезесін және Мой компьютер (Менің компьютерім).
Тапсырма 2: Анықтама ішкі менюімен танысу.
Жұмыс барысы:
Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосу.
2. Меню арқылы анықтаманы (Вызов справки) (тiлсызықпен ? таңбасын басу және тыщқанмен анықтаманы шақыру): шақыру.
a) орыс әрiптерiн теру режимiне өту;
б) Предметный указатель өрісінде Алғашқы әрiптердi кiргiзiңiз (Введите первые буквы) . . . терiңiз Терезе(окно).
в) Выберите термин или фразу (термин немесе фраза таңдаңыз) өрiсiнде … тышқанмен Окна сообщений, изменение вида таңдаңыз;
г) Шығару (Вывести) батырмасын басыңыз (терезенiң төменгi жағында);
д) шығарылған мәтiндi оқып, терезенi жабу.
3. Менiң компьютерiм терезесiнде Басқару панелi (Панель управления) жолында тышқанмен екi рет шерту.
4. Басқару панелi (Панель управления) терезесi iшiнен экранды таңдау және тышқанмен екi рет шерту.
5. Қасиет (Свойства) диалог терезесiнде Көркемдеу-ді (Оформление) таңдау.
6. Терезенiң iшiнде батырмасын басып Түсі (цвет) арқылы түсiн өзгерту.
7. ОК батырмасын басыңыз.
8. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезелерiн жабу.
Тапсырма 3: Жұмыс үстелінің контекстік менюі.
Жұмыс барысы:
1. Жұмыс столында тышқанмен бос орынды көрсетiңiз және тышқанның оң батырмасын басыңыз.
2. Динамикалық (контекстi) меню пайда болады, Свойства (қасиет) жолын таңдаңыз.
3. Свойства (қасиет) диалог терезесiнiң iшiнен Көркемдеу-ді (Экран Оформление) таңдаңыз.
4. Экранның түсiн, Түсі (цвет) сөзiнiң алдындағы батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
ОК батырмасын басыңыз.
Тапсырма 4: Сілтеуіштің (Проводник) жұмысы
Жұмыс барысы:
1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу арқылы, Сілтеуіш программасын iске қосыңыз, ары қарай тышқанмен шертiп Программы – Проводник-тi таңдаңыз.
2. Сілтеуіш терезесi пайда болады, терезенiң сол жақ бөлiгiнде Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне және бума таңбашасына көңiл аударыңыз.
3. Терезенiң сол жақ бөлiгiндегi Windows бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне көңiл аударыңыз.
4. Windows бумасының алдында, тышқанме “+” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
5. Windows бумасының алдында, тышқанме “-” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
6. Терезенiң оң жақ бөлiгiндегi Temp бумасының таңбасында тышқанмен екi рет шертiңiз және не болғанын түсiндiрiңiз.
7. Сілтеуіш терезесiн жабыңыз.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4
ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:
MS Word мәтіндік редакторында мәтін терудің негізгі ережелерін пайдалану.
Мәтінді түзету тәсілдерін меңгеру (әртүрлі әдістерді қолдану).
Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу.
Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену. Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.
Тапсырма 1: MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып құттықтау ашық хатын жаса.
Жұмыс барысы:
MS Word мәтіндік редакторын іске қос.
Құжат бетінің параметрлерін орнату қажет: ені - 18 см, биіктігі – 11 см; Түрі\Альбомдық (Ориентация \ Альбомный); Жиек өлшемдері (Размеры полей) сол және оң жақ жиектері, жоғарғы және төменгі жағы– 1,7 см.
Абзац үшін шегініс (отступ), қатар аралық қашықтық, түзету орнату; егер өлең түрінде болса, шегіністі сол және оң жақтан беруге болады.
Құттықтау ашық хатының мәтінін жаз; өлең түрінде де орындауға болады..
Сурет түрінде рамкамен әдемілеу.
Қаріппен жұмыс: өлшемін, сызбасын және түсін таңда.
Тапсырма 2: Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін алғашқы бетін (титульный лист) дайында.
Жұмыс барысы:
Құжат бетінің параметрлерін келтір: ені - 21 см, биіктігі – 29,7 см; Түрі\Кітаптық (Ориентация бумаги – Книжный); Жиек өлшемдері: сол жақ - 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см.
Caps Lock батырмасын қосып, бас әріптер регистрімен мәтіннің үлкен бөлігін тереміз.
Қаріп өлшемі – 14, сызбасы – қоюланған, мәтір түзету – ортасы бойынша (по центру).
1-ші қатарға <Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі>, 2-ші қатарға <Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті>, 1 қатар қалдырып, 4-ші қатарға <.... факультеті>, 5-ші қатарға <... кафедрасы>, 10 қатар төмен түсіп, қаріп өлшемін – 26 етіп орнатып, <Курстық жұмыс> немесе <Реферат> деп жаз.
Caps Lock батырмасы арқылы бас әріптер регистрін істен шығар.
Жаңа қатарға көшеміз. Қаріп өлшемі – 14, қаріптің сызбасын қалыпты түрге келтір.
<Тақырып: «Ақпараттану»> деп жаз.
5-6 қатар төменге түсіп, мәтінді сол жағы бойынша түзету қажет.
<Орындаған: [топ аты, номері] тобының студенті, студенттің тегі, аты, әкесінің аты>, келесі қатарда <Қабылдаған: [оқытушының атағы, дәрежесі] оқытушының тегі, аты, әкесінің аты>.
Соңғы екі жолды ерекшелеп, Формат \ Абзац \ шегініс \ сол жақ [9 см] командасын орында.
15 қатарға төмен түсіп, мәтінді ортаға түзетіп қоюланған қаріппен Орал [жыл] деп жаз.
Тапсырма 3: Резюме шеберінің көмегімен өзіңнің жеке резюмеңді құр, ол келесі мәліметтерді қамтитын болсын: туған жерін және жылын, ұлтың, білімің (орта, орналасқан жері көрсетілген мектеп нөмірі, аттестаттағы орташа балың), компьютер меңгеру деңгейің, шетел тілдерін білу, жеке және қызметтік тұлғаң, қызығатын кәсібің (хобби), мақтаулар мен наградалар, қоғамдық жұмыстарға қатысуың және т.с.с..
Жұмыс барысы:
Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу.
Файл \ Создать командасын орындау.
Ашылған терезеден басқа құжаттар (Другие документы) қабаттамасын таңдау. Резюме шебері белгісін, әрі қарай ОК батырмасын басу.
Резюме шеберін іске қосқан соң бір терезеден екінші терезеге <Далее> батырмасын басу арқылы көшу, алғашқы екі терезеден резюменің типі мен стилін таңдайсыз, келесілерде жеке мағлұматтар енгізіліп, жаңа пункттер таңдалып алынады.
Готово батырмасын басу арқылы резюме дайындау аяқталады.
Экранда пайда болатын резюме бланкісіне қалған мәліметтерді енгіз.
Резюмені дискіге сақта.
Ескерту: Жұмыс барысында келесі командалар қолданылады: Файл Параметры страницы, Файл Предварительный просмотр, Вид Колонтитулы, Вставка Объект, Вставка Символ, Формат Шрифт, Формат Абзац, Формат Границы и заливка, Формат Буквица, Сервис Язык Расстановка переносов и т. .д.
Достарыңызбен бөлісу: |