Бағдарламасы (syllabus) оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Құрастырушылар: Пән оқытушысы:


Әдебиет: [1], [2], [3], [4], [8], [10], [11], [12], [13]. №7-тақырып. Кәсіпкерлердің салық салу жүйесі



жүктеу 1,76 Mb.
бет8/35
Дата29.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#41917
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Кәсіпкерлік негіздері және Көшбасшылық Силлабус

Әдебиет:
[1], [2], [3], [4], [8], [10], [11], [12], [13].
7-тақырып. Кәсіпкерлердің салық салу жүйесі
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Салық салу жүйесінің жалпы сипаттамасы.

  2. Қазақстан Республикасындағы салық және алым түрлері

  3. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге салық салу жүйесі

  4. Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері

Тақырыптың мақсаты: Салық салу жүйесін, ҚР-дағы салық және алым түрлерін, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Дәріс тезисі
Салықтар - белгілі бір мөлшерде және белгіленген уақытта мемлекетпен орнатылған және алынатын міндетті төлемдері. Салықтардың экономикалық маңызы - өздерінің қызметтері мен міндеттерін орындау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерден, азаматтардан мемлекет арқылы шоғырланатын ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу бойынша экономикалық қатынастардың бір бөлігін құрайды. Салықтар – мемлекет табыстарының негізгі түрі. Мемлекеттік табыстар екі негізгі топтарға бөлінеді. Бір топты жеке-құқықтық сипаттағы табыстар құрайды. Мұндай табыстарды мемлекет біріншіден, белгілі бір мәмілелерді жасау жолымен жеке тұлғалар негізінде ала алады, екіншіден, бұл табыстар мемлекетке жер, орман, сауда, өнеркәсіп, транспорт және басқа да кәсіпорындар арқылы келеді.
Бірінші белгісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтарға тікелей табысқа және мүлікке белгіленген салықтар жатады (пайдаға, мүлікке, жерге, табысқа салынатын салық). Тікелей салықтар, өз кезегінде, нақты және жеке болып жіктеледі. Нақты салықтар сыртқы белгілері бойынша мүлікке салынады, яғни, салық салу объектісін пайдаланудың тиімділігі емес, салық салу объектісі ескеріледі; нақты тікелей салықтарға жер, мүлік, кәсіп, ақша капиталына салынатын салықтар жатады. Жеке салықтарда тек табыс ғана емес, салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынады, мысалы отбасы жағдайы; оған табыс салығы, мұра және сыйға тарту салығы, жан басы салығы және т.б. қатысады. Жанама салықтар жанама түрде алынады – тауар бағалары, қызметтер арқылы (қосылған құн салығы, акциздер, кедендік баж). Салық соммалары тауарлар мен қызметтер жүзеге асырылғаннан кейін иелері арқылы мемлекетке беріледі. Пайдалану белгісі бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлкетке түседі және пайдалану кезінде иесіздендіріледі. Арнайы салықтардың қатаң анықталған тағандайылуы болады. Салықтарды алатын және оларды бақылайтын органдарға байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салықтар табыс және тұтыну салығы болып жіктеледі; бiрiншiсі кез келген салық салу объектiсiнен төлеушiнің алынатын табысынан өндіріледі; екінші жағдайда – тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде төленетін шығындарға салынатын салықтар. Осылайша, салықтар қаржы қатынастар жүйесіне жатады, бұл арқылы олардың жалпы мазмұны анықталады. Сонымен бірге, салықтардың материалдық негізі бар, яғни, олар мемлекеттің билігі арқылы иеленетін, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай табысының бөлігі болып табылады. Бұл салықтың екі жақты сипатын анықтайды: бір жағынан, салық - өндіріс қатынастарының нақты түрі, екінші жағынан - салықтар ұлттық табыстың ақшалай қаражатының бір бөлігін құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен уәкiлетті Құзыреттi органының жасаған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттары ережелерiмен, Қазақстан Республикасының Ұкіметі құзіреттілігімен салық төлеудiң табиғи нысанын көздейтін және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шетелдiк валютада жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, салықтар мен алымдар теңгемен есептеледi және төленедi. Салық салу объектілерін есепке алу және бағалау әдістеріне байланысты салықтарды алудың төрт тәсілі бар: кадастрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, патент бойынша, табыс алу көзі бойынша. Кадастрлық әдіске сәйкес салықтарды есепке алу және төлеу нақты кірістілікті есепке алмай, олардың кірістілігі мөлшерін көрсете отырып (жер, мүлік), салық салу объектілерін түгендеу негізінде жүзеге асырылады. Декларацияда салық төлеуші табыстың, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді, салық сомасын есептейді және төлейді. Салық табыс алу көздерінде салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның есепке алу бөлімінде кіріс алу бойынша есептеледі және төленеді. Патенттің негізінде салық әртүрлі қызметтен табыстар алу үшін төленеді, бұл жағдайда олардың көлемін анықтау және есепке алу қиын. Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтарды, алымдар мен баждарды, салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызметі органдарын қамтиды.
Бақылау сұрақтары
1. Салықтардың экономикалық маңызы
2. Салық салу қағидалары
3. Қағидалар бойынша салықтардың жіктелуі
4. Қандай салықтар тікелей салыққа жатады?
5. Жанама салықтар қалай алынады?
6. Қазақстан Республикасындағы салық түрлері
7. Қазақстанда алымдар тізімі
8. Республикадағы салықтық сипаттағы төлемдерді атаңыз
9. Арнаулы салық тәртібі дегеніміз не?
10. Патентке негізделген арнайы салық тәртібі
11. Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық тәртібі
12. Жалпыға белгіленген салық салу тәртібінің мәні қандай?
13. Әлеуметтік салық қалай есептеледі?
14. Жеке табыс салығының сомасын есептеу
15. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері
16. Салық төлеушінің құқықтары қандай?
17. Салық төлеушінің міндеттері.

Глоссарий/түйінді сөздер


Салық, патент, кедендік баж, акциз.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау