Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ.Жүсіпов



жүктеу 265,5 Kb.
бет3/3
Дата14.11.2018
өлшемі265,5 Kb.
#19581
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ.Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған.

«_____»______________2009 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы_______________ Е.Н.Жұманқұлова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009 ж.


Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБ бастығы ______________ А.А.Варакута «____»____________2009 ж



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Дүниежүзілік көркемдік әдебиет мәселелерін түсінуде және зерттеуде таптық талдау артықшылықтарын сүйенбей, бакалаврлардың өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға бет алу қажет. Әдебиет феноменін түсіндіру арқылы оның адам өміріндегі рөлін айқындай келіп, әлеуметтік тәжірибені сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу туралы ұғымдарын кеңейтеді. Әр заманның әдебиетін ерекше қарастырып, негізгі мәдени- тарихи жағдайына мән беріп, оның дүниежүзілік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын түсіндіреді. Дүниежүзілік көркемдік әдебиеттің жетістіктерін бағалап, оның феноменін нағыз адам бостандығының саласы деп ұғып, соның негізінде болмыстың мәңгі сұрақтарын шешуге мүмкіншілік табады.

Пәннің міндеттері:

1 студенттің мәдени ой өрісін қалыптастыру және мәдени-тарихи үрдіс контексіндегі әлемдік әдебиет дамуының заңдылықтары туралы түсінік беру; 2. студенттерде әдеби үрдістердің өзіндік ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру; 3.оқытылатын әр кезеңнің көркемдік эстетикалық жүйелерінің ерекшелігі туралы түсінік беру; 4. халықтардың жазба дәстүрі ретіндегі әдебиет дамуының заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; 5.оның рухани-эстетикалық қалыптасуында шешендік-көркемдік шығармашылықтың ауызша мұрасы маңызды роль атқарғанын айқындау.



Студенттер білуі тиіс:

- әдебиет ұғымын, оның пәнін, мақсатын және міндетін; әдебиет феноменін, оның мазмұнын, түрлерін,аңыз және әдеп-ғұрып бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің алғы шарты екенін, оның түрлерін, типологиясын;

- әр кездің әдеби процесінің динамикасын; дамуның ішкі заңдылықтарын; әдеби бағыттар мен стильдерді танып біліп, олар әр мәдени тарихи кездің көрсеткіші екенін ұғасыз; дүниежүзілік әдебиеттің тарихын, даму ерекшеліктерін; әдебиет зерттеулерінің теориялық және практикалық аспектілерін.

Студенттер істей білуі тиіс:

-көркемдік шығармалардың мәтіндерін; оқулық материалдарын; әйгілі жазушылар және тарихи әдеби бірегейліктердің типологиялық ерекшеліктері туралы кейбір монографиялық жұмыстар мен мақалаларды білуге; бағдарлама бойынша драмалық, эпикалық, лирикалық және лиро-эпикалық туындыларды сараптай алуды;

- әдебиет тарихын мәдени үрдістермен байланыстыра алуды; әдеби шығарманың көркемдік ерекшелігін және эстетикалық құндылығын аша білуді.
2. Пререквезиттер:

- философия

- дүниежүзілік тарих

- мәдениеттану



Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10




3 Пәннің мазмұны





3.1 Тақырып

Сағат саны



Дәріс

Тәж


Сөж


1

Кіріспе.

1

1

1

2

Әлем халықтарының мифтері мен эпосы және ежелгі шығыс және антика әдебиеті

2

1

7

3

Ежелгі Шығыс поэзиясы және прозасы

2

1

6

4

Антик әдебиеті

2

1

6

5

Ортағасыр дәуіріндегі шығыс әдебиеті және Шығыс Ренессанс


2

1

6

6

Батыс Ортағасыр әдебиеті

2

1

6

7

Батыс Қайта өрлеу әдебиеті

2

1

6

8

Жаңа еуропалық әдебиет

2

1

6

9

Ағарту кезеңінің әдебиеті

2

1

6

10

ХІХ ғасырдағы батыс әдебиет

2

1

6

11

Роман ХІХ ғасыр әдебиетіндегі басты жанр ретінде

2

1

6

12

ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті және Шығыс халықтарының әдебиеті

2

1

7

13

ХХ ғасыр әдебиетінің рухани- тарихи негіздері және оның маңызды белгілері.

2

1

7

14

Авангардтың мәдени нигилизмі және Шығыс жазушыларының шығармашылығы

2

1

7

15

ХХ ғасырдағы әдебиеттану және сын. Қазіргі әдеби процесс


3

1

7




Барлығы:

30

15

90



3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе

Мыңжылдықтар бойы дамып келе жатқан әлемдік әдебиеттің көркемдік және тарихи-мәдени қызығушылық туғызатыны еш күмән келтірмейді. Адамзат дамуындағы тарихи және мәдени үрдістердің қарым-қатынасы бірегейлік ретінде қалыптасқан әлемдік мәтіннің өзімен беріледі, ол «әлемдік әдебиет» түсінігімен берілген. Бұл архаикалық және классикалық мифология, әлем халықтарының эпосы, ежелгі шығыс поэзиясы, антик театры, VIII-Ixғғ. гүлденуінің шегіне жеткен латын поэзиясы, әр түрлі еуропалық және шығыс халықтарының арасында кең таралған орта ғасырлардағы халық батырлық эпосы, қызықты рыцарлық роман, Қайта өрлеу кезеңіндегі еуропалық лириканың жетістігін дайындаған рыцарлық лирика. Ренессанстық реалистік новеллистиканың алғышарттары ретінде қалыптасқан қала әдебиетінің жанрлары (фаблио, шванкалар, новеллалар), романтиктер және романның әр түрлі типтері, реализм және постмодернизм әдебиеті - осының бәрі бағдарламада ұсынылған.

«Әлемдік әдебиет тарихы» курсы мәдениеттану бакалаврларының жоспарына еңгізілген. Бұл курс «мәдениеттану» мамандығына қойылатын шарттарға сай бейімделуді талап етеді және өзінің құрылымдық қалыптасуында, әдеби деректер, авторлар персоналияларын таңдауда жаңа әдіснамалық координаталарды бекітеді. Бұл курс тарихи принцип негізінде құрылған, яғни мүмкіндігінше мәдени тарихи хронология сақталады.

Курс шеңберінде беделді әдебиеттанушылар, әдебиет тарихшыларымен қатар, жалпы әлемдік әдебиетке және оның жеке мәселелеріне нұр шашатын мәдениеттанушылардың да негізгі еңбектері оқытылады.

Автор шетелдік Шығыс пен Батыстың әдебиеттерін кеңірек қамтитын тақырыптарға көбірек зейін қойып және оларды бағдарламаға еңгізуді қисынды санады, себебі қазақ және орыс әдебиеттері мектеп бағдарламасында жақсы берілген. Сондай- ақ мәдениеттанушы студенттерге қазақ әдебиетінің тарихы толық көлемде жеке курс ретінде оқытылатыны ескеріледі.

2-тақырып. Әлем халықтарының мифтері мен эпосы және ежелгі шығыс және антика әдебиеті

Әлем халықтары мифтері мен эпосының типологиялық бейнесі. Әдебиет түсінігі, мазмұны. Миф және ритуал мәдениеттің архетиптері ретінде. Миф теориясы және оның өкілдері. Әлем халықтары мифтерінің типологиялық бейнесі.

Эпос ауызша поэтикалық жанр ретінде. Эпостың әдеби формалары. Эпос типологиясы. Ауызша поэтикалық шығармашылық ескерткіштері. Ауызша дәстүрдің дамуы. Оның кеш Ортағасырдағы батырлық эпос ескерткіштерінде көрініс алуы. Эпостың пайда болуының әр түрлі теориялары. Әлем халықтары эпостарының негізгі циклдары және ең әйгілі ескерткіштері.

3-тақырып. Ежелгі Шығыс поэзиясы және прозасы

Шығыс бірегей мәдени бірлік ретінде және оның мәдени тарихи формаларының көптүрлілігі. Ежелгі Шығыс прозасы. Ежелгі Египеттік әдебиет. Шумер және Вавилония әдебиеті. Ежелгі Қытай әдебиеті. Ежелгі Шығыс поэзиясы. «Махабхарата» және «Рамаяна». Ежелгі ирандық әдебиет.



4-тақырып. Антик әдебиеті

Антикалықтың кезеңделуі және әдеби көркемдік динамика. Мифтер және эпос. Ежелгі грек әдебиетінің ерекшелігі. Гомердің «Одиссеясы» мен «Илиадасы». Антик поэзиясы. Антик театры және драма. Антик трагедиясы мәдениет феномені ретінде. Антик әдебиетінің прозасы және оның жанрлары. Эпигондық және Ежелгі Рим әдебиетінің еркшелігі. Әдебиеттің риторикалық дискурсының күшеюі. Басым жанрлар.



5-тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі шығыс әдебиеті және Шығыс Ренессанс

Орта ғасырлар және Ортағасыр кезеңделуі. Ортағасыр мәдениетте батырлық эпикалық шығармашылық. Карнавалдық мәдениет және оның Шығыс әдебиеттерінде көрініс алуы.

Шығыстағы Қайта өрлеу: түркітілдес халықтардың «алтын ғасыры», жапондықтардың «Муроматиі», арабтардағы «көнеге қайта оралу», парсылардың «классикалық кезеңі».

Ренессанс мәдениетінің типологиялық сипаттамалары және оның шығыстық еркшеліктері. Қытай әдебиетіндегі новеллистиика (VIIIғ.) және қала романсы (Хғ). Араб әдебиетіндегі (Х- ХІІғғ.) қылжақтық новелла. Иран, Түркия, Үндістандағы махаббат эпосы мен лирикасы. Құранның парсы тіліне аударылуы. Иран тәжік поэзиясы. Араб тілдес поэзия.



6-тақырып. Батыс Ортағасыр әдебиеті

Ортағасырлық қоғам өміріндегі христиандықтың басым рөлі. Ортағасырлық сана синкретизмі. Жазба ескерткіштері ортағасырлық сөз өнерінің бастамасы ретінде.

Шығыспен байланыстардың күшеюі және рыцарлық мәдениеттің қалыптасуы. Прованстың куртуазды лирикасы. Трубадурлар шығармашылығы. Миннезингерлер поэзиясы.

Рыцарлық романның қалыптасуы.

Ваганттар поэзиясы. Карнавалдың алғышарттары. Әдебиеттегі жаңа стильдердің пайда болуы, жанрлар жүйесіндегі өзгерістер ( жаңалардың пайда болуы, ескілердің жаңаруы). «Құдіретті комедиядағы» өтпелі кезең санасының белгілері.

7-тақырып. Батыс Қайта өрлеу әдебиеті

Қайта өрлеу және антик дәстүрін меңгеру. Реформацияның сол кезеңнің рухани өміріне әсері. Петрарканың гуманистік бағдарламасы. «Декамерон» ренессанстық новеллистиканың үлгісі. Қайта өрлеу театрының дамуы және ренессанстық рыцарлық поэманың пайда болуы. Комедия дель арте. Пасторали жанрының пайда болуы. Франциядағы Қайта өрлеудің жалпы сипаттамасы. «Гаргантюа және Пантагрюэледегі» әзіл мәселесі. М.Бахтин Рабле романы туралы.

Неміс әдебиеті және Солтүстік Қайта өрлеу. Нидерландтағы Қайта өрлеу әдебиеті. Испаниядағы Қайта өрлеу әдебиеті. Ағылшын әдебиеті. Англиядағы Қайта өрлеудің жалпы сипаттамасы. «Утопияның» жанрлық деректері, оның әлеуметтік сипаты. Шекспир комедиялары. Шекспир трагедиялары.

8-тақырып. Жаңа еуропалық әдебиет

XVII ғасыр ерекше мәдени тарихи «кезең» ретінде, және мәдениет типі ретінде. Классицизм эстетикасы. Барокко әдебиеті. «Дон Кихот» метароман. Барокконың эстетикалық принциптері. XVII ғасыр поэзиясындағы рококо стилінің пайда болуы. Ж..Лафонтеннің өлеңдік новеллалары, ертегілері және мысалдары.

ХVII ғасырдағы батысеуропалық прозаның жанрлық жүйесі. Испандық «қылжақтық роман». Осы кезеңнің афористік прозасы.

Театралдылық Барокко мәдениетінің сипаттамалық белгісі ретінде. Испан «сарсуэласы» және итальяндық опера. Педро Кальдерон де ла Барка театры еуропалық бароккалық драманың шыңы ретінде.

Француз классикалық театры. Пьер Корнель және Жан Расин трагедиялары. Мольер шығармашылығы және «жоғары» классикалық комедиялардың жанрлық ерекшеліктері.

9-тақырып. Ағарту кезеңінің әдебиеті

Ағарту кезеңінің өнері мен әдебиетіндегі негізгі стильдер (классицизм, сентиментализм, рококо). Ағарту мәдениетіндегі поэзияның орны.

Сипаттамалық- классикалық жанрлар. Дидро дүниетанымы мен көркемдік ойының эклектизмі мен энциклопедиялық әмбебептығы.

Роман және ағартушылық сатира, ағартушылық диалог, эпистолярлы және мемуарлы проза. Ағарту поэзиясы мен прозасындағы сентиментализм. Руссо шығармашылығы. Гете «Фауст» мәдениеттер сұхбаты контексіндегі жаңаеуропалық адамның туылуы.



10-тақырып. ХІХ ғасырдағы батыс әдебиет

Романтизмдегі дәстүрлі жанрларды қайта қарау. «Готикалық роман» еуропалық масштабтағы әдеби феномен ретінде. Ағылшын романтиктерінің негізгі тақырыбы. Байронизм космополитизмі. Орыс әдебиетіндегі байрондық кейіпкер. В.Скоттың тарихи романы жаңа әдебиет символы ретінде.

Неміс романтизмінің ұлттық ерекшелігі. Франциядағы романтизмінің ұлттық ерекшелігі. Гюго драматургиясы және француз театрының реформасы. Американ романтизмінің ұлттық ерекшелігі.

11-тақырып. Роман ХІХ ғасыр әдебиетіндегі басты жанр ретінде

Романтизм мен реализмнің қатар өмір сүруі. Стендальдың аналитикалық психологиялық әдісі және оның негізгі компоненттері. Бальзактың «Адамдық комедиясы», оның түпнегізі «Тәңірлік комедиямен» байланысы және айырмашылығы. Мериме драматургиясы. Флобердің «піл сүйегінен жасалған мұнарада бекім жабылып алу формуласының мазмұны». Бодлердің «Зұлымдық гүлдері» романтикалық ашылымдарының сарқылуын поэтикалық тұрғыдан түйсіну. Диккенстің «Пиквикс клубының хаттары» ХІХ Англиядағы өзіндік «Дон Кихот» ретінде. Теккерей. Снобизм тақырыбы. Флобер эстетикасы.



12-тақырып. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті және Шығыс халықтарының әдебиеті

Орыс поэзиясының «алтын ғасыры». Орыс әдебиетіндегі Н.Гоголь феномені. Тургенев прозасы. Достоевский және полифониялық романның (М.М.Бахтин) көркемдік принциптері. Л.Толстой және эпопея жанры. Чехов және «беспристрастие» эстетикасы. Чехов драматургиясы.

ХІХ ғасыр шығыс прозалық жанрларының өкілдері ретінде Р.Тагор, Фтабатэй Симэйя, Лу Синяның шығармашылығы. Абай және Шәкәрім шығармашылығындағы мәдениеттанулық ойлар. ХІХ ғасырлық әдебиет тарихы ХХ ғасыр ізденістеріне ашылған процесс.

13-тақырып. ХХ ғасыр әдебиетінің рухани- тарихи негіздері және оның маңызды белгілері.

ХХ ғасыырдың бірнеше онжылдығындағы КСРО халықтарының әдеби үрдістері. Кеңестік әдебиет және оның әдіснамасы. Соцреализм әдісі және шығармашылық еркіндік. Классикалық ренессанстық ағартушылық түрлеріндегі гуманизм дағдарысы. А.Блок «Гуманизмнің тоқырауы», Т.Манн «Любек рухани өмір түрі ретінде». «Гете және Толстой. Гуманизм мәселесіне үзінділер». Н.Бердяев «Шығармашылық мазмұны», Х.Ортегаи Гассет «Көпшілік көтерілісі», Р.Гвардини «Жаңа заманның соңы».



14-тақырып. Авангардтың мәдени нигилизмі және Шығыс жазушыларының шығармашылығы

Дәстүрге ұран тастау. Классикалық реализм мұрагерлері. Әдебиет әлемдік соғыстар мен әлеуметтік катаклизмалар дәуірінің көрінісі сипатында. Р.Роллан, Д.Голсуорси, С.Цвейг, Т.Драйзер. «Жоғарғы модернизмнің көркемдік жобасы және көркемдік стратегиясы. Г.С.Элиот, Д.Джойс. Адам санасының алғашқы формаларына қайырылудың әмбебап себептері. ХХ ғасыр әдебиетіндегі мифтің көркемдік интерпретациясының ерекшелігі.

Шығыс жазушыларының шығармашылығы. Н.Хикмет, Акугава Рюноскэ, Кавабата Ясунари, Икбал, Премчанд. Қазақ әдебиеті кеңестік әдебиеттің мәдени тарихи ерекшеліктері контексінде.
15 -тақырып. ХХ ғасырдағы әдебиеттану және сын. Қазіргі әдеби процесс

Антиутопия. Техникалық прогрестің имморализмі. Ж.Дерриданың «жаңа сынынан» «деконструкцияға» дейін. Деректі жанрлар агрессиясы. Контрмәдениет. Эмиграция ХХ ғасырдың мәдени феномені ретінде. Батыста орыс әдебиетінің өкілдері- И.Буниннен И.Бродскийге дейін. Еуропадағы американдықтар. (Г.Стаач, Э.Паунд, Т.С.Элиот, Г.Миллер).

Экзистенциалдық әдебиеттің көркемдік философиялық кеңістігі. Абсурд эстетикасы және философиясы. «Жаңа роман» эстетикасы. Битниктер әдебиеті. Ориентализм. Антипоэтика. «Жаңа журнализм» эстетикасы.

Постмодернизм әдебиеті. Посмодернизм стратегиясы. Р.Барт және автор өлімі. Дүние- мәтін ретінде. Посмодернистік әдебиет таза эксперимент ретінде және көркемдік метатілді құру жобасы ретінде.


3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Әдебиет қоғамдық құбылыс ретінде.

Әлем әдебиетінің тарихы – ерекше әлем әдебиетінің, теориялық және адамзаттың көркем эволюциясын салыстырмалы талқылаудағы жете зерттеу қағидаларының тарихын зерттеу облысының әдебиеттану ғылымындағы орасан зор тәжірибе.



2-тақырып. Миф және ритуал мәдениеттің архетипі ретінде.

Миф теориясы және оның өкілдері. Әлем халықтары мифтерінің типологиялық бейнесі.



3-тақырып. Ежелгі Шығыс әдебиеті.

Көне үнді әдебиетінің асыл мұралары – «Махабхарата», «Рамаяна» поэмалары.

Ежелгі Қытай әдебиеті. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезең. Б.з.д. Қытай патшалығының тарихы - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций – адамды сүю гуманизмінің өкілі. «Луньюй» (тұжырымдар мен сұхбаттар) – қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы. «Дао-цзы» (дао және табиғаттың болмысы туралы). Хань империясы тұсындағы Қытай әдебиеті.

Ежелгі иран әдебиеті. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Еуразия кеңістігіндегі иран тайпаларының мәдениеті. «Гаттар» («Жыр жырлау») – 17 мінәжат дұғаларының жинағы, «Авестаның» көне бір бөлігі. Авторы – ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра (грекше Зороастру).

«Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіші.

4-тақырып. Антик әдебиеті.

Ежелгі Грекия мен Рим әдебиеті. Көне әдебиеттің жарқын беттері – Гомер, Эсхил, Софокл, Еврипид, Вергилий, Апулей, т.б. Олар шығармаларында өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болды. Грек лирикасының қалыптасуы, түрлері.



5-тақырып. Ортағасырлық Батыс әдебиеті.

Ортағасырлық әдебиеттің басты элементі - әдебиет болды: ағылшын-саксондық қаһармандық эпостарының бірі «Беовуль» поэмасы: рыцарьлық әдебиет жанрдағы халық ерлік эпосы «Роланд туралы жыр», «Сид», «Нибелунгтар жайындағы жыр», «Тристан мен Изольда» романы. ХІІІ ғасыр ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд жайындағы балладалар. Француз поэзиясының тамаша көрінісі – ваганттар поэзиясы.



6-тақырып. Ортағасырлық Шығыс әдебиеті.

Орта ғасырдағы араб әдебиеті (ҮІІғ. соңы мен ХІІ ғ.). Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі халифа (орынбасар) деген лауазымдық басқару.

Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.

Андалусиядағы араб әдебиеті (ҮІІІ-ХҮ ғғ. әдебиеті). Әл-Закир ад-Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Софылық поэзияның концепциясы, көрнекті өкілдері. Ибн-әл-Фарид, оның жырлары.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі. «Мың бір түн» - араб, үнді, түркі, парсы халықтарының әр ғасырда туған ертегілер жиынтығы.

Халық романдары («Сираттар»). Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыз, қисса, әңгімелер.



7-тақырып. Батыс Қайта өрлеу әдебиетінің ерекшелігі.

Қайта өрлеу мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери «Құдіретті комедия», «Декамеронның» авторы атақты Бокаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары дүниежүзілік әдебиет саласындағы құбылыс болып саналады. Испанияның ұлы жазушысы Мигель де Сервантес («Дон Кихот»), француз гуманизмінің өкілі Франсуа Рабле («Гергантюа мен Пантагрюэль») шығармаларында өмір сүрген қоғамды сынға алды. Ағылшын халқының ұлы драматургі Вильям Шекспир. «Гамлет», «Король Лир», «Отелло» сияқты трагедияларымен дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.



8-тақырып. Франциядағы Қайта өрлеудің жалпы сипаттамасы.

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Итальян әдебиеті. Петрарканың өмірі мен шығармашылығы.Француз әдебиеті. Рабленің өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция, тіл, стиль мәселелері.



9-тақырып. Неміс әдебиеті және Солтүстік Қайта өрлеу.

Неміс әдебиетінің ерекшелігі. Испан әдебиеті. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. «Дон Кихот» романындағы пародиялық астар. Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті. Шекспир шығармашылығы. «Ромео мен Джульетта», «Гамлет», «Отелло», «Король Лир».

10-тақырып. Жаңа заман әдебиетінің ерекшелігі.

ХҮІІ ғасыр. Классицизм әдебиетіндегі жанр түрлері. Атақты өкілдері – Корнель, Расин, Мольер.



11-тақырып. Неміс бароккалық романының жанрлық ерекшелігі.

Барокко әдебиеті. «Дон Кихот» метароман. Барокконың эстетикалық принциптері.



12-тақырып. Ағартушылық романының поэтикасы.

ХҮІІІ ғасыр ағартушылық ғасырдың әдебиеті. Свифт, Дефо, Вольтер, Дидро, Гете дарын иелері, сол заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды.

Ағылшын ағартушыларының ерекшелігі. Д.Дефо, Дж.Свифт, Филдинг. Сентиментализм.

Француз ағартушылығы. Неміс ағартушылары.



13-тақырып. ХІХ ғасыр Батыс әдебиетіндегі романтизм және реализм.

Ағылшын романтизмі. Романтизм және творчестволық әдіс проблемасы. Байрон - әлем әдебиетіндегі романтизм бағытының белгілі өкілі. Творчествосын шолу. Байронның «Чайльд Гарольдтің саяхаты» - лиро-эпикалық поэмасы. Шелли творчествосына шолу. В.Скотт – тарихи романның негізін салушы.

Француз романтизмі және оның ерекшеліктері. Гюго – романтизмнің теоретигі. Неміс романтизмі, ерекшелігі. Гофманның жаңашылдығы. «Екіәлемдік» түсінік, оның философиясы. Романтикалық мысқыл және гротеск.

Француз реализмі. Стендаль шығармашылығы. Стендальдың эстетикасы. «Қызыл мен қара» романындағы кейіпкердің эволюциясы. Композициясы мен стилі. Бальзак. Шығармашылық әдісінің ерекшелігі. Бальзактің «Адам әжуәсінің» түпкі ойы және шығу тарихы. Ағылшын реализмі. Диккенс – ағылшын реализмінің ірі жазушысы. «Оливер Твист», «Домби и сын» шығармаларына дейінгі эволюциясы.

М.Сервантестің «Дон Кихот » романы: әлеуметтік және философиялық мәні.Теккери шығармашылығы. «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» романындағы кейіпкерлердің жүйесі, реалистік сатирадағы шеберлігі.

14-тақырып. ХІХ ғасыр орыс романы: дүниетанымдық қақтығыс және психологизм.

Орыс әдебиетінің тарихы. Тургенев, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский творчестволары.



15-тақырып. ХХ ғасыр әдебиеті.

ХХ ғасыр әдебиет процесінің ерекшелігі. Негізгі бағыты. Саяси оқиғалардың жазушы демократтарға ықпалы. Капитализмнің жалпы қиыншылығы мен модернистік әдебиет.



3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

21

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Шығарма талдау

Семестрлік тапсырманы қорғау

20

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







90



Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Гомер эпосы. Грек драмасының қалыптасуы.

¦сынылатын єдебиет: [2],3-30 бет, [3], 3-50 беттер. [27], 3-100-беттер

2. Горацийдің «Одаларының» саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, махаббат туралы тақырыптары.

Ұсынылатын єдебиет: [2], 3-20 бет, [3], 3-20 беттер. [10], 3-50-беттер, [24], 10-60-беттер

3. Куртуаздық әдебиет: лирика және роман.

Ұсынылатын єдебиет: [3], 3-40 бет, [5], 5-90 беттер, [15], 53-101беттер.

4. Корнель - әйгілі драматург және классицист.

Ұсынылатын єдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [21], 85-97-беттер, [22], 3-60-беттер.

5.Шиллердің шығармашылығындағы бүлікшіл рухы мен бірінші саяси тенденциялық тәжірибесі.

Ұсынылатын єдебиет: [11], 5-23 бет, [12],10-30 беттер, [15], 3-90- беттер, [16], 3-85-беттер.

6. Флобердің шығармашылығы. Жазушының философиялық, эстетикалық позициясы. «Мадам Бовари» романындағы бықсыған дүние. Флобердің ХХ ғасыр әдебиетіне салған жолы.

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [12], беттер, [13], беттер.

7. Қазіргі шетел әдебиетінің даму сипаты

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-60 бет, [6],10-37бет, [14], 100-120 беттер, [15], 173-187 беттер, [17], 92-101бет, [18], 15-37 беттер, [19], 10-33 беттер.


Мамандықтың (тардың) Нысан

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме

050204 «Мәдениеттану» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы Әлемдік әдебиет тарихы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОБДЖ

ОӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

ОӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде



6
















135

45

90

5-семестр

6 -семестр













30

15

45

45



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті/ құрастырған А.Қыраубаева/ Алматы, Ана тілі. 1991

  2. История зарубежной литературы ХІХ века. М., 1991

  3. История русской литературы: ХХ век. Серебряный век М., 1995

  4. История зарубежной литературы конца ХІХ начала ХХ веков. М., 1988

  5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Жазушы.1991

  6. Кун А. Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары. Алматы, 1979

  7. Литература Древнего Востока.- М., 1971

  8. Литература Востока в средние века. В 2-х частях.- М., 1970

  9. Литература Востока в Новое время. - М., 1975

  10. Литература Востока в новейшее время. -М., 1977

  11. Литературные манифесты западноевропейских классицистов.-М., 1980

  12. XVIII век: литература в системе культуры. -М., 1999

  13. Мифы народов мира. В 2-х т. -М., 1988.- Т.1,2

  14. Пуришев Б.И. Литература эпохи Возрождения. Курс лекций. М.:Высшая школа, 1996.

  15. Средневековый роман и повесть. -М., 1974.

  16. Сантис де Ф. История итальянской литературы. В 2-х томах. М.: Наука, 1963.

  17. Хрестоматия по зарубежной литературе. Эпохи Возрождения. В 2-х т.4-е изд., доп.- М.: Искусство, 1953-1955.


Қосымша:

18 Байрон. Д.Г. Таңдамалы шығармалары. Алматы,1960.

19 Балашова Т.В.Французская поэзия ХХ века. М., 1982.

20 Дербісалиев Ә. Араб әдебиеті: классикалық дәуір. Алматы,

Мектеп. 1982


  1. Достоевский Ф.М. Қылмыс пен жаза. Алматы. Жазушы. 1972.

22 Данте Алигерьи. Тамұқ. Орысшадан аударған М.Мақатаев. Алматы. Жазушы. 1971.

23 Жұмалиев Қ. Стиль- өнер ерекшелігі. Алматы, Жазушы. 1993.

24 Есим Ғ. Хаким Абай. Алматы, 1995.

25 Исмағанбетова З.Н. Асқаров Л.Ә. Ежелгі шығыстың рухани қайнарлары. Алматы, 1999.

26 Косиков Г.К. От структурализма к постструктурализму. М., 1998.

27 Троя сұрапылы және оның батырлары. Гомердің Илиада, Одиссея поэмаларының Е.Тудоровская қара сөзбен әңгімелеген нұсқасы/ орыс тілінен аударған А.Сланов/. Алматы, Жалын. 1987.



28 Шекспир В. Таңдамалы. Алматы, Жазушы. 1982. Т. 1,2.

Пәннің оқу-әдістемелік

кешені Нысан

ПМУ ҰС 7.18.2/02


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

050204– «Мәдениеттану»

«Әлемдік әдебиет тарихы» пәні

Павлодар

Пәннің методикалық қамтылу картасы

Әлемдік әдебиет тарихы

Пәннің шифрі мен атауы




Құжат атауы

Автор

Дайындалған жылы

Қосымша

1

2

3

4

Типтік бағдарлама










Жұмыс бағдарлама

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К.

2010 ж.




Студенттерге арналған пән бағдарламасы

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Дәріс кешені

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Тәжірибешілік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Ағымдағы бақылауға арналған тапсырмалар (тест)

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Межелік бақылауға арналған тапсырмалар

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Қорытынды бақылауға арналған тапсырмалар

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Қосымша тапсырмалар

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Емтихан сұрақтары мен билеттері

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Бақылау шараларының күнтізбесі

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




Пәннің оқу және оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтылуы

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К

2010 ж.




жүктеу 265,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау