26
қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды
сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие
болады
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы
беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін
білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен
және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін
және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме
күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005),
Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диа-
лог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе
білуіне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диалогтерге қатысуға
мүмкіндік берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік
олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге
жол ашады.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.
«Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып,
мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.
Соңғы зерттеулер оқу қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері болатынын
дәлелдеді, атап айтқанда:
• Адамдар
ассоциациялар арқылы, мнемоника, жаттығулар, имитация, нұсқаулық
беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен
қалыптасуына ықпал етеді.
Ассоциациялық оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе
есте сақтауға жол ашады.
• Адамдар
белсенді зерттеулер – зерделеу, эксперимент, басқалардың жетекшілігімен
зерттеу, тапсырмаларды орындау, ойлау арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып
білім алады.
Сындарлы оқыту дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек түсінуге
ықпал етеді.
• Адамдар
диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық,
білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім
алады. Ә
леуметтік-сындарлы оқыту да дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек
түсінуге мүмкіндік береді.
Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
• оқушының
белсенділігі;
• қызмет бағыттарын күтілетін нәтижелерге сай жүзеге асыру;
• кері
байланыстың маңыздылығы;
• шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.
Сонда мектеп мұғалімі үшін бұлардың маңызы не? Оқу теориясы мұғалімдер үшін тікелей
нұсқау бермегенімен, оқу мүмкіндіктерін ұлғайту үшін оқу ортасын қалай құру туралы нақты
қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік ашады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R.
J., (2008).
Towards Dialogic Teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту
жолында: сыныпта талқылауға арналған жаңа тәсіл]. (4th edition), Dialogos.
Bakhtin, M. M., [1930] (1981).
The Dialogic Imagination: Four Essays. [Диалогтік қиял: төрт