Стандарт «Ауыр халдегі науқастың ауыз қуысының күтімі»
Мақсаты: пациенттің жеке басы гигиенасын сақтау, стоматиттің алдын алу және ауыз-қуысында қабыну процестерін болдырмау.
Көрсеткіші: төсек режиміндегі ауыр халдегі, әлсіз, қызбасы бар науқастарға.
Әзірле: зазалсыздандырылған 2 лоток, 2 пинцет, тіл ұстағыш, ауыз кергіш, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, резинке алмурт тәріздес бүріккіш немесе Жанэ шриці, мензуркалар, вазелин, антисептик ерітіндісі(фурациллин 1:5000; 2% сода ерітіндісі;0,5% калий перманганатының ерітіндісі),сүлгі, суы бар стакан, қолданған заттарға астауша, резенке қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыстар, ҚКЖҚ (қауіпсіз кәдеге жарату қораптары).
Іс әрекеттердің алгоритмі:
1. Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Пациенттің ауыз құысын, иектерін, тілін ұқыпты тексеріңіз.
3. Мензуркаға антисептик ерітіндісін құйыңыз.
4. Пациентті Фаулер жағдайымен жатқызыңыз.
5. Пациенттің басын бір жаққа бұрыңыз, мойнына және көкірегіне сүлгі жабыңыз,иегіңін астына
астаушаны қойыңыз.
6. Қолды гигиеналық тазалықтан өткізіп, резенке қолғапты киіңіз.
7. Пациентке тістерін сығылыстыруын өтініңіз, тіс протезы болса алыңыз.
8. Шпательмен сол жақ ұртын тартып, антисептик ерітіндісіне малынған дәке тампонды пинцетпен ұстап, азу тістерінен бастап,сол жақтың әр тісін жеке ішкі және сыртқы жақтарын сүртіңіз, дәке тампондарды ауыстырып тұрыңыз.
9. Осы тәсілмен оң жағында сүртіңіз.
10.Ауыз құысын, иектерін, тістерін іш жағынан сол және оң жағын дәке салфеткалармен тазалаңыз, дәке салфеткаларды ауыстырып тұрыңыз.
11. Сол қолмен пациенттің тілін салфеткамен орап немесе тіл ұстағышпен ұстапшығарыңыз.Шпательге дәке салфетканы орап тілін сүртіңіз, 2-3 рет дәке салфетканы ауыстырыңыз.
12. Ауыр халдегі науқастың тілін антисептикалық ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен тілің
түбінен бастап ұшына дейін сүртіңіз.
13. Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған заттарды салатын астаушаға салыңыз.
14. Пациентке ауызын шаюына көмектесіңіз немесе ауызын резенке бүріккішпен немесе Жанэ
шприцы көмегімен жуыңыз. Еріндерінің шетін шпательмен тартып, ерітіндіні біркелкі жіберіп, оң және сол жақ ұрт қуыстарын кезекпен шайыңыз.
15. Құрғақ салфеткамен ауызын сүртіп, еріндеріне дәке салфетка мен вазелин майын жағыңыз.
16. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітндісі бар ыдысқа салыңыз, салфеткаларды, дәке
тампондарды, қолғапты ҚКЖҚ (қауіпсіз кәдеге жарату қораптары) тастаңыз.
17.Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
- ауыр халдегі науқасқа ауызын шаю процедурасы жүргізілмейді, себебі сұйықтықтар жоғарғы тыныс жолдарына түсуі мүмкін.
- ауыр халдегі науқастардың ауыз қуысын, тістерін антисептик ерітіндісімен күніне екі рет сүртеді.
Достарыңызбен бөлісу: |