ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-35.1. ___
/01-2013
|
ПОӘК
Мұғалімдерге арналған пәннің бағдарламасы
«Омыртқалылар зоологиясы»
|
№ 1 басылым
_______.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Омыртқалылар зоологиясы
«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2013
1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., Нағашбекова Л.Ә.
« Биология» кафедрасының оқытушысы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Биология кафедрасында отырысында
«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Калиева С.К.
2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН
Мазмұны
1.
|
Жалпы ережелер
|
2.
|
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
|
3.
|
Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
|
4.
|
Курс форматы
|
5.
|
Курс саясаты
|
6.
|
Баға қоюдың саясаты
|
7.
|
Әдебиет тізімі
|
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:
Нағашбекова Ләззат Әділжаппаровқызы
Байланыс ақпараты – тел:42-56-02, оқу ғимараты № 3, кабинет № 112
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 230
Берілген пән бойынша кредиттер саны – 3
1.2. Пәннің қысқаша мазмұны:
Зоология – жануарлар туралы ғылым. Ол биологиядан мамандарды дайындау саласында іргелі пәндердің бірі болып саналады.
Зоологияның негізгі мақсаты – жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады.
Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктерді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады. Осы ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені омыртқасыздар зоологиясына арналған.
1.3 . Пәннің оқыту мақсаты:
- жас маман-зоологтарды ғылыми зерттеушілік жұмыстарға дайындау:
- өткен материалды есте сақтау және айта білу;
- практикалық және зерттеушілік жұмыстарда зоологиялық әдістерді меңгеру;
- өткен материалды анализдей білу;
- өткен материалды дұрыс бағалай білу.
1.4. Пәнді оқытудың басты міндеттері:
омыртқасыздар зоологиясы және омыртқалы жануарлар туралы білімді кеңейту;
зоологиялық объектілердіің құрылысын нақты білу;
арнайы әдебиеттермен өздік жұмыстар;
зерттеу объектілерінің техникалық түрде суреттерін сала білу.
1.5. Оқып-білудің нәтижелелері:
Пәнді меңгергеннен кейін мынаны білу керек:
негізгі отрядтарды,
омыртқалы жануарлар әлемінің көптүрлілігін.
жануарлар әлемінің негізгі эволюциялық этаптарын.
жануарларды зерттейтін негізгі биологиялық пәндерді.
Зертханалық сабақтарда өздік жұмыс тапсырмаларын орындауда студенттер үйреніп шығады:
Жануарлар дүниесіне қолданылатын мөлшерді және сапаны дұрыс қолдана білуді;
Практикалық мақсатпен алынған зерттеулерге нақтылы баға, қорытынды беруді.
1.6. Курстың пререквизиттері: биология, экология, география, омыртқасыздар зоологиясы
1.7. Курстың постреквизиттері: зоогеография, омыртқалы зоологиясының үлкен практикумы, ихтиология, орнитология, әлем флора мен фаунасы, оқу практика.
Достарыңызбен бөлісу: |