1.3. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:
Персоналды басқару, Инновациялық менеджмент, Өндірісті ұйымдастыру
1.4. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы қазіргі таңда ең алдымен еркін кәсіпкерлік экономикасының дамуы ретінде жүреді. Қазақстан Республикасы өкіметі кәсіпкерлікті дамытуда баса назар аударуда. үлгеруші кәсіпкер болу үшін кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздерін білу қажет.
.
2. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
«Кәсіпкерлік негіздері және көшбасшылық» пәнін оқудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік қызмет бойынша тәжірибелік әдістерді және көшбасшылық дағдыларды оқу және үйрену, болып табылады.
3. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
Пәнді оқу барысы түлектер арасында келесі құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған:
А. Түрлі қызмет салаларында экономикалық білім негіздерін пайдалану қабілеті;
В. Кәсіпкерлік пен көшбасшылықтың теориялық негіздерімен таныстыру;
С. қазіргі қаржылық-экономикалық тәуекелдерге талдау жүргізу және баға беру, микро- макро және мезо деңгейлі негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер динамикасының болжамын жасау және негіздеу қабілеті;
D. нарықта кәсіпорынның тиімді әрекет етуін, сұранысты талдау және болжамдау;
Е. нарықта кәсіпорынның тиімді әрекет етуін, сұранысты талдау және болжамдау, тұтынушылар мінез-құлқын және оған әсер етуші әртүрлі факторларды зерттеу, өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалтингтік қызметпен айналысатын шағын және орта бизнестегі маркетингтік қызметін зерттеу
4. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Оқу нәтижесінде студент:
білуі:
- ақпаратты қорыту және талдау әдістері;
- стратегиялық, тактикалық және жедел шешімдер қабылдау әдістері
- Қазақстан экономикасын кәсіпкерлік негіздері бойынша теретикалық материалдарды қамту;
-Кәсіпкерлік қызметтің негіздеріжәне мемлекеттік реттеу экономикалық механизмін қамту
қолынан келуі:
- ақпаратты қорытындылау және талдау;
- мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсіну
- Кәсіпкерлік негіздері және көшбасшылық дағдыларын қолдану.
меңгеруі қажет:
Кәсіпкерлікті жоспарлау, әдістерін таңдау, шағын кәсіпорын құру, іскерлік жоспар жасау;
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандарын таңдау, шаруашылық есептің негізін құру
Достарыңызбен бөлісу: |