10
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің
көмекшілері
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық
базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені
түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану
керектігін білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл мамандық техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі әдістер мен
тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету, түзету және бағамдау сияқты
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, идеяларды түсіндіре білуді талап етеді.
Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген
сабақтар мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау
әдістемелерін меңгеру қажет.
жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде
оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге
қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын
қамтамасыз етері анық.
Жүрек
Кәсіби-адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын
ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім
және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен
ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден
шығап жатады.
Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол
жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға
және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп»
отырады. Шындығында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы
байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде
жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім
алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және таысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын
екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалім іс-әрекетінің
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді
болмайды.
Оқыту сапасын бағалаудағы
екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен
орындағаннан гөрі, көбірек күш
-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше
көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай
білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай
-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын,
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.