55
лып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:
• Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі
бағалауға қатыстырады.
• Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
• Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал
ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
• Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
Сұрақтың тиімді
қойылуы
Оқушымен бірге
критерийлерді
талдау
Сыныптасын және
өзін-өзі бағалау
Кері байланысты
қамтамасыз ету
13-сурет. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика]. Wiley-Blackwell
Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқу үшін бағалау:
10 ұстаным]. University of Cambridge Faculty of Education.
Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және
оқыту]. University of Cambridge Faculty of Education.
56
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ
СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Танымдық даму және жас ерекшеліктері
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда,
танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу
және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.
Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру
ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатта-
лады.
Оқу
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары төменде сипатталған.
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты
зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон. Б. Уотсон психология саласы
зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп
есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі –
реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде
қарастырылады. Эдвард. Л. Торндайк сияқты зерттеуші осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р
(түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Олар мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін
немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір
«оперантты шарттылық» ретінде белгілі: адамдардың лайықты іс-әрекеттерін ынталандыру
мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу немесе ол үшін
жаза қолдану.
Оқудағы танымдық тәсіл
Бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның
ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана олар-
ды едәуір қызықтарған.
Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму
мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген.
Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу
кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мой-
ындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт са-
тысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі)
айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп, ақыл-ой
үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. Бұл теория оқу үдерісіне
балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу және
даму үшін қажетті қызмет түрлерінің басым бөлігіне бастамашылық етеді деп сендіреді. Бұл
теорияны басшылыққа алатын мектептер кіші буынды оқыту ортасына және оқу мазмұнына
ерекше назар аударады. Педагогтер мен ересектер балалармен тікелей қарым-қатынас жасай-
ды, олар орындайтын қызмет түрлері оқу мазмұнындағы балалар тәжірибесін пайдалануда аса
маңызды болады.
57
Оқудағы гуманистік тәсіл
Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар –
Маслоу мен Роджерс.
1970 және 1980 жылдары жазылған ересектерге білім беру жөніндегі көптеген теориялық
еңбектер гуманистік психологияға негізделген. Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше
назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі»
(Tennant, 1977). Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығып, сол арқылы
бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және субъективті әлем бар
екенін растады. Бұл ретте ең белгілі мысал – Абрахам Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы
болуы мүмкін. Оның ең төменгі деңгейінде физиологиялық қажеттіліктер, ең жоғарысында
өзін іс жүзінде таныту орналасқан. Зерттеушінің тұжырымына сәйкес, жоғарырақ деңгейге өту
тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.
Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл Роджерс сияқты. Оның
зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен,
білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда, біз
бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» (Rogers, 1983).
Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз
құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қоғамдастықтарға қатысуды
көздейді.
Психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген бихевио-
ристер болды. Кейінірек зерттеуші Альберт Бандура өзара әрекеттестікті және танымдық
үдерісті зерттеді. Субъектілерге басқалардың мінез-құлқының салдарын көруге, әртүрлі мінез-
құлықтың салдары туралы белгілі түсінік алуға мүмкіндік беретін тәсілдің бірі – бақылау.
Егер адамдар не істеу керек екендігін білу үшін тек өзінің іс-қимылдарының әсеріне ғана
сүйенсе, оқу ерекше жалықтыратын, тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез-құлқы
бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық
қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға
басшылық етеді (Bandura, 1977). Мінез-құлыққа назар аудару, оны ықтимал модель немесе
парадигма ретінде есте сақтап, түрлі жағдайларда оның қалай көрініс беруі мүмкін екенін
болжау (репетиция) – бақылауға негізделген оқудың негізгі аспектілері.
Зейін
Хаген мен Хейл (1973) 5–6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы суреттерді есте
сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Әр ашықхатқа екі сурет салынған,
бірақ есте сақтау үшін оның біреуі ғана маңызды болды. Мұндай жағдайларда 5–6 жасар
балаларға қарағанда, 14–15 жастағылар аса маңызды суреттерді көбірек еске сақтаған. Бірақ,
кіші жастағы балалар есте сақта деп сұрамаған суреттерді көбірек есте сақтапты. Осылайша,
есте сақтаған ақпараттың жалпы көлемі екі топтағы балалар үшін бірдей болды, бірақ ересек
балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған. Бұл зерттеу біздің селективті зейінімізге
еске сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететіндігін анықтады. Осындай оқыту
нәтижесіндегі қорытынды-тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға
сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Балалардың назарын аудару танудың маңызды элементін
және олар білетін ақпаратпен байланысты жаңа ақпарат алу мүмкіндігін қамтитындай болғаны
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |