10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
сабақтарға қатысу;
сабақтағы тәртіп ережелері;
көтермелеу және талап ету.
Глоссарий
Психодиагностика- тұлғаның потенциалдық қабілеттерін, психикалық үрдістердіің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің мақсаты етіп қойған психология саласы.
Психодиагностикалық әдіс- психологияның зерттеу әдісі. П.ә. негізгі ерекшелігі- оның өлшеу және сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттелуші құбылыстың сандық және сапалық квалификациясы анықталады.
Психодиагностикалық зерттеу- жұмыс негізі психологиялық диагноз болып табылатын, психолог жұмысының бір түрі. П.З. негізгі сатылары:зерттеу мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).
Мектептегі психологиялық қызмет- әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсат болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Психологтың кәсіби этикасы- психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көменк сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыруы.
Жасерекшелік дағдарыстары- шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенездің ерекше кезеңі.
Ақыл-ой (интеллект)- индивидтің ақыл-ой қабілеттері құрылымының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы.
Жеке даралық- тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.
Психологиялық түзету – тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Әлеуметтік сұраныс- білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-ананың, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа да мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған психолог жоспарынан тыс орындалатын іс-шара.
Қарым-қатынас психологиясы- адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым саласы.
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар- баланың психикалық құбылыстары мен сенсорлық ақаулардың,орталық жүйке жұйесі жарақаттануының салдарынан болған нормадан ауытқушылық.
Девианттық мінез-құлық (ауытқу)- қоғамда қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер.
Делинквент (құқық бұзушы)- кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субъект.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы- қандай да бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы.
Әлеуметтену- қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені индивидтің меңгеруі және белсенді қайта жаңғырту үрдісі мен нәтижесі.
Скрининг- баланы кешенді түрде клиникалық-психологиялық-педагогикалық зерттеу (тексеру)
Тренинг- тұлғаның өздігінен жетілуін арнайы ұйымдастыратын оқыту формасы.
Психологиялық ағарту- педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы.
Психологиялық алдын алу- баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға бағытталған жұмыстар.
Психологиялық кеңес беру- оқу үрдісінде кездесетін дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты, педагогикалық қызметкерлерге, оқушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) және басқа да оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету.
Адам – қоғамдық-тарихи процестің, жер бетіндегі матнриалдық және рухани мәдениеттің субъектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты және ол формалардан еңбек құралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан түсінікті сөйлей, ойлай алатын, саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі.
Байқау – теория жүзінде игерілген әдіс-амалды іске асыру мақсатында сынап көру.
Әдіс (грек. –теория, ілім, зерттеу жолы)- көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
Әдіскер (методист)- оқу-тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз.
Бағыттылық – қажеттілік пен дәйектілік жиындығы арқылы тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым.
Байқау әдісі-белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелущі адамның психологиялық ерекшеліктерін қадағалау.
Ғылым- білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтжесінде алынған негіздер.
Ерік – адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан жіне өзі реттеуінен көрінетін қабілеті.
Жазба жұмысы – мұғалімнің тапсырмасы бойынша және жетекшілігімен орындалатын, өздігінен орындайтын жұмыс.
Жеке тұлғалық – жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы.
Икемділік – субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиындығы арқылы іс-әрекетті орындпуға қатысты меңгерген қабілеті.
Конспект – кітап, дәріс, баяндаманың мазмұнын қысқышы жазу.
Критерий – бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсыбір құбылысты пайымдау, бағамдау өлшемі.
Қағида – дүниені тану мен өзгерту процесінде немесе өнер мен ғылымның белгілі бағытын бірізге салуға қызмет ететін, олардың жиынтығының түп негізі ретінде көрінетін ғылыми танымның ерекшелік нысаны.
Ғылыми болжам- тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам.
Жетістіктер тестілері – психологиялық диагностиканың бір әдістемесі.
Зерттеу әдісі – ғылыми-зерттеу мақсатын шешетін амалдар.
Зерттеу объектісі – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік.
Зият тестілері – индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері.
Картотека – еңбектің авторы, атауы, шығу орны, жылы, бет саны, сандық реті көрсетілген белгілі бір ретпен, тақырыбы немесе мерзімі бойынша жинақталған, жүйеленген және орналастырылған карточкалардың белгілі бір санының жиынтығы.
Креативтілік тестілері – тұлғаның шығармашылық қабілеттерін зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиындығы.
Қабілеттілік тестілері – жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетідің әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез-келген тест.
Эксперимент- нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық үрдісті зерттейтін ғылыми тәжірибе.
Сауалдама- адамның белгілі мәселелер жөніндегі пікірлерін анықтау құралы. Сауалдама әдісінің негізін қалаған американдық психолог-педагог Г.С. Галл.
Тест әдісі – тұлғаны толығынан немесе топтардың психикалық үрдісін қысқаша эксперименталды- психологиялық зерттеу әдісі.
Құжаттар,әдебиет көздерін зерттеу-түрлі құжат және дерек көздері мазмұнынан педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.
Әрекет нәтижесін талдау – педагогикалық құбылыстарды адамның білімі мен тәрбиесінің нәтижесінде сараптай білу.
Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық және статистикалық өңдеу әдісі.
Н.4.02-05
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра отырысы шешімімен
Кафедра меңгерушісі
___________ _______________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
5В012300 Әлеуметтік педагогика және Өзін - өзі тану
(мамандық шифры, атауы)
Психологиялық – педагогикалық практикум пәні бойынша
(атауы)
Емтихан сұрақтарының
Т І З Б Е С І
1 – тарау: Психологиялық – педагогикалық практикум мақсаты мен міндеттері
Психологиялық – педагогикалық практикумның» мақсатты мен пәнің міндеттері.
«Практикалық психология» психология ғылымының бір саласы ретінде
Білім беру мекемелеріндегі оқу тәрбие процесі жағдайындағы психологиялық педагогикалық міндеттерді шешу.
Педагогтың психологиялық құзыреттілігі.
Психологиялық зерттеу әдістеріне сипаттама
Педагогикалық процесті болжамдау мен жобалау.
Практикалық психологтың жұмыс жоспары.
Практикалық психологтың этикалық кодексі.
«Практикалық психология» психологиялық көмектің бір түрі ретінде
Практикалық педагогика мен практикалық психология қазіргі қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өмірдің өзгеру шарттарының қызмет ету құралы ретінде
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Гуманитарлық білімдер жүйесіндегі шығармашылық психологияның алатын орны.
Дарындылық. Ақыл ой дарындылығының құрылымы.
Практикалық психологтың кәсіби қызметінің моделі
Педагогикалық зерттеу әдістері.
Практикалық педагогика және психология психологиялық – педагогика білімдерінің бір саласы ретінде.
2 – тақырып: Психологиялық – педагогикалық практикумның практикалық психологиямен байланысы
Практик психологтың кәсіби қызметінің негізгі бағыттары.
Психопрофилактикалық және психологиялық бейімдеу.
Практикалық кеңес беру
Диагностика әдістері әр жас кезеңдерінде.
Психологиялық кеңес берудің техникалық түсінігі
Психикалық дамудың деңгейі және оны психологиялық түзету процесінде ескеру
Психодиагностика практикалық психологияның бағыты ретінде.
. Психологиялық кеңес беру теорияларын жіктеу.
Психологиялық кеңес беру теориясының гуманистік бағыты
Психопрофилактика және психологиялық ағарту
Практикалық кеңес беру.
Білім беру мен педагогикалық жағдаяттар.
. Психодиагностикада проективті әдістер.
3-тақырып: Психологиялық – педагогикалық практикум әдістемелік тұрғыда
Психологиялық педагогикалық қызметтің құрастырушы әртүрлі формалары
Оқыту тәрбиелеу процессінде іскерлік ойындарды өткізу әдістері
Тәрбиелеу әдістерін өткізу алгоритмі.
Тәрбие тәсілдерінің жіктелуі.
Тәрбие іс шарасын өткізу формасы мен жолдары
Тренинг практикалық психологтың жұмыс нысаны ретінде.
Тәрбие іс шарасына психологиялық педагогикалық анализ.
Тәрбие іс шарасын ұйымдастырып өткізу формалары.
Іскерлік ойындарды өткізу әдістері / жалпы теоретикалық қалпы /
«Дөңгелек столдарды» өткізу кезеңдері
Сынып сағаттың өткізу әдісі.
Тәрбие іс шараларын өткізу алгаритмі
Оқу тәрбие процесінде іскерлік ойынды өткізу әдістемесі.
Практикалық сабақтардың жоспары
Психологиялық- педагогикалық практикум ” курсының мақсат міндеттері
Практикалық психологияның даму тарихы
Практикалық психологтың кәсіби қызметінің моделі
Психологтың этикалық кодексі
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Немов Р.С. Психология. Т.3. 1996.
Годфруа Ж. Что такое психология. М. 1992.
Хозиев В.Б. Практикум по общей психологии.М. 2003.
Щербаков А.И. Практикум по обще психологии. 1979.
Петровский А.В. Практикум по общей психологии. 1972.
Столяренко Л.Д. Практикум по психологии. Ростов-на Дону. 2002.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога в образовании. М.2001.
Дубровина В.И. Практическая психология образования М., 1997.
№2. Практикалық психологтың кәсіби қызметіндегі негізгі бағыттары
Психологиялық түзету жұмысының мәні
Әлеуметтік тапсырыс түсінігі.
Мектептегі психологиялық қызмет, мақсат-міндеттері
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Джейкобс Д., Дэвид П., Мейер Дж. Супервизорство : Техника и методы корректирующих консультаций. С.-Пб.. 1997.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога в образовании. М.2001.
Бадмаев С.А. Психологическая коррекция отклоняющегося поведения школьников. М., 1993
.Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. М., 1997.
Белопольская Н.Л. Хрестоматия по детской патопсихологии. – М., 2001.
Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. – СПб., 1994.
Леви В. Нестандартный ребенок.- М., 1989.
Дубровина В.И. Практическая психология образования М., 1997.
Егорова М.С. Психология индивидуальных различий – М., 1997
№3. Психодиагностика практикалық психолог жұмысының бір бағыты ретінде.
Психологиялық диагностиканың әдістері.
Психодиагностикалық зерттеудің кезеңдері
Психолог- диагносттың тәжірибелік қызметіндегі этикалық мәселелер.
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Хозиев В.Б. Практикум по общей психологии.М. 2003.
Столяренко Л.Д. Практикум по психологии. Ростов-на Дону. 2002.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Бодалев А.А., Столин В.В. Обшая психодиагностика. М. 1987.
Шмелев А.Г. Основы психодиагностики. М. 1996.
Талызина Н.Ф. Психодиагностика : теория и практика работы М. 1996.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога в образовании. М.2001.
Дубровина В.И. Практическая психология образования М., 1997.
Егорова М.С. Психология индивидуальных различий – М., 1997
№4. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі принциптері.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері.
Психокоррекциялық жұмыстың түрлері мен әдістері.
Әр бағыттағы психокоррекциялық жұмыстың ерекшелігі
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Тутушкина М.К. Практическая психология. М. 1998.
Джейкобс Д., Дэвид П., Мейер Дж. Супервизорство : Техника и методы корректирующих консультаций. С.-Пб.. 1997.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога в образовании. М.2001.
Бадмаев С.А. Психологическая коррекция отклоняющегося поведения школьников. М., 1993
.Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. М., 1997.
Белопольская Н.Л. Хрестоматия по детской патопсихологии. – М., 2001.
Леви В. Нестандартный ребенок.- М., 1989.
Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка М. !987.
Зюбин Л.М. Учебно – воспитательная работа с трудными учащимися М. !992.
Лутанский В.Д. Методические рекомендации по воспитательной работе с педагогически запущенными подростками в учреждениях интернатного типа Л. 1989.
Потанин Г.М., Косенко В.Г. Психолого- коррекционная работа с подростками. – Белгород. -1995.
№5. Психологиялық кеңестің әдіснамалық негізі
Психологиялық кеңес берудің түрлері.
Психологқа келу мақсаты.
Клиенттер түрлері.
Психологиялық кеңес берудің кезеңдері.
Психологиялық кеңес берудің әдістері мен техникасы.
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. Теория и опыт работы. , М. 2000.
Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. М. 1996.
Меновщиков В. Ю. Введение в психологическое консультирование. М. 1998.
Горностай П.П., Васьковская С.В. Теория и практика психологического консультирования.
Мэй Р. Искусство психологического консультирования. М., 1994.
Алешина Ю. Е. Индивидуальное и семейное консультирование. М. 1994.
Кочюнас. Р. Основы психологического консультирования. М. 1996.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога в образовании. М.2001.
№6. Трансперсоналды психотерапия
Сана модусы.
Трансперсоналды психотерапияда қолданылатын тәсілдер.
Негізгі әдебиеттер.
Кондрашенко В.Т., Донской Д.И. Общая психотерапия. Минск. 1993.
Александров А.А. Современная психотерапия. С.Пб. 1997..
Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия. С.Пб. 1998.
Рудестам Н. Групповая психотерапия. М. 1990.
Энрайт Дж. Гештальт, ведущий к просветлению. СПб. 1994.
Киппер Д. Клинические ролевые игры и психодрама. М. 1993.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. – СПб., 1994.
№7. Трансктілі анализ
Трансакция түсінігі.
Трансакция түрлері.
Ойын түсінігі.
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Тутушкина М.К. Практическая психология. М. 1998.
Кондрашенко В.Т., Донской Д.И. Общая психотерапия. Минск. 1993.
Александров А.А. Современная психотерапия. С.Пб. 1997..
Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия. С.Пб. 1998.
Рудестам Н. Групповая психотерапия. М. 1990.
Энрайт Дж. Гештальт, ведущий к просветлению. СПб. 1994.
Киппер Д. Клинические ролевые игры и психодрама. М. 1993.
Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога в в образовании. М. 1996.
Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. – СПб., 1994.
№ 8. Нейролингвистикалық бағдарламалау
1. НЛБ негізгі принциптері
Негізгі әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Практическая психология, М. 2002.
Тутушкина М.К. Практическая психология. М. 1998.
Кондрашенко В.Т., Донской Д.И. Общая психотерапия. Минск. 1993.
Александров А.А. Современная психотерапия. С.Пб. 1997..
Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия. С.Пб. 1998.
Рудестам Н. Групповая психотерапия. М. 1990.
Энрайт Дж. Гештальт, ведущий к просветлению. СПб. 1994.
Киппер Д. Клинические ролевые игры и психодрама. М. 1993.
Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. – СПб., 1994.
Леви В. Нестандартный ребенок.- М., 1989.
Мясищев В.Н. Личность и неврозы.- Л., 1960.
Психологиялық қызметтің даму тарихы.
Психологиялық қызмет немесе мектеп психологиясы көптеген елдерде тараған. Мектеп жасына дейінгі балалармен мектеп бітіргенше дейін оқу-тәрбие жүйесін толық қамтиды.
Ғасырлар бойы келе жатқан бұл қызмет түрі әсіресе АҚШ-та жақсы дамыды. ХІХ ғасырдағы 80-ші жылдардың басында дами бастаған және осы таңда психология аса қажет әрі ең тиімді болды.
АҚШ-тың мемлекетік білім беру департаментінде мектептегі психологиялық қызмет болсын деп, оны заңды түрде бекітеді. Бұл департамент психологтарға куәлік береді.
АҚШ-тағы алғашқы практик-психологтар өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерін қарастырған. Олар эксперименталды психологтар деп аталды. Көп ұзамай мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функциялары тестер мен өлшемдер /измерение/ пайда болды. Басты мақсаты балаларды оқуға арнайы бағдарлама бойынша таңдау еді.
Америкалық мектептерде тестер кеңінен қолданды. Әсіресе ақыл-ой жетістіктерін анықтауға арналған тестер «гайденс» қызметтің пайда болуы мен қалыптасуына жол берді. 1945жыл мен 1960 жылдар аралығында «гайденс! қызметтің кеңесші мамандар іс-тәжірибесінде тестер негізгі құрал болып кеңінен қолданды. Тестер мен өлшемдер функциялары тарихта ерте пайда болған және тәжірибеде жиі қолданды. Мектеп психологының негізгі ортасы үлгі,қалыпты тестер бойынша өлшемдер жасау болып саналды.
ХХ-ғасырдың 60 жылдары мектеп психологтардың кәсіби ұйымы құрылған болатын. Уэльсте (1973) өтілген конференцияда мектептегі психологиялық қызметтің дамуында маңызы бар мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты мен маңызы, этикалық және заң негіздері, мектеп психологының мамандандыру мәселелері, оқу бағдарламасының мазмұны және тағы басқаларын қарастырған. АҚШ-та 80-ші жылдары мектеп психологтарының ұлттық /измерение/ өлшеулерді мектептегі психология мәселелердің шешімдерін табуға ең тиімді жол деп санаған.
Психологиялық қызметтің бірнеше деңгейі бар. Бірінші деңгейге оқушыларды арнайы оқуға топтастыру мақсатын көздейтін тестерді өткізу.
Екінші – арнайы және бір қалыпты оқуды қажет ететін оқушылардың тәртіп мәселелеріне арналған жұмыс.
Үшінші деңгей – оқушыларға психологиялық көмек көрсету және мектеп персоналына даму психологиясы туралы кеңес беруді қарастырады. Психологиялық қызмет негізінен екінші деңгейден басталады. Мұнда, психолог тест балдарын санаудан оқушыларды психологиялық-педагогикалық клиникалық жағынан зерттеуге көшеді. Мамандар қызметтің негізгі компоненті, әсіресе психологиялық кеңестің бір бөлігі деп есептеледі.
АҚШ-та мектептегі психологиялық қызметтің мәселелеріне арналған көптеген әдебиеттер жазылған. Мектептегі психологиялық қызметтің істелінген жұмыстары мен оның даму перспективасы туралы К.Рейнолстың тағы басқалардың АҚШ-тағы мектеп психологиясының тәжірибесін қарастырған теория негіздері туралы кітаптарынан ақпарат алуға болады. «Мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыратын мектеп психологтарының ұлттық қоғамдастығын басшылығына» сүйеніп авторлар мектептегі психологиялық қызмет білім беру жүйесімен байланысы бар клиенттерге арналған қызмет түріне жатады деп есептейді. Негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің оқы қызығушылықтары мен психологиялық денсаулықтарына қызмет ету. Болжамы: а) Балалар мен жасөспірімдердің «Мектептегі қызметтің» психологиялық және психологиялық-педагогикалық өлшемі; ә) Когнитивті, аффекті және әлеуметтік дамуына мектептің ықпалын қамтамасыз етуде психологтың белсенді араласуы; б) Педагогикалық персонал мен ата-аналарға баланы күту жөнінде арнайы сабақтар мен кеңестер және тағы басқаларын өткізу негізінде көмек беру. В) Мектепте болатын оқушылардың және педагогтардың проблемалары жөнінде кәсіби маман ретінде педагогикалық персонал және (немесе) ата-аналарға кеңес беру.
Францияда қалыптасқан мектептегі психологиялық қызметтің тәжірибесі де тоқталып өтейік. А.Бинені мектеп психологиясының атасы деп айтады. А.Бине зерттеулерін 1894 жылдары бастаған болатын. 1897 жылы оның бастауыш мектептегі психологиялық мәселелерге арналған жұмысы жарыққа шығады.
1905 жылы Францияның білім беру Министерствосы А.Бинеге мектептің ортақ бағдарламасын игере алмайтын балалардың проблемасын анықтау үшін, психологиялық зерттеу жүргізуді ұсынды. Бұл зерттеу негізінде балалар ақыл-ой кемістігін анықтауға көмектесетін белгілі Бине-Симонның тестері жарыққа шықты. Содан кейін мұндай балаларға арнайы мектептерде сыныптар ашылды.
1909 жылы Францияда алғашқы кәсіби мектептегі психологиялық қызмет ашылды. 1947 жылы Парижде профессор А.Валлонның қарамағында мектеп психологтары тобы жұмыс жасай бастады. А.Биненің мектептегі психологиялық қызметіне қойған міндеттерімен салыстырғанда, А.Валлон балаларды белгілер бойынша іріктеу емес, әр балаға оқыту мен тәрбиелеуде психологиялық көмек көрсету.
1951 жылы алғаш рет Францияның білім беру Министерствосы мектеп психологтарының функцияларын ұсынды. Бұл құжат 1952 және 1954 жылдары Гамбургтені Юнеско ұйымдастырған І және ІІ Ұлтаралық коллоквиумда мектеп психологиясы туралы пікірталас жүргізілді. Францияда білім беру саласында саясаттың өзгеруіне байланысты психологиялық қызмет тоқтатылып, ал мектеп психологтары бастауыш сынып мұғалімі қызметіне ауыстырылды.
50-60-шы жылдары балаларда ақыл-ой кемістігі және басқа ауытқулар көбейгендіктен, мектеп психолгтарын керек етті. Білім беру министерствосы мектепте оқи алмайтын балаларды іріктеу үшін психологиялық ғылымның психометриялық әдістеріне сұраныс берді. Бұл психологиялық білім беру қызметінің бастауыш мектепке бағытталғандығын көрсетеді. Балаларды мектепке оқуға таңдап алудың мұндай түрі өзекті орын алады. 1960 жылы бұл міндеттерді шешуге арналған Парижде, Бордода, Гренобледе және Безонсонда төрт психологиялық орталық ашылды. Бірақ 1970 жылдан бастап Францияда құрылған психологиялық-педагогикалық жәрдем жасау топтары мектеп психологиясын, оқыту психологиясын, психометриялық дамытудағы білетін команда мектептегі психологиялық қызметтің ұйымдастырушы басты формасы болып табылады. Мұндай бригада бір мектепте орналасқанмен 800-ден 1000-ға жуық оқушыларды, бірнеше мектептерді қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |