Бағдарламасы (силлабус) Пән Психологиялық- педагогикалық практикум Мамандығы



жүктеу 1,16 Mb.
бет5/7
Дата10.12.2017
өлшемі1,16 Mb.
#3741
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Алғашқы көмек. Білім беру мекемелеріндегі білім үрдісіне қатысушыларға педагог-психологтар немесе топтасқан мамандар көрсетеді. Мамандар тобының құрамы нақты білім беру мекемесінің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мамандандырылған көмек. Білім берудің барлық түрлеріне жататын мекемелердің білім үрдісіне қатысушыларына, дамуы мен тәрбиесінде және білім алуында проблемалары бар арнайы көмекті қажет ететін балалар үшін:психологиялық-педагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік көмекті қажет ететін мекеме балалары үшін педагог-психологтардың кәсіби деңгейдегі көмек көрсетуі.

Ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылыми мекемелері, білім басқару орталықтары,оқу-әдістемелік кабинеттері және жоғары оқу орындарының бөлімдерімен жүзеге асырылады.

Психологиялық қызметтің жұмысы мынадай принциптерге сүйенеді:



  1. Жүйелі мақсаттылық принципі;

  2. Тұтастылық принципі;

  3. Кәсіби-педагогикалық белсенділік принципі- психологиялық қызмет құрамындағы педагогтар мен тәрбиешілердің рөліне негізделген;

  4. Жеткілікті шектеушілік принципі. Бұнда диагностикалық әдістемелерді таңдау мен мектепте оқушыны тұлға ретінде және оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде зерттеудің тұтас жүйесін құруды көздейді.

  5. Өзара әрекеттестік принципі- яғни психолог-педагог және әкімшілік жұмыстары жөнінде айтып отырулары қажет.

  6. Даму принципі – педагогикалық үрдіске қатысушылардың интеллектуалдық, рухани, психологиялық дамуының міндеттерін кешенді түрде шешу болып табылады.


Психологиялық қызметтің құрылымы.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет кез-келген әкімшілік бірліктер (қала, облыс, аймақ) көлемінде құрылады. Осы жүйенің әрбір бөлігінде нақты анықталған қызметтері болады. Психологиялық қызмет жұмысы тиімділігінің кепілі болып осы бөлімдердің өзара кәсіби байланысы болып келеді.

Бұл құрылым негізінде үш бөліктен тұрады:


  1. Білім беру мекемесіндегі практикалық психолог (немесе психологтар тобы);

  2. Аудандық психологиялық қызмет кабинеті

  3. Психологиялық қызмет орталықтары (аймақтық, қалалық)

Практикалық психолог-белгілі бір оқу мекемесінде (балабақша, жалпы білім беретін мектептер, гимназия, балалар үйі т.б.) жұмыс істейді. Осы жерде ол бірінші кезекте мынадай жұмыс атқарады;

  • барлық оқу кезеңінде балаларға жеке қарау үшін оларды психологиялық тұрғыдан зерттеу, әрбір баланың толық дамуын қамтамасыз ету, балалардың тәртібіндегі ауытқушылықты және сабаққа үлгермеушілікті ерте байқап, анықтап алдын алу шарттарын жүргізу;

  • тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша тәрбиешілерге, мұғалімдерге, білім беру мекемелерінің әкімшілігіне кеңес беру;

  • психологиялық білім деңгейін көтеру;

  • педагогтар мәселелерін шешуге көмек көрсетеді;

Аудандық, облыстық, қалалық психологиялық кабинеттер (бөлімдер) өздерінің жұмысын мынаған тоқтатады:

  • білім беру мекемелеріндегі психологтармен жұмыс жүргізеді;

  • психологтардың қызметін ұйымдастырып, бақылайды;

  • әдістемелік және басқа да кәсіби көмек көрсетеді;

  • психологиялық-педагогикалық білімді насихаттайды;

  • ерекше ауыр жағдайларда психодиагностика және психокоррекция жүргізеді;

  • мектептегі психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес – жұмыстары мен кәмелетке толғандар істері жөніндегі комиссия жұмыстарына қатысады;

  • білім беру мекемелерінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері, педагогикалық ұжымда әлеуметтік-психологиялық қолайлы ахуал туғызу және де басқа кәсіби қызмет жөнінде кеңес береді.

Кабинеттер құрамына психологпен қатар әлеуметтік қызметкер, педагог, дәрігер-психоневролог кіреді.

Білім берудегі психологиялық қызмет орталығы- жалпы білім беретін мекемелердегі жұмыс істейтін психологтар қызметін басқаратын негізгі ұйым. Бұл орталық барлық қызмет жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырушылық, психологтың кәсіби деңгейі туралы мәліметтерге жауап береді. Орталыққа халықтық білім беру қызметкерлері, ата-аналар, педагогтар кеңес ала алады. Орталық екі негізгі бөлімнен тұрады- жеке көмек көрсету және білім беру мекемелерін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Осыған сәйкес Казақстан республикасы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ережесі жасалды. Бұл жоба 2002 жылы Қарағанды қаласында өткен Республикалық семинарда жоба ретінде жасалынған болатын.Енді сол жобаның мазмұнына толығырақ тоқталайық.

Казақстан республикасы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ережесі

I жалпы ереже

1. Психологиялық қызмет әрекетін ұйымдастыру реті.

ҚР білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әрекетін анықтайды.

2. Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс-әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.

3. Қызметтің іс-әрекеті білім беру процесінің барлық субъектілерінің толық жекелік және интеллектуалдық дамуына бағытталады.

4. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет білім беру процесіндегі барлық субъектілердің психологиялық қызметін қамтамасыз етеді.

5.Психологиялық қызметтің негізгі мәселелері.

1. Жекелік дамуға қажетті жағдайды қамтамасыз ету,психикалық саулықты қорғау және нығайту.

2. Кәсіби және жекелік өзін анықтауда балаларға, оқушыларға және жастарға психологиялық қызмет көрсету.

3. Қоғам өміріне балаларды, оқушыларды, жастарды бейімдеу.

4. Психологиялық білімді насихаттау және педагогтың психологиялық компитенттілігін жоғарылату.

6. Психологиялық қызмет өзіне білім беру ұйымдарындағы психологиялық кабинеті, ЖОО-ғы психология кафедрасын, ғылыми-тәжірибелік орталықтың лабораториясын т.б. қосады.


II. Іс-әрекетті ұйымдастыру

  1. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ҚР заңымен қарастырылған, ұйымдастырылған құқықтық формада туындауы мүмкін.

  2. Әрекетті ұйымдастыру, білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық қызмет әрекетінің бағыттарын таңдау, түрлі жұмыс түрін іске асыруды білім беру ұйымының ерекшелігі мәселесінде штаттан тыс психологтар бірлігімен жүргізіледі.

  3. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет психологтың базалық психологиялық білімімен іске асады, сонымен қатар педагогикалық білімі бар және практикалық психологтың арнайы 1200 сағаттық дайындықтан өткендер атқара алады.

  4. Қызмет ақысы, еңбек демалыс күні, педагогикалық жүктеменің көлемі нормативтік құжаттармен анықталады.

  5. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметі ұйымдастыру үшін диагностикалық, дамытушылық, коррекциялық, профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізетін арнайы, бөлек кабинет бөлінеді. Кабинеттің безендірілуі т.б. қабылданған нормативтерге сәйкес жүзеге асады.

  6. Психологтың мақсаты, міндеттері және қабылданған жоспарлары, жұмыс күнінің тәртібі сол жұмыс істеп жүрген білім беру ұйымдарымен шешіледі және ғылыми кеңеспен педагогикалық кеңес басшыларымен бекітіледі.


II. Іс-әрекеттің негізі

  1. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет әрекетінің іске асуы, жоспарын жасауы, жұмыс формасы және балалардың сұранысы және қажеттілігі арқасында анықталады.

  2. Психологиялық қызметтің психологиялық, коррекциялық, оқу-білімдік жоспары білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбиелік және білім мазмұны нұсқаларынан құралады

  3. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет әрекетінің негізгі бағыттары мен мазмұны

1. Психологиялық қызмет өз іс-әрекетін психодиагностикалық, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады.

2. Топтық және жеке психологиялық зерттеулер психологиялық тестілердің, әлеуметтік және этно-мәдениеттік ерекшеліктері қатысуымен жүреді.

3. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативті ерекшеліктерін дамытуға психологиялық тренинг жүреді.

4. Олимпиада, конкурс, жарыс кезінде оқушылардың психологиялық қолдауын таныту.

5. Психологиялық диагностика ерекшеліктері, қызығушылықтары және бейімділіктері мақсатында кәсіби және жекелік анықтауда көмек көрсетеді.

6. Психологиялық анализ оқу-тәрбие процесіне және оның ұйымдастырылуына тәжірибелік кепілдеме құру.

7. Білім беру процесінде барлық субъектілерінде индивидуалды психологиялық кеңес жүргізу.

8. Құрылымды зерттеудегі қарым-қатынас күйі және психикалық ахуал шиеленістегі өзара қатынасты коррекциялау.


IV. Психологиялық қызметті басқару

  1. Психологиялық қызметті басқару ҚР басшылығымен білім беру процесінің тәуелсіздік, жалпы адамдық құндылыққа, жеке адамның еркін дамуына сәйкес жүреді:

  2. Психологиялық қызметтің басшылығын білім беру басшысы іске асырады.

  3. Психологиялық қызмет әрекетінің қорытындысы білім беру ұйымының қорытынды деректеріне ендіріледі.




    1. Қорытынды ереже

  1. Осы ережемен реттелмеген психологиялық қызметі болса, онда ережелермен анықталады және орталық орындаушы ұйымымен бекітіледі.

Мектептегі психологиялық қызметте негізгі орынды мектеп психологы алғандықтан, оның жұмыс мазмұны толығымен осы жобаға сәйкес жасалынылуы тиіс.

Психологтың құқықтық статусы

1. Психолог мамандығы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің "Білім беру мекемелеріне психолог мамандығын енгізу туралы" нұсқау хаты негізінде еңбекақы қорынан жалақысы бекітіліп, Қазақстан Республикасы білім туралы Заңына, ҚР үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жүмыс атқарады.

2. Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті еңбек демалысы бар және тағы басқада кәсіби қүқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарға теңестірілген маманы болып табылады: білім беру мекемелеріндегі (балабақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету
ұйымдары) аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтарының психологтары.

3. Әртүрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде, психологиялық жоғары білімі бар немесе көлемі 1200
сағаттан кем емес, балалар практикалық психологиясы бағытында, психологиялық қызмет көрсету саласы бойынша арнайы курстар мен факультативтерде қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Түзету мекемелерінің мамандары үшін дефектология негіздерін
меңгерумен қатар 1440 сағат арнайы қайта даярлау курстары мен факультативтерде өткендігін куәландыратын құжаттың болуы тиіс.

  1. Әрбір білім мекемесінде практикалық психолог қызметі (9-дан 14-ке дейін) санат негізінде тағайындалады. Әрбір білім беру мекемесіне кемінде бір психолог қызмет етеді, сондай-ақ аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық оқушылары (тәрбиеленушілері) 300-ден көп болған психологиялық орталықтарда психологтар
    саны (жүктемесі) артады, мүмкіндіктері шектелген балалар мен жасөспірімдердің білім алу мекемелерінде 80 адамға 1 психолог тағайындалып, кемістіктің күрделілігіне байланысты балалар саны азайтылады.

  2. Психологтың біліктілігін аттестациялау құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан (жоғары категориялы, негізгі психологиялық білімі бар маман) ҚР білім Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Қызметтік еңбекақы, еңбек демалысының ұзақтығы, бекітілген педагогикалық жүктеменің көлемі ҚР білім туралы Заңына, нормативтік құжаттарына сәйкес педагог қызметкерлерге теңестіріледі және көтеріледі.

  4. Білім беру практикалық психологтары білім мекемесі әкімшілігіне және кәсіби құзырлы мекемелерге бағынышты: әкімшіліктік басқару білім департаменті, білім беру мекемелерінің басшыларымен жүзеге асырылса, кәсіби басқару республикалық, аймақтық, қалалық және аудандық басқармалардың психологиялық қызметі бөлімдерімен жүзеге асады.

8. Жұмыс бағытын таңдау, әртүрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

9. Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс жүргізу бөлмесі болып, әрбір кабинет қолдану мақсатына сәйкес таспа-бейне, көбейту техникасымен, ыңғайлы жиһазбен жабдықталғаны жөн. Психолог қызметін атқарушы психология кабинетіне жетекшілік етеді.



  1. Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және ұсталуы үшін төлемақы мекемедегі мүғалімдер үшін бекітілген нормативке сәйкес төленеді.

  2. Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар, атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Психологиялық қызмет есебі психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне енеді.

  3. Оқу мекемесіндегі психологиялық қызмет, психологиялық ағарту, алдын-алу, диагностикалау, дамыту, түзету, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру және т.б бағыттарда практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

  4. Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн бөлінеді.

  5. Психологиялық әдебиеттер алуға, және біліктілігін көтеруге қосымша қаражат білім беру мекемесі тарапынан бөлінуі қажет.[



Психологтың негізгі міндеттері

1. Психологиялық қызметтің мақсаты психологиялық саулықтың негізі болған баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау болып табылады, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу.

2. Оқушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде өзара көмек, толеранттылық, қайырымдылық, жауапкершілік және өзіне-өзі сенімділік принциптерін, басқа тұлғаның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмей, белсенді әлеуметтік өзара қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру, әрбір этнос өкілдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени ортада үйлесімді дамуына ықпал ету.

З.Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау: оларды жою мен алдын алу мақсаттарының жүзеге асуы үшін нұсқаулар дайындау.

4. Тұлғалық қарым-қатынастарды басқару үрдісіне қатысу және ұжымдағы оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру.

5.Оқушыларға және олардың ата-аналарына, мұғалімдерге және оқу мекемесінің басқа да қызметкерлеріне нақты психологиялық көмек көрсету. Оқушылардың мамандыққа қабілетін анықтау.

6. Сабақ берудің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымға оқушылардың танымдық үрдісін басқаруда көмек көрсету.

7. Баланың шығармашылық ойлауын мұғалімнің қалыптастыра алуы қабілетілігіне, педагогикалық қарым-қатынасқа үйрету (орташа арнайы оқу мекемелері, арнайы интернаттар, түзету мекемелері, және т.б оқу мекемелері). Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру.

8.Оқушылар арасында кездесетін ішімдіктің, токсикомания, нашақорлықтың таралуының, баланың жыныстық сфера дамуының бүзылуының алдын-алу жөнінде қазіргі заманғы психологиялық қүралдарды қолданып іс-шаралар өткізу.Психологиялық-педагогикалық білімге құштарлығын арттыру мақсатында үгіт-насихат жүргізу.

9. Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғарғы тұрған психологиялық қызмет, оқу мекемесінің директоры және бекітілген бағдарламаның негізінде педагогикалық кеңес жүргізеді. Оқу мекемесі әкімшілігінің нұсқаулары психологтар талаптарына қарама-қайшы келген жағдайда, ол туралы оқу мекемесін басқару жөніндегі жоғарғы орынды хабардар етіп, орындамауға құқылы.

10. Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, қамқоршы және тәрбиелеуші орындармен, социологтармен, дефектологтар мен қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады.


  1. Психологтың жұмыс тәртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемесінің директоры бекітеді.

  2. Психологтың жұмыс уақыты әртүрлі жастағы балалар және үлкендер категориясымен жүргізілетін практикалық жұмыс нысандарының ескерілуі негізінде ұйымдастырылады.

  3. Оқу мекемелері мамандарының кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психологиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламаларымен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады;

  4. Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагог қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысу.

Психологтың құқығы

1. Оқушылармен және олардың ата-аналарымен, басқа мекеме өкілдерімен (әрі қарай мектеп мұғалімдері, техникум, лицей оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері т.б.) және басқа да оқу мекемелерінің қызметкерлері мен жұмыс жүргізу түрлері мен әдістерін таңдауға, әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу кезегін тағайындауға, белгілі бір кезеңдегі жұмыс бағыттарын айқындауға;

2. Оқу мекемесінің әкімшілігіне және оның қоғамдық ұйымдарына психологиялық қызметтің ұтымды жұмыс атқаруына қажетті жағдайларды жасау жөнінде ұсыныспен шығуға;

3.Ұйымдастыру және оқу-тәрбие процестерінің құжаттарымен, оқушылардың, оқытушылардың және оқу мекемесінің басқа да қызметкерлерінің жеке іс-қағаздарымен танысуға;

4. Оқу мекемесінің жеке тұлғалары мен оқу топтары ұжымдарын зерттеудің қорытындыларын талқылауға, педагогикалық ұжым мен оқу топтары ұжымдарын құру мәселелеріне, түзетуші және дамытушы бағдарламаларға, оқытушыларды аттестациялауға және. т.б. қатысуға;

5. Оқу мекемесі ұжымында топтық және жеке психологиялық зерттеулер жүргізуге. Осы мақсатта: аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқада ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық тесттер құрастыруға, қолдануға,түзетуге;

6. ЖОО-ң, ҒЗИ-ның психология кафедраларымен, лабораторияларымен және оқу мекемелерінің практикалық психологтар ассоциацияларымен үнемі іскерлік қарым-қатынас жасауға;

7.Әкімшілікке педагогикалық ұжым мүшелерінің жұмыс орнын ұтымды орналастыру жөнінде; әкімшілік қызметке оқытушыларды қоюға және сынып жетекшілері мен әкімшілік мүшелерін тағайындауға; қоғамдық ұйымдармен оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесін қалыптастыру әдістемелеріне; оқытушылар мен оқушылар және әкімшілік іс-әрекеттер арасындағы қайшылықтарды шешуге; оқу мекемесіндегі жағымсыз психологиялық ахуалдың алдын-алуға; оқытушылар мен оқушылардың оқу кезіндегі және оқудан тыс уақыттағы жүктемесіне; оқу-тәрбие үрдістерін гуманизациялау және демократизациялау мәселелеріне нұсқаулар беруге;



  1. Сұрақтар мен шешімдерді қатаң түрде өзінің кәсіптік құзырлығы және қызметтік міндеттеріне қарай қарастырып, қабылдауға;

9. Тұтастай психология ғылымының, оның ішінде әлеуметтік, тәжірибелік, жасерекшелік және педагогикалық психологияның жаңа, жетістіктерін білуге. Диагностикалық, дамытушы, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық түзету және психологиялық ағарту жұмыстарында қазіргі заманғы ғылыми негізделген, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделген әдістерді қолдануға. Өзінің кәсіптік санатын үнемі көтеріп отыруға;

10. Құзырлы емес, арнайы кәсіптік дайындығы жоқ түлғалардың оқу мекемесінде диагностикалық, психологиялық түзетушілік және басқа да психологиялық сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізуіне жол бермеуге;



  1. Оқу мекемесінің әкімшілігіне және педагогикалық ұжымына оқушылардың толық канды психологиялық дамуын қамтамасыз етумен, олардың жеке ыңғайын таба білумен байланысты негізгі мәселелерді шешуге,сонымен қатар оқушыларға өзінің жеке мәселелерін шешуге көмек көрсетуге;

  2. Кәсіптік құпияны сақтауға: қатысқан және оның айналасындағы адамдарға, жүргізілген диагностикалық және кеңестік жұмыстардың қорытындысы зиян келтіретін болса, сонымен қоса, зерттелушіге зерттеу қорытындысының жария етілмейтіндігі жөнінде кепілдік берілсе, алынған мәліметтерді жарияламауға;

  3. Оқу мекемесінің педагогикалық кеңесі мен басшылығы қабылдаған оқу және тәрбие жұмыстарының жоспарларына, сонымен қатар, оқу-тәрбие жұмыстарының психологиялық тұрғыдан алғанда, тұлғаның және оқу топтары ұжымдарының дамуына практикалық тиімді әсер етуіне талдау жүргізуге. Басшылыққа, жекелеген жұмыскерлерге жұмыс деңгейін көтеру жөнінде, қабылданған шешімдердің психологиялық негізделуі жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;

14.Оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы, оқытушы-оқытушы, оқытушы-ұйымдастырушы деңгейіндегі тұлға аралық қарым-қатынастарды талдауға, оқытушы және оқушы позициясын білім беру мақсаттарына сәйкес түзету жөнінде ұсыныстар дайындауға;

15. Оқытушылармен бірігіп оқушылардың оқу мекемесіндегі өмір жағдайына бейімделуі жөнінде ғылыми-негізделген бағдарламалар құрастыруға және олардың іс жүзінде орындалуына қатысуға;

16. Оқу мекемесіндегі өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен жұмыс атқаруының ғылыми негізделген бағдарламаларына қатысуға, олардың орындалуын қадағалауға және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

17. Оқу мекемесінің оқытушылары, тәрбиешілері және оқушылары арасында психологиялық- педагогикалық үгіт-насихат жүргізуге;

18.Педагогикалық ұжымның, консилиумның, комиссияның жеке тұлғаларға қатысты шешімдеріне негіз болатын диагностикалық құжаттарды жүргізуге және сақтауға. Басқа құжаттарды жүрізу мен сақтау еркін түрде, оның ішінде перфокарталарда, дискеталарда, ЖЭЕМ, магнитофон таспаларында;



Психолог жауапты

1. Кабинеттегі құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға және мақсатына сай қолдануға;

2. Осы ережеде көрсетілген жұмыс уақытына сүйеніп жұмыс істеуге.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережені қадағалауға педагог-психологтың жұмыс уақытын бөлу жөніндегі ғылыми-негізделген нормативті құжаттарға сүйенуге;

Психолог білуге міндетті

Психолог білуге және өз қызметінде басшылыққа алуға міндетті: Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзету туралы», «Қазақстан Республикасының бала қүқығы туралы» Заңдарды, «Бала қүқығы туралы халықаралық Конвенция», «Психологиялық қызмет туралы Ереженің жобасы», «Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Түжырымдамасы», «Білім беру мекемелеріндегі психолог статусы туралы жоба», «Психологтың кәсіби және этикалық кодексі» және педагогика, психология, жас ерекшелік физиология теориясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулықтарды, педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктері, еңбек заңнамалары.



Педагог-психологтың жұмыс уақыты

Психологтың жалпы жұмыс уақыты аптасына 36 сағат, бір жылда 1800 сағат, бір айда 150 сағатты құрайды. Оқу мекемелерінің педагог-психологының жұмысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында келтірілген нұсқауларды ішкі тәртіп ережелерін ескерген жөн.

Осы құжатқа сәйкес психологтың жалпы жұмыс уақыты аптасына 36 сағат, олардың ішінде:

18 сағат - оқушылармен жеке, топпен алдын-алу, диагностика, түзету, дамыту, оқу-тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарына, ата-аналармен және педагогтармен сараптаушы-кеңес беруші және алдын-алу жүмыстарына жүмсауға арналған.

18 сағат - нәтижелерді өңдеуге, оқушылармен, тәрбиеленушілермен жүргізілетін жеке және топтық жұмыстарға дайындыққа, педагогтармен және ата-аналармен жүргізілетін сараптаушы-кеңес беруші және алдын-алу жұмыстарына дайындыққа, әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарға, өзіндік білімін көтеруге, қорытындыларды талдау және есеп беру құжаттарын толтыруға есептеледі. Кез-келген жұмыс түрін орындауға кететін уақыт, жолығушының психологқа келу себептеріне байланысты, оның бірінші рет немесе екінші келуіне, жасына, көңіл-күйіне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Сондай-ақ, оқу мекемесі әкімшілігінің сұраныстарына сәйкес жұмыс түрлерінің араласып келіп және оларға жіберілетін жұмыс уақытының көлемі өзгеріп отыруы мүмкін. Егер жұмыс түрлерінің кейбіреуіне оқу мекемесінен сұраныс болмаса, онда оларға бөлінген уақыт, басқа жұмыс түрлеріне бөлінеді және оқу мекемесінің әкімшілігімен келісіледі.

Осылайша, педагог-психологтың жұмыс түрлеріне байланысты іс-әрекеттерінің оқу жылы ағымындағы көлемді көрсеткіштері мынадай: -Жеке зерттеу 100-150 адам; -топтық зерттеу 10-20 сынып; -жеке кеңес беру 100-150 кеңес; -жеке сабақ жүргізу 100-150 сағат; - топпен сабақ жүргізу 200 сағат; -үлкендермен ағарту жұмыстарын жүргізу 40 сағат;

-консилиумдарға, комиссияларға, әкімшілік жиналыстарға қатысу 10 сағат.



жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау