Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Метатану аспектілерін санаттау



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83

36
Метатану аспектілерін санаттау
Өз  жұмысының  нәтижесінде  Флейвелл  (1976)  метатануды  өлшеудің  үш  құрылымын 
(өлшемдерін) сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін 
анықтады:
•  білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі;
•  мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;
•  тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оларды бақылау.
Бірінші өлшем жеке білімге қатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы, 
өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын 
түсінеді  және  жеке  мақсаттарды  белгілеу  қабілеті  туындайды.  Флейвелл  оқушылардың 
өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын (бұл да сол жұмыста) балалардың басқа 
оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы 
метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.
Флейвелдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тап-
сырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тап-
сырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салысты-
ратынын көрсетеді. 
Сондай-ақ, үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті 
білім  мен  тәсілдерді  бақылау  деп  анықтайды.  Оқушылардың  орындауы  қажет  тапсырманы 
анықтауы  және  бір  немесе  бірнеше  тәсілдердің  көмегімен  тапсырманы  орындау  жоспарын 
құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы 
түрдегі  тиімділігі  бағаланып,  оқушылар  өз  әрекеттерін  түсіндіреді.  Оқушылардың  таңдауы 
мүмкін  тәсілдерінің  біреуі  –  басқалардың  білім  аясы  кеңірек  болуы  мүмкін  деген  жеке 
көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.
Табыс,  ұмтылыс  және  тиімді  тәсілдерді  қолдану  арасындағы  негізгі  байланысты 
қалыптастыратын  болғандықтан,  метатану  ұғымын  бір  оқушының  «қалай  оқу  керектігін 
үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен 
оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу бары-
сында оларға дербестік беруге баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін 
авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуы 
ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен 
метатанымдық білімге байланысты.
Ерте жастағы оқушылар метатануға қабілетті ме?
Ерте жастағы оқушыларда метатанымдық қабілеттердің бар екендігі жуық арада ғана белгілі 
болды. Флейвелл ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, 
олар әр уақытта өз жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға 
қабілетті  емес.  Алайда,  жадының  аспектілерін  зерттеу  бойынша  жүргізілген  бұдан  кейінгі 
жұмыстар 3–4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ суреттерді 
есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады (Flavell et al, 1995). Бронсон 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен  балабақшадағы  балалардың  танымдық  дамуын  зерттей 
отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін-өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. 
Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам жасаған. Осыған қарамастан, 
олар  шешімді  қалай  қабылдағандарын  немесе  қандай  тәсілді  қолданғанын  үнемі  түсіндіріп 
бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет кезінде «өздік басқару» қызметін пай-
даланады. Өсе келе, олар өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдауға, оларды 
тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге немесе қажет болған жағдайда көмек сұрауға, 
сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға қабілетті 


37
бола бастайды (Bronson, 2000).
Өздігінен реттелетін оқуды мұғалімдер қалай ынталандыра алады?
Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық 
немесе  өздігінен  реттелетін  оқуын  дамытуға  ықпал  ететіндігі  болып  табылады.  Оқудың 
әлеуметтік-мәдени  теориясын  дамыту  барысында  Выготский  оқушының  өз  бетінше  қол 
жеткізе  алмайтын  оқу  деңгейін  ересек  немесе  «маңызды»  (ықпалды)  адамның  көмегімен 
қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «Жақын арадағы 
даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам 
«рефлексиялаушы  агент»  ретінде  жұмыс  істей  отырып,  оқушының  әрекетіне  жауап  береді 
және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау 
көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, 
дамудың  тұжырымдамалық  негіздерінің  тиімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  түрленеді. 
Бұл үдерісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан. «Көпіршелер тұрғызу» 
ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тап-
сырманы аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы 
деген  түсінік  жатыр.  Жетекшінің  оқушы  жетістігіне  деген  реакциясы  да  қолдау  ретінде 
қарастырылады. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, 
себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, 
өздігінен реттелетін болады. 
Өздігінен  реттелетін  оқудың  үш  элементі  аса  маңызды  болып  табылады  (Perry  et  al, 
2002):
•  тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
•  оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
•  проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. 
Өздігінен  реттелу  тапсырмаға  қызығушылықтың  неғұрлым  жоғары  деңгейіне  өтуге  ықпал 
етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) 
балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын 
мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, пробле-
маларды шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау 
берілді, бұл олардың өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа 
балалардың  жұмысын  бағалау  жолымен  байланысты  түсіндіруге  мүмкіндік  берді.  Бақылау 
жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының 
өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын 
тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтауға көмектесті.
Оқушылардың тәжірибесін пайдалану
Оқу  үдерісінің  «саналы»  болу  қажеттілігі  туралы  тұжырымдар  балалардың  жеке 
тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқудың тиімділігін елеулі түрде арттыратын маңызды 
жағдай деп қабылданатындығына негізделген. Мұндай негіздеме «жағдаяттық танымға» арқау 
болып  табылады  (Lave,  1988;  Lave  and  Wenger,  1991),  оған  сәйкес  белгілі  бір  жағдаяттар 
пайымдар  мен  стратегиялардың  тиісті  түрлерін  құрылымдап,  белгілейді.  Ньюнс  және 
басқалардың (1993) жұмыстарында Бразилиядағы көше балаларының күнделікті нарықтағы 
сауда жағдаяттарында есептерді ойша жақсы шығарғанымен, мектептегі математика пәнінен 
қарапайым  жазбаша  тапсырмаларды  орындау  барысында  қиындықтарға  кездескені  анық 
көрсетілген.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау