Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет3/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

8
Дайын  білім  беруге  негізделген  «дәстүрлі»  стиль  арқылы  алынған  білім  оқушылардың 
жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе  алмайды,  сондықтан  механикалық  есте  сақтау, 
үстірт  білім  алу  жағдайлары  орын  алады.  Дәстүрлі  оқытудан  алынған  механикалық  түрде 
есте  сақталған  мәліметтерді  емтихан  кездерінде  ұтымды  пайдалануға  болады,  бірақ  мән-
мағынасы  терең  меңгерілмей,  жай  ғана  жатталғандықтан,  тақырыпты  оқыту  аяқталған  соң 
немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана 
алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған 
білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің 
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге 
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша 
білімдерін  өз  деңгейінде  көрсетіп,  кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді  ойларын  білдіре 
алатындай,  пікір-көзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістете  алатындай  етіп 
орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың 
тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін  жетілдіру  немесе  жақсарту 
мақсатында  олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін  ұғынуы,  сондай-ақ  кейбір  оқушылардың 
тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен 
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді 
білуін де көздейді.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар  «ұстаным»  ұғымын  адамның  іс-әрекетке  бейімділігімен  байланыстырады. 
Социологтар  оны  негізгі  құндылық  есебінде  атап  көрсетеді.  Мұғалімнің  ұстанымы  оның 
көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің 
қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (3-сурет). Сондықтан 
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, 
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке 
тұлғаның  ерекше  «
білім  беру  сызбалары»  құралады.  Пажарес  (1992)  оқыту  стилін  таңдау 
кезінде  мұғалімнің  білімділігінен  гөрі,  ұстанымға  негізделген  ой-тоқтамдарының  ықпалы 
күштірек  деп  сендіреді:  оқыту  үдерісінде  қалыптасқан  көзқарастар  мұғалімнің  сыныптағы 
барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар 
мен оқулықтардан гөрі, пәннің 
қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған 
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
3-сурет. Мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі 
және іс-әрекетінің негізі


9
алайда,  тамыры  тереңге  кеткен  ұстанымдар  мұғалімнің  жаңашыл  идеяларды  қабылдау 
қабілетін  шектеуі  мүмкін.  егер  де  дайын  білім  беретін  «дәстүрлі»  стильмен  оқытатын 
мұғалімдер  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды  қалыптастырғылары 
келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға 
көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс 
істейтінін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып 
шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны 
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау 
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту 
үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе 
жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  «оқыту  тиімділігі»  ұғымына  қатысты 
қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан 
ретіндегі  келешегі,  екіншіден,  оқытудың  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің  қызметін  бағалау  барысында  бағалаушы  белгілі  бір  факторлар  жиынтығын 
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, 
тиісті  сұрақ  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу  кезеңінде  өз 
түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  аталған  ойлану  үдерісі  оқушының  өз  болжамдарына 
күмәнмен,  сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  сол  арқылы  әлем,  тіршілік,  жаратылыс  туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, 
оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде 
пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың  сындарлы  теориясына  негізделген  Бағдарлама  табысты  мұғалімнің  алдына 
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Табысты 
оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырып  мәнін  өз  бетінше  меңгеруін 
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де 
қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай 
жауапкершілікті  көбіне  сабақ  беру  барысында  мұғалім  қалыптастыратын  ортада  сезініп, 
қабылдайды.  Сондықтан  мұғалімде  Шульман  «үш  көмекші»  (Shulman,  2007)  деп  атаған 
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау