20
7-сурет. Ми қыртысының негізгі бөліктері
жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік
түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері
ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге
асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын
(фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра
бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер
бiзден Қазақстан картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан
географиясының жалпы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей,
құрлықтық шекаралардың негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. алайда, қажет
болған жағдайда, әрі сондай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз,
мәселен, Каспий теңізіне немесе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты
белгілер біздің географиялық танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар аудару
қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай
бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.
Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады
Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «
жұмыс»
жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді
жадыдағы ақпаратпен «
жұмыс істеуге» мүмкіндік ашады. Басқаша айтқанда – ақпаратты
белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық,
есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе
іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету.
Ұзақ мерзімді жады қажет
кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады.
жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан
бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы
мүмкін. Мысалы, біреу Сізден дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола
алатын студентті ұсынуды өтінді делік. Сіз студенттеріңіз жөніндегі негізгі ақпараттар қоры
сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және
семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай студенттер туралы
ақпаратты жұмыс жадыңызға тасымалдап, қарастыра бастайсыз. Тікелей немесе жанама
түрде Сіз дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, Сіздің
ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді
жадыны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу
үдерісі жұмыс жадысында жүзеге асады.