Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83

31
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ
оқушылардың 
алған ақпаратты 
сақтауының 
орташа 
пайызы
Дәріс
Оқу
Аудио-визуалды 
қабылдау
Көрсетілім
Талқылау
Тәжірибеде 
жасау
Өзгелерді оқыту
10%
20%
30%
50%
75%
90%
10-сурет. Оқу пирамидасы
Мұғалім  оқушылардың  зер  салып  тыңдауын  сақтап  қалу  мақсатында  сыныпта  орында-
латын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың 
бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. 
Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (11-сурет) және Рай-
ан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға 
тиіс.  Басқаша  айтқанда,  оқушылар  өзін-өзі  ынталандыра  алады  және  осыған  орай,  оларда 
ұмтылыс  пен  қызығушылық  пайда  болады.  Бұны  жазалауға  ұшырамау  немесе  емтиханнан 
құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн. 
Дереккөз: Flow: The Psychology of Optimal Experience, 
Михай Чиксентмихай (74 бет)
Дағдылар
Міндет
тер
(төмен)
(жоғары)
(төмен)

оғары)
Алаңдау
Зерігу
Ағын
А
3
А
1
А
4
А
2
11-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар


32
Осы  мақсатта  мұғалімдер  оқушыларға  өз  мақсаттарын  қоюды  үйретеді,  нәтижесінде 
оқушылар  жоспарлау  мен  белгілі  бір  нәтижеге  жету  үдерісінен  рахат  алады.  Сабақтар 
оқушылардың  мәселенің  бүге-шүгесіне  дейін  назар  аудару  қабілеті  дамитындай  және 
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт на-
зарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және 
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. 
Басқаша  айтсақ,  оқушыға  бағдарланған  оқыту  ортасында  мұғалім  оқушылардың  сыныпқа 
келген  кездегі  бастапқы  сенімдерін,  білімін  және  өзіндік  ойын  негізге  ала  отырып,  өз  пай-
ымдарын  жасауға  қабілетті  екенін  түсінеді.  Егер  оқу  үдерісі  оқушы  мен  оқу  материалын 
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің 
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай ала-
тынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не 
істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Бірінші мәселе: Адамның жаңаны меңгеруі оның нені білетіні және түсінетініне байла-
нысты болады.
Екінші мәселе: Оқу оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды 
өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші  мәселе:  Осы  байланыстарды  дамытып,  нығайту  үшін  проблемаларды  шешу 
үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші  мәселе:  Оқушыларға  болжам  жасауға,  өз  ойын  құруға,  оны  қорғауға  және 
сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші мәселе: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды ескеру
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі ма-
териалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды 
меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы 
түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие (12-сурет).
12-сурет. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау


33
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай 
етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру 
әдістемесін  түсінеді.  Осылайша,  оқушылар  өз  дағдыларын  қолдануды  үйренеді,  сондай-
ақ  пәннің  құрылымы  мен  мазмұнына  тереңдейді.  Олар  пәннің  негізін  құрайтын  қағидаттар 
мен  басты  идеяны  түсінеді.  Бұл  үшін  оқыту  тәсілдерін  қолдану  қажет,  осының  арқасында 
оқушылар оқу жоспарына енген пәндердің «өзіндік ерекшеліктерін» зерттеуге қабілетті бо-
лады. Бұл қоршаған ортаға бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың 
қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін 
боласыз.
Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынта-
ландырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап, 
жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай оты-
рып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, 
керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Алтыншы мәселе: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі 
шектеулі болуы керек.
Жетінші мәселе: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, олар-
ды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге 
тиіс.
Мұғалімдер  оқуды  бағалаумен  (жиынтық  бағалау)  қатар,  оқу  үшін  бағалауды 
(қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айнала-
ды. Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері 
бағалайтын,  кейін  мұғалімдермен  бірге  өзін-өзі  жетілдіру  жолындағы  келесі  қадамдарын 
айқындайтын  үдеріс.  Ашық  сауалдар,  бір-біріне  өзінің  оқу  мақсаттары  туралы  айтып  беру 
сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер 
бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар 
жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік 
алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. 
Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жыл-
жиды.
Оқушылар  оқшауланып  оқымайды.  Бүгінгі  таңда  «білім  алушылар  қоғамдастығы»  де-
ген ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп 
есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. 
Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру 
қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-
өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және 
ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Сегізінші  мәселе:  қолайлы  оқу  үшін  адамдарға  кері  байланыс  пен  мадақтау  қажет, 
сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Метатану және қалай оқу керектігін үйрету
Оқу үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатына 
жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс ұсыну 
арқылы оларға өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім 
мен  дағдыларды  меңгергенде,  олар  үшін  бұл  әдеттегі  философияға  айналып,  олардың  оқу 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау