Семинар №13 Тақырып: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негізі



жүктеу 14,12 Kb.
Дата16.02.2023
өлшемі14,12 Kb.
#41353
түріСеминар
Семинар 13


Семинар №13
Тақырып: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық – педагогикалық негізі
1.Ұжымдық, танымдық іс-әрекеттердің жалпы білім берушілік, тәрбиелеушілік және дамытушылық мүмкіншілігі
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкес элементтер пайда болады. олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің оқушыладың тұлғалыққасиететріндамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндікетрі мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргіілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетер белгілі бір дәрежеде оқуматериалдарын меңгеруі, оқу барсындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттардыжедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндікжасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дасмыту үшін маңызды шартболып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, ынпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияныңқалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады.Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағытылық пен шығармашылық даралаудыңбірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқу белсенділерінің жұмысы. Ұжымдық танымдық іс- әрекетсабақтажәнесабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенілігінталап етеді. Оқушылардыңбасым көпшілігібелсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.
Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеттері нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушалардың өзі. Бұлоқубелсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аза ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.
Оқу белсенді тобының мүелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысысынң атқаратын белглі бір қызметі бар.
Атап айтқанда, мұндай жұмысты жүргізу үшін компьютерлік құралды, оқушылардың потенциалын белсенді пайдалану қажет. Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистентер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.

2.Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттері.


Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтайды. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу практикалық міндеттері мен білім, білім және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндікері олардың жеке ғана емес ұжымдықжетістіктеерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде,жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтықмағынасын тереңдетеді, оқуға дегенжауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұсмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.

3.Оқушылардың топтық іс-әрекеттері.


Топта жұмыс істеу сыныпта ынтымақтастық орнату үшін, өзара әрекеттестік орнату үшін қажет. Топтағы мүшелер саны мен топтағы жұмыс нәтижесі топтағы бірлескен жұмысты көрсетеді.
Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу – соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Оқушылар топтарға бірлескен жағдайда топ мүшелерінің жеке қабілеттері мен топқа қосқан үлесі құрметтеледі; жұмыс барысында механикалық есте сақтау мен қайталау процесстерімен бірге, ақпараттар өңделіп, қорытындыланады; топ мүшелерінің әрқайсысы басқа оқушылардың көзқарасымен таныса отырып, өзіне қажеттіні алады және оған өз көзқарастарын білдіре отырып, соны қорғауға мәжбүр болады да, өз ойларын тұжырымдап үйренеді. (Үлестірме материалдар: 4-апта)
Топты құру барысында мұғалім топтағы оқушы санын да ескеру керек. Шағын топтармен жұмыс жасау үлкен топтармен жұмыс жасауға қарағанда тиімдірек екені белгілі.
Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұнда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992). (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-бет)
Оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау, өз-өзін реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді. Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге баса назар аударады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 69-бет). Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002):

  • тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушығы;

  • оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,

  • проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Ruddck et al, 2004). Сол пікірге қосыла отырып, мен әр сабақтан соң немесе сабақтан бұрын оқушыларды әңгімеге тартып, ойларын біліп отырдым. Нақтырақ айтқанда, сабақ соңында осы тақырыптың қай бөлімінде немесе қай есепті шығару жолында, әдіс-тәсілінде түсінбегенін немесе қай тәсілге әлі де қосымша есептер шығарғысы келетінін айтып отырды. Келешекте де осы оқушы үнін үнемі қолданып отырамын деп ойлаймын, себебі, бұл тәсіл әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, қабылдау деңгейін анықтауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың өз-өзіне есеп беруі немесе реттелуі дағдыларының да қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын. Сол сияқты топтың да жалпы пікірін білу маңызды. Себебі, ол бірнеше оқушының пікірінен туындайды.

4.Оқушыларды-жұптап оқыту жұмыстары.


Жұптық оқыту технологиясы-бір қатысушы басқа (бір) қатысушыны оқытатын педагогикалық технологиялардың бір түрі. Бұл ретте жұптағы серіктестерді ауыстыру мүмкіндігі болуы үшін кемінде үш қатысушының болуы қажет. Жұптық оқыту технологиясы жұптық жұмыс технологиясының ерекше жағдайы болып табылады.
Жұптық оқыту технологиясы ұжымдық оқу сабақтарының негізгі, жүйе құраушы құрамдас бөлігі болып табылады, оған мыналар кіреді:
байланыс негізінен диалог түрінде жүзеге асырылатын ауысымдық құрамның жұптарындағы оқу процесіне қатысушылардың өзара әрекеті,
коммуникацияның делдалдық түрі болған кезде қатысушылардың жеке-жеке қызметі,
байланыстың негізгі түрі фронтальды байланыс болған кезде топтағы өзара әрекеттесу (бірнеше шағын топтарда немесе бір үлкен топта).
Оқытуды ұйымдастырудың осы формаларының үйлесімі арқасында оқытуды даралау шынымен жүреді.
Егер оқу тобында тек екі оқушы болса, онда бұл жағдайда жұптық оқыту жеке оқытуға дейін азаяды, онда жұптағы серіктестерді ауыстыру мүмкіндігі жоқ.
Жұптық оқыту кезінде "оқыту — үйрену" және "білімді жедел пайдалану"педагогикасының белгілі принциптері іс жүзінде жүзеге асырылады.
Жұптық оқыту технологиясы Германияда 20 ғасырдың екінші жартысында француз тілі мұғалімі Жан-Пол Мартан дамытқан оқыту арқылы оқытудан түбегейлі ерекшеленеді. "Оқыту арқылы оқыту" фронтальды оқытуды сақтайды, онда "бір оқушы оқушылар тобын оқытады", яғни мұғалімді ауыстырады. Негізінде "оқыту арқылы оқыту" 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Еуропада белгілі Белл-Ланкастриялық оқыту жүйесінің дәл қайталануы болып табылады.

5.Оқушылармен даралап жүргізілетін жұмыс.


Тәрбие процесінің құрамдас бөліктерінің бірі-жеке тәрбие жұмысы. Бұл маңызды мәселеде әр мұғалім өзінің тәрбие процесіне, жасөспірімдермен жұмыс істеуге қатысу дәрежесін анықтауы керек.
Тәрбие жұмысындағы жеке көзқарас балалармен қарапайым қарым-қатынас емес, бұл педагогикалық өнер, Педагогикалық шеберлік. Бұл тапсырманы орындау көбінесе мұғалімнің жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу қабілетіне, шыдамдылыққа және нақты нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысына байланысты. Жасөспірімдердің жеке ерекшеліктерін білу тәрбиелік міндеттерді сапалы шешуге көмектеседі. Дұрыс ұйымдастырылған жеке жұмыс адамгершілік мәдениетін, өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу процесін шебер болжау, жасөспірімдердің белгілі бір білім деңгейіне жету үшін олардың іс-әрекеттерінің себептерін зерттеу және білу, олардың мінез-құлқын басқаруды үйрену қажет. Тәрбие жұмысындағы жетістік көбінесе мұғалімнің жасөспірімге әсер ету құралдарын таңдауда ақыл мен жүректің кілтін таба алуына, белгілі бір жасөспірімге тән мінез-құлық ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін, өмірлік тәжірибесін ескеріп, өз мүмкіндіктерін ашуға және іске асыруға көмектесуіне байланысты.
Жеке тәрбие жұмысы деп әр жасөспірімге қатысты психологиялық-педагогикалық әсер ету жүйесі түсініледі, ол жан-жақты даму мақсатында оның жасын, әлеуметтік және жеке психологиялық ерекшеліктерін барынша орынды есепке алуға бағытталған.
жүктеу 14,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау