Емделмейтін аурулары бар науқастарды жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру ауыз қуысы, өңеш аурулары мен жарақаттарында, сонымен бірге науқас ес – түссіз жатқанда іске асырылады. Көптеген хирургиялық паталогиялары бар науқастар операциядан кейін бірінші күндері аш, немесе жартылай аштықта болады. Кейбір кездерде хирургиялық патологияның түріне байланысты науқасты аштықта ұстауға тура келеді.
· Жасанды тамақтандыру - тамақтық тағамдар көк тамыр – вена немесе энтеральды ( асқазан, ішек арқылы ) жолмен іске асырылады.
· Энтеральды тамақтандыру – асқазанға, он екі елі ішекке, жіңішке ішекке зонд қою арқылы орындалады. Зонд ауыз немесе мұрын арқылы асқазанға енгізіліп немесе стома арқылы тамақтандырылады.
Парентеральды тамақтандыру – асқазан немесе өңешке жасалған операциялардан кейін, көп салмақ жоғалтқан және әлсіз науқастарға, сонымен бірге операция алдындағы дайындық кезінде іске асырылады. Сол мақсатта қолданылады: гидролизин, белоктық казеин, альвезин, амино-пептид, полиамин және т. б. Сонымен бірге майлы инфузиялар – липофун-дин, интралипид қолдануға болады.
· Жоғарыда көрсетілген тағамдар сулы моншада 37 – 38 гр С қыздырылып, науқасқа енгізіледі.
· Препараттарды енгізу кезінде тамшылау жылдамдығын сақтау керек: гидролизин, белоктық казеин, альвезин, аминопептид, полиамин бірінші 30 мин минутына 10 – 20 тамшыдан, содан кейін минутына 40 – 60 тамшыдан тамызу керек.
· Препараттарды жылдам тамшылатып енгізгенде науқаста діріл, қызба, бет қызару, тыныс нашарлап ентігу болуы мүмкін.
· Майлы эмульсилар минутына 20 тамшыдан енгізіледі. 10 % глюкоза 1 сағатта 500 мл тамшылатып енгізуге болады.
Ескерту:жылдам енгізілгенде амин қышқылдары денеде қорытылып үлгермейді, май бауыр жасушаларына кері әсер етеді, глюкоза жылдам енгізілгенде гипергликемиялық кома дамуы мүмкін.
Энтеральды тамақтандыру – ол үшін тағамдық препараттар: «Малютка», «Малыш», құрғақ сүт қоспалары, энпиттер – инпитан, оволакт қолданылады. Тағамдар Жане шприці арқылы, системалармен және әртүрлі аппараттардың көмегімен енгізіледі. Тағамдық қоспаларды науқасқа тағайындалған емдәмді сұйық күйінде дайындап, оны електен өткізіп гастростомаға шприц Жане немесе әйнектен жасалған құйғыш немесе түтікшелер арқылы стомаға күніне 4 – 6 рет енгізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |