Ауыр халдегі науқастың төсек- орнын тыстарын ауыстыру
(науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады)
Мақсаты: төсекте жатқан пациентке төсекте жайлы жағдай жасау.
Көрсеткіші: Ойықтын алдын алу шараларын күшейту, гигиеналық тазалықты қамтамасыз ету және пациенттің төсегінің ластанудың алдын алу.
Әзірле: Таза ақ жаймалар, таза көрпе және жастық тыс, резенке қолғап, лас жаймаларға арналған клеенка қап.
Іс әрекет алгоритмі:(ақ жайманы ұзынынан жинау)
1. Пациентке манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2 . Қолды гигиеналық тазалықтан өткізіп, қолғапты киіңіз.
3. Таза ақ жайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін ораңыз.
4 . Пациенттің басын көтеріп, жастықты алыңыз
5 . Ақ жайманың шеттерін матрас астынан шығарып алыңыз.
6. Пациентті абайлап төсектің шетіне жылжытып, бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
7. Лас ақ жайманы бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша пациентке қарай(яғни төсек бойына) ораңыз.
8. Төсектің босаған жағынан бастап таза ақ жайманы төсеңіз.
9.Пациентті арқасына аударып, содан кейін келесі қырына аударыңыз, енді олтаза ақ жайманың жарты бөлігінде болуға тиіс.
10.Лас ақ жайманы пациенттің астынан алыңызда, таза ақжайманы төсеңіз.
11. Таза жайманың жазыңыз, қыртыстарын тегістеңіз.
12. Ақ жайманың шеттерін матрастың астына қайырыңыз.
13. Пациенттің басының астына жастық қойыңызда, көрпемен жабыңыз.
14. Лас ақжаймаларды клеенка қапшыққа салып,жууға жіберіңіз.
15. Қолғапты шешіп, қолды жуып құрғатыңыз.
Ауыр халдегі науқастарды лабораториялық зерттеулер үшін материял жинау.
Лаборатриялық тексерулерге биологиялық материалдарды жинау
Зертханалық зерттеу әдістері пациентті зерттеудің өте маңызды қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда, пациенттің жағдайын бағалауда шешуші рөл атқарады.
Зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелері биологиялық материалды дұрыс алу ережеліне байланысты болып келеді. Зерттеуге қан, бөлінділер (зәр, нәжіс, қақырық, т.б. алынады). Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, ал кей жағдайда диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |