Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 353,1 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата26.05.2018
өлшемі353,1 Kb.
#17873
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


1

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы 

Мұғалімді бағалау қағидалары

Деңгейлік бағдарлама курстары

Екінші (негізгі) деңгей

Екінші басылым



2

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015 

Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 

құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, 

авторлық  құқық  берушінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып 

шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.




3

2-деңгей мұғалімдерін бағалау

Мазмұны

1    Кіріспе 

 

 

 

 

 

 

4

2    Портфолионы бағалау  



 

 

 

5

 



2.1  Портфолионы бағалау қағидалары    

 

5



 

2.2  Портфолионың мазмұны   

 

6

 



2.3  Портфолионы бағалау үдерісі    

 

7



3    Таныстырылымдарды бағалау   

 

 

8

 



3.1  Таныстырылымды бағалау қағидалары  

 

8



 

3.2  Таныстырылым мазмұны   

 

8

 



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі 

 

 



9

4    Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы 

     9


5    Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға

ұсынылған мұғалімдер тізімін ресми бекіту    

 

 

 

     

   10 

1-қосымша  Екінші деңгей мұғалімінің стандарттары  

12

2-қосымша  Портфолионың әрбір компоненттеріне қойылатын талаптар 

14

3-қосымша  Критерийлер бойынша бағалар сипаттамасы   

 

17




4



Кіріспе

Бұл бағдарлама екінші (негізгі) деңгей мұғалімі стандарттарына (1-қосымша) же-

туге мұғалімдерді дайындау мақсатында әзірленген. Стандарттар жаңа идеяларға 

ашық, іс-жүзінде сынап көру мен бағалау арқылы өз тәжірибесін ұдайы жетілдіруге 

ұмтылатын, рефлексиялаушы, машықтанушы маман болып табылатын, сонымен 

қатар  әріптестерінің  тәжірибесін  жетілдіруді  қолдауға  қабілетті  мұғалімдерге 

бағытталған. Сонымен, екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы өзара байланысты екі 

бағыттан тұратын болады:

•  оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өз түсінігі мен тәжірибесін да-

мыту;


•  әріптестердің коучинг және тәлімгерлігі.

Бірінші аудиториялық «бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдерге екінші (негізгі) деңгей 

бағдарламасының  екі  бағыты  ұсынылады:  оқу  мен  оқытудағы  жаңа  тәсілдер 

мәнмәтінінде  әріптестерге  коучинг  және  тәлімгерлікті  жүзеге  асыру  және  жаңа 

тәсіл енгізудегі рефлексияның тиімді құралы ретіндегі іс-әрекеттегі зерттеу.

Мектепте 4 апта бойы тәжірибе барысында мұғалімдер өз сыныптарында бірінші

«бетпе-бетте»  жоспарлаған  іс-әрекеттегі  зерттеу  жобасын  іске  асыратын  бола-

ды.  Мұғалімдер  әріптестерінің  шағын  тобына  екі  коучинг  сабағын  өткізеді.  Бұл 

коучингтердің шеңберінде әріптестердің қажеттіліктерін ескеріп, олармен негізгі 

идеяны талқылау қажет, бірақ бұл идея бағдарламаның жеті модулінің бірімен не-

месе бірнешеуімен өзара байланыста болуы тиіс:

•  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер («Диалогтік оқыту және оқу», «Қалай оқу 

керектігін үйрету»);

•  Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету;

•  Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;

•  Оқытуда АКТ қолдану;

•  Дарынды және талантты балаларды оқыту;

•  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

•  Оқытудағы басқару мен көшбасшылық.

Мұғалімдер  әріптесінің  тәжірибесін  жақсарту  үшін  тәлімгерлік  жүргізе  отырып 

тығыз байланыста жұмыс істейді, әріптестерінің шағын тобы үшін коучинг идея-

ларына өзінің назарын шоғырландырады.

Екінші  аудиториялық  «бетпе-бет»  оқыту  кезеңінің  барысында  мұғалімдер  өз 

сабақтарында  іс-әрекеттегі  зерттеуді  өткізу  кезінде  меңгергендерін  талқылап, 

құжаттарын жинақтайды. Мұғалімдер бағдарлама шеңберінде мектептегі тәжірибе 

кезінде коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесінен не үйренгендері жөнінде пікір ал-

масады  және  рефлексивті  талдауларын  толықтырып,  жазбаша  түрде  рәсімдейді. 

Аудиториялық оқудың екінші кезеңінде мұғалімдер бағдарламаның екі бағытына 

қатысты растайтын құжаттардың негізінде өздерінің портфолиосын дайындайды.



5

Бағдарламаның табысты аяқталуы үшін мұғалім тәжірибесінің үш түйінді крите-

рийге сәйкестігін анықтауда портфолио негіздеме құжат болып табылады.

 

Бұл критерийлер мыналарды қарастырады:



1.  мұғалімдер бағдарламада ұсынылған түйінді идеялар туралы қажетті білім 

мен түсінік алады;

2.  мұғалімдер бұл идеяларды өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолдана 



алады;

3. мұғалімдер жаңа тәсілдерді өздерінің тәжірибесіне енгізу жөнінде рефлек- 



сия  жасайды  және  олардың  маңыздылығын  өзінің  кәсіби  қызметін  одан  әрі 

дамытып, жетілдіру үшін қарастырады.

Екінші  (негізгі)  деңгей  стандарттарында  мұғалімнің  білімі,  біліктілігі  мен 

дағдылары бұл кезеңде аталған критерийлерге қалай сәйкес келу керектігі сипат-

талады. (1-қосымша)

Суммативті  бағалау  үдерісі  бағдарламаның  мектептегі  тәжірибе  кезеңінде 

мұғалімнің  идеяларды  қолдануға  қатысты  рефлексиясын  бағалауға  бағытталған. 

Мұғалімдердің  үш  түйінді  критерийге  және  екінші  (негізгі)  деңгей  мұғалімінің 

стандарттарына  сәйкестілігінің  дәлелдемесі  екінші  аудиториялық  «бетпе-бет» 

кезеңі үдерісінде орындалған портфолио мен таныстырылымдарда көрініс табады.

Сертификаттаудан  өту  үшін  мұғалімдерге  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ филиалы Педагогикалық өлшеулер орталығы (бұдан әрі - ПӨО) өткізетін, 

Екінші негізгі деңгей бағдарламасының түйінді идеяларына негізделген тестілеу 

түріндегі біліктілік емтиханын тапсыру қажет болады.





Портфолионы бағалау

2.1  Портфолионы бағалау қағидалары

Бағдарламаның өзара байланысты екі бағытының идеяларын мұғалімнің игергенінің 

дәлелдемесі  портфолиода  болуы  керек.  Іс-әрекеттегі  зерттеу  бойынша  есепте 

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мәнмәтініндегі өзінің түсінігі мен тәжірибесінің, 

сондай-ақ коучинг пен тәлімгерлікке және олардың нәтижелерін бағалауға қатысты 

идеяларды түсінуінің дәлелдемелері ұсынылуы қажет. Тәжірибенің рефлексиясы 

портфолионың барлық үш компоненті үшін маңызды болып табылады.

Портфолионың  кейбір  бөлімдерінде  бір  критерийдің  дәлелдемесі  басқаларына 

қарағанда анағұрлым сенімді болуы мүмкін. Мұғалімнің қандай да бір критерийге 

сәйкестігін анықтау үшін аса негізделмеген бірнеше дәлелдеме жеткіліксіз, ал екі 

немесе тіпті бір ғана сенімді дәлелдеме жеткілікті болуы мүмкін.

Портфолионы бағалау кезінде тренерлер мұғалімдердің әр есепке қойылған талап-

тарды орындағандығын көруі керек (2-қосымша). Түйінді критерийлерге сәйкестік 



жүктеу 353,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау