Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


анықтай білуі қажет. Интерпретация



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83

53
анықтай білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация  қызығушылық  тудыратын  мәселелерге,  мәселен,  ерекше  дағдылар, 
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе крите-
рий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі 
ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кей-
де мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және 
өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға 
немесе  түсіндіруге  талпынуға  болар;  немесе  мінез-құлыққа  қарап  логикалық  қорытынды 
жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі 
болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп 
атайды.
Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. 
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге 
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқу үшін бағалау
Оқу  үшін  бағалау  кезінде  қолданылатын  қадағалау,  интерпретация  және  критерийлер 
оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын 
қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай 
кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай 
екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы 
бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, 
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін 
оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 
Берілген  анықтаманың  маңызды  элементтерінің  бірі  оқушылардың  деректерді 
қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға 
болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін 
бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 
оқушылар да белсенді қатысуы керек. 
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды 
үйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы 
алынған  ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті,  қызығушылықты 
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін 
өте маңызды да, өзекті.
Оқуды бағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау 
болып  табылады.  Негізінен,  ол  тікелей  келешек  оқытуға  үлес  қосуға  бағытталмаған,  оның 
үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін 
тигізуі  мүмкін  (Assessment  Reform  Group,  2002b).  Оқуды  бағалау  кезінде  бір  оқушының 
жетістіктерінің  белгіленген  нормалармен  немесе  бірдей  жастағы  оқушылар  тобының  қол 
жеткізген  деңгейімен  ара-қатынасы  салыстырылған  соң  қорытынды  жасалады.  Мұндай 


54
қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке 
«сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Олар әдетте критерийлер мен стандарттардың 
символдық белгілері түрінде келеді.
Мұндай  қысқа,  кейде  түсініксіз  түрде  ұсынылатын  ұғым  ата-аналар,  кей  жағдайда 
мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің білім 
беру қызметін бақылайтын уәкілетті органдар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы болады. 
Осылайша, бағалау барысында жиналған бұндай ақпарат түрлері негізінен есеп беру, іріктеу 
және бақылау үшін қолданылады.
Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы тұрғысынан пайдалануға бола ма?
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» 
деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне 
және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше на-
зар аударуына ықпал етеді. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық 
бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар 
міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті 
білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. 
Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтау әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға 
қайтадан талдау жүргізу қажет.
Сонымен қатар мектептер алдағы нәтижелерге қалай қол жеткізілгенін біліп, одан кейінгі 
іс-әрекеттерін  жоспарлау  үшін  де  «мәлімет»  жинайды.  Осылайша,  жеке  оқушы  деңгейінде 
жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде 
берілетін  кейінгі  деңгейлерді  анықтау  үшін  қолданылады.  Бірақ,  бұдан  кейінгі  кезеңдерде 
оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді 
анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге 
тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері 
байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі 
деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге 
көмектеспейді; бұл үшін баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғандығын және 
бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін 
не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда (сандық түрдегі) жиынтық 
бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған мәліметтерге (қадағалау 
және  интерпретация)  қайтып  оралады.  Одан  кейін  мұғалім  бұл  мәліметтер  оқушының  оқу 
деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай 
жасау керек екендігі туралы қалыптастырушы қорытынды (ауызша түрде) ұсынады.
Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқу үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. 
Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, оқу үшін 
бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау қолданылған 
мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда 
сыртқы тестілер одан да бетер проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде бұл балдар 
мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне 
мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.
Қорытынды
Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық 
метафорасы қолданылған және сол арқылы оқу үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі 
жұмыс» ретінде белгілі болды (13-сурет).
Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым бо-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау